Мақала
Бұйрықтар

№ 681 бұйрық (06.09.2017): толық мәтін және скачать

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардағы арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiн белгілеу және олардың құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 681 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 15823 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
681
Қабылданған күні
06.09.2017
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың арнайы автокөлік құралдарының тиістілік нормативтері
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдері
  3. 1. Пациенттерге шұғыл көмек көрсетуге, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету мақсатында басқа медициналық ұйымдарға пациенттерді тасымалдауға, қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқан бір бөлімшеден басқа бөлімшеге пациентті жеткізуге арналған арнайы көлік құралы
  4. 2. Медициналық ұйымдарға қан және оның компоненттерін жедел жеткізуге арналған арнайы көлік құралы
  5. 3. Бұрмаланған/контрофактілік, сапасыз дәрілік заттарды анықтауға арналған арнайы көлік құралы - мобилдік экспресс зертхана
  6. 4. Қоршаған орта факторларын, шуды, электромагниттік сәулеленуді, ауаның ластануын бағалауға арналған арнайы көлік құралы
  7. 5. Туберкулезді және кеуде куысы ағзаларының басқа да ауруларын ерте анықтау мақсатында халықты жаппай рентген зерттеп-қарау жүргізуге арналған арнайы көлік құралы
  8. 6. Шығу жағдайында донорлық қан алуға арналған арнайы көлік құралы
  9. 7. Қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға және шығаруға арналған арнайы көлік құралы
  10. 8. Сұйық қалдықтарды алуға және жоюға арналған арнайы көлік құралы
  11. 9. Аумақты жинауға арналған арнай көлік құралы
  12. 10. Жүктерді тасымалдауға арналған арнайы көлік құралы
  13. 11. Қызметкерлерді және медициналық ұйымдарда оқитын студентерді тасымалдау үшін арнайы көлік құралы (автобустар және шағын автобустар)

"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының 1-4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерi белгіленсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес олардың құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдері айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары осы бұйрықпен белгіленген көлік құралдарын арнайы көлік құралдары ретінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан пункттерінде 2017 жылғы 1 қарашаға дейін тіркеу бойынша шараларды қабылдасын және 2017 жылғы 5 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін хабардар етсін.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаментіне жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

________ Б. Сұлтанов

2017 жылғы 6 қыркүйек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 681 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың арнайы автокөлік құралдарының тиістілік нормативтері

№Ұйымның атауыТағайындалуы
Пациенттерге шұғыл көмек көрсету, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету мақсатында пациенттерді басқа медициналық ұйымдарға тасымалдау, қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқан бір бөлімшеден басқа бөлімшеге пациентті жеткізу үшінМедициналық ұйымдарға қан және оның компоненттерін жедел жеткізу үшінБұрмаланған/контрофактілік, сапасыз дәрілік заттарды анықтау, қоршаған орта факторларын, шуды, электромагниттік сәулеленуді, ауаның ластануын бағалау, туберкулезді және кеуде куысы ағзаларының басқа да ауруларын ерте анықтау мақсатында халықты жаппай рентген зерттеп-қарау жүргізу, шығу жағдайында донорлық қан алу үшінҚатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау және шығару, сұйық қалдықтарды алу және жою, аумақты жинау, жүктерді тасымалдау үшінқызметкерлерді және медициналық ұйымдарда оқитын студенттерді тасымалдау үшін (автобустар және шағын автобустар)
1234567
1"Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны431
2"Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны211
3"Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны2
4"Акушерлiк, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны4
5"Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны34
6"Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны341
7"Қарағанды мемлекеттік медицина университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны1121
8"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны373
9"Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны721
10"Республикалық санитариялық авиация орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны5
11"Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны21
12"Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны211
13"Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны41
14"Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны22
15"Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны111
16"Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны314
17"Бурабай" республикалық оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны494
18"Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны11
19"Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны112
20"Республикалық қан орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны2112
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 681 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдері

1. Пациенттерге шұғыл көмек көрсетуге, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету мақсатында басқа медициналық ұйымдарға пациенттерді тасымалдауға, қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқан бір бөлімшеден басқа бөлімшеге пациентті жеткізуге арналған арнайы көлік құралы

1. Медициналық жабдықтармен жарақтандыру: өкпені жасанды желдету құрылғысы, 2 литрлік баллонымен оттегілік редуктор-ингалятор, қабылдау құрылғысы;

2. Науқасты тасымалдау үшін кушеткамен немесе шешілетін кресло зембілдері бар сырғытқы-арбамен жарақтандыру;

3. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін бикспен жарақтандыру;

4. Каркассыз зембілдермен жарақтандыру;

5. Жиналмалы көліктік шиналардың жиынтығымен жарақтандыру;

6. Фельдшерлік жинақпен жарақтандыру.

2. Медициналық ұйымдарға қан және оның компоненттерін жедел жеткізуге арналған арнайы көлік құралы

1. Тоңазытқыш жабдығымен жарақтандыру;

2. Термоконтейнермен жарақтандыру.

3. Бұрмаланған/контрофактілік, сапасыз дәрілік заттарды анықтауға арналған арнайы көлік құралы - мобилдік экспресс зертхана

1. Жақын инфрақызыл диапозонды шаң-, діріл- ылғалға төзімді спектрометрмен жарақтандыру.

4. Қоршаған орта факторларын, шуды, электромагниттік сәулеленуді, ауаның ластануын бағалауға арналған арнайы көлік құралы

1. Көп функциялы дербес өңдегішпен жарақтандыру;

2. Бензиндік айнымалы ток генераторымен жарақтандыру;

3. Тоңазытқышпен жарақтандыру;

4. Жуғышы бар зертханалық үстелмен және приборларға арналған сөрелермен жарақтандыру;

5. Приборлармен (газ талдауыштар, шу-діріл өлшейтін жабдық және аппарат, электромагниттік айналаны өлшеуге, микроклиматтық параметрлерді өлшеуге, жарықтықты өлшеуге арналған аспаптар) жарақтандыру.

5. Туберкулезді және кеуде куысы ағзаларының басқа да ауруларын ерте анықтау мақсатында халықты жаппай рентген зерттеп-қарау жүргізуге арналған арнайы көлік құралы

1. Рентгендік флюораграфиялық жылжымалы цифрлық апппаратпен жарақтандыру.

6. Шығу жағдайында донорлық қан алуға арналған арнайы көлік құралы

1. Донорларға арналған креслолармен және кішкене үстелдермен жарақтандыру;

2. Биомиксерлермен жарақтандыру;

3. Дәнекерлегіштермен жарақтандыру;

4. Термоконтейнерлермен жарақтандыру.

7. Қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға және шығаруға арналған арнайы көлік құралы

1. Бүйір/артқы манипулятормен жарақтандыру;

2. Өз бетінше тиеу - түсіру құралдарымен жарақтандыру.

8. Сұйық қалдықтарды алуға және жоюға арналған арнайы көлік құралы

1. Жетекті сорғышпен жарақтандыру;

2. Қалдықтарға арналған сыйымдылықпен жарақтандыру;

3. Арнайы шлангісі бар қабылдайтын люкпен жарақтандыру;

4. Цистернамен жарақтандыру.

9. Аумақты жинауға арналған арнай көлік құралы

1. Аспалы жабдықпен, қар тазалағышпен жарақтандыру;

2. Өз бетінше тиеу - түсіру құралдарымен жарақтандыру.

10. Жүктерді тасымалдауға арналған арнайы көлік құралы

1. Кузовпен жарақтандыру;

2. Тентпен жарақтандыру.

11. Қызметкерлерді және медициналық ұйымдарда оқитын студентерді тасымалдау үшін арнайы көлік құралы (автобустар және шағын автобустар)

1. Адамдарды тасымалдауға арналған берік бекітелген отыратын орындармен (салонда 7 орыннан аса), тұтқалармен және терезелерде күнге қарсы құрылғылармен (перделер немесе шыныларды қүңгірттеу), сондай-ақ авариялық люктармен жарақтандыру.

2. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін бикспен жарақтандыру.

3. Салонды жылыту және суыту жүйелерімен жарақтандыру.

Ескертпе: Арнайы көлік құралдарына жоғарыда көрсетілген өлшемдердің бірі бар көлік құралдары жатқызылады.

Іздеу атаулары: №681 бұйрық, 681-бұйрық, приказ 681, алты жүз сексен бірінші бұйрық, 681 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.