Мақала
Бұйрықтар

№ 323 бұйрық (22.05.2017): толық мәтін және скачать

Жаңа

"2017 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 1064 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 маусымда № 15213 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
323
Қабылданған күні
22.05.2017
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 76-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "2017 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 1064 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14563 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2017 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға шекті бағалары :

643, 644, 645, 646-реттік нөмірлер мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"

643L01CA01Винбластинерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 5мгқұты832,33
644L01CA02Винкристинвена ішіне енгізуге арналған ерітінді 0,5мг/мл, 2млампула770,34
645B05DГлюкозасы бар физионил 40глюкозасы бар перитонеальді диализге арналған ерітінді, 2,27% 2000 млконтейнер5750,00
646B05DГлюкозасы бар физионил 40глюкозасы бар перитонеальді диализге арналған ерітінді 1,36% 2000 млконтейнер5750,00

".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов

Іздеу атаулары: №323 бұйрық, 323-бұйрық, приказ 323, үш жүз жиырма үшінші бұйрық, 323 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.