Мақала
Бұйрықтар

№ 933 бұйрық (11.12.2017): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 933 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 қаңтарда № 16245 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
933
Қабылданған күні
11.12.2017
Актіні өзгерту күні
30.11.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну Қағидалары
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну тәртібі
  4. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының диспетчерлік қызметіне санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігерінің өтінімі
  5. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы/санитариялық авиация бөлімшесінің жабдықтары мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 № ҚР ДСМ-225/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 7-бабы 1-тармағының 97) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрi

_________________ Ж. Қасымбек

2017 жылғы 25 желтоқсан

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрі

____________Қ. Қасымов

2017 жылғы 14 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 933 бұйрығымен бекітілген

Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну Қағидалары

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.11.2019 № ҚР ДСМ-143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 97) тармақшасына сәйкес әзірленді және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) авиациялық қызметтер көрсету – азаматтық авиацияның жолаушыларды, багажды, жүкті, почта жөнелтілімдерін әуемен тасымалдауды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге және авиациялық жұмыстарды ақысын алып немесе жалдау бойынша орындауға байланысты қызметтер көрсетуі;

2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) әуе кемесі – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;

4) әуе кемесінің командирі – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Әуе кеңістігі туралы заң) сәйкес белгіленген тәртіппен тиісті оқытудан өткен, пилот куәлігі және осы үлгідегі әуе кемесін дербес басқару құқығына рұқсаты бар адам;

5) әуекомпаниясы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;

6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

7) диспетчерлік қызмет (бұдан әрі – ДҚ) – Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен облыстық ЖМКС-ның техникалық байланыс құралдарын қолдану, ақпарат жинау, оны өңдеу және жедел бақылауды жүргізу негізінде жедел басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі;

8) жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл және жедел медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кезде, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау қажет болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны;

9) жедел медициналық көмек станциясы (ЖМКС) – өмірге (пациенттің және (немесе) айналадағылардың) қауіп төндіретін жағдайлар, жазатайым оқиғалар, жіті ауыр аурулар кезінде оқиға орнында және жолда ересектер мен балаларға тәуліктік шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым;

10) ЖМК (санитариялық авиацияның мобильдік бригадасының) бригадасының фельдшері – "Емдеу ісі" (немесе "Акушер ісі" мамандығы бойынша және "Емдеу ісі" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру, сондай-ақ "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелген) 2003 жылғы 11 ақпанға дейін "Зертханалық диагностика", "Зертханашы-фельдшер", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша жұмысқа кіріскен) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (орта кәсіптік, орта кәсіби) медициналық білімі немесе "Емдеу ісі" мамандығы бойынша маман сертификаты немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғарғы медициналық білімі, "Жалпы медицина" мамандығының бакалавры және орта біліктілік деңгейімен маман сертификаты бар адам;

11) санитариялық авиацияның мобильдік бригадасының дәрігері – жоғары медициналық білімі, "Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек", "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)", "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталды реанимация) (балалар)" мамандықтары бойынша маман сертификаты бар адам;

12) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;

13) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

14) қону алаңы – жердің, мұздың, су бетінің, құрылыстың үстіңгі бетінің, оның ішінде қалқымалы құрылыстың үстіңгі бетінің әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына, жермен жүруіне және тұрағына арналған учаскесі;

15) медициналық қызметтер көрсету – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылы;

16) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттарда жеке немесе өзара ұштастырылып, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, көрсетілген бұйымдарды мақсаты бойынша қолдану үшін қажетті керек-жарақтармен бірге қолданылатын, аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және адам организмінің жай-күйін мониторингтеу, медициналық зерттеулер жүргізу, организмнің анатомиялық құрылымын немесе физиологиялық функцияларын қалпына келтіру, алмастыру, өзгерту, жүктілікті болғызбау немесе үзу үшін медициналық бұйымды өндіруші арнап шығарған және функционалдық мақсаты адам организміне фармакологиялық, иммунологиялық, генетикалық немесе метаболизмдік әсер ету жолымен іске асырылмайтын және дәрілік заттарды қолдану арқылы сүйемелденуі мүмкін кез келген құралдар, аппараттар, аспаптар, жабдық, материалдар және басқа да бұйымдар;

17) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

18) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

19) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы (бұдан әрі – ҰШМҮО) – жедел медициналық көмек, санитариялық авиация қызметінің және шұғыл медициналық көмек көрсететін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

20) ҰШМҮО санитариялық авиация үйлестіруші – дәрігері – жоғары медициналық білімі, тиісті мамандығы бойынша маман сертификаты бар адам;

21) санитариялық авиация – пациенттің орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу немесе пациентті (терді), сондай-ақ бұдан әрі транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөліктерін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады;

22) санитариялық авиацияның мобильдік бригадасы (бұдан әрі – САМБ) – пациенттерге тікелей төменде аталған медициналық көмек түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін: білікті, мамандандырылған, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсететін санитариялық авиацияның құрылымдық-функционалдық бірлігі;

23) санитариялық авиация үйлестіруші - дәрігерінің өтінімі – пациент туралы ақпаратты қамтитын құжат;

24) санитариялық автокөлік – пациенттерді, еріп жүруші медициналық қызметкерлерді, сонымен қатар тиісті медициналық ұйымға бұдан әрі трансплантациялау үшін донорлық ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді және биоматериалдарды тасымалдауға арналған мамандандырылған жерүсті көлік құралы;

25) санитариялық ұшуға тапсырма – экипаж мүшелері туралы деректерді қамтитын және ұшу мақсатын айқындайтын пайдаланушымен белгіленген нысандағы құжат;

26) тұрақты рейс – әуе кеңістігін пайдалану туралы Заңына сәйкес авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс;

27) төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін апат, қауіпті табиғи құбылыстар, апаттар, зілзала және басқа да жойқын құбылыстар салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

28) шұғыл медициналық көмек – кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек;

29) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;

30) телемедициналық қызметтер көрсету – ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын қашықтан көрсетілетін медициналық қызметтер кешені.

2-тарау. Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну тәртібі

3. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету туралы мәселелерді қарау үшін:

санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті қажет ететін пациенттің медициналық картасынан көшірме;

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰШМҮО диспетчерлік қызметіне санитариялық авиация бөлімшесі үйлестіруші-дәрігердің өтінімі (бұдан әрі – Өтінім);

шұғыл жағдайлар кезінде бұдан әрі жазбаша растаумен уәкілетті органның ауызша тапсырмасы;

ЖМК қызметінен және басқа да шұғыл қызметтерден шақыртулар негіз болып табылады.

4. ҰШМҮО және санитариялық авиация бөлімшелерінде тәуліктік ДҚ ұйымдастырылады, олар өзара, медициналық ұйымдар, пайдаланушылар, әуе кемелерінің ұшқыштары, САМБ және білікті мамандармен үнемі байланыс жүргізеді.

5. Санитариялық авиация бөлімшесінің ДҚ:

санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті қажет ететін пациенттің келіп түскен медициналық құжаттарымен танысады, пациенттің ағымдағы жағдайын нақтылау үшін қосымша деректерді, телемедициналық консультация нәтижелерін, пациенттің динамикадағы жағдайы туралы ақпаратты сұратады, медициналық көмек көлемін айқындайды;

ҰШМҮО ДҚ ұсыну үшін өтінім қалыптастырады;

ҰШМҮО ДҚ САМБ құрамын келіседі және бекітеді, өңірлердің медициналық ұйымдарынан білікті мамандардың ақпараттандырылған келісімін ала отырып, медициналық көрсетілімдер бойынша қалыптастырады;

әуежай өкілдерімен санитариялық авиацияның санитариялық автокөлігінің әуежай перронына кедергісіз кіруі және шығуы туралы мәселені келіседі және медициналық ұйымдармен өзара байланысты қамтамасыз етеді;

санитариялық автокөлікте пациентті (терді) САМБ медициналық ұйымнан әуежайға (кері) дейін тасымалдауды ұйымдастырады;

САМБ келген кезде қарсы алуды және қабылдаушы медициналық ұйымға алып жүруді ұйымдастырады;

қабылдаушы медициналық ұйымнан САМБ тағайындау орнына жеткендігі және пациенттің (тердің) ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты сұратады;

әуе кемесінің ұшу бағытын қадағалайды, ұшу аяқталғаннан кейін әуе кемесі командирімен бірге ҰШМҮО ДҚ шұғыл өтінімді және санитариялық ұшуға тапсырманы орындау туралы есептік ақпаратты ұсынады;

төтенше жағдайлардың туындауы туралы ақпарат келіп түскен кезде ҰШМҮО ДҚ ақпараттандырады.

6. Санитариялық авиация бөлімшесінің ДҚ:

тұрақты аэродромдары жоқ елді мекендерде әуе кемесіне арналған қону алаңын;

қонуды жүзеге асырған және 4 (төрт) сағаттан астам ұшуды күтіп отырған, ұшу-техникалық сипаттамаларына, ауа райы жағдайларына, қараңғы тәулік уақытына байланысты ұша алмау жағдайында әуе кемесін уақытша күзетуді;

ұшу мүмкін болмаған жағдайда демалу үшін әуе кемесі ұшу экипажын, САМБ орналастыруды ұйымдастыруға қатысады.

7. ҰШМҮО ДҚ өтінім келіп түскен кезде:

санитариялық авиацияның ДҚ-дан пациенттің медициналық құжаттарымен бірге келіп түскен өтініммен танысады, пациенттің (тердің) ағымдағы жағдайын бағалайды, өтінімнің негізділігіне талдау жүргізеді (мақсаты, медициналық қызмет түрі, медициналық көмек көлемі, телемедициналық консультация нәтижелері және т.б.), пациенттің жай-күйін нақтылау үшін санитариялық авиация бөлімшесінің ДҚ қосымша деректерді сұратады, Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі қабылдаушының мүмкіндігін бағалайды;

қажетті медициналық қызмет түріне сәйкес пациентті (терді) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау орындылығын, шұғыл медициналық көмек көрсету көлемін және тасымалдау кезінде тәуекелдердің пайда болу дәрежесін айқындайды және санитариялық ұшуға тапсырманы орындауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

қабылдаушы медициналық ұйымды алдын ала хабарлаумен пациентті (терді) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

медициналық көрсетілімдер бойынша САМБ қалыптастырады, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан және білім беру және ғылыми (ЖОО) ұйымдарынан білікті маманды (дарды) тартады;

санитариялық авиация бөлімшесі ұсынған ақпарат бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан тартылған білікті маман (дар) және САМБ құрамын келіседі;

ара қашықтық ұзақтығын, әуе кемесінің түрін айқындайды және әуе кемесін пайдаланушыға өтінімді береді;

пайдаланушымен ұшу уақытын келіседі және санитариялық ұшуға тапсырманы "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 118/е нысаны бойынша тағайындайды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

әуежай өкілдерімен санитариялық авиацияның санитарлық автокөлігінің әуежай перронына кедергісіз кіруі және шығуы туралы мәселені келіседі;

санитариялық автокөлікте пациентті (терді), САМБ-ты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан әуежайға (кері) дейін тасымалдауды ұйымдастырады;

кейіннен трансплантаттау үшін ағзалар (ағзалардың бөліктері) мен тіндерді алу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан білікті мамандарды (сонда/кері) әуе көлігімен жеткізуді ұйымдастырады;

өтінімді орындау барысына кедергі келтіретін жағдайлар (техникалық, ұйымдастырушылық, метерологиялық факторлар) туындаған кезде ҰШМҮО басшылығын уақтылы хабардар етеді;

ҰШМҮО басшылығын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органды төтенше жағдайлар туралы хабардар етеді.

8. Пациентті (терді) тасымалдау пациенттен (терден) санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсетуге ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Кәмелетке толмағандарға және азаматтардың сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға қатысты келісімді олардың заңды өкілдері береді. Ес-түссіз халдегі пациеттерге медициналық көмек көрсету медициналық ұйымның лауазымды адамдарының еркін нысанда хабарламасымен консилиумның немесе өңірдің медициналық ұйымының немесе САМБ дәрігерінің немесе білікті маманның шешімімен қабылданады.

9. Санитариялық авиация өзіне медициналық және авиациялық қызметтерді енгізеді.

10. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті (терді) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзалар (ағзалардың бөліктері) мен тіндерді тиісті медициналық ұйымға әуе көлігімен тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.

11. Медициналық көрсетілетін қызметтерге бұдан әрі телеконсультация қорытындысын ұсынумен телемедицинаны пайдалану арқылы консультация, пациентті (терді) тасымалдау, көзбе-көз консультация жүргізу және (немесе) орнындағы операция жасау үшін білікті маманды (дарды) (сонда/кері) тасымалдау кіреді.

12. Авиациялық көрсетілетін қызмет құрамына пациентті (терді) жеткізу, бетпе-бет консультация жүргізу және (немесе) орнында операция жасау мақсатында білікті маманды (дарды) (сонда/кері) жеткізу, ағзалар мен тіндерді алу бойынша білікті мамандарды (сонда/кері) жеткізу, сондай-ақ кейінен трансплантациялау үшін ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді, биоматериалдарды жеткізу кіреді.

13. Арнайы әуе кемелерін пайдалану арқылы санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті көрсету мақсатында көрсетілетін авиациялық қызметтерді пайдалану негіздері:

жетуі қиын кезінде (жолдардың болмауы, таулы жер, қажетті медициналық көмектен алыс орналасқан шалғай елді мекендер (учаскелер) және т.б.);

пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;

ЖМК көшпелі бригадаларына жер үсті және су көлік түрлерімен медициналық эвакуациялауды жүзеге асыру мүмкіндік бермейтін оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсету;

жерүсті көлігімен және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15323 болып тіркелген) Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерімен тасымалдау мүмкін болмаған кезде және медициналық ұйым хатының негізінде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда одан әрі емдеуді жалғастыру үшін, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына білікті медициналық көмек алған пациентті (терді) тасымалдау;

уәкілетті органның хатына сәйкес шетелдік медициналық ұйымдарда ауыр жағдайдағы жер үсті көлігінде және азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерінде тасымалдауға мүмкіндік бермейтін медициналық алып жүруді қажет ететін жағдайдағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау;

уәкілетті органның жазбаша тапсырмасы бойынша оқиға орнына және одан кері, зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материалдарды тасымалдауға медициналық салдармен төтенше жағдайлар кезінде білікті мамандарды жеткізу;

медициналық санитариялық салдарларын жою бойынша төтенше жағдайлар орнына САМБ жеткізу;

пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция жасау үшін, ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді алу үшін) білікті мамандарды жеткізу.

14. Пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция жасау үшін, ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді алу үшін) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан білікті мамандарды жеткізу, рейстердің қолайлы кестесінің, метеожағдайлардың және пациенттің (тердің) жай-күйінің болуын/болмауын ескере отырып, тұрақты рейстердің әуе кемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

15. САМБ құрамына дәрігер, фельдшер кіреді, медициналық көрсетілімдер бойынша білікті маман (дар) тартылады.

16. САМБ пациенттің (тердің) патология бейініне сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ҰШМҮО/санитариялық авиация бөлімшесі жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың ең төмен тізбесіне сәйкес жарақтандырылады.

17. САМБ пациентті (терді) тасымалдау кезінде диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес пациенттің (тердің) жағдайына және емдеуіне тұрақты негізде бағалау жүргізеді.

18. Авиациялық көрсетілетін қызметтер ҰШМҮО мен қабылдаушы арасында жасалған шарт негізінде көрсетіледі.

19. Медициналық көрсетілетін қызметтер ҰШМҮО денсаулық сақтау субъектілері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдар арасында жасалған шарттар негізінде көрсетіледі.

20. Денсаулық сақтау субъектілері мен денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдары ҰШМҮО шартқа сәйкес санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету туралы білікті мамандардың бекітілген кестесін ұсынады.

21. Телемедициналық консультацияларды ҰШМҮО білікті мамандарды тарта отырып (жабдықтар болған жағдайда) білікті медициналық қорытынды алу үшін, емдеу тактикасын және санитариялық авиация нысанында медициналық көрсетілетін қызметтердің көрсетілімдерін айқындау үшін денсаулық сақтау субъектілері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдар ұйымдастырады.

22. ҰШМҮО-да ЖМК және санитариялық авиация нысанында халыққа уақтылы медициналық көмек көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, акушерлік патологиясы бар жағдайы ауыр пациенттерге мониторинг жүргізу үшін бейінді мамандардан штаты бар Ахуал орталығы құрылады.

Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну қағидаларына 1-қосымша

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының диспетчерлік қызметіне санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігерінің өтінімі

Қызмет түрі:Тасымалдау Консультация Операция
Пациент туралы ақпаратПациенттің Т.А.Ә.(бар болған жағдайда): Туған жылы: Азаматтығы: Жынысы: Салмағы: Бойы: Елдімекен: Пациенттің орналасқан жері: Пациенттің орналасқан жерінен әуе жайға дейінгі болжамды жету уақыты:
ДиагнозыНегізгі: Қосымша:
Пациенттің қазіргі жағдайын бағалау:Глазго шкаласы бойынша пациенттің ес-түссіз жағдайын бағалау: Пациент жағдайының ауырлық дәрежесі: Тыныс алуы: Өкпені жасанды желдету түрі: Вентиляция режимдері:
Өмірлік маңызды көрсеткіштер:Дене қызуы Тыныс алу жиілігі Жүректің жиырылу жиілігі Артериялық қысым Оттегі сатурациясы Оксигенация қажеттілігі
Қосымша ақпарат1. Эпидемиологиялық анамнезі:
2. Пациенттің іс-әрекеті алаңдатарлық па
3. Қажет болған жағдайда пациент ұшақтағы арқасы бар орындықты тік қалыпта отыра ала ма
4 Әуе кемесінде пациент өз еркімен өз-өзіне қызмет көрсете ала ма (оның ішінде тамақ ішу, дәретханаға бару және тағы сол сияқты)
5 Пациент қандай ұйымға жіберілді? Елдімекен: Медициналық ұйымның атауы:
7. Қосалқы аурулар / арнайы терапияны талап ететін пациенттің жай-күйі (қолданылатын препараттар: инсулин, гипотензивті препараттар)
Санитариялық авиация бөлімшесі дәрігерінің деректеріӨңір, медициналық ұйымның мекенжайы: Санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші- дәрігерінің Т.А.Ә.(бар болса): Телефон:
Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну қағидаларына 2-қосымша

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы/санитариялық авиация бөлімшесінің жабдықтары мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі

1. Медициналық жабдықтар стационарлық, мобильдік немесе аралас болуы мүмкін.

р/с№Жабдықтардың атауыЖабдықтар және материалдарСаны
1Жалпы жинақФонарь Байланыс құралы (рация) Қайшы ЭКГ арналған жақпа гель Инфузияға арналған штатив1 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана
2Триаж (іріктеу) – жүйесінің диагностикасыТриаж/іріктеу кезіндегі пациенттерге арналған ұяшықтар Стетоскоп/ Фонендоскоп Тонометр Термометр Сантиметрлік лента Пульсоксиметр №50 скарификатормен жиынтықтағы глюкометр Несептік катетер Неврологиялық балға1 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана
3РеанимацияЭлектрлік сорғы Өкпенің жасанды желдеткіш аппараты Ларингеалдық маска (балаларға,үлкендерге) Оттегі баллоны 10л, 2л Кардиопамп Бұғана асты веналарын катетерлеуге арналған жиынтық Амбу қабы Ауа жібергіштер жиынтығы Насосы бар механикалық сорғыш Ересектерге арналған резеңке демалу маскасы Жиынтықтағы ларингоскоп (3 клинка) Эндотрахеальды түтіктер Ауызкергіш Тілқышқаш Медициналық көмектің жиналмалы сөмкесі Нәрестелерді тасымалдауға арналған кувез Кувез Зәрсауыт Күйікке қарсы көрпе1 дана 1 дана 2 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана
1 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана
4Кардиологиялық аурулары бар пациенттерге көрсетілетін қызметтерДефибриляторы бар монитор Электрокардиограф Кардиостимулятор1 дана 1 дана 1 дана
5Жараларды, оның ішінде күйіктерді алғашқы өңдеуДәкелер Стерильді шариктер, салфеткалар Лейкопластырь Қан тоқтатқыш жгут Күйікке қарсы жинақ Сыртқа пайдалануға арналған күйікке қарсы заттар: гель, аэрозоль3 дана 1 қорап 1 дана 1 дана 1 дана 1 дана
6Жарақаттар кезінде пациенттерге көмек көрсетуАрқаға арналған бекіту белбеулері бар қалқан Қатты мойын ұстағышы Сынықтар кезінде жоғарғы және төменгі бөліктерді иммобилизациялау құралдары (жиынтықтағы қатаң шиналар, жиынтықтағы пневматикалық жүйелер Вакуумды матрас Салқындатқыш пакет1 дана 1 дана 5 дана 4 дана 1 дана
7Бронх обструкциясы кезіндегі көмекКомпрессорлы ингалятор Коникотомды жиынтық1 дана 1 дана
8Акушерлік және неонаталдық қызметтерБосандыру пакеті1 дана
9Шокқа қарсы көмек көрсетуге арналған медициналық кұрал-жабдықтарИнфузионды шприцті сорғыш Перфузор1 дана 1 дана
13Асқазанды жууға арналған жабдақтарЖанэ бір реттік пайдаланатын шприц Барлық өлшемдердегі бір реттік пайдаланатын асқазан зонды .1 дана 2 дана
14Бұғанаасты катетерлеуге арналған жабдықтар (бір реттік пайдаланатын)8FХ 20 екі арналы катетер Дилататор, өткізгіш Ине, шприц 10 мл. Скальпель4 дана 4 дана 2 дана 1 дана

2. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы/санитариялық авиация бөлімшесінің дәрі-дәрмектерінің ең төмен тізбесі

АХЖ кодыФармакологиялық топ/ Халықаралық патенттелмеген атауыДәрілік түріӨлшем бірлігі
AАсқазан жолы және зат алмасу
A03АІЖ тарапынан болған функциялық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар
A03AІшек функциялары бұзылыстары кезінде қолданылатын препараттар
A03ADПапаверин және оның туындылары
A03AD02Дротаверин2 мл инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/2 млампула
A03BИтжидек және оның туындылары
A03BAИнжидек алкалоидтары, үштік аминдер
A03BA01Атропин сульфаты1 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
A03FАІЖ моторикасының ширатқыштары
A03FA01Метоклопрамид2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%ампула
B01ABГепарин және оның туындылары
B01AB01Натрий гепариніқұты
B02BK дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар
B02BXЖүйелі падалануға арналған басқа да қан тоқтатын препараттар
B02BX01Этамзилат2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 12,5%ампула
B05Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер
B05AҚан препараттары
B05AAҚан плазмасы препараттары және плазма алмастыратын препараттар
B05AA06Сукцинилирленген желатин500 мл инфузияға арналған ерітінді, 4%құты
B05AA07Гидроксиэтилкрахмал (пентакрахмал)500 мл инфузияға арналған ерітінді, 10%құты
B05BВена ішіне енгізуге арналған ерітінді
B05BBСу-электролит теңгеріміне әсері бар ерітінділер
B05BB01Натрий хлориді5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,9%ампула
B05CИрригациялық ерітінділер
B05CBТұзды ерітінділер
B05CB01Натрий хлориді200, 250, 400 мл-ден инфузияға арналған ерітінді, 0,9%құты
B05CXБасқа да ирригациялық ерітінділер
B05CX01Глюкоза200 мл 5% инфузияға арналған; 5 мл 40% инъекцияға арналған ерітіндіқұты ампула
B05XВена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қосындылар
B05XAЭлектролитті ерітінділер
B05XA05Магний сульфаты5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 25%ампула
C01BІ және ІІІ санатының аритмияға қарсы препараттары
С01ВВІВ санатының аритмияға қарсы препараттары
C01BDІІІ санатының аритмияға қарсы препараттары
C01BD01Амиодарон150 мг/3 мл вена ішілік инъекцияға арналған ерітінділерампула
C01CЖүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препараттар
C01CAАдренергетиктер мен допаминомиметиктер
C01CA04Допамин5 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат, 4%ампула
C01CA24Эпинефрин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,18 %ампула
C01DЖүрек ауруларын емдеуде пайдаланылатын шеткі тамыр кеңейткіштер
C01DAОрганикалық нитраттар
C01DA08Изосорбид динитраты1 мг/мл 10 мл/аэрозоль инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентрат тіл астына арналған дозаланған спрей 1,25 мг/доза, 15 млампула/құты
C01EЖүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
C01EAПростагландиндер
С01EA01Алпростадил20 мкг/мл инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат
C02Антигипертензиялық препараттар
C02CПерифериялық антиадренергиялық препараттар
C02CAАльфа-адреноблокаторлар
C02CA06Урапидил5 мг/мл 5 мл тамыр ішіне енгізуге арналған ерітіндіампула
C03Диуретиктер
C03C"Ілмек" диуретиктер
C03CAСульфонамидті диуретиктер
C03CA01Фуросемид2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%ампула
C07Бета-адреноблокаторлар
C07AБета-адреноблокаторлар
C07ABСелективті бета-адреноблокаторлар
C07AB02Метопролол1 мг/мл 5 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіампула
C09Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препараттар
C09AАнгиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары
C09AA02Эналаприл1,25 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
DДерматология
D03Жарақаттар мен жараны емдеуге арналған препараттар
D08Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AGЙод препараттары
D08AG03Йодқұты
D08AXБасқа да антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AXБриллиант жасылықұты
D08AX01Су тетігінің асқын тотығы40 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 3%құты
D08AX08Этанол50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 70%құты
HЖыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар
H01Гипоталамус және гипофиз гормондары және олардың аналогтары
H01BГипофиздің артқы бөлігінің гормондары
H01BBОкситоцин және оның аналогтары
H01BB02Окситоцин5 БІР/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
H02Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02AЖүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02ABГлюкокортикоидтар
H02AB06Преднизолон30 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
MСүйек-бұлшықет жүйесі
M01Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01AСтероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01ABСірке қышқылы туындылары
M01AB05Натрий диклофенагы75 мг/3 мл 3 мл венаішілік және бұлшық етке енгізуге үшінампула
M01AEПропион қышқылының туындылары
M01AE01Ибупрофен100 мг/5 мл 100 мл ішке қабылдауға арналған суспензияқұты
M01AE03Кетопрофен100 мг/2 мл инъекцияға арналған ерітінді;ампула
M03Миорелаксанттар
M03AШетке әсер ететін миорелаксанттар
M03ABХолин туындылары
M03AB01Суксаметоний хлориді0,1 г/5 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
M03ACБасқа да төрттік аммони қосылыстары
M03AC06Пипекуроний бромиді4 мг ішке енгізуге арналған ерітіндіні дайындайтын лиофилді ұнтаққұты
NНерв жүйесі
N01Анестетиктер
N01AЖалпы анестезияға арналған препараттар
N01AHАпиындық анальгетиктер
N01AH01Фентанил2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,005%ампула
N01AXЖалпы анестезияға арналған басқа да препараттар
N01AX10Профол10 мг/мл 20 мл тамыр ішіне енгізуге арналған эмульсияампула
N01BЖергілікті анестезияға арналған препараттар
N01BAАминобензол қышқылы эфирлері
N01BA02Прокаин5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%ампула
N01BBАмидтер
N01BB02Лидокаин2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%ампула
N02Анальгетиктер
N02AАпиындар
N02AAАпиынның табиғи алкалоидтары
N02AA01Морфин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%ампула
N02ABФенилпиперидиннің туындылары
N02ABТримеперидин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%ампула
N02AXБасқа да апиындар
N02AX02Трамадол2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5 %ампула
N02BАнальгетиктер және антипиретиктер
N02BEАнилидтер
N02BE01Парацетамолтік ішек суппозиториилері 80 мг,100 мг,250 мг, ішке қабылдауға арналған суспензия 120 мг/5 мл 100 млсуппозитории суспензия
N03Эпилепсияға қарсы препараттар
N03AGМай қышқылдарының туындылары
N03AG01Вальпров қышқылы100 мг/мл 5мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
N05Психолептиктер
N05BАнксиолитиктер
N05BAБензодиазепин туындылары
N05BA01Диазепам5 мг/мл 2 мл бұлшықет және тамыр ішілік инъекцияға арналған ерітіндіампула
RТыныс алу жүйесі
R03Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар
R03AТамақты булауда қолдануға арналған симпатомиметиктер
R03ACСелективті бета-2-адреномиметиктер
R03AC02Сальбутамол100 мкг/мөл. 200 мөл. тамақты булауға арналған аэрозольқұты
R03ALКортикостероидтармен үш еселелік біріктірілімдерді қоса, антихолинергиялық препараттармен біріктірілген симпатомиметиктер
R03AL01Фенотерол мен Ипратропий бромиді20 мл булауға арналған ерітінді
R03DЖүйелі пайдалануға арналған бронх демікпесін емдейтін басқа да препараттар
R03DAКсантин туындылары
R03DA05Аминофиллининъекцияға арналған ерітінді, 2,4%ампула
R06Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар
R06AAАминоалкилді эфирлер
R06AA02Дифенгидрамин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%ампула
R06ACАлмастырылған этилендиамин
R06AC03Хлоропирамин2 % 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
R07Тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
R07ABАммиакфлакон
VБасқа да препараттар
V03Басқа да әртүрлі препараттар
V03ABАнтидоттар
V03AB06Натрий тиосульфаты10 мл инъекцияға арналған ерітінді, 30%ампула

Іздеу атаулары: №933 бұйрық, 933-бұйрық, приказ 933, тоғыз жүз отыз үшінші бұйрық, 933 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.