Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-84/2020 бұйрық (14.07.2020): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Медициналық маскалардың шекті бағасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСД-29/202020, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26, Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № ҚР ДСМ-84/2020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2020 жылғы 14 шiлдедегi № 146-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № 55 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20971 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 275-НҚ және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 7 бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-84/2020
Қабылданған күні
14.07.2020
Актіні өзгерту күні
13.04.2021
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.04.2021 № ҚР ДСМ-29 , ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2021 № 275-НҚ және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 13.04.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.

2020 жылғы 13 шілдедегі коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттаманың 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. "Медициналық маскаларға шекті бағаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29/2020, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ бірлескен бұйрығына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 сәуірде № 20334 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық анықтамалық банкінде 2020 жылы 10 сәуірде жарияланған (бұдан әрі - бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын::

"1. Бір реттік пайдаланылатын үш қабатты медициналық маскалардың бөлшек саудада бағасы бір бірлік үшін 85 теңге мөлшерінде бекітілсін.".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен::

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, сауда және интеграция, ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________________Р. ДаленовРеспубликасы Сауда және интеграция министрінің Министрдің міндетін атқарушы _________________А. Асқарұлы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі ________ _________ __А. Цой

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-84/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-84/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-84/2020, сексен төртінші бұйрық, ҚР ДСМ-84/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.