Мақала
Бұйрықтар

№ 853 бұйрық (09.11.2015): толық мәтін және скачать

Жаңа

Адамдардың көлік құралдарын басқаруына тыйым салатын медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 853 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 желтоқсанда № 12365 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
853
Қабылданған күні
09.11.2015
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Адамдардың көлік құралдарын басқаруына тыйым салатын медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі

«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Адамдардың көлік құралдарын басқаруына тыйым салатын медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 853 бұйрығымен бекітілген

Адамдардың көлік құралдарын басқаруына тыйым салатын медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі

№Қарсы көрсетілімнің атауыАХЖ-10 бойынша аурулардың коды*
1. Көлік құралдарын басқаруға абсолютті медициналық қарсы көрсетілімдер
1.1 Психикалық бұзылушылықтар және мінез-құлық бұзылушылықтары (ауыр тұрақты немесе жиі ушығатын ауырсыну пайда болулары бар созылмалы және ұзақ психикалық бұзылушылықтар болған кезде)
1.Симптоматикалық қоса алғандағы психиканың органикалық бұзылулары (суб- және декомпенсация сатысында)F00-03, F05.1, F06.0-F06.2, F07.0, F07.8
2.Шизофрения, шизотипті және сандырақтық бұзылуларF20 – F29
3.Көңіл-күйдің бұзылуы [аффективтік бұзылулар]F30.1 - F31.6, F31.8, F31.9, F33.0 - F33.9, F34.8, F34.9, F38-39
4.Кемел шақта тұлғалық мен мінез-құлықтың бұзылуыF60.2- F60.3
5.Ақыл кемдігіF70 – F79
1.2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолданумен байланысты психиканың бұзылулары мен мінез-құлықтың бұзылулары (диспансерлік бақылаудың белгіленген мерзімінен кемінде 2 жыл ремиссия мерзімімен)
1.Психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолданумен байланысты психиканың бұзылулары мен мінез-құлықтың бұзылуларыF10 – F16, F18, F19
1.3 Нерв жүйесі аурулары
1.ЭпилепсияG 40
1.4 Көз және оның қосалқы аппаратының аурулары
1.АхроматопсияH53.51
2.Екі көздің соқырлығыН54.0
2. Көлік құралдарын басқаруға салыстырмалы медициналық қарсы көрсетілімдер
2.1 Қолмен басқарылатын көлік құралын басқарған кезде
1.Қозғалысын айтарлықтай қиындататын табан деформациясыM21.0, M21.1, M21.6, Q66
2.Аяқтардың (аяқта сүйек, жұмсақ тіндер мен буындар ақаулары жоқ, қозғалыс көлемі сақталған, өкше сүйегінен санның үлкен ұршығының басына дейінгі аяқтың ұзындығы 75 см астамды құрайтын жағдайларды қоспағанда) кемінде 6 см қысқаруыQ72- Q73
3.Екі санның ампутациялық сынық бөліктеріS78, T13.6, Z89.6
4.Екі жіліншіктің ампутациялық сынық бөліктеріS88, T13.6, Z89.5
5.Басқа аяқтың қозғалу және статистикалық функциялары айтарлықтай бұзылған кездегі бір аяқтың санының немесе жіліншігінің сынық бөліктері (табанның ампутациялық сынық бөліктері, деформация, қан тамыр аурулары, ірі перифериялық жүйке діңдерінің зақымдануы және басқалары)S78, S88, T13.6, Z89.6, Z89.4 (S98.0, S94, S95, Z89.4)
6.Тұруды және жүруді айтарлықтай қиындататын аяқтың, санның немесе омыртқаның тұрақты деформациясы немесе ауруы (аяқтың анкилоздаушы полиартриті, ауыр кифосколиоз және компрессиялардың пайда болулары бар спондилит, псевдоартроз, II және III дәрежелі эндартериит, шораяқ және басқалары.)M15, M16, M24.6, M41, M45, M46, M47, M48, M84.1, M96.0, I77.6, I89.0, Q76.2, Q82.0
7.Паралич және отыру мүмкіндігі кезіндегі аяқтың кесілуіG81- G83
8.Айтарлықтай торфикалық бұзлушылығы бар бір аяқтың жүйке-қантамыр түйінінің зақымдануы (ауқымды жазылмайтын ойықжаралар)L98.4, L97, I83.0, G95
2.2 Автоматты трансмиссиясы бар көлікті басқару кезінде
1.Қолдың немесе білезіктің болмауыQ71, Z89.0-Z89.3, S48, S58, S68, T11.6
2.Аяқтың немесе табанның болмауыQ72, Z89.4-89.7, S78, S88, T13.6
3.Білезіктің немесе табанның қозғалуын біршама қиындататын білезіктің немесе табанның деформациясыM21, Q68.1, Q70, Q66
4.Бір уақытта қолдың біреуінің болмауы кезінде санның немесе жіліншіктің сынық бөліктеріS78, S88, Q71, Z89, S48, S58, S68
5.Мынадай саусақтардың немесе бөліктерінің болмауы, сондай-ақ мынадай саусақтардың қозғалмауы: а) білезіктердің біріндегі үлкен саусақтың екі бөлігінің болмауы б) білезіктердің бірінде екі немесе оданда көп саусақтардың болмауы немесе қозғалмауыQ71.3, S68.0, S68.2, Z89.0
6.Гемиплегия түріндегі орталық жүйке жүйесінің зақымдалуының қалдық пайда болуларыG81
2.3 Акустикалық тұрақ жүйесімен жабдықталған көлік құралын басқару кезінде
1.Бір көздің соқырлығыH54.4
2.4 Көлік құралын жүргізуші көзді түзетуге арналған медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, көлік құралын басқарған кезде
1.Рұқсат етілген деңгейге дейін көзілдірікпен немесе контактілі линзалармен көз өткірлігін арттыру жағдайы кезінде көз өткірлігін рұқсат етілген деңгейінен төмендететін рефракцияның ауытқуларыH52
2.5 Көлік құралын жүргізуші естуден айрылуды қалпына келтіруге арналған медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, көлік құралын басқарған кезде
1.Рұқсат етілген деңгейге дейін техникалық оңалту құралдарын (есту аппаратын, сөйлеу процессорын) пайдалана отырып, естуді жақсарту жағдайы кезінде естуді рұқсат етілген деңгейінен төмендететін құлақ және емізік тәрізді өсіндінің ауруыH90, H91
3. Көлік құралдарының тиісті санаттарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдер
3.1 «В» немесе «ВЕ» санатындағы, мотоциклеттік орындығы немесе мотоциклеттік типтегі рулі бар «А1» немесе «В1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдер
1.Көз өткірлігі жақсы көретін көзде 0,6 төмен және түзету түріне (көзілдірікті, контактілі, хирургиялық) дәрежесіне және көз аметропиясының немесе ұзындығының түріне қарамастан 2 бірдей ашық көз кезінде ауыстырылатын түзетуі бар нашар көретін көзде 0,2H52
2.Түзету түріне (көзілдірікті, контактілі, хирургиялық) дәрежесіне және көз аметропиясының немесе ұзындығының түріне қарамастан көретін көздегі ауыстырылатын түзетуі бар 0,8 төмен көз өткірлігі кезіндегі бір көздің соқырлығыH54.4
3.Көздің мүйізгек қабығына рефракциялық операциядан кейінгі немесе дәрежесіне және көз аметропиясының немесе ұзындығының аяқталуы түріне қарамастан асқынулар болмаған кезде бір ай бойы басқа да рефракциялық операциядан кейінгі жағдайH52
4.Көру функциясының айтарлықтай бұзылуымен сүйемелденетін көз қарашығының созылмалы ауруы, қастардың, оның ішінде шырышты қабықтарының тұрақты өзгеруі, көруге кедергі келтіретін немесе көз алмасының қозғалысын шектейтін қас бұлшық еттерінің тыртығыH30, H31, H34, H35
5.Кез келген этиологиядағы қылилық салдарының тұрақты диплопиясыH53.2
6.Қарашықтар ортаңғы жағдайдан 70 градусқа ауытқыған кездегі кенеттен болған нистагамH55
7.Меридиандардың кез келгенінен 20 градусқа артыққа көру алаңын шектеуH53.4
8.Бір қолдың немесе аяқтың, білезіктің немесе табанның болмауы, сондай-ақ білезіктің немесе табанның қозғалуын айтарлықтай қиындататын білезіктің немесе табанның деформациясыQ71, Z89.0-Z89.3, S48, S58, S68, T11.6, Q72, Z89.4-89.7, S78, S88, T13.6, M21, Q68.1, Q70, Q66
9.Мынадай саусақтардың немесе бөліктерінің болмауы, сондай-ақ мынадай саусақтардың қозғалмауы: а) білезіктердің біріндегі үлкен саусақтың екі бөлігінің болмауы б) білезіктердің бірінде екі немесе одан да көп саусақтардың болмауы немесе қозғалмауыQ71.3, S68.0, S68.2, Z89.0
10.Аяқтардың кемінде 6 см қысқаруы (куәландырылатындар егер, аяқта сүйектің, жұмсақ тіндер мен буындардың ақаулары болмаса, қозғалыс көлемі сақталса, өкше сүйегінен санның үлкен ұршығының басына дейінгі аяқтың ұзындығы 75 см астамды құраса көлік құралдарын басқаруға жарамды деп танылады)Q72- Q73
11.Вестибулярлы анализатор функциясының, бас айналу немесе нистагм (Меньер ауруы, либиринтит, кез келген этиологиядағы вестибулярлы криз және басқалары) синдромының бұзылуын туындататын кез келген этиологиядағы ауруH81, H82, H83
3.2 «В» немесе «ВЕ» санаттағы, «В1» кіші санаттағы көлік құралдарын (мотоциклеттік орындығы немесе мотоциклеттік типтегі рулі бар көлік құралдарынан басқа) басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдер
1.Көз өткірлігі жақсы көретін көзде 0,6 төмен және түзету түріне (көзілдірікті, контактілі, хирургиялық) дәрежесіне және көз аметропиясының немесе ұзындығының түріне қарамастан 2 бірдей ашық көз кезінде ауыстырылатын түзетуі бар нашар көретін көзде 0,2H52
2.Көздің мүйізгек қабығына рефракциялық операциядан кейінгі немесе дәрежесіне және көз аметропиясының немесе ұзындығының аяқталуы түріне қарамастан асқынулар болмаған кезде бір ай бойы басқа да рефракциялық операциядан кейінгі жағдайH52
3.Көру функциясының айтарлықтай бұзылуымен қатар жүретін көз қарашығының созылмалы ауруы, қастардың, оның ішінде шырышты қабықтарының тұрақты өзгеруі, көруге кедергі келтіретін немесе көз алмасының қозғалысын шектейтін қас бұлшық-еттерінің тыртығыH30, H31, H34, H35
4.Кез келген этиологиядағы қылилық салдарының тұрақты диплопиясыH53.2
5.Қарашықтар ортаңғы жағдайдан 70 градусқа ауытқыған кездегі кенеттен болған нистагмH55
6.Меридиандардың кез келгенінен 20 градусқа артыққа көру алаңын шектеуH53.4
7.Екі қолдың немесе білезіктің болмауы немесе білезіктердің қозғалуын айтарлықтай қиындататын олардың деформациясыQ71, Z89.0-Z89.3, S48, S58, S68, T11.6, Q72, Z89.4-89.7, S78, S88, T13.6, M21, Q68.1, Q70, Q66
8.Параплегия түріндегі орталық нерв жүйесінің зақымдалуының қалдық пайда болуларыG82.0, G82.1, G82.2, G83.0, G83.2
9.Вестибулярлы анализатор функциясының, бас айналу немесе нистагм (Меньер ауруы, либиринтит, кез келген этиологиядағы вестибулярлы криз және басқалары) синдромының бұзылуын туындататын кез келген этиологиядағы ауруH81, H82, H83
3.3 «С», «СЕ», «D», «DE», «Tm» немесе «Tb» санатындағы, С1»*, «D1», «С1Е» немесе «D1Е» кіші санатындағы көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдер
1.Көз өткірлігі жақсы көретін көзде 0,8 төмен және аметропия түріне немесе түзету түріне (көзілдірікті, контактілі) қарамастан жақсы көретін көздегі жоғары эквивалиент бойынша 2 бірдей ашық көз кезінде 8 дптр аспайтын ауыстырылатын түзетуі бар нашар көретін көзде 0,4H52
2.Көз қарашығының көру өткірлігіне қарамастан бір көздің соқырлығыH54.1
3.Көздің мүйізгек қабығына рефракциялық операциядан кейінгі немесе дәрежесіне және көз аметропиясының немесе ұзындығының аяқталуы түріне қарамастан асқынулар болмаған кезде бір ай бойы басқа да рефракциялық операциядан кейінгі жағдайH52
4.Көру функциясының айтарлықтай бұзылуымен қатар жүретін көз қарашығының созылмалы ауруы, қастардың, оның ішінде шырышты қабықтарының тұрақты өзгеруі, көруге кедергі келтіретін немесе көз алмасының қозғалысын шектейтін қас бұлшық-еттерінің тыртығыH30, H31, H34, H35
5.Кез келген этиологиядағы қылилық салдарының тұрақты диплопиясыH53.2
6.Қарашықтар ортаңғы жағдайдан 70 градусқа ауытқыған кездегі кенеттен болған нистагмH55
7.Меридиандардың кез келгенінен 20 градусқа артыққа көру алаңын шектеуH53.4
8.Қолдың немесе білезіктің болмауыQ71, Z89.0-Z89.3, S48, S58, S68, T11.6
9.Аяқтың немесе табанның болмауыQ72, Z89.4-89.7, S78, S88, T13.6
10.Білезіктің немесе табанның қозғалуын қиындататын білезіктің немесе табанның деформациясыM21, Q68.1, Q70, Q66
11.Мынадай саусақтардың немесе бөліктерінің болмауы, сондай-ақ мынадай саусақтардың қозғалмауы: а) білезіктердің біріндегі үлкен саусақтың екі бөлігінің болмауы б) білезіктердің бірінде екі немесе оданда көп саусақтардың болмауы немесе қозғалмауыQ71.3, S68.0, S68.2, Z89.0
12.Параплегия түріндегі орталық жүйке жүйесінің зақымдалуының қалдық пайда болуларыG81, G82.0, G82.1, G82.3, G83.0
13.Аяқтардың кемінде 6 см қысқаруы (куәландырылатындар егер, аяқта сүйектің, жұмсақ тіндер мен буындардың ақаулары болмаса, қозғалыс көлемі сақталса, өкше сүйегінен санның үлкен ұршығының басына дейінгі аяқтың ұзындығы 75 см астамды құраса көлік құралдарын басқаруға жарамды деп танылады)Q72- Q73
14.Жарақаттық деформациялар және айқын неврологиялық симптомдары бар бас сүйегінің ақауларыM95.2, T90
15.Сөйлеу сөзінің кемінде 3 м ара қашықтықтан, сыбырдың – естудің жоғалуын қалпына келтіру тәсіліне қарамастан 1 м немесе одан аз ара қашықтықтан бір немесе екі құлаққа жетуі.H90.6, H90.7, H90.8, H93.2, H83.3
16.Вестибулярлы анализатор функциясының, бас айналу немесе нистагм (Меньер ауруы, либиринтит, кез келген этиологиядағы вестибулярлы криз және басқалары) синдромының бұзылуын туындататын кез келген этиологиядағы ауруH81, H82, H83
17.Бойы 150 см төмен

Ескертпе: *Аурулар және денсаулықпен байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі (10-қайта қарау).

Іздеу атаулары: №853 бұйрық, 853-бұйрық, приказ 853, сегіз жүз елу үшінші бұйрық, 853 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.