Мақала
Бұйрықтар

№ 35 бұйрық (22.02.2017): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2016 - 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 639 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 наурызда № 14890 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
35
Қабылданған күні
22.02.2017
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 639 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14051 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамамен бекітілген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 35 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 639 бұйрығына қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с №Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың саныМамандықтардың атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
12345
1.Республикалық жоғары медицина колледжі780, оның ішінде 399 қазақ тілінде білім алушыларЕмдеу ісі26 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі404, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар 198, соның ішінде жаңадан қабылдау: 75, оның ішінде қазақ тілінде білім алушылар саны –25, "Массажист" біліктілігімен білім алушылар саны – 16
"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат49 орыс тілінде білім алушылар, соның ішінде жаңадан қабылдау: 25
Ортопедиялық стоматологияқазақ тілінде білім алушылар – 25, оның ішінде жаңадан қабылдау – 25
Зертханалық диагностика201, оның ішінде 125 қазақ тілінде білім алушылар, оның ішінде жаңа қабылдау: 25
Фармация50 орыс тілінде білім алушылар, оның ішінде жаңа қабылдау: 25
Гигиена және эпидемиологияқазақ тілінде 25 білім алушы, оның ішінде 25
2.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы150 қазақ тілінде білім алушыларЕмдеу ісіқазақ тілінде білім алушылар саны 75
Фармацияқазақ тілінде білім алушылар саны 50
Мейіргер ісіқазақ тілінде білім алушылар саны 25
3.Астана қаласының жоғары медициналық колледжі25 орыс тілінде білім алушылар"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатқазақ тілінде білім алушылар саны 25
4.Көкшетау жоғары медициналық колледжі25 орыс тілінде білім алушылар"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатқазақ тілінде білім алушылар саны 25
5.Қызылорда жоғары медициналық колледжі25 қазақ тілінде білім алушылар"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатқазақ тілінде білім алушылар саны 25
6.Павлодар жоғары медициналық колледжі25 орыс тілінде білім алушылар"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатқазақ тілінде білім алушылар саны 25
7.Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі25 орыс тілінде білім алушылар"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатқазақ тілінде білім алушылар саны 25

Іздеу атаулары: №35 бұйрық, 35-бұйрық, приказ 35, отыз бесінші бұйрық, 35 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.