Мақала
Бұйрықтар

№ 134 бұйрық (19.02.2016): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 наурызда № 13527 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 200 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
134
Қабылданған күні
19.02.2016
Актіні өзгерту күні
01.07.2023
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары
  2. Организм функцияларының бұзылуы кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
  3. Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
  4. Әлеуметтік депривация кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
  5. Әлеуметтік ортаны бағалау

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 № 200 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шалалардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министріТ. Дүйсенов

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

______________ Е. Сағадиев

2016 жылғы 25 ақпан

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығымен бекітілген

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары

1. Осы Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген мұқтаждығын бағалау мен айқындау тәртібін айқындайды.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;

2) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;

3) медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;

4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) – балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2021 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер айқындайды.

4. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.

5. Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарда (бұдан әрі – МӘҰ) қызмет көрсетілетін өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері мен көлемін осы МӘҰ-ның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы айқындайды .

6. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2021 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7. Мыналар:

1) организм функцияларының бұзылушылықтарына қарай айқындалатын тіршілік-тынысының шектелуі;

2) әлеуметтік бейімсіздену;

3) әлеуметтік депривация;

4) адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуының және

қызметінің материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларының жеткіліксіздігімен немесе болмауымен сипатталатын қолайсыз әлеуметтік орта – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін айқындау критерийлері болып табылады.

8. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждығын бағалау арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау критерийлеріне сәйкес және мыналардың:

1) организм функцияларының бұзылу кезінде өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес;

2) әлеуметтік бейімсізденуі кезінде, оқуға, еңбек қызметіне, бағдарлануға, қарым-қатынасқа және өзінің мінез-құлқын бақылауға жеке қабілеттеріне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес;

3) әлеуметтік депривация кезінде, өзіне-өзі қызмет етудің және осы проблеманы отбасымен шешудің жеке қабілетіне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес;

4) әлеуметтік ортаны бағалау, өмір сүруі үшін материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайлардың жеткіліксіздігімен немесе болмауы негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.

9. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес белгіленеді.

10. Балалардың психикалық-дене және психикалық сөйлеу тұрғысынан даму деңгейін ПМПК психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру негізінде айқындайды.

11. Медициналық-әлеуметтік сараптама мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысын өмірлік қиын жағдайда жүрген адам не оның заңды өкілі немесе оның отбасы мүшелерінің біреуі:

1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) үйде немесе жартылай стационарлық үлгідегі МӘҰ-да қызмет көрсетілген жағдайда – жергілікті атқарушы органдарға;

2) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар МӘҰ-да тұрақты немесе уақытша тұрған жағдайда – стационарлық үлгідегі МӘҰ-ға ұсынады.

12. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, ұсынылған МӘС нәтижелерінің және ПМПК қорытындысының, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және ішкі істер органдары ақпаратының негізінде жергілікті атқарушы органдар мен МӘҰ-ның әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандары әлеуметтік бейімсіздену және әлеуметтік депривация деңгейіне қарай тіршілік-тынысының шектелу дәрежесінің негізінде және әлеуметтік ортаның жай-күйіне байланысты әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтердің көлемін айқындайды.

Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына 1-қосымша

Организм функцияларының бұзылуы кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2021 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________

Туған күні __________________________________________________

Бағалау күні ________________________________________________

Негіздеме __________________________________________________

Әлеуметтік қызметкердің бағалауы ____________________________

___________________________________________________________

№Өзіне-өзі қызмет көрсету критерийлеріДәрежесіӨзіне-өзі қызмет көрсетуді бағалауБелгі (+ немесе -)
1Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетіБіріншіҚажетті жағдайлар жасалған кезде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті
ЕкіншіБіреудің көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті
ҮшіншіӨзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу
2Өздігінен жүріп-тұру қабілетіБіріншіКөмекші құралдардың көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті
ЕкіншіКөмекші құралдардың және жеке өмекшінің көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті
ҮшіншіӨздігінен жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу
3Оқу қабілетіБіріншіКөмекші құралдарды пайдалану арқылы оқу қабілеті
ЕкіншіАрнайы білім беру ұйымдарында немесе үй жағдайларында көмекші құралдарды пайдалану арқылы оқу қабілеті
ҮшіншіОқуға қабілетсіздігі
4Еңбек қызметіне қабілетіБіріншіМазмұнға қойылатын талаптарға сәйкес еңбек қызметіне қабілеті
ЕкіншіБасқа адамдардың көмегімен өздігінен еңбек қызметіне ішінара қабілеті
ҮшіншіЕңбек қызметіне қабілетсіздігі немесе басқа адамдарға толық тәуелді болу
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына 2-қосымша

Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2021 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________

Туған күні ____________________________________________________

Бағалау күні ___________________________________________________

Негіздеме _____________________________________________________

Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _______________________________

______________________________________________________________

№Өзіне-өзі қызмет көрсету критерийлеріДәрежесіӨзіне-өзі қызмет көрсету қабілетінің шектелуіБелгі (+ немесе -)
1Өз бетінше оқу қабілетіБіріншіОқу процесінің арнайы режимін сақтай отырып және/немесе көмекші құралдарды пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында өз бетінше оқу қабілеті
ЕкіншіТек арнайы білім беру ұйымдарында немесе үй жағдайларында арнайы бағдарламалар бойынша өз бетінше оқу қабілеті
ҮшіншіӨз бетінше оқуға қабілетсіздігі
2Еңбек қызметіне қабілетіБіріншіБіліктіліктің төмендеу немесе өндірістік қызмет көлемінің азаю жағдайларында, өз кәсібі бойынша жұмысты орындау мүмкін болмаған кезде еңбек қызметін өз бетінше орындау қабілеті
ЕкіншіКөмекші құралдарды және/немесе арнайы жабдықталған жұмыс орнын пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметін өз бетінше орындау қабілеті
ҮшіншіЕңбек қызметін өз бетінше орындауға қабілетсіздігі
3Бағдарлау қабілетіБіріншіКөмекші құралдарды пайдалану жағдайында өзін-өзі бағдарлау қабілеті
ЕкіншіБасқа адамдардың көмегін қажет ететін өз бетінше бағдарлау қабілеті
ҮшіншіӨз бетінше бағдарлау қабілетсіздігі
4Қарым-қатынас жасау қабілетіБіріншіАқпаратты түсіну, қабылдау, беру жылдамдығының төмендеуі, көлемінің азаюы арқылы сипатталатын өз бетінше қарым-қатынас жасау қабілеті
ЕкіншіКөмекші құралдарды пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен өз бетінше қарым-қатынас жасау қабілеті
ҮшіншіӨз бетінше қарым-қатынас жасауға қабілетсіздігі
5Өз мінез-құлқын бақылау қабілетіБіріншіӨз мінез-құлқын дербес бақылау қабілетінің ішінара төмендеуі
ЕкіншіӨз мінез-құлқын тек бөгде адамдардың көмегімен ішінара немесе толықтай дербес бақылау қабілеті
ҮшіншіӨз мінез-құлқын дербес бақылау қабілетсіздігі
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына 3-қосымша

Әлеуметтік депривация кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________

Туған күні _______________________________________________________

Бағалау күні _____________________________________________________

Негіздеме ________________________________________________________

Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _________________________________

__________________________________________________________________

№Өзіне-өзі қызмет көрсету критерийлеріДәрежесіҚабілетінің шектелуіБелгі (+ немесе -)
1Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетіБіріншіӨзіне-өзі қызмет көрсетуге ішінара қабілеті
ЕкіншіБасқа адамдардың көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсетуге ішінара қабілеті
ҮшіншіӨзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу
2Дербес еңбек қызметіне қабілетіБіріншіДербес еңбек қызметіне ішінара қабілеті
ЕкіншіБасқа адамдардың көмегімен дербес еңбек қызметіне ішінара қабілеті
ҮшіншіЕңбек қызметіне қабілетсіздігі және басқа адамдарға толықтай тәуелді болу
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына 4-қосымша

Әлеуметтік ортаны бағалау

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________

Туған күні _______________________________________________________

Бағалау күні _____________________________________________________

Негіздеме ________________________________________________________

Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _________________________________

__________________________________________________________________

№Әлеуметтік ортаны бағалауБелгі
1Жетімдік
2Ата-ана қамқорлығының болмауы
3Бірге тұратын отбасы мүшелерінің тіршілік-тынысының шектелуі
4Отбасының белгілі бір тұрғылықты жерінің болмауы
5Отбасының аз қамтамасыз етілуі
6Қатігездік
7Созылмалы аурулар және бірге тұратын отбасы мүшелері денсаулығының ерекшелігі
8Бірге тұратын отбасы мүшелерінің зиянды әдеттері: алкогольді, есірткіні және темекіні тұтынуы және т.б.
9Дінге көзқарасы
10Отбасының өзара қарым-қатынас ерекшелігі, келіспеушілік мінез-құлықтар
11Тәрбиелеу стилі (гипер қамқорлық, қатаңдатылған бақылау, қараусыздық, көңіл бөлмеу және т.б.)
12Бірге тұратын отбасы мүшелерінің тәрбиелеу, дамыту процесіне қатысуға дайындығы
13Әлеуметтік-еңбек ерекшеліктері (бірге тұратын отбасы мүшелерінің кәсібі, білімі)
14Әлеуметтік-тұрмыстық ерекшеліктері (отбасындағы тұрмыстық міндеттерді бөлу, отбасында өмірлік қиын жағдайда жүрген адам қандай көмек көрсетеді, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның үйдегі міндеттері)
15Отбасындағы бос уақыт (өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның бос уақытта/демалыс кезінде отбасының басқа мүшелерімен бірге қатысуы)
16Отбасының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері және проблемалары (бұрынғы және қазіргі құқықтық жағдайы, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның отбасында әлеуметтік-құқықтық қорғалуы)

Іздеу атаулары: №134 бұйрық, 134-бұйрық, приказ 134, жүз отыз төртінші бұйрық, 134 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.