Мақала
Бұйрықтар

№ 451 бұйрық (03.07.2017): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 451 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 тамызда № 15417 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
451
Қабылданған күні
03.07.2017
Актіні өзгерту күні
23.09.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2020 № ҚР ДСМ-108/2020 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 89) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

1. "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 451 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21сәуірдегі № 367 бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі

1. Әлеуметтік мәні бар аурулар

№АуруларАХЖ 10 кодтары
1.ТуберкулезA15-A19;
2.Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруB20-B24;
3.Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозыВ18.0, В18.1, В18.2, В18.8, В19, К74;
4.Қатерлі ісіктерС00-97; D00-09; D37-48;
5.Қант диабетіE10-E14;
6.Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуыF00-F99;
7.Балалардың церебралдық параличіG80;
8.Миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай)I21, I22, I23
9.РевматизмI00-I02; I05-I09; M12.3; M35.3;
10.Дәнекер тіннің жүйелі зақымдануларыM30-M36;
11.Нерв жүйесінің дегенерациялық ауруларыG30-G32;
12.Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші ауруларыG35-G37;
13."Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығымен айқындалған орфандық аурулар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11511 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған)В55, D56, D56.0-D56.2, D56.4, D57, D57.0-D57.2, D59.5, D61.9, D69.3, D76.0, D80-D84, Е53.1, E74.0, E75.2, E76.0- E76.2, E80.2, E83.0, Е84.8, E85.0, Е88.0, G12.2, G35, G40.4, G93.4, J84, J84.0, J84.1, J84.8, J84.9, I27.0, K50, K51, L10, L13.0, M08.2, М30.3, М31.3, M31.4, М31.8, М32.1, М33, М33.2, M35.2, Q78.0, Q80, Q81

2. Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар

№АуруларАХЖ-10 кодтары
1.Адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауру (АИВ)B20-B24;
2.Геморрагиялық қызбаА90-А99;
3.ДифтерияА36;
4.Менингококтік жұқпаА39;
5.ПолиомиелитА80;
6.МерезА50-А53.9
7.АлапесА30;
8.БезгекВ50-54;
9.КүйдіргіА22;
10.ТуляремияА21;
11.ТуберкулезА15.0- А19;
12.ТырысқақА00;
13.ОбаА20;
14.Іш сүзегіA01.0.
15.Жіті вирустық гепатитВ 15; 16; 17;
16.Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуыF06.0-F06.3, F06.8-F07.9, F10.2-F10.8, F11.2-F11.8, F12.2-F12.8, F13.2-F13.8, F14.2-F14.8, F15.2-F15.8, F16.2-F16.8, F18.2-F18.8, F19.2-F19.8, F20.0-F20.2, F22, F30.2, F31.2, F31.4-F31.5, F32.2-F32.3, F33.2-F33.3, F60.0-F60.3, F70-F79, F91.1-F91.3;

Іздеу атаулары: №451 бұйрық, 451-бұйрық, приказ 451, төрт жүз елу бірінші бұйрық, 451 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.