Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-65 бұйрық (06.05.2019): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18638 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-65
Қабылданған күні
06.05.2019
Актіні өзгерту күні
25.11.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтері
  2. Республикалық, облыстық маңызы бар қалалар:
  3. Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар**
  4. Барлық қалалар мен елді мекендердегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 № ҚР ДСМ-205/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 қазанда "Казахстанская правда" газетінің № 274-275 (26335-26336) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтерін бекіту туралы";

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қоса беріліп отырған Өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтері бекітілсін.";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы бұйрықтың 1) , 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-65 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген

Өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтері

Республикалық, облыстық маңызы бар қалалар:

№Жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары:Норматив*
1Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)1,3
2Кардиология (ересектер)0,2
3Кардиология (балалар)0,02
4Ревматология (ересектер)0,03
5Ревматология (балалар)0,03
6Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)0,05
7Гастроэнтерология (ересектер)0,05
8Гастроэнтерология (балалар)0,03
9Гематология (ересектер)0,05
10Онкология және гематология (балалар)0,02
11Пульмонология (ересектер)0,05
12Пульмонология (балалар)0,02
13Эндокринология (ересектер)0,2
14Эндокринология (балалар)0,05
15Нефрология (ересектер)0,07
16Нефрология (балалар)0,02
17Фтизиатрия (ересектер, балалар)0,4
18Кәсіби патология0,03
19Инфекциялық аурулар (ересектер)0,3
20Инфекциялық аурулар (балалар)0,15
21Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектер, балалар)0,15
22Неврология (ересектер)0,5
23Неврология (балалар)0,25
24Психиатрия0,5
25Медициналық оңалту (ересектер, балалар)0,15
26Сәулелік терапия (радиациялық онкология)0,03
27Сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина)1,0
28Функциялық диагностика0,25
29Клиникалық зертханалық диагностика0,5
30Спорт медицинасы0,03
31Гериатрия0,02
32Клиникалық фармакология0,02
33Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)0,9
34Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталды реанимация) (балалар)0,2
35Жалпы хирургия1,0
36Кардиохирургия (ересектер, балалар)0,03
37Ангиохирургия (рентгенохирургия, интервенциялық хирургия) (ересектер, балалар)0,03
38Нейрохирургия (ересектер, балалар)0,15
39Жақ сүйек-бет хирургиясы (ересектер, балалар)0,05
40Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер)0,4
41Травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектер, балалар)0,5
42Урология және андрология (ересектер, балалар)0,15
43Офтальмология (ересектер, балалар)0,4
44Оториноларингология (ересектер, балалар)0,3
45Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер, балалар)0,1
46Трансфузиология0,1
47Токсикология (ересектер, балалар)0,03
48Педиатрия (неонатология)1,3
49Неонатология (интенсивтік терапия және неонаталдық реанимация)0,2
50Балалар психиатриясы0,2
51Балалар хирургиясы (неонаталдық хирургия)0,2
52Акушерия және гинекология1,4
53Медициналық генетика0,03
54Жедел және шұғыл медициналық көмек0,3
55Стоматология (ересектер, балалар)0,6
56Мейіргер ісі0.05
№Техникалық және кәсіби медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары:Норматив
57Мейіргер ісі63,5
58Емдеу ісі7,0
59Акушерия ісі5,1

Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар**

№Жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары:Норматив
ДАМСАКО, АЕААКБАА
60Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина)6,76,76,76,7
61Педиатрия (неонатология)20,0 (0-ден 6 жасқа дейінгі балалар)20,0 (0-ден 6 жасқа дейінгі балалар)20,0 (0-ден 6 жасқа дейінгі балалар)20,0 (0-ден 6 жасқа дейінгі балалар)
62Акушерия және гинекология0,7 - 2,00,6 - 1,00,8
63Жалпы хирургия0,3 - 1,00,4 - 0,70,6
64Терапия0,3 - 1,00,4 - 0,70,4
65Неврология0,2 - 0,30,2
66Кардиология0,2 - 0,30,2
67Эндокринология0,2 - 0,30,2
68Инфекциялық аурулар0,2 - 0,30,2
69Онкология0,2 - 0,30,2
70Медициналық оңалту0,2 - 0,30,2
71Дерматовенерология0,2 - 0,30,2
72Офтальмология0,2 - 0,30,2
73Отоларингология0,2 - 0,30,2
74Анестезиология және реаниматология0,4 - 0,70,6
75Психиатрия0,2 - 0,30,2
№Техникалық және кәсіби медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары:МПФАПДАМСАКО, АЕААКБАА
76Мейіргер ісі/ Емдеу ісі1,0 - 6,71,0 - 6,71,0 - 6,70,7 - 2,00,4 - 0,70,4
77Акушерия ісі1,01,0 – 6,70,3 – 1,00,6 – 1,00,8

Барлық қалалар мен елді мекендердегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметі

№Жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары:Норматив
78Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина)6,7
79Терапия5,0
80Педиатрия20,0 (0-ден 6 жасқа дейінгі балалар)
№Техникалық және кәсіби медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары:Норматив
81Жалпы практика мейіргері (отбасылық мейіргер)1 жалпы практика дәрігеріне 3
82Терапиялық учаскенің мейіргері1 учаскелік терапевтке 2
83Педиатриялық учаскенің мейіргері1 учаскелік педиатрға 2

Ескерту:

*Норматив ең төменгі болып табылады және 10 000 халыққа есептеледі.

**Аудандар, ауылдық округтер үшін медицина қызметкерлеріндегі қажеттілікті анықтау бірінші кезекте жүргізіледі.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АА – аудандық аурухана;

АЕ – аудандық емхана;

ДА – дәрігерлік амбулатория;

КБАА – көп бейінді ауданаралық аурухана;

МП – медициналық пункт;

МСАКО –медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;

ФАП – фельдшерлік-акушерлік пункт.

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-65 бұйрық, ҚР ДСМ-65-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-65, алпыс бесінші бұйрық, ҚР ДСМ-65 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.