Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-75/2020 бұйрық (02.07.2020): толық мәтін және скачать

Жаңа

"2020 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 шiлдедегi № ҚР ДСМ-75/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 шiлдеде № 20938 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-75/2020
Қабылданған күні
02.07.2020
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "2020 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-117 бұйрығына (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19309 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2020 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық және стационарлық деңгейлердегі дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізімінде :

реттік нөмірі 544-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

544J04AD01Протионамидтаблетка, 250 мгтаблетка61,82
";

реттік нөмірі 567-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

567J04AB02Рифампицинкапсула, 150 мгкапсула32,51
";

"

569J04AM02Рифампицин+ Изониазидтаблетка, 150 мг/75 мгтаблетка20,92
";

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 233 и 234 - жолдармен толықтырылсын:

233JO4AKБедаквилинтаблетка 100 мгтаблетка1096,12
234J04AK06Деламанидүлбір қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мгтаблетка1303,23
".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. В. Бюрабековаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-75/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-75/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-75/2020, жетпіс бесінші бұйрық, ҚР ДСМ-75/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.