Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.
"Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 1036 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 қаңтарда № 14656 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен.
- Бұйрық нөмірі
- 1036
- Қабылданған күні
- 05.12.2016
- Актіні өзгерту күні
- 15.01.2021
- Мәртебесі
- Күшін жойған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген, Заң газетінде 2009 жылғы 8 желтоқсанда № 187 (1610) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасында :
1-тарауда:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жоғары білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектердің, балалардың)";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің, балалардың)";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің, балалардың)";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің, балалардың)";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Кәсіби патология";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектердің, балалардың)
15. Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің, балалардың)";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Медициналық реабилитология (ересектердің, балалардың)";
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектердің, балалардың)
29. Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Урология және андрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектердің, балалардың)";
39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Оториноларингология (сурдология, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектердің, балалардың)
40. Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектердің, балалардың)";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Трансфузиология";
45 , 46 , 47 , 48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Педиатрия (жедел және шұғыл медициналық көмек, неонатология)
46. Неонатология (интенсивтік терапия және неонаталдық реанимация)
47. Балалар психиатриясы (балалар наркологиясы, балалар психотерапиясы, балалар медициналық психологиясы, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)
48. Балалар хирургиясы (неонаталдық хирургия)
49. Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Қоғамдық денсаулық сақтау (валеология, эпидемиология, статистика, әдіснама)";
2-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Фармацевтикалық жоғары білімі бар қызметкерлердің мамандықтары
Фармация (жалпы фармацевтикалық практика; фармацияның экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), фармацевт-ұйымдастырушы (провизор-ұйымдастырушы), менеджер, тексеруші, хабаршы, маркетолог-тауартанушы, дәрілердің технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-талдаушы (провизор-талдаушы); талдамалы диагностика және сот-химиялық сараптама (химик-токсиколог); клиникалық фармация; фармация сапасын басқару)";
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
"2-1-тарау. Орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары
1. Мейіргер ісі";
3-тарауда :
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Техникалық және кәсіби медициналық және фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мейіргер ісі (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мейіргер, медицина статистигі, күтім бойынша кіші мейіргер, массажист)";
4-тарау алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) , 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
| Денсаулық сақтау және | |
| әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
Іздеу атаулары: №1036 бұйрық, 1036-бұйрық, приказ 1036, мың отыз алтыншы бұйрық, 1036 бұйрық скачать.