Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ — 95/2020 бұйрық (05.08.2020): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың саудалық атауына арналған шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № ҚР ДСМ-62/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ - 95/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 тамызда № 21061 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ -77 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ - 95/2020
Қабылданған күні
05.08.2020
Актіні өзгерту күні
05.08.2021
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 № ҚР ДСМ -77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

БҰЙЫРАМЫН:

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың саудалық атауына арналған шекті бағаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № ҚР ДСМ-62/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20828 тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 8 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандартау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметі ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице–министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ - 95/2020 бұйрық, ҚР ДСМ - 95/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ - 95/2020, тоқсан бесінші бұйрық, ҚР ДСМ - 95/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.