Мақала
Бұйрықтар

№ 42 бұйрық (28.02.2017): толық мәтін және скачать

Қатені түзеу

"Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2017 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы"

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 наурызда № 14887 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
42
Қабылданған күні
28.02.2017
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Қатені түзеу

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2017 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2017 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 42 бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2017 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Р/с №Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың жалпы саныБілім деңгейі бойынша бөлінген орындар саны
Кәсіптік жоғарғы білімі бар мамандарКәсіптік орта білімі бар мамандар
12345678910111213
қайта даярлаубіліктілігін арттырубіліктілігін арттыру
2 ай4 ай5 ай1 апта2 апта4 апта2 ай3 ай1 апта2 апта
1.Астана медицина университеті14 44840200704319280030001368003200
Барлығы14 44840200704319280030001368003200

Іздеу атаулары: №42 бұйрық, 42-бұйрық, приказ 42, қырық екінші бұйрық, 42 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.