Мақала
Бұйрықтар

№ 303 бұйрық (20.04.2016): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 мамырда № 13734 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 19 шiлдедегi № 265 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
303
Қабылданған күні
20.04.2016
Актіні өзгерту күні
19.07.2024
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Мемлекеттік корпорация қабылдаған құжаттарды қайтару туралы № ______ хабарлама 20__ жылғы "___"_____________

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.07.2024 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 маусымда № 11507 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

осы бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

"Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабы 1) тармақшасына және 9-бабының 4-тармағына сәйкес";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларында :

мынадай мазмұндағы 76-1-тармақпен толықтырылсын:

"76-1. Электрондық өтінім Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның маманы келіп түскен құжаттар топтамасын тексереді. Құжаттар топтамасының толық түспегені анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 19-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоқ құжат көрсетілген Мемлекеттік корпорация қабылдаған құжаттарды қайтару туралы хабарламамен қоса құжаттардың топтамасын электрондық өтінімді қарамастан қайтарады. Хабарлама балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

Мемлекеттік корпорация балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органнан Мемлекеттік корпорация қабылдаған құжаттарды қайтару туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген себептерді ескере отырып, құжаттар топтамасын қалыптастырады және өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін қамтитын электрондық өтінімді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттарымен мәліметтерін балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.";

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 19-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;

6) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министріТ. Дүйсенова

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

____________А.Мамытбеков

2016 жылғы 26 сәуір

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

____________Ә. Исекешев

2016 жылғы 20 сәуір

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 303 бұйрығына қосымша
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларына 19-1-қосымша

Нысан

Мемлекеттік корпорация қабылдаған құжаттарды қайтару туралы № ______ хабарлама 20__ жылғы "___"_____________

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_________________

Туған күні __________________________________________________________

Мынадай құжаттар:____________________________________________________

_____________________________________________________________________

________________________________________________себебінен қайтарылды.

(себебін көрсету)

Хабарлама жауапты тұлғаның Электрондық цифрлық қолтаңбасымен

куәландырылған

_____________________________________________________________________

(жауапты адамның лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Іздеу атаулары: №303 бұйрық, 303-бұйрық, приказ 303, үш жүз үшінші бұйрық, 303 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.