Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-134/2020 бұйрық (16.10.2020): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қазанда № 21471 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-134/2020
Қабылданған күні
16.10.2020
Актіні өзгерту күні
14.11.2025
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары
  2. Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары
  3. Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 124-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2025 № 103 (01.10.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 16 қазаны № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 1-қосымша

Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары

1. Осы Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленді және жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМК) түрлерін, сондай-ақ ЖТМК түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің (бұдан әрі – ММК) көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарын айқындау тәртібін белгілейді.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.11.2025 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. ЖТМК түрлері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша айқындалады.

Өлшемшарттың әрқайсысына салмақтық коэффициент, өлшемшарт шкаласы, мәні мен балл беріледі.

ЖТМК тізбесіне 7-10 балл жинаған технологиялар енгізіледі.

3. ЖТМК түрлерін ММК қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары өзіне мыналарды қамтиды:

технологиялардың республикалық деңгейден өңірлік деңгейге трансферт деңгейі (облыстық және қалалық маңызы бар, оның ішінде жекеменшік клиникалар) географиялық тұрғыдан қағидаты (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірлер) бойынша 5 (бес) және одан көп өңірлерде 75 %-дан жоғары;

шығын сыйымдылығы – Кодекстің 124-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесіне кіретін барлық қызметтердің орташа арифметикалық құнынан төмен қызмет құны;

сирек - 100 000 адамға шаққанда жылына 1 реттен артық емес қызмет көрсету;

қайтыс болу жағдайлары мен асқынулардың үлес салмағы орташа жылдық 10 % мәннен төмен.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2023 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Өлшемшарттар жиынтықта қаралады, бұл ретте 4 өлшемшартқа сәйкес келетін технологиялар алып тасталады.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2023 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарын айқындау қағидаларына 1-қосымша

Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары

Ескерту. Өлшемшарттар жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.11.2025 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ӨлшемшартСалмақтық коэффициентӨлшемшарт шкаласыМәніӨлшемшарт баллы
1Инновациялық (жаңашылдық)0,1Технология әлемде 5 жылдан аз уақыт қолданылады101
Технология әлемде 5-10 жылдан астам уақыт бойы қолданылады7,50,75
Технология әлемде 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылады50,5
Технология әлемде 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылады2,50,25
2Ресурс сыйымдылығы0,3Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды медициналық бұйымдарды медициналық техниканы, айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етеді103
Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етеді7,52.25
Технологияны пайдалану айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етеді51,5
Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етпейді, айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етпейді2,50,75
3Бірегейлігі0,1Технологияның аналогтары және (немесе) Қазақстандағы балама емдеу әдістері жоқ101
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) емдеудің балама әдістерінен артық7,50,75
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтарға және (немесе) баламалы емдеу әдістеріне теңеледі50,5
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) баламалы емдеу әдістерінен төмен2,50,25
4Күрделілігі0,5Технология өте күрделі және ерекше дағдыларды талап етеді (мысалы, симультальды, біріктірілген немесе реконструктивтік операциялар). Қосымша тіндер мен ағзалардың ерекшеліктеріне бейімделген мамандандырылған жабдықты пайдалануды қажет ететін пациенттің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері (неонатальды жастағы балаларда технологияны қолдану) ескеріледі. Мұндай операциялар асқыну қаупі жоғары және мұқият жоспарлауды қажет етеді.105
Бірнеше кезеңдерді қамтитын және хирург пен медицина персоналының жоғары деңгейде дайындығын талап ететін орташа күрделіліктегі технологиялар. Операциялар біріктірілген немесе реконструктивті болуы мүмкін, бірақ күрделі анатомиялық немесе физиологиялық ерекшеліктері жоқ балалар мен ересек пациенттерде орындалады7,53,75
Технологияның орындау қиындығы төмен (мысалы, жоспарланған) операциялар) және базалық хирургиялық жабдықты пайдаланыла отырып, стандартты жағдайларда жүргізіледі. Бұл операциялар әдетте бір сатылы және пациент үшін төмен қауіп деңгейіне ие52,5
Күрделілікті қажет етпейтін технологиялар амбулаториялық негізде орындалатын өте қарапайым емшараларды қамтиды. Олар арнайы дайындықты қажет етпейді және ресурстардың ең аз мөлшерін пайдалана отырып, жылдам орындалуы мүмкін2,51,25
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 2-қосымша

Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі

Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.11.2025 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №Жоғары технологиялық медициналық көмек кодыЖоғары технологиялық медициналық көмек түрінің атауы
Шұғыл емдеуге жатқызу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері
100.50Жалпы жүйенің дефибрилляторын жанаспай бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)
235.84Басқа айдарларда жіктелмейтін ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
335.23Митралдық қақпақшаны тіндік трансплантатпен ашық және басқаша ауыстыру
435.21Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантатпен ашық және басқаша ауыстыру
535.82Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
637.94Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау
737.66Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
835.33Аннулопластика
981.042Эндотүзеткіштерді ішкі бекітумен кеуде және бел омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі
1039.72Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
1100.65Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау
1202.93Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
1303.7992Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
1403.7993Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
1581.073Бел және сегізкөз омыртқаларының спондилодезі, бүйір көлденең жету әдісімен, дискіні протездеу
1681.062Эндотүзеткіштерді ішкі бекітуімен бел және сегізкөз омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі
1781.041Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуімен кеуде және бел омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі
1881.53Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
1981.55Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
2050.52Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бауырды трансплантаттау
2155.62Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бүйректі трансплантаттау
2250.59Бауырды басқа трансплантаттау
2386.66Теріні аллотрансплантаттау
2452.53Радикалдық субтоталдық панкреотомия
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері
192.321Гамма-пышақ аппаратын қолдана отырып, орталық нерв жүйесі ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісі
292.201Қуықасты безі обырының жоғары дозалы брахитерапиясы
392.202Қуықасты безінде орналасқан обырдың интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия)
492.203Әйелдің жыныс жолдарының обыры кезіндегі жоғары дозалы брахитерапия
554.970.059Гипертермиялық интраперитонеалды химиотерапия (HIPEC)
686.310.058Электрохимиотерпия
792.330.001Протондық терапия (1 сеанс)
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлері
100.50Жалпы жүйенің дефибрилляторын жанаспай бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)
200.51Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын импланттау (CRT-D)
300.65Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау
400.93Трансплантаттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу
501.53Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы
602.93Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
703.7992Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
803.7993Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
903.93Жұлын нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
1020.95Электромагниттік есту аппаратын импланттау
1133.5Өкпені трансплантаттау
1233.6"Жүрек – өкпе" кешенін аралас трансплантаттау
1335.05Қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру
1435.11Ауыстырмай қолқа қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
1535.12Ауыстырмай митралдық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
1635.121Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы
1735.14Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
1835.21Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантатпен ашық және басқаша ауыстыру
1935.23Митралдық қақпақшаны тіндік трансплантатпен ашық және басқаша ауыстыру
2035.33Аннулопластика
2135.55Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою
2235.82Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
2335.83Артериялық діңді толық қалпына келтіру
2435.84Басқа айдарларда жіктелмейтін ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
2535.91Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы
2635.9900Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу
2735.991Митралдық тесікті клиптеу
2836.1000Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып қолқакоронарлық шунттау
2936.16Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау
3037.32Жүрек аневризмасын тілу
3137.35Парциалдық вентрикулоэктомия
3237.36Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау
3337.51Жүректі трансплантаттау
3437.66Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
3537.76Трансвеналық атриялық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру
3637.94Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау
3737.941Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру
3837.96Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын импланттау
3938.12Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы
4038.34Анастомозбен қолқаның резекциясы
4138.341Қолқа доғасының үзігін түзету
4239.28Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау
4339.591Қолқа-өкпе саңылауының пластикасы
4439.72Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
4539.73Кеуде қолқасына протезді эндоваскулярлық имплантантаттау
4639.731Қолқаның коарктациясын стенттеу
4741.01Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын трансплантаттау
4841.04Аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз трансплантаттау
4941.05Аллогендік гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз трансплантаттау
5041.06Кіндік дің жасушаларын трансплантаттау
5141.10Феталдық дің жасушаларын трансплантаттау
5250.52Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бауырды трансплантаттау
5350.59Бауырды басқа трансплантаттау
5452.53Радикалдық субтоталдық панкреотомия
5552.80Ұйқыбезін трансплантаттау, нақтыланбаған
5655.5016Тромбэктомиямен радикалдық нефрэктомия
5755.62Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бүйректі трансплантаттау
5856.7404Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар политано-летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия
5963.8301Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия
6078.191Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектерінде сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану
6181.041Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуімен кеуде және бел омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі
6281.042Эндотүзеткіштерді ішкі бекітумен кеуде және бел омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі
6381.062Эндотүзеткіштерді ішкі бекітуімен бел және сегізкөз омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі
6481.073Бел және сегізкөз омыртқаларының спондилодезі, бүйір көлденең жету әдісімен, дискіні протездеу
6581.53Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
6681.55Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
6781.9610Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру
6886.66Теріні аллотрансплантаттау
6999.791Қанның гемопоэздік дің жасушаларын дайындау
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 16 қазаны № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

1) "Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14630 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 қаңтарда жарияланған);

2) "Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған);

3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20381 болып тіркелген, Қазақстан Республикасыың Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 15 сәуірде жарияланған).

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-134/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-134/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-134/2020, жүз отыз төртінші бұйрық, ҚР ДСМ-134/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.