Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-52 бұйрық (25.04.2019): толық мәтін және скачать

Жаңа

Әлемнің жетекші фармакопеяларының талаптарын, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған халықаралық және мемлекетаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 сәуірде № 18604 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-52
Қабылданған күні
25.04.2019
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы әлемнің жетекші фармакопеялары талаптарының, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған халықаралық және мемлекетаралық стандарттардың тізбесі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа сәйкес әлемнің жетекші фармакопеяларының талаптары, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған халықаралық және мемлекетаралық стандарттар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) , 2) , 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-52 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы әлемнің жетекші фармакопеялары талаптарының, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған халықаралық және мемлекетаралық стандарттардың тізбесі

1. Еуропалық фармакопея

2. Америка құрама штаттарының фармакопеясы

3. Британдық фармакопея

4. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Халықаралық фармакопеясы

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-52 бұйрық, ҚР ДСМ-52-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-52, елу екінші бұйрық, ҚР ДСМ-52 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.