Мақала
Бұйрықтар

№ 450 бұйрық (03.07.2017): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15473 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
450
Қабылданған күні
03.07.2017
Актіні өзгерту күні
30.11.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібі
  4. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
  5. "Жедел медициналық көмек шақырту" мемлекеттік қызмет стандарты
  6. Шақыртуларды қабылдау, өңдеу және беру жөніндегі алгоритм
  7. Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамы
  8. Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санаттарының тізбесі
  9. "Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру"
  10. Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі
  11. Симуляциялық жабдықтың ең төмен тізбесі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 № ҚР ДСМ-225/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

2..Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде бір данада оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін мерзiмдiк баспасөз басылымдарына және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет – ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. "Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8576 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтарда "Егемен Қазақстан" № 8 (28232) газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.01.2018 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 96) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) кезек күттірмейтін медициналық көмек (бұдан әрі - ККМК) – пациенттің өміріне төнген қауіптің анық белгілері болмағанда, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар кезіндегі, денсаулық жағдайы күрт нашарлаған, созылмалы аурулары асқынған кездегі медициналық көмек;

2) жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл және жедел медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кезде, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау қажет болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны;

3) шұғыл медициналық көмек – кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек.

2-тарау. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібі

3. "Жедел медициналық көмек шақырту" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) жедел медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) "103" нөміріне қоңырау соғады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Жедел медициналық көмек шақырту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізеді.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Азаматтардың денсаулық жағдайы бұзылған кезде ЖМКС диспетчері "103" пультінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шақыруларды қабылдау, өңдеу және беру алгоритміне сәйкес барлық шақыртуларды қабылдайды. Шақыртуларға жеделділік санаты бойынша іріктеу жүргізілетін, ЖМК диспетчері шақыртуды алған сәттен бастап қызмет көрсету үшін ЖМК бригадасына бергенге дейін шақыртуды өңдеу уақыты бес минутты құрайды.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Жедел медициналық көмекті құрамы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалған фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалар көрсетеді.

Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. ЖМК бригадасы ЖМКС ауысымының аға дәрігеріне бағынады.

7. Ауылдық елді мекендерде ЖМК шақыртуларына қызмет көрсету үшін ЖМКС аудандық кіші станциясының диспетчері жақын жердегі медициналық ұйымдардың мамандары мен санитариялық автокөлікті тартады.

8. ЖМКС диспетчері қабылдаған шақыртулар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 4 (төрт) жеделділік санатына бөлінеді:

1) 1 (бірінші) жеделділік санатындағы шақырту - өміріне тікелей қауіп төндіретін, жедел медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттің жай-күйі;

2) 2 (екінші) жеделділік санатындағы шақырту - өміріне медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;

3) 3 (үшінші) жеделділік санатындағы шақырту - денсаулығына медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;

4) 4 (төртінші) жеделділік санатындағы шақырту - жіті ауруынан немесе созылмалы ауруының асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай-күйі.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. 1, 2, 3-жеделділік санаттарының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМКС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды ЖМКС фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді.

10. 4-жеделділік санатының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМКС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық санитариялық алғашқы көмек жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшесінің (бұдан әрі – МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі) фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді.

11. Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың ЖМКС диспетчерінен шақыртуды қабылдаған сәттен бастап, пациенттің тұрған жеріне дейін жету уақыты:

1-жеделділік санаты - он минутқа дейінгі;

2-жеделділік санаты - он бес минутқа дейінгі;

3-жеделділік санаты - отыз минутқа дейінгі;

4-жеделділік санаты - алпыс минутқа дейінгі уақытты құрайды.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

12. МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесінің фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалары тіркелген халыққа және МСАК қызмет көрсету аймағындағы адамдарға тәулік бойы медициналық қызмет көрсетеді.

13. 4-жеделділік санатындағы шақыртуларға МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі деңгейінде қызмет көрсетіледі. Жиырма мың адамнан кем тіркелген халқы бар МСАК ұйымдарында 4-жеделділік санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-қосымшасының 15-тармағына сәйкес осы қызметті жедел медициналық көмек көрсетуге лицензиясы бар медициналық ұйымдарға немесе денсаулық сақтау субъектілеріне аутсорсингке беру арқылы жол беріледі.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14. ЖМКС бригадаларының және МСАК жанындағы ЖМК қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына қауіп төнген кезде шақыртуға қызмет көрсету, аумақтық ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Аумақтық ішкі істер органдарының өкілдері болмаған жағдайда ЖМК бригадаларының қызметкерлері рация және (немесе) мобильдік байланыс арқылы диспетчерлік қызметті ЖМКС бригадалары және МСАК жанындағы ЖМК бөлімшелері өмірі мен денсаулығына төнген қауіптер туралы хабардар етеді. Шақыртуға одан әрі қызмет көрсету аумақтық ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

15. Тексеріп-қарау, аспаптық диагностика, мамандардың консультациясы, осы жағдайлардың себептері көрсетілетін алдын ала диагноздарға сәйкес жүргізілген емдік іс-шаралардың аясында немесе одан кейін пациент жағдайы динамикасының нәтижелері бойынша ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесінің фельдшері немесе дәрігері мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

пациентті стационарлық көмек көрсететін (бұдан әрі - стационар) медициналық ұйымға тасымалдау;

пациентті шақырту орнында қалдыру;

пациентті үйде қалдыру (тұрғылықты жері бойынша).

16. Емдеуге жатқызуды қажет етпейтін пациент шақырту орнында немесе үйде қалдырылған жағдайда ЖМКС бригадасы немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі оған одан әрі жүгіну үшін (тұрғылықты жері немесе бекітілуі бойынша) МСАК ұйымына медициналық ұсыныстар ұсынады.

17. Пациент ауырған және пациенттің үйіне учаскелік дәрігердің белсенді баруы қажет болған жағдайда, ЖМКС немесе МСАК жанындағы ЖМК бригадасының фельдшері немесе дәрігері МСАК ұйымына ақпаратты (активті) ұсынады және "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - № 907 бұйрық) № 110-1/е нысаны бойынша дабыл парағын толтырады.

Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

18. ЖМКС бригадасы немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі пациентті стационарға тасымалдау туралы шешімді қабылдаған жағдайда ЖМКС диспетчерлік қызметі стационардың қабылдау бөлімшесін пациенттің келіп жеткендігі туралы хабардар етеді.

19. Пациенттің өміріне қауіп төнген жағдайда (жіті жүрек-тамыр және тыныс алу функцияларының жеткіліксіздігі) оны тасымалдау шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсететін жақын жердегі медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесіне жүзеге асырылады.

Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20. Пациентті стационарға тасымалдау кезінде санитариялық автокөлікте оны алып жүруге (бір адамнан көп емес) рұқсат етіледі.

21. ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК фельдшері немесе дәрігері № 907 бұйрықпен бекітілген № 110/е нысаны бойынша шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек бригадасының шақырту картасында пациентті жеткізу уақытын белгілейді.

22. Стационарға келуіне қарай ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК фельдшері немесе дәрігері қабылдау бөлімшесінің дәрігеріне № 907 бұйрықпен бекітілген № 114/е нысаны бойынша жедел медициналық көмек станциясының ілеспе парағын тапсырады.

23. Пациентті бергеннен кейін ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК фельдшері немесе дәрігері ЖМКС диспетчерін шақыртудың аяқталғаны туралы хабардар етеді.

24. ЖМКС немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі бригадасының стационардың қабылдау бөлімшесінде болу уақыты жаппай жарақаттанулар, уланулар кезінде жедел медициналық көмек көрсету қажеттілігі жағдайларын қоспағанда, оның стационарға келген сәтінен бастап 10 минуттан аспауы (пациентті қабылдау бөлімшесінің дәрігеріне беруге арналған уақыт) тиіс.

25. Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесі жұмысын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ұйымдастырады.

Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

26. ЖМК бригадасы немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі пациентті стационардың қабылдау бөлімшесіне бергеннен кейін мейіргер бірінші кезекте шұғыл медициналық көмек көрсетілетіндерді алға тарта отырып, келіп түскен пациенттерді топтарға (Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу) бөледі.

27. Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу үздіксіз және сабақтастықпен жүргізіледі. Бір пациенттің жағдайын бағалау процесі 60 секундтан аспайды. Бағалау аяқталғаннан кейін пациенттер арнайы түрлі-түсті бирка немесе түрлі-түсті лента түріндегі іріктеу санатының бір түсімен белгіленеді.

28. Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөлінеді:

бірінші топ (қызыл аймақ) – өміріне тікелей қауіп төнетін немесе нашарлау қаупі жоғары және шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі;

екінші топ (сары аймақ) – өміріне әлеуетті қауіп төнетін немесе жағдайдың дамуымен өршуі мүмкін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі;

үшінші топ (жасыл аймақ) - өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ және емдеуге жатқызуды талап етпейтін пациенттің жай-күйі.

Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

29. Триаж жүйесінің медициналық іріктеу нәтижелері бойынша пациент дәрігердің қарап-тексеруі үшін қабылдау бөлімшесінің тиісті аймағына жіберіледі.

30. Бірінші топтың пациенттері қарқынды терапия палатасына келіп түседі, мұнда реаниматолог жедел медициналық жәрдем мамандары жүргізген реанимациялық көмек көрсетуді жалғастырады. Шұғыл операция жасалған жағдайда реаниматолог жалпы наркозды, өңірлік анестезияны, қабылдау бөлімшесінің операция бөлімінің жағдайында жергілікті анестезия жүргізеді, одан әрі пациенттің оянуы үшін анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелеріне тасымалдайды.

Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

31. Жағдайы тұрақталғаннан кейін пациент бейінді бөлімшеге емделуге жатқызылады.

32. Инфекциялық ауруларға қаупі бар пациент жай-күйіне мониторинг жүргізу және науқасты одан әрі қадағалау тәсілін анықтау үшін боксқа орналастырылады. Пациенттер жаппай келіп түскен жағдайда инфекциялық ауруларға күдігі бар пациенттерді дұрыс бөлу үшін (жіті респираторлық вирустық инфекция және ішек аурулары) қарап-тексеру кабинеттерінің бірі инфекциялық бокске қайта бейінделеді.

33. Пациентті стационарға емдеуге жатқызған кезде мейіргер № 907 бұйрықпен бекітілген 003/е нысаны бойынша стационарлық науқастың медициналық картасын толтырады және пациентті бейінді бөлімшеге алып жүреді.

34. Стационарға емделуге жатқызуға көрсетілімдер болмаған жағдайда қабылдау бөлімшесінің дәрігері пациентке қарап-тексеру, консультация беру және диагностикалық зерттеулер нәтижелерін көрсетумен қабылдау бөлімшесінде болуы туралы қорытындыны және одан әрі МСАК жағдайында емделу туралы нұсқаулықтар береді. Бір уақытта мейіргер МСАК ұйымының тіркеу бөліміне ауру жағдайы туралы хабарлама жібереді және учаскелік дәрігерге № 907 бұйрықпен бекітілген № 110-1/е нысан бойынша белгі парағын дайындайды.

35. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайлары кезінде санитариялық автокөліктің кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін санитариялық автокөлік ЖМК бригадасы шыққан кезден бастап шақырту орнына дейін және пациентті стационарға тасымалдау кезінде "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына сәйкес ең жоғарғы деңгейде арнаулы дыбыстық сигналды (сирена) береді және көк немесе қызыл түсті жарқылдауық маякты іске қосады.

36. Халықтың жүгінуін ескеріп, бір санитариялық автокөлік 10 мың және одан аз халықтың есебінен енгізіледі. Санитариялық автокөлік радиобайланыс және навигациялық жүйемен жабдықталады.

37. МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі бригадаларымен жедел медициналық көмек көрсету бригадасыны пациент орналасқан жерге уақтылы жеткізуді қамтамасыз ететін МСАК-тың медициналық көмек ұйымының мамандандырылмаған жеңіл автокөлігін пайдалануды көздейді.

38. Облыстық ЖМКС құрылымына білікті мамандарды және (немесе) науқасты санитариялық автокөлікпен тасымалдауға байланысты ЖМК және медициналық көмек көрсететін ЖМК станциясы, ЖМК кіші станциялары, ЖМК аудандық бөлімшелері және санитариялық авиация бөлімшелері кіреді. Республикалық маңызы бар қалалар мен астананың ЖМКС құрылымына ЖМК станциясы және ЖМК кіші станциясы кіреді.

Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

39. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың ЖМКС құрамында ішкі істер органдары және өңірдегі төтенше жағдайлар қызметтерімен, ЖМК кіші станцияларымен, МСАК жанындағы ККМК бөлімшелерімен, медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерімен жедел байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген және емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыратын Сall – орталықтар (колл-орталықтар) құрылады.

Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

40. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астананың ЖМКС шақыруларды қабылдау және өңдеу жөніндегі автоматтандырылған басқару жүйелерімен және навигациялық жүйелер арқылы санитариялық автокөлікке мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін жүйелермен, сондай-ақ абоненттермен диалогтарды компьютерлік жазу жүйесімен және қоңырау келіп түсетін телефон нөмірін автоматты анықтаушымен жабдықталады. Диалог жазбаларын сақтау кемінде 2 жыл жүзеге асырылады.

Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

41. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМКС осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында ЖМКС мамандары мобильді камералармен жарақтандырылады.

Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

42. Төтенше жағдай режимінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМКС:

1) "Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну қағидаларын, оның түрлері мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 608 қаулысына , "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10983 болып тіркелген) және "Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақытылы кешенді көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 919, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 819 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 688 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14387 болып тіркелген) сәйкес ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде әрекет етеді;

2) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою жөніндегі ЖМК бригадаларын төтенше жағдай аймағына жібереді;

3) төтенше жағдайларды жою кезінде зардап шеккендерге емдеу-эвакуациялау іс-шараларын өткізеді;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер, медициналық көмек көрсету үшін жүгінген немесе жеткізілген оқиғалар мен жағдайлар, сондай-ақ алынған жарақаттан қайтыс болғандар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына шұғыл ұсынады.

Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

43. Зардап шеккендер саны 3 және одан да көп адам болатын төтенше оқиға кезінде төтенше жағдай орнына бірінші келген ЖМК бригадасы бірінші кезекте медициналық іріктеуді жүзеге асырады.

Медициналық іріктеу (триаж) нәтижелері бойынша ЖМК бригадасы зардап шеккендерді бұдан әрі көрсетілімдері бойынша медициналық ұйымдарға тасымалдаумен, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

Ескерту. 2-тарау 43-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

44. ЖМКС және МСАК жанындағы ЖМК бөлімшелерінің мамандары: "Базалық реанимация" - Basic Life Support (BLS), "Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы" - Advanced Cardiac Life Support (ACLS), "Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы" - Pediatric Advanced Life Support (PALS), "Жарақаттар кезінде емдеуге дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету" - Prehospital Trauma Life Support (PHTLS), "Неонаталдық реанимация" - Neonatal Resusсitation Program (NRP) жедел және кезек күттірмейтін көмек көрсетудің халықаралық танылған стандарттары бойынша оқытудан өтеді. Практикалық дағдыларды пысықтау мақсатында шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі облыстық және қалалық жедел медициналық көмек станциялардың мамандары облыстық және қалалық ЖМКС базасында симуляциялық кабинеттер ұйымдастырады.

Симуляциялық кабинет оқу-көрнекі құралдармен, пән бойынша практикалық сабақтарға арналған құрылғылармен және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес симуляциялық жабдықтардың ең төменгі тізбесімен жарақталады.

Ескерту. 2-тарау 44-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

45. Ауыл халқына жедел медициналық көмек қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыстың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының шешімі бойынша жету қиын елді мекендерде (жол жабындыларының болмауы, таулы жер), медициналық көмекке қол жеткізуден алыс учаскелерде облыстық ЖМКС қосымша қосалқы станциялары (бөлімшелері) құрылуы мүмкін.

Ескерту. 2-тарау 45-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

46. Медициналық персоналдың жедел жұмысын қамтамасыз ету, санитариялық автокөлік пен медициналық жабдықтарды ұтымды пайдалану мақсатында санитариялық автокөлік мынадай кластарға бөлінеді:

А клаcы: емдік-іс-шараларды жүргізуге және медицина персоналдарының алып жүруімен алдын ала болжам бойынша шұғыл емес пациенттерді тасымалдауға арналған санитариялық автокөлік;

В класы: дәрігерлік (фельдшерлік) бригадалар күшімен жедел медициналық көмектің емдеу іс-шараларын өткізуге, емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде пациенттерді тасымалдауға және жағдайына мониторинг жүргізуге арналған санитариялық автокөлік;

С класы: мамандандырылған бригаданың күшімен реанимациялық іс-шараларды және қарқынды терапияны жүргізуге, сондай-ақ пациенттерді санитариялық авиация желісі бойынша тасымалдауға арналған жедел медициналық көмек көлігі (реанимобиль).

Ескерту. 2-тарау 46-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

47. Қажетті кластағы санитариялық автокөлік болмаған жағдайда бригаданың шығуы бар бос санитариялық автокөлік жүзеге асырады. Көшпелі бригада қажетті кластағы санитариялық автокөлік келгенге дейін емдеу іс-шараларын өткізуді жалғастырады немесе пациентті жақын жердегі стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Ескерту. 2-тарау 47-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

48. Санитариялық автокөлікті медициналық емес мақсатта пайдалануға рұқсат берілмейді. ЖМКС бірінші басшысы осы тармақтың сақталуын қамтамасыз етеді.

Ескерту. 2-тарау 48-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

49. Санитариялық авиация бөлімшесі санитариялық автокөлік арқылы өңірлік және өңіраралық деңгейде медициналық қызметтер көрсетеді.

Санитариялық авиация бөлімшесінің санитариялық көлігін пайдалану негіздері:

пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция жасау үшін) білікті мамандарды жеткізу болып табылады;

мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін аудандық деңгейдегі медициналық ұйымнан қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі медициналық ұйымға пациентті(терді) тасымалдау;

әуе кемесінде жедел өтінімді орындау кезінде пациентті (терді) және санитариялық авиацияның мобильді бригадасын (САМБ) әуежай мен медициналық ұйым арасында санитариялық автокөлікпен тасымалдау;

ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді кейіннен транспланттау үшін тиісті медициналық ұйымға жеткізу.

Ескерту. 2-тарау 49-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

50. Санитариялық авиация бөлімшесінің диспетчері стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан медициналық қызметке өтінімді қабылдайды және санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігеріне береді.

Ескерту. 2-тарау 50-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

51. Санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігері:

келіп түскен өтінімді, пациенттің медициналық құжаттамасын зерделейді;

медициналық қызметтің көлемін анықтайды;

пациенттің (тердің) патология бейініне сәйкес САМБ құрамын қалыптастырады;

кейіннен транспланттау үшін білікті мамандарды (САМБ), пациентті (терді), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді, биоматериалдарды санитариялық автокөлікпен тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады."

Ескерту. 2-тарау 51-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

52. ЖМКС және МСАК жанындағы ЖМК бөлімшелерінің мамандарын оқыту тиісті стандарттар бойынша ресми оқу материалдарын пайдалана отырып, халықаралық деңгейдегі сертификаты бар нұсқаушыларды және (немесе) жаттықтырушыларды тарта отырып жүргізіледі. Оқудан өткен мамандар осы стандарттарды әзірлейтін халықаралық ұйым базасында тіркеу нөмірін бере отырып, халықаралық танылған сертификаттарды алады.

Ескерту. 52-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

53. Көшпелі бригадалардың жүргізушілері және кіші медицина персоналдары халықаралық стандарттарға сәйкес әрбір екі жыл сайын тиісті сертификат ала отырып базалық реанимация және алғашқы көмек көрсету - Basic Life Support (BLS) дағдыларына оқытудан өтеді. Көшпелі бригадалардың жүргізушілері қосымша қауіпсіз жүргізу бойынша оқытудан өтеді.

Ескерту. 53-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

54. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ЖМК көрсететін медициналық ұйымдардың санитариялық автокөліктерінде "103", "Скорая медицинская помощь", "Медициналық жедел жəрдем", "Medisinalyq jedel járdem" және "Ambulance" жазулары бар.

Ескерту. 54-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

55. Түсті-графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс дабылдары мемлекеттік заңды тұлғаларға жататын және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерінің ЖМК санитариялық автокөлігіне салынады.

Ескерту. 55-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

56. Қалалық автокөлік қозғалысы анағұрлым көбейген уақытта жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ЖМК қосымша бригадаларының кезекшілігі ұйымдастырылады. Қоғамдық іс-шараларды өткізу және өзге де жағдайлар кезінде халыққа қызмет көрсету үшін кезекшілік шарт негізде жүзеге асырылады.

Ескерту. 56-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

57. ЖМК бригадасы дәрілік заттарға рецепт жазбай, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақтарды бермей, қайтыс болу фактісін куәландыруды жүргізбей және қайтыс болу туралы қорытынды бермей шақыруға қызмет көрсетеді.

Ескерту. 57-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Ескерту. 3-тараумен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

58. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қызметті берушінің басшысының атына, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының www.emcrk.kz интернет-ресурсына немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі -Министрлік) www.dsm.gov.kz интернет-ресурсына, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, № 5 кіреберіс мекенжайына шағым жасау жолымен жасалады.

Шағымның қабылданғанын растау оны қызметті берушінің, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін қызметті берушінің, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Қызмет берушінің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды тіркеу күні оны қарау мерзіміне кірмейді. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

59. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 1-қосымша

"Жедел медициналық көмек шақырту" мемлекеттік қызмет стандарты

Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1Қызмет берушінің атауыДенсаулық сақтау субъектілері.
2Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдеріДенсаулық сақтау субъектілері.
3Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміДиспетчер шақыртуды алған сәттен бастап оны өңдеу уақыты бес минутты құрайды, оның ішінде шақыртудың жеделділік санаты бойынша іріктеу жүргізіледі. Жедел медициналық көмекті шақыртудың жеделділік санатының тізбесіне сәйкес диспетчерден шақыртуды алған сәттен бастап пациенттің тұрған жеріне дейін бригаданың келу уақыты (10 минуттан 60 минутқа дейін).
4Мемлекеттік қызметті көрсету нысаныҚағаз түрінде.
5Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіЖедел медициналық көмек көрсету.
6Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріТегін
7Жұмыс кестесіТәулік бойы
8Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіМемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер 1) пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жасы және жынысы; 2) пациенттің жай-күйі бойынша деректер және жазатайым оқиғаның, жарақаттанудың немесе аурудың мән-жайлары; 3) мекенжайы мен телефоны, сондай-ақ пациенттің орналасқан жеріне жол жүру жөніндегі болжамды деректер.
9Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерКөзделмеген.
10Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптарДенсаулық жай-күйінің бұзылуы жағдайында азаматтардың барлық шақыртулары "103" нөмірі бойынша қабылданады.
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша

Шақыртуларды қабылдау, өңдеу және беру жөніндегі алгоритм

Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. "103" пультіне шақырту түседі.

2. Тұтқаны диспетчер көтереді, ол:

1) қысқаша сәлемдеседі (өзінің қызметтік нөмірін, болмаған жағдайда - өзінің тегін айтады);

2) шақыртудың нақты мекенжайын және байланыс телефонын айқындайды;

3) көшедегі пациентке шақырылған жағдайда жалпыға белгілі бағдарларды (көшелер қиылысы, әкімшілік ғимараттар) нақтылайды;

4) байланыс телефонымен (қала, ұялы) жедел көмекті шақырушының деректерін нақтылайды;

5) шақырушыға сауал қояды: пациенттің жай-күйі және ауру жағдайлары немесе жазатайым оқиға жағдайлары туралы қысқаша деректер;

6) егер шақырушыға пациенттің немесе зардап шегушінің төлқұжат деректері белгісіз болса, оның жынысын, шамамен жасын көрсетеді;

7) шақырту себебін айқындайды;

8) шақыртуды жазып, шақырушыға шақыртуды қабылдау уақытын және екінші рет өзінің қызмет нөмірін, Т.А.Ә (болған кезде) хабарлайды.

3. Диспетчер шақыртуды қабылдағаннан кейін шақырушыға мынадай нұсқаулар береді:

1) ЖМК бригадасына пациентке немесе зардап шегушіге кедергісіз жол жүру және қолжетімділікті қамтамасыз ету;

2) ЖМК шақырылған бригадасын пәтерге (жеке секторға) кірер жерде немесе кіреберісте қарсы алуды ұйымдастыру;

3) медициналық көмек көрсету және стационарға тасымалдау үшін қажетті жағдайлар жасау.

4. Шақыртуды қабылдағаннан кейін диспетчер қойылған сұрақтарға толық жауап алып, мекенжайды қайталайды және шақырушыға: "Сіздің шақыруыңыз қабылданды, күтіңіз", - деп жауап береді.

5. Жиналған ақпаратты диспетчер шақыртуларды АБЖ тіркейді, ол автоматты түрде уақыт хронометражын (шақыруларды қабылдау, беру және шақыртуға ЖМК бригадасының шығу уақыты), диспетчердің Т.А.Ә (болған кезде) жазып, шақыртудың реттік нөмірін белгілейді.

6. Диспетчер жедел жағдайды ескере отырып, жақын маңдағы бос ЖМК бригадасына дереу шақырту жібереді.

7. ЖМК-ның бос бригадалары болмаған кезде келіп түскен шақырту күтуге кейінге қалдырылады, содан кейін босаған ЖМК бригадасына беріледі.

8. 1 - 2-жеделділік санаттағы шақыртулар келіп түскен және ЖМК бос бригадасы болмаған кезде жеделділік санаты бойынша төмен шақырту жеделділік санаты бойынша жоғары шақыртуға қызмет көрсету үшін алынады (күту режиміне ауысады).

9. Шақыртуды кешіктірген жағдайда және шақырушының қайталап шақыртулары кезінде пациентті күтілетін кешігу немесе ЖМК/МСАК жанындағы ЖМК бригадасының шығуын күту туралы хабарлауға, ЖМК бригадасы келгенге дейін нұсқаулықтарды беруге міндетті.

10. Пациенттің өміріне қауіп төнетін жағдайлар кезінде диспетчер "Шақыртуды ұстап тұру" режиміне көшеді.

11. Шақыртуды қабылдау жөніндегі диспетчер шақыруды АБЖ бағдарламасында қоңырауды ұстап қалу кезеңі тіркелген негізгі картаның нөмірі көрсетілген қосымша консультация беру картасын жасайды.

12. Ең көп түсу кезеңінде шақырту келіп түскен кезде (сағат 18-00-ден 00-00-ге дейін) шақыртуға үздіксіз қызмет көрсетуді сақтау үшін диспетчер шақыртуларды ЖМК бригадасының шығу және келу уақытының нормативіне сәйкес аумақтық учаске бойынша оңтайлы бөлуді жүргізеді.

13. Компьютердегі электрондық нұсқадағы ақпаратты ЖМК диспетчерлік қызметінің басшылығы мен аға дәрігері бақылайды.

14. Шақырту ЖМК бригадасымен қызмет көрсетуге жатпайтын жағдайларда, диспетчер МСАК-ға жүгінуге кеңес береді немесе дәрігердің пациентке белсенді келуі үшін оның жұмыс сағатында МСАК ұйымына шақыртуды қайта жібереді. МСАК жұмыс уақытынан тыс диспетчер шақыртуды 4-жеделділік санаты ретінде анықтайды және МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесінің бригадасына шақыру жібереді.

15. Егер шақырту өртпен, апатпен және (немесе) басқа да ТЖ байланысты болса (криминалдық сипатты қоса алғанда) диспетчер диспетчерлік қызметтің аға дәрігеріне, ЖМКС басшылығына (бекітілген хабарландыру сызбасы бойынша) және жедел қызметтерге ("101", "102", "104", "112") баяндауға міндетті.

16. Шақыртуды қабылдау кезінде диспетчер әдептілік ережелерін сақтай отырып, сыпайы түрде диалог жүргізеді, барынша мұқият болады, қажетті сұрақтарды нақты қояды және шақыртуды тіркеу картасын дұрыс толтыру үшін толық жауаптарға қол жеткізеді.

17. Диспетчер мен шақырушы арасындағы барлық телефон әңгімелері компьютерде электрондық жазба нұсқасында кемінде 2 жыл сақталады.

18. Компьютердегі электрондық нұсқадағы ақпаратты ЖМК диспетчерлік қызметінің бастығы мен аға дәрігері бақылайды.

Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 3-қосымша

Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамы

1. Фельдшерлік бригаданың құрамына:

екі фельдшер

жүргізуші кіреді.

2. Мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамына:

дәрігер;

фельдшер;

жүргізуші кіреді.

Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 4-қосымша

Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санаттарының тізбесі

Санаттың сипаттамасыКодыШақыртудың себебі
123
1- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 10 минутқа дейін)
Өміріне тікелей қауіп төнетін жедел медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі1.1Есінен тану (кез-келген генез)
1.2Тыныс алуының тоқтауы
1.3Жүрек қызметінің тоқтауы
1.4Тыныс алу жолдарындағы бөгде дене
1.5Шок
1.6Құрысқақ
1.7Кеуде қуысындағы ауырсыну
1.8Парездер мен плегиялар (алғаш туындаған)
1.9Әртүрлі этиологиядағы психоз
1.10Қан кетумен көптеген зақымданулар мен жарақаттар
1.11Қан кетумен жарақат
1.12Қан кетумен оқшауланған жарақат (бас, мойын)
1.13Ауқымды күйік пен үсік
1.14Жануарлар мен жәндіктердің шағып алуы (анафилаксиялық шоктың даму қаупі)
1.15Электрожарақат
1.16Қан құсу
1.17Асқынулары бар босанулар
1.18Бұдан әрі траспланттау үшін тіндерді (тіндердің бөліктерін), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау
1.19Төтенше жағдайлар (жарылыстар, өрттер, су тасқындары және т.б. )
2- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 15 минутқа дейін)
Өміріне әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі2.1Теракт қаупі бар орынында шақырту
2.2Одан әрі жабырқаңқы жағдай үрдісі бар естің бұзылуы
2.3Сыртқы тыныс алудың айқын бұзылулары (бронх демікпесі, аллергия, кардиологиялық науқас, улану және басқалар)
2.4Жүрек ритмінің бұзылуы
2.5Гемодинамикасы тұрақсыз. Шок дамуының жоғары қаупі (криз)
2.63 жасқа дейінгі балалардағы 38º С жоғары температура
2.7Жоғары температура жағдайындағы бөртпе
2.8Қан кетумен оқшауланған жарақат
2.9Улы заттармен улану
2.10Атипиялық аурулар. (жіті коронарлық синдромға күдіктену)
2.11Жүкті әйелдердің бас ауруы
2.12Құсу + сусызданудың ауыр белгілерімен сұйық нәжіс
3- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 30 минутқа дейін)
Денсаулығына әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі3.1Қан кетусіз оқшауланған жарақат
3.2Іштің ауруы (қатты іш)
3.3Өз бетінше түспейтін жоғары температура
3.4Бұқаралық іс-шаралар кезіндегі кезекшілік
3.5Физиологиялық босанулар
3.6Жүкті әйелдердің іш ауруы (жүктілікті тоқтату қаупі)
3.7Балалардағы шектелген күйік пен үсу.
4- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 60 минутқа дейін)
Науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қаупі жоқ жіті аурулардан немесе созылмалы аурулардың өршуінен туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз пациенттің жай-күйі4.1Өмірге қауіптің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы
4.2Терінің және теріастының жіті қабынған аурулары
4.3Жеңіл жарақаттар (терең емес жарақаттар, күйіктер, соғып алу, жара)
4.4Созылмалы аурулардың салдарынан ауырсыну синдромы
4.5Құсу + тамақтан уланудан туындаған сусыздану белгілерімен сұйық нәжіс
4.6Жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін)
4.7Несеп шығару жүйесі ағзаларының созылмалы ауруларынан туындаған несептің жіті жүрмей қалуы
4.8Қан аралас несеп
4.9Босанулардан, жасанды түсіктерден кейінгі қабыну аурулары
4.10Тыныс алу жолдарынан басқа бөгде денелер
4.11МСАК немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляцияларды жүргізуді талап ететін өзге де жағдайлар
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 5-қосымша

Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру"

Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.08.2019 № ҚР ДСМ-113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Қабылдау бөлімшесі – пациенттерді шұғыл емдеуге жатқызуды жүзеге асырылатын медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Пациенттерді емдеуге жатқызу үшін бос кірме жолдар орнатылады және пациенттің медициналық көмек көрсетудің тиісті кезеңіне дейін қабылдау бөлімшесіне еркін қол жеткізуі (жеткізуі) қамтамасыз етіледі (табалдырықтың болмауы, бос лифтілер, ашық есіктер).

3. Бөлімшенің негізгі қызметтері:

тәуліктік режимде шұғыл медициналық көмек көрсету;

пациенттерге триаж-жүйе бойынша іріктеу жүргізу;

төтенше жағдайлар кезінде шұғыл қызметтермен байланысты ұстау және өзара іс-қимыл жасау;

пациенттердің жаппай түсуіне дайындықты қамтамасыз ету.

4. Қабылдау бөлімшесінің құрылымында:

1) тіркеу постары (тіркеу бөлімі - диспетчерлік);

2) пациенттерді байқауға арналған пост;

3) триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу нәтижелері ескерілген функционалдық сырғытқылары/кереуеттері бар қарау кабинеттері;

4) шұғыл операциялық араласуға арналған операциялық зал;

5) манипуляциялық бөлме;

6) науқастардың келіп түскен сәтінен бастап емдеуге жатқызуға көрсетілімдері және болжамды диагнозы анықталғанға дейін шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қысқа мерзімді болу палаталары (диагностикалық палаталар);

7) қарқынды терапия палатасы(лары) (бұдан әрі – ҚТП);

8) зертханалық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық диагностика жүргізуге арналған аймақтар;

9) амбулаториялық пациенттерді қарап-зерттеу аймағы;

10) инфекциялық ауруларға күмәнді адамдарға арналған изолятор ұйымдастырылады.

5. Қабылдау бөлімшесінде: іріктеу алаңы, сырғытқыларды орналастыруға арналған, еріп келген адамдардың пациентті күтуге арналған аймағы, қабылдау бөлімшесіне келіп түскен пациенттерді санитариялық өңдеу көзделеді.

6. Барлық қарап-тексеру аймақтары төсекаралық төбеге арналған шымылдықтар арқылы бір-бірінен бөлінген мобильдік функциялық сырғытқылармен/кереуеттермен жарақтандырылуы тиіс. Сырғытқылардың/кереуеттердің жанында мобильдік диагностикалық жабдық орналасқан.

7. Қабылдау бөлімшесінде зерттеп-қараудың зертханалық әдістеріне арналған мобильдік, жылжымалы, портативтік аппараттар, шағын автоматтандырылған гематологиялық талдауыштар, пациенттің жанында палатада жедел түрде диагностикалау жүргізу үшін несептің автоматтандырылған талдауыштары пайдаланылады.

8. ҚТП реанимациялық көмек көрсету үшін функционалдық сырғытқылармен/кереуеттермен, қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықталған.

9. Шұғыл түрдегі операциялық араласуға арналған операциялық зал кез-келген күрделі шұғыл операцияны өткізуге арналған медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықталады.

10. Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеуді жүргізу кезінде түстермен кодтау қолданылады. Іріктеу үшін қарап-тексеру, зерттеп-қарау, емдеу бойынша басымдыққа байланысты қызыл, сары және жасыл түстер қолданылады.

11. Зерттеп-қарауды талап етпейтін пациенттер жасыл аймаққа жіберіледі. Қабылдау бөлімінде зерттеп-қарау талап етілетін пациенттер сары аймаққа жіберіледі. Ауыр жағдайдағы пациенттер медициналық іріктеусіз және тіркеусіз тікелей қызыл аймаққа жіберіледі.

12. Қызыл аймақта алып жүретін адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

13. Зерттеп-қарау және талдау үшін талап етілетін үлгілер (материалдар) пациенттің тұрған жерінде сары және қызыл аймақтарда алынады және персоналдың алып жүруімен тиісті бөлімшелерге жіберіледі.

14. Қабылдау бөлімінде биологиялық материалдарды пациенттердің және олардың жақындарының жеткізуіне жол берілмейді.

15. Егер пациент жүгінген немесе жеткізілген медициналық ұйымда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін барлық ресурстар болса, пациент басқа медициналық ұйымға жіберілмейді.

16. Өміріне қауіп төну жай-күйі бар пациенттер басқа медициналық ұйымға тасымалдауға жатпайды.

17. Пациент жіберілетін медициналық ұйым пациентті қабылдау және емдеуді кідіріссіз бастау үшін қажетті шараларды қабылдайды.

18. Егер іріктеу нәтижесінде жұқпалы инфекциялар немесе жіті қауіпті инфекциялар фактісі анықталған жағдайда пациентті бақылау және шұғыл көмек көрсету үшін қабылдау бөлімшесінің басқа үй-жайларынан оқшауланған арнайы бокстарға орналастырылады.

19. Боксқа кіру жеке қорғану құралдары орналасқан (бір реттік пайдалануға арналған киім, бір реттік пайдалануға арналған маска, қалпақ, бахиллалар) арнайы тамбур арқылы жүзеге асырылады. Бокста санитариялық тораппен санитариялық бөлме бар.

Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 6-қосымша

Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі

Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жиналмалы сөмкені жарақтандыру

АХЖ кодыФармакологиялық топ/ХПАДәрілік түріӨлшем бірлігі
AАсқазан жолы және зат алмасу
A03АІЖ тарапынан болған функциялық бұзылуларды емдеу препараттар
A03AІшек қызметінің бұзылуы кезінде пайдаланылатын препараттар
A03AXІшек қызметінің бұзылулары кезінде пайдаланылатын басқа да препараттар
Платифиллин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,2%ампула
A03BИтжидек және оның туындылары
A03BAИнжидек алкалоидтары, үштік аминдер
A03BA01Атропин сульфаты1 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
A03FАІЖ моторикасын ынталандырғыштар
A03FA01Метоклопрамид2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%ампула
A07Диареяға қарсы, ішектік қабынуына қарсы және микробқа қарсы препараттар
A07ВА01Белсенді көмір250 мг таблеткатаблетка
А07СКөміртегімен электролиттер
А07СААуызға қолданылатын регидратациялық тұзІшке қабылдауға арналған ерітіндіні дайындайтын ұнтақпакет
A11Дәрумендер
A11DB1 дәрумені және оны В6 дәруменімен бірге пайдалану
A11DAB1 дәрумені
A11DA01Тиамин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%ампула
A11GАскорбин қышқылы (басқа да препараттармен бірге пайдалануды қоса алғанда)
A11GA01Аскорбин қышқылы2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%ампула
A11HБасқа да дәрумендер
A11HA02Пиридоксин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%ампула
B01ACТромбқа қарсы препараттар, тромбоциттер агрегациясының ингибиторлары (гепаринді қоспағанда)
B01AC04КлопидогрелҚабықпен қапталған 300 мг таблеткалартаблетка
B01AC24ТикагрелорҚабыршақты қабықпен қапталған 90 мг таблеткалартаблетка
BҚан түзу және қан
B01Антикоагулянттар
B01ABГепарин және оның туындылары
B01AB01Натрий гепарині5000 БІР/мл 5 мл инъекцияға арналған ерітіндіқұты
B01ADФерментті препараттар
B01AD02Алтеплаза50 мг венаішілік инфузияға арналған ерітінділерді дайындатын лиофильденген ұнтаққұты
B01AXБасқа да антикоагулянттар
B01AX05Натрий фондапаринуксы2,5 мг/0,5 мл тері астына және вена ішіне енгізуге арналған ерітінділершприц
B02BK дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар
B02BXЖүйелі падалануға арналған басқа да қан тоқтатын препараттар
B02BX01Этамзилат2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 12,5%ампула
B05Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер
B05AҚан препараты
B05AAҚан плазмасы препараты және плазма алмастыратын препараттар
B05AA05Декстран200 мл инфузияға арналған ерітінді, 10%құты
B05AA07Гидроксиэтилкрахмал (пентакрахмал)500 мл инфузияға арналған ерітінді, 10%құты
B05BВена ішіне енгізуге арналған ерітінді
B05BBСу-электролитті теңгеріміне әсері бар ерітінділер
B05BB01Натрий хлориді5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,9%ампула
B05CИрригациялық ерітінділер
B05CBТұзды ерітінділер
B05CB01Натрий хлориді200,250, 400 мл-ден инфузияға арналған ерітінді, 0,9%құты
B05CXБасқа да ирригациялық ерітінділер
B05CX01Декстроза200 мл 5% инфузияға арналған; 5 мл 5% инъекцияға арналған ерітіндіқұты
B05XВена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қосындылар
B05XAЭлектролитті ерітінділер
B05XA05Магний сульфаты5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 25%ампула
B05XA07Кальций хлориді5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 10%ампула
CЖүрек қантамыр жүйесі
C01Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар
C01AЖүрек гликозидтері
C01AAЖалбыз гликозидтері
C01AA05Дигоксин0,25 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
C01BI және III санатының аритмияға қарсы препараты
С01ВВIВ санатының аритмияға қарсы препараты
C01BDIII санатының аритмияға қарсы препараты
C01BD01Амиодарон150 мг/3 мл венаішілік инъекцияға арналған ерітінділерампула
C01CЖүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препарат
C01CAАдренергетиктер мен допаминомиметиктер
C01CA04Допамин5 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат, 4%ампула
C01CA07Добутамин250 мг инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын лиофилизатампула
C01CA24Эпинефрин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,18 %ампула
C01DЖүрек ауруларын емдеуде пайдаланылатын шеткі тамыр кеңейткіштер
C01DAОрганикалық нитраттар
C01DA02НитроглицеринМөлшерленген тіл асты аэрозолі 0,4 мг/доза 10гқұты
C01DA08Изосорбид динитраты1 мг/мл 10 мл/аэрозоль инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентратампула/ құты
C01EЖүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
C02Антигипертензивті препараттар
C02CПерифериялық антиадренергиялық препараттар
C02CAАльфа-адреноблокаторлар
C02CA06Антигипертензивті заттар, альфа - адреноблокаторлар (Урапидил)5 мг/мл 5 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіампула
C03Диуретиктер
C03C"Ілмек" диуретиктер
C03CAСульфонамидті диуретиктер
C03CA01Фуросемид2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%ампула
C07Бета-адреноблокаторлар
C07AБета-адреноблокаторлар
C07ABСелективті бета-адреноблокаторлар
C07AB02Метопролол1 мг/мл 5 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіампула
C08Кальций каналдарының блокаторы
C08CТамырларға айрықша әсер ететін кальций каналдарының селективті блокаторлары
C08CAДигидропиридин туындылары
C08CA05Нифедипинқаптамамен қапталған 20 мг таблеткалартаблетка
C09Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препарат
C09AАнгиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары
C09AA01Каптоприл25 мг таблеткалартаблетка
C09AA02Эналаприл1,25 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді; 5мг;10мг;20 мг таблеткалар;ампула /таблетка
DДерматология
D03Жарақаттар мен жараны емдеуге арналған препараттар
D03AҚалыпты тыртықтануға мүмкіндік беретін препараттар
D03AX03Декспантенол117 г сыртқа пайдалануға арналған аэрозольқұты
D08Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AGЙод препараттары
D08AG03Йод20 мл спиртті ерітінді, 5%құты
D08AXБасқа да антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AXБриллиант жасылы20 мл спиртті ерітінді, 1%құты
D08AX01Су тетігінің асқын тотығы50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 3%құты
D08AX08Этанол50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 70%құты
HЖыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар
H01Гипоталамус және гипофиз гормондары және олардың аналогтары
H01BГипофиздің артқы бөлігінің гормондары
H01BBОкситоцин және оның аналогтары
H01BB02Окситоцин5 БІРЛ./мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
H02Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02AЖүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02ABГлюкокортикоидтар
H02AB02Дексаметазон4 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
H02AB06Преднизолон30 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
MСүйек-бұлшықет жүйесі
M01Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01AСтероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01AEПропион қышқылының туындылары
M01AE01Ибупрофен100 мг/5 мл 100 мл ішке қабылдауға арналған суспензияқұты
M01AE03Кетопрофен100 мг/2 мл инъекцияға арналған ерітінді; қаптамамен қапталған 100 мг таблетка; 50 мг капсула;ампула/таблетка
M03Миорелаксанттар
M03AШетке әсер ететін миорелаксанттар
M03ABХолин туындылары
M03AB01Суксаметоний хлориді0,1 г/5 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
NНерв жүйесі
N01Анестетиктер
N01AЖалпы жансыздандыруға арналған препарат
N01AHАпиындық анальгетиктер
N01AH01Фентанил2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,005%ампула
N01AXЖалпы жансыздандыруға арналған басқа да препарат
N01AX10Профол1 мг/мл 20 мл вена ішіне енгізуге арналған эмульсияампула
N01BЖергілікті жансыздандыруға арналған препараттар
N01BAАминобензол қышқылы эфирлері
N01BA02Прокаин5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%ампула
N01BBАмидтер
N01BB02Лидокаин2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%ампула
N02Анальгетиктер
N02AАпиындар
N02AAАпиынның табиғи алкалоидтары
N02AA01Морфин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%ампула
N02ABФенилпиперидин туындылары
N02ABТримеперидин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%ампула
N02AXБасқа да апиындар
N02AX02Трамадол2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5 %ампула
N02BАнальгетиктер және антипиретиктер
N02BAСалицил қышқылы және оның туындылары
N02BA01Ацетилсалицил қышқылытаблетка, 500 мгтаблетка
N02BEАнилидтер
N02BE01Парацетамол500 мг таблетка; 80 мг тік ішек суппозиториилері, 100 мг,250 мг, ішке қабылдауға арналған суспензия 120 мг/5 мл 100 млтаблетка/суппозитории /суспензия
N03Эпилепсияға қарсы препараттар
N03AGМай қышқылдарының туындылары
N03AG01Вальпров қышқылы100 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
N05Психолептиктер
N05BАнксиолитиктер
N05BAБензодиазепин туындылары
N05BA01Диазепам5 мг/мл 2 мл бұлшықет және вена ішілік инъекцияға арналған ерітіндіампула
RТыныс алу жүйесі
R03Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар
R03AТамақты булауда қолдануға арналған симпатомиметиктер
R03ACСелективті бета-2-адреномиметиктер
R03AC02Сальбутамол100 мкг/мөл. 200 мөл.тамақты булауға арналған аэрозольқұты
R03AKАнтихолинергиялық препараттарды қоспағанда кортикостероидтармен немесе басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланылатын симпатомиметиктер
R03AK03Демікпеге қарсы заттар, демікпеге қарсы басқа да заттармен бірлесіп қолданылатын адренергиялық заттар (тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланатын фенотерол)20 мл булауға арналған ерітіндіқұты
R03BБронх демікпесін емдеуге арналған тамақты булауда пайдаланылатын басқа да препараттар
R03BАГлюкокортикоидтар
R03BА02БудесонидТамақты булауға арналған мөлшерленген суспензияқұты
R03DЖүйелі пайдалануға арналған бронх демікпесін емдейтін басқа да препараттар
R03DAКсантин туындылары
R03DA05Аминофиллин5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2,4%ампула
R06Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар
R06AAАминоалкильді эфирлер
R06AA02Дифенгидрамин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%ампула
R06ACЭтилендиамин алмастырғыштар
R06AC03Хлоропирамин20 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
R07Тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
R07ABАммиак20 мл, 40 мл ерітінді, 10%құты
VБасқа да препараттар
V03Басқа да әртүрлі препараттар
V03ABАнтидоттар
V03AB06Натрий тиосульфаты10 мл инъекцияға арналған ерітінді, 30%ампула
V03 АВ15Налоксон0,04% инъекцияға арналған ерітіндіампула

Медициналық бұйымдар

№ММБ атауыСанитариялық көлік үшін
А класыВ класыС класы
1Фонарь+++
2Байланыс құралы (рация)+++
3Өрт сөндіргіш+++
4Медициналық құжаттама (пациент туралы ақпаратты берудің есептік нысандары)+++
5Матаны қиюға арналған қайшы+++
6Автоматты қыстырғышы бар қысатын жгут+++
7Бір реттік пайдаланылатын шприцтер 2,0; 5,0; 10,0; 20,0+++
8Венаішілік енгізуге арналған бір реттік пайдаланылатын система+++
9Стерильденбеген қолғаптар+++
10Стерильденген қолғаптар+++
11Терапиялық жарық шпатель+++
12Бір реттік пайдаланылатын маскалар+++
13Бұластыр+++
14Сантиметрлік таспа+++
15Стетоскоп+++
16Фонедоскоп+++
17Тонометр+++
18Дене қызуын анықтауға арналған электрондық термометр+++
19Триаж іріктеу кезінде пациенттерге арналған ұяшықтар++
20Несептік катетер+++
21Медициналық көмектің жиналмалы сөмкесі+++
22Бір реттік пайдаланылатын ақжайма+++
23Медициналық кленка - 1 метр+++
24Катетері бар, бір реттік пайдаланылатын, стерильденген венаішілік канюля (өлшемі 16, 18, 20, 22, 24)+++
25Бір реттік пайдаланылатын, стерильденген көбелек тәріздес ине (өлшемі 23 және 24)+++
26Спиртті мақта және/немесе салфеткалар (саны қажеттілік бойынша)+++
27Дезинфекциялаушы затқа малынған майлықтар+++
28Несептегі ақуызды анықтауға арналған тест-жолақшалар++
29Ларингеальді бетперде+
30Ауа жібергіштер жиынтығы+++
31Ересектер мен балаларға арналған бір реттік пайдаланылатын оттекті маскалар+++
32Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған кеуекті сүйектерді канюляциялау жиынтығы (шприц - пистолет немесе дәрілік препараттарды сүйек ішіне енгізу жүйесі бар сүйек ішіне енгізуге арналған канюляны орналастырудың басқа да құрылғылары)+
33Эндотрахеальдық түтіктер++
34Ауызкергіш++
35Тілқышқыш++
36Коникотомиялық жиынтық++
37ЭКГ жасауға арналған жағылатын гель+++
38Дәкелер (стерильденген, стерильденбеген)+++
39Қан тоқтатқыш жгут+++
40Хладоэлемент (спорттық және бұқаралық іс-шараларға қызмет көрсету үшін)+
41Анатомиялық пинцет++
42Таңу материалына арналған қайшы+++
43Қатты шиналар жиынтығы+
44Қатты және (немесе) пневматикалық және (немесе) ваккумды шиналардың жиынтығы (балалар мен ересектерге арналған). Иммобилизациялайтын жағалар жиынтығы.++
45Жиынтықтағы босандыру пакеті (акушерлік жиынтық, кіндікке салуға арналған қапсырма)+++
46Термо көрпе++
47Құсық массасына арналған пакет+++
48Жиынықтағы 1 типті обаға қарсы костюм (бір реттік)+++
49А класының қалдықтарына арналған пакет+++
50Б класының қалдықтарына арналған пакет+++
51Өткір құралдарды жинауға арналған В класының (қауіпті қалдықтар) сыйымдылық контейнері (бір реттік) 250мл+++
52Жанэ бір реттік пайдаланылатын шприці+++
53*Бір реттік пайдалануға арналған барлық өлшемдердегі асқазан сүңгісі+++
54*Базалық жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуге арналған аппаратураның чемодандағы немесе рюкзактағы жиынтығы (қосымша оксигенацияны қосу мүмкіндігі бар тыныс алу қапшығы (қаптар) және ересектердің, 1 жастан асқан балалардың өкпесіне жасанды желдету жүргізуге арналған ӨЖЖ Автоматты аппараты; механикалық жетегі және аспаптар жиынтығы (оттегі көзі) бар аспиратор)+
55*Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға арналған оттегі көзі бар, оттегі көздерін ауыстырып қосу кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жұмыс газына арналған кемінде екі кірісі бар; оттегі ингаляциясына арналған маска мен түтікше (ересектер мен балалар) жүйелер жиынтығы; бір реттік пайдаланылатын(балалар мен ересектер) тыныс алу Контурына арналған сүзгілердің жиынтығы бар көлік платформасында орналасқан, өкпені жасанды және қосалқы желдету режимдері бар жедел медициналық көмекке арналған өкпені портативті басқаратын және қосалқы жасанды желдету аппараты++
56*Ересектер мен балаларға арналған электродтары бар, дыбыстық кеңестерімен дербес қоректенуі бар герметикалық соққыға төзімді корпуста автоматты сыртқы дефибриллятор+
57*Көліктік дефибриллятор-монитор++
58Электрокардиограф++
59Автоматты режимі бар үш арналы электрокардиограф (дисплейдің болуы, 12 бұрылыстың синхрондық жазбасы, үш бұрылыстан немесе одан да көп графикалық бейнеленуі, электрокардиограмманы кейіннен сигналды қосымша өңдей отырып, компьютерге қосу мүмкіндігімен жаңғырту)+
60*Көліктік реанимациялық-анестезиологиялық монитор (3-ші бөлікте ЭКГ мониторингілеу; артериялық қысымды, капнометрияны, пульсоксиметрияны, температураны инвазивті емес өлшеу функцияларымен; деректерді компьютерге көшіру мүмкіндігімен қоса орнатылған принтермен)+
61Жүрек-өкпе реанимациясына арналған электромеханикалық аспап+
62Ересек және балалар датчиктерімен жиынтықта көліктік портативті пульсоксиметр+++
63*Көліктік электр сорғыш++
64Пациенттерді бекітуге арналған жұлын тақтасын, алмалы-салмалы аспаптар үстелін, ересек және педиатриялық белдіктерді орналастыруға арналған қуысы бар арба-сырғытқы+
65Жұлын тақтасын орналастыруға арналған қуысы бар, алмалы-салмалы құрал үстелімен, ересек және педиатриялық белдіктермен пациенттерді бекітуге арналған, көктамыр ішіне инфузия жүргізуге арналған телескопиялық штативі бар арба-сырғытқы+
66Жұлын тақтасын орналастыруға арналған орны, алмалы-салмалы аспаптар үстелі, ересектердің белдіктері және пациенттерді бекітуге арналған педиатриялық, интубация жүргізуге арналған реттелетін көктамыр ішіне инфузия жүргізуге арналған телескопиялық штатив, электримпульстік терапия жүргізуге арналған диэлектрлік материалдан жасалған төсемі бар сырғытқы - арба+
67Тасымалдауға арналған кемінде төрт жұп қаламы бар, науқасты бекітуге арналған арқандары (белдіктері) бар, науқасты отыратын жағдайда тасымалдауға арналған қақпақтары бар санитариялық қаңқасыз зембілдер (өлшемі 170 см х 70 см кем емес)+++
68Тест-жолақтар, скарификаторлар жиынтығы бар портативті қандағы глюкоза концентрациясының экспресс-өлшеуіші+++
69Рентген сәулелері мен магниттік өрістер үшін өтетін, көлемі 182 см х 40,5 см кем емес, 4 деңгейдегі бекіткіш белдіктері бар басын бекітуге арналған құрылғысы бар жұлын қалқаны++
70*Жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған чемоданда немесе рюкзактағы реанимациялық жиынтық++
71Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған күйікке қарсы жиынтық (стерильдеген күйікке қарсы таңғыштар, Термо көрпе, күйікке қарсы жергілікті қолдану құралдары (гель, аэрозоль)++
72Еденге орнату және зембілдерге бекіту мүмкіндігі бар құймаларға арналған жиналмалы штатив+++
73Портативті компрессорлық небулайзер (ингалятор)++
74*Өкпені жасанды желдету аппаратын қосу мүмкіндігі бар оттекті (оттегі-ауа) және аэрозольды терапия жүргізуді қамтамасыз етуге арналған оттегі көлемі 2 л кем емес екі газды оттекті баллонынан кем емес редуктор-ингалятор+++
75*Вентилі 2 данадан кем емес, баллонға редукторы бар оттегіге немесе газ тұндырғыш аппаратураның пневможектендірілуін қамтамасыз ететін оттегінің өзге көзіне арналған көлемі 10 л газ баллоны++
76Инфузиялық ерітінділердің температурасын автоматты ұстап тұратын 6 құтыға термооқшаулағыш контейнер немесе 12 құтыға бір контейнерге++
77Вакуумды матрас (қажет болған кезде)++
78Шокқа қарсы костюм+

*Ескертпе: бұйымды санитарлық көліктің қабырғасына орналастыруды қамтамасыз ететін өндіруші зауыт арнайы әзірлеген бекіткіші бар. Зарядтау қажеттілігі бар электр бұйымдары үшін - санитарлық көліктің қабырғасына зарядтау үшін бекітпеге салынған ажыратқышы бар.

Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 7-қосымша

Симуляциялық жабдықтың ең төмен тізбесі

Ескерту. 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.05.2020 № ҚР ДСМ-54/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/сЖабдықтың атауыСаны
1Компрессия индикаторлары және кеуде қуысының экскурсиясымен ауаның кіруін имитациялайтын манекендеры-тренажерлер (Электроникасы бар манекен/CPR)2
2Ырғақты симуляторы және дефибрилляторға жаттығушы электродтары бар автоматты сыртқы (орысшаланған, қазақшалаңған) дефибриллятор2
3Жүрек-өкпе реанимациясы бойынша дағдылармен жұмыс жасауға арналған ересек адамның көп функциялы толық көлемді манекені (әртүрлі инъекция түрлерін орындауды ұғынуға арналған оқыту құралы, функционалдық диагностиканы бағалауды айқындау (артериялық қан қысымы, пульс, ырғақтың түрлі бұзылыстарын имитациялау, синхрондаумен кардиоверсияның дефибрилляциясын жүргізу), аускультация, интубация).1
4Жүрек-өкпе реанимациясы бойынша дағдылармен жұмыс жасауға арналған баланың көп функциялы толық көлемді манекені (әртүрлі инъекция түрлерін орындауды ұғынуға арналған оқыту құралы, функционалдық диагностиканы бағалауды айқындау (артериялық қан қысымы, пульс, ырғақтың түрлі бұзылыстарын имитациялау, синхрондаумен кардиоверсияның дефибрилляциясын жүргізу), аускультация, интубация).1
5Бір манекенде барлық дағдыларды тәжірибеден өткізу мүмкіндігі бар жаңа туған нәрестенің көп функциялық толық көлемді манекендер (венаішілік инъекция, сүйек ішілік инфузия, компрессияларды және жасанды өкпені бақылаудың электрондық жүйесімен, ырғақты симуляциялау)1
6Желіден қуаттанатын стационарлық ырғақты мониторингтейтін функциясы бар дефибриллятор1
7Бас сүйегіші бар медициналық қарап-тексеру кушеткасы2
8Медициналық жабдықтарға арналған дөңгелекті бекіткіштері бар жылжымалы манипуляциялық үстел2
9Медициналық 2-жақты металл шыны шкаф2
10Интубация, коникотомия, ларингеальды масканы қою және кернеулі пневмоторакс кезінде кеуде қуысының пункциясы бар тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру үшін бас пен мойын фантомы1
11Жара жиынтығы: Қолдан қан кету; Оқтан болған жарақат; Бет күйігі; Қол күйігі; Кеуденің ашық жарасы; Іш жарасы; Жақ жарасы; Қолдың ашық сынығы; Тізе жарақаты; Маңдай соққысы; Аяқ ампутациясы; ішкі мүшелердің түсуі арқылы іш қуысының зақымдануы1
12Пневмоторакс кезінде плевра қуысы пункциясының тренажері1
13Көп реттік пайдаланылатын, алынып салынатын маскалары бар Амбу силиконды тыныс алу қабы (көлемдері - ересектерге, балаларға, неонаталды)1
14Фонендоскопы бар тонометр1
15Мотоциклдегілерге арналған дулыға1
16Иммобилизациялық пневматикалық шиналардың жиынтығы1
174 деңгейдегі бекіткіш белдіктерімен бас бекітуге арналған құрылғысы бар жұлын қалқаны1
18Мойын омыртқасының жарақаты бар пациенттер үшін реттелетін өлшемдегі Шанц Шина-жағасы2
19Сүйекішілік инъекция жүргізуге арналған аяқтың муляжы1
20Сүйекішілік инъекцияға арналған шприц-пистолет (ересектер, балалар)2
21Коникотомия немесе крикотиреотомия немесе жылдам трахеостомияға арналған жиынтық2
22Қан тоқтатқыш жгут1
23Автоматты қысқышы бар қан тоқтатқыш жгут2
24Қуаттаушы құралы және сұқпалар жиынтығы бар оптикалық талшықты ларингоскоп (ересектер, балалар)1
25Барлық өлшемдердегі интубациялық түтіктер жиынтығы (1 - 8)10
26Барлық өлшемдердегі ларингеальдық маскалар жиынтығы (1 - 5)10
27Барлық өлшемдердегі аңқа ауа өткізгіштерінің жиынтығы (1 - 5)10
28Перифериялық катетеризацияға арналған катетерлер (G16, G18, G20)20

Іздеу атаулары: №450 бұйрық, 450-бұйрық, приказ 450, төрт жүз елуінші бұйрық, 450 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.