Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-108/2020 бұйрық (23.09.2020): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21263 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-108/2020
Қабылданған күні
23.09.2020
Актіні өзгерту күні
01.01.2026
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі
  2. Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарының тізбесі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 158) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.10.2025 № 112 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қырқүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына қосымша

Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі

Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.10.2025 № 112 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№Аурулары10-қайта қаралымдағы аурулардың халықаралық жіктемесінің кодтары
1.ТуберкулезA15-A19
2.Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) тудыратын ауруB20-B24
3.Созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозыВ18.0, В18.1, В18.2, В18.8, В19, К74
4.Қатерлі ісіктерС00-C97; D00- D 09; D37- D48
5.Психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары)F00-F99
6.Жіті миокард инфаркті (алғашқы 6 айда)I21, I22
7.Орфандық ауруларВ55, D56, D56.0-D56.2, D56.4, D57, D57.0-D57.2, D59.5, D61.9, D69.3, D76.0, D80-D84, Е53.1, E74.0, E75.2, E76.0-E76.2, E80.2, E83.0, Е84.8, E85.0, Е88.0, G12.2, G35, G40.4, G93.4, J84, J84.0, J84.1, J84.8, J84.9, I27.0, K50, K51, L10, L13.0, M08.2, М30.3, М31.3, M31.4, М31.8, М32.1, М33, М33.2, M35.2, Q78.0, Q80, Q81
8.Нерв жүйесінің дегенеративті ауруларыG30-G32
9.Орталық нерв жүйесінің демиелиндену ауруларыG35-G37
10.ЭпилепсияG40
11.Ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде)I60-I64
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына 2-қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарының тізбесі

1. "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған);

2. "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 451 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15417 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 15 тамызда жарияланған);

3. "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19966 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 4 ақпанда жарияланған).

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-108/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-108/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-108/2020, жүз сегізінші бұйрық, ҚР ДСМ-108/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.