Мақала
Бұйрықтар

№ 166 бұйрық (11.04.2018): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 мамырда № 16882 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
166
Қабылданған күні
11.04.2018
Актіні өзгерту күні
01.02.2022
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Ашық деректердің интернет-порталына орналастырылатын ашық деректердің тізбесі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.02.2022 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын, ашық деректердің тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) "Ашық деректердің интернет-порталына орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13362 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 наурызда жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 65 бұйрығының ;

2) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 6-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15106 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 25 мамырында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі

___________________Д. Абаев

2018 жылғы 24 сәуір

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

___________________М. Әбілқасымова

2018 жылғы 20 сәуір

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 11сәуір № 166 бұйрығымен бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталына орналастырылатын ашық деректердің тізбесі

№Ашық деректер жиынтығының атауыӨзектендіру кезеңіОрналастыру мерзімі(Ашық деректердің Интернет-порталының АЖО* арқылы немесе мемлекеттік органның API жүйесі арқылы) көзіЖауапты құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар
1.Дәрігерлердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралардың жоспарыжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Ғылым және адами ресурстар департаменті
2.Облыстардың, Астана және Алматы қалалары бөлінісінде ана мен бала өлімінің статистикасыжылына 1 ретесепті жылдан кейінгі жылдың 25 ақпанындаАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті
3.Азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесі бойынша жинақталған ақпаратжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
4.Медициналық ЖОО*** түлектерін жұмысқа орналастыру туралы деректержылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Ғылым және адами ресурстар департаменті
5.Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлінісінде аурулардың түрлері бойынша статистикасыжылына 1 ретесепті жылдан кейінгі жылдың 25 ақпанындаАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті
6.Денсаулық сақтау саласына бөлінетін мемлекеттік шығындар туралы деректержылына 1 ретесепті жылдан кейінгі наурызАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қаржы департаменті
7.Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша медициналық ұйымдардың саныжылына 1 ретесепті жылдан кейінгі жылдың 25 ақпанындаАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті
8.Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелде емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіҚазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелде емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайдажелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті
9.Белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті
10.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдық құрылымыжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Персоналды басқару департаменті
11.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволарыныу аумақтық құрылымдық бөлімшелеріжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Персоналды басқару департаменті
12.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарыжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Персоналды басқару департаменті
13.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ведомстваларының аумақтық құрылымдық бөлімшелерінде бар бос лауазымдар туралы мәліметтертұрақтытұрақтыАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Персоналды басқару департаменті
14.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығының атына келіп түсетін Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштері бойынша статистикалық деректержылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Әкімшілік департаменті
15.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының азаматтарды қабылдау кестесіай сайынай сайынАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Әкімшілік департаменті
16.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынатын мемлекеттік қызметтердің тізбесіқаңтарқаңтарАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Стратегиялық даму департаменті (жинақтау) Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті, Фармация комитеті, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, Ғылым және адами ресурстар департаменті, Медициналық әлеуметтік сақтандыру мәселелері үйлестіру департаменті, Жобаларды басқару департfменті
17.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық кеңес қатысушыларының тізімі (қызмет түрін, байланыс деректерін көрсете отырып)жылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Стратегиялық даму департаменті
18.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық кеңесі отырысын өткізу кестесіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Стратегиялық даму департаменті
19.Халықаралық ұйымдармен жасалған денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының тізбесіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті
20.Халықаралық қаржы ұйымдарымен жасалған денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының тізбесіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті
21.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жасаған халықаралық шарттарының тізбесі (елдер бойынша)жылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті
22.Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық конвенциялардың тізбесіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті
23.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау саласындағы халықаралық іс-шараларының кестесітоқсан сайынтоқсан сайынАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті
24.Аудандық маңызы бар және ауылдық денсаулық сақтау субъектілерімен амбулаториялық-емханалық көмек және халыққа медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесіжылына 1 ретсәуірАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті
25.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Ішкі аудит департаменті
26.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік аудит объектілерінің ішкі аудит қортындысыжыл бойынаМемлекеттік аудит объектісіне ішкі аудит нәтижелері туралы есепті жібергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде.Ашық деректердің интернет-порталының АЖО*Ішкі аудит департаменті
27.Тиісті фармацевтикалық практикаларға сәйкестігіне сертификат ұстаушылардың тізіліміай сайынай сайынАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Фармация комитеті
28.Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенттеріжылына 1 ретнаурызАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті
29.Денсаулық сақтау саласындағы ұжымдық пайдалану зертханасыжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Ғылым және адами ресурстар департаменті
30.Телемедицина желісі объектілерінің тізбесіжарты жыл бойыншажарты жыл бойыншаАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Денсаулық сақтауды цифрландыру департаменті
31.Облыстық ауруханалардың және Республикалық клиникалардың телемедициналық және бейне-консультациялар орталықтарының саны бойынша статистикасытоқсан сайынтоқсан сайынАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Денсаулық сақтауды цифрландыру департаменті
32.Қазақстан Республикасындағы инфекциялы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайжылына 1 ретқаңтарАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
33.Әлемдегі карантиндік және аса қауіпті инфекциялармен сырқаттанушылық туралы мәліметжылына 1 ретқаңтарАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
34.Қазақстан Республикасында профилактикалық егулер жүргізу мерзімдеріжылына 1 ретқаңтарАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
35.Жоспардан тыс тексеру жүргізілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тізіліміжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
36.Камералық бақылау нәтижелері бойынша сыртқы экономикалық қызметтегі жосықсыз қатысушылардың тізіліміжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
37.Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттелген субъектілердің деректер банкітоқсан сайынтоқсан сайынАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
38.Медициналық ұйымдарды аккредиттеу қортындысыжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
39.Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына өткізілетін мемлекеттік аттестаттау кестесіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
40.Тамақ өнімдерін өндіретін объектілерді тіркеу нөмірлерінің тізіліміжылына 1 ретқаңтарАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
41.Ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін (субъект, БСН / ЖСН, берілген күні, қолданылуы басталған күні, қолданылу мерзімі, мекенжайы қызметін жүзеге асыру, қызмет түрі, ерекше шарттар, орын беру, уәкілетті МО өңірі) Қазақстан Республикасының аумағына және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге берілген лицензиялардың тізбесіжылына 1 ретқаңтарАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
42.Орфандық (сирек) аурулардың тізбесіжылына 1 ретақпанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті
43.Әлеуметтік маңызды аурулар және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіжылына 1 ретқыркүйекАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті
44.Қазақстан Республикасына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келуіне тыйым салатын аурулар тізбесіжылына 1 ретақпанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті
45.Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы айналасындағыларға қауіп төндіретін өткір аурулардың тізбесіжылына 1 ретқазанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті
46.Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында емдеуге тыйым салынатын аурулардың тізбесіжылына 1 ретқазанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті
47.Медициналық ғылыми ұйымдарда және ЖОО-ларда орындалатын денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердің тізбесіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Ғылым және адами ресурстар департаменті
48.Ғылыми-практикалық конференциялардың тізбесіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Ғылым және адами ресурстар департаменті
49.Ғылыми орталықтар және денсаулық сақтаудың ғылыми-зерттеу институттарыжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Ғылым және адами ресурстар департаменті
50.Дәрілік заттардың мемлекеттік тіркелімікүн сайынкүн сайынАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Фармация комитеті
51.Құзыреті шегінде, кәсіпкерлік және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша уәкілетті органдармен келісім бойынша топтарға бөле отырып, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалауға жататын өнімдерді және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесіжылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
52.Аккредиттелген сынақ зертханаларының тізіліміжыл сайынжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
53.Медициналық технологиялардың клиникалық сынақтарын жүргізуге рұқсат беружылына 1 ретӨтінімдердің түсуіне қарайАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Ғылым және адами ресурстар департаменті
54.Интернатура, резидентураның клиникалық мамандықтарының тізбесіҚажеттілігіне қарай және НҚА өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойыншажыл бойыншаАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Ғылым және адами ресурстар департаменті
55.Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлауға және біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысыжылына 1 рет және қажеттілігіне қарай және НҚА өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойыншажыл бойыншаАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Ғылым және адами ресурстар департаменті
56.Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар және бағдарламалар, ғылыми - медициналық әзірлемелердің ғылыми -медициналық сараптамасының нәтижелеріғылыми жобалар және бағдарламалар, ғылыми - медициналық әзірлемелердің түсуіне қарайСараптама қорытындысына сәйкесАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Ғылым және адами ресурстар департаменті
57.Уәкілетті органның формулярлық комиссиясының құрамыжыл сайынжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Фармация комитеті
58.Денсаулық сақтау саласындағы құрметті атақтарды беру (тұлғалар тізімі)жылына 2 ретжарты жыл бойыншаАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Персоналды басқару департаменті
59.Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тізіміжыл сайыннормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне қарайАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Фармация комитеті
60.Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляржыл сайыннормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне қарайАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Фармация комитеті
61.Клиникалық базалардың тізбесіай сайынай сайынАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Фармация комитеті
62.Орфандық препараттарының тізбесіжыл сайыннормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне қарайАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Фармация комитеті
63.Өндірісінде йодталған тұз пайдаланылатын жекелеген азық-түлік өнімдері түрлерінің тізбесі.жылына 1 ретжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Қоғадық денсаулық сақтау комитеті
64.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің тізбесітүсуіне қарайжелтоқсанАшық деректердің интернет-порталының АЖО*Заң қызметі департаменті

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

* АЖО – Автоматты жұмыс орны

** ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

*** ЖОО – Жоғары оқу орны

Іздеу атаулары: №166 бұйрық, 166-бұйрық, приказ 166, жүз алпыс алтыншы бұйрық, 166 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.