Мақала
Бұйрықтар

№ 665 бұйрық (14.08.2015): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 587 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 665 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11961 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
665
Қабылданған күні
14.08.2015
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 шілдегі № 587 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11731 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбековаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 665 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 587 бұйрығына қосымша

Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с №Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың саныМамандықтардың атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
12345
1.Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі911, оның ішінде қазақ тілінде 497 білім алушыЕмдеу ісі97, оның ішінде қазақ тілінде 74 білім алушы, Ауғанстаннан келген 8 тыңдаушы
Мейіргер ісі417, оның ішінде қазақ тілінде 201 білім алушы, оның ішінде - 30 «Массажист» біліктілігімен, оның ішінде 175, оның ішінде қазақ тілінде 100 білім алушы, «Массажист» біліктілігімен орыс тілінде 16 білім алушы жаңадан қабылдау
Ортопедиялық стоматологияқазақ тілінде 50 білім алушы, оның ішінде қазақ тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау
Зертханалық диагностика248, оның ішінде қазақ тілінде 124 білім алушы, оның ішінде жаңадан қабылдау: 75, оның ішінде қазақ тілінде 50 білім алушы
Фармацияорыс тілінде 51 білім алушы, оның ішінде орыс тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау
Гигиена және эпидемиологияқазақ тілінде 48 білім алушы
2.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясықазақ тілінде 299 білім алушыЕмдеу ісіқазақ тілінде 150 білім алушы, оның ішінде қазақ тілінде 50 білім алушы жаңадан қабылдау
Фармацияқазақ тілінде 99 білім алушы, оның ішінде қазақ тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау
Мейіргер ісіқазақ тілінде 50 білім алушы, оның ішінде қазақ тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау
3.«Эмили» медициналық орталығы54, оның ішінде қазақ тілінде 28 білім алушыМейіргер ісі54, оның ішінде қазақ тілінде 28 білім алушы
4.Қарағанды қаласының медициналық колледжі73, оның ішінде қазақ тілінде 50 білім алушыМейіргер ісі48, оның ішінде қазақ тілінде 25 білім алушы
Емдеу ісіқазақ тілінде 25 білім алушы

Іздеу атаулары: №665 бұйрық, 665-бұйрық, приказ 665, алты жүз алпыс бесінші бұйрық, 665 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.