Мақала
Бұйрықтар

№ 65 бұйрық (29.01.2016): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Ашық деректердің интернет-порталына орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 наурызда № 13362 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 166 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
65
Қабылданған күні
29.01.2016
Актіні өзгерту күні
11.04.2018
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Ашық деректердің интернет-порталына орналастырылатын ашық деректердің тізбесі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.04.2018 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Ашық деректердің интернет-порталына орналастырылатын қоса беріліп отырған ашық деректер тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ақпараттандыруды дамыту департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Құқықтық ақпараттың республикалық орталығына баспа және электрондық түрде оның көшірмесін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрлеріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министріТ. Дүйсенова

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрі

___________ Ә. Исекешев

2016 жылғы 29 қаңтар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 65 бұйрығымен бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталына орналастырылатын ашық деректердің тізбесі

РҚАО-ның ескертпесі! Тізбеге өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.03.2017 № 55 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№Ашық деректер жиынтығының атауыЖандандыру мерзіміЖариялау мерзіміДереккөз (Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* арқылы немесе мемлекеттік органның АРI жүйесі арқылы)
1Дәрігерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарыжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
2Облыстардың, өңірлердің, медициналық ұйымдардың бөлінісінде ана мен бала өлім-жітімі бойынша ресми статистикажылына 1 ретесепті кезеңнен кейінгі жылғы 20 ақпанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
3Азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесі бойынша жалпыланған ақпаратжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
4Пайыздық арақатынаста емнің нәтижесі туралы деректер (сауығуы, жақсаруы, езгеріссіз)жылына 1 ретесепті кезеңнен кейінгі жылғы 20 ақпанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
5Стационарда болудың орташа ұзақтығыжылына 1 ретесепті кезеңнен кейінгі жылғы 20 ақпанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
6Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ТМККК****көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
7Медициналық ЖОО** түлектерін жұмысқа орналастыру туралы деректержылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
8Түрлері, өңірлер мен жылдар бойынша аурулардың статистикасыжылына 1 ретесепті кезеңнен кейінгі жылғы 20 ақпанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
9Денсаулық сақтауға жұмсалған мемлекеттік шығындар туралы деректержылына 1 ретесепті кезеңнен кейінгі наурызАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
10Өңірлер және облыстар бойынша медициналық мекемелердің саныжылына 1 ретесепті кезеңнен кейінгі жылғы 20 ақпанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
11Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіҚазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайдажелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
12Азаматтардың жекелеген санаттарын белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
13Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша "МӘСҚ* **"-нан әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшеріжылына 1 ретқаңтарАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
14Асыраушысынан айырылу бойынша "МӘСҚ***"-нан әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшеріжылына 1 ретқаңтарАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
15Жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) көрсететін арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлесіжылына 1 ретақпанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
16Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған жұмыспен қамтылған халық үлесіжылына 1 ретақпанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
17Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен қамтылған жұмыспен қамтылған халық үлесіжылына 1 ретақпанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
18Мугедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшеріжылына 1 ретқаңтарАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
19Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшеріжылына 1 ретқаңтарАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
20Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшеріжылына 1 ретқаңтарАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
21"МӘСҚ***"-нан бір жасқа толғанға дейін баланың күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің орташа мөлшеріжылына 1 ретқаңтарАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
22Бір жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік қолдау жүйесі мен қамтылған балалардың үлес салмағы (тиісті жылда туылған балалар санына қатысты)жылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
23Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған аз қамтылған отбасыдан шыққан балалардың үлес салмағы (жалпы балалар санына қатысты)жылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
24Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуды қажет ететін тұлғалардың жалпы санына қатысты)жылына 1 ретақпанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
25Жұмыссыздық деңгейіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
26Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
27Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас)жылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
28Еркектер арасындағы жұмыссыздық деңгейіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
29Кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстарына жіберілген жұмыссыздар саныжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
30Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздар саныжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*
31Жұмыссыз ретінде тіркелгендер саныжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*

Ескертпе: аббревиатура мағынасын ашу:

*АЖО - Автоматтандырылған жұмыс орны

**ЖОО - Жоғарғы оқу орны

***МӘСҚ - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

****ТМККК - Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

Іздеу атаулары: №65 бұйрық, 65-бұйрық, приказ 65, алпыс бесінші бұйрық, 65 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.