Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ — 142/2020 бұйрық (20.10.2020): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 қазанда № 21479 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ - 142/2020
Қабылданған күні
20.10.2020
Актіні өзгерту күні
04.12.2025
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесі
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау минисрлігінің күшін жойды деп танылған бұйрықтарының тізбесі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 177-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесі бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 20 қазандағы
№ ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрыққа
1-қосымша

Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесі

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.12.2021 № ҚР ДСМ-142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.12.2025 № 159 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Орфандық аурулардың тізбесі
№АХЖ-Х 10 бойынша коды10-шы қайта қараудың аурулардың халықаралық жіктелімі бойынша аурулар (тобы) (бұдан әрі - АХЖ-10)Сирек аурулардың синонимы және атауыСанатыДәрілік заттың атауы (Халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы)АТХ коды
1234567
1А15.0-А19.0Дәріге көнбейтін туберкулезКөптеген дәріге көнбейтін өкпе және өкпеден тыс орындағы туберкулезі Ауқымды дәріге көнбейтін өкпе және өкпеден тыс орындағы туберкулез Аса ауқымды дәріге көнбейтін өкпе және өкпеден тыс орындағы туберкулезИнфекциялық ауруларКлофазиминJ04BA01
2А 22КүйдіргіBacillus anthracis-тен туындаған күйдіргіИнфекциялық аурулар (бактериалық зооноздар)Сібір жарасына қарсы вакцинаJ07AC01
3А 98.0Қырым геморрагиялық қызбасыКонго вирусы тудырған қырым геморрагиялық қызбасыИнфекциялық ауруларРибавиринJ05AB04
4В 50 В 53БезгекPl. falciparum Pl.​Vivax, Pl. ovale, Pl. Malariae тудырған безгекИнфекциялық (протозойдық) ауруХининP01BC01
Мефлохин гидрохлоридP01BC02
АртесунатP01BE03
ПримахинP01BA03
ХлорохинP01BA01
ГалофантринP01BX01
5В 55ЛейшманиозЛейшманиозИнфекциялық (протозойдық) ауруАмфотерицин ВJ02AA01
Паромомицина сульфатA07AA06
МилтефозинP01CX04
6С 11Мұрын-жұтқыншақтың қатерлі ісігіМұрын-жұтқыншақтың қатерлі ісігі (назофаренгиалдық карцинома)Ісік
7С 45.0МезотелиомаӨкпеқап мезотелиомасыІсікМитомицин СL01DC03
ПеметрекседL01BA04
8C 69.2Көздің, оның қосалқы торқабығы аппаратының қатерлі ісігіТорқабықтың қатерлі ісігі (ретинобластома)ІсікМелфаланL01AA03
9Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.12.2025 № 159 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10C 74.0Бүйрекүсті безінің қатерлі ісігіБүйрекүсті безі қыртысының қатерлі ісігіІсікЦиклофосфамидL01AA01
11С 80Орналасуы анықталмаған салдарлық қатерлі ісікКарциномаІсікОксалиплатинL01XA03
ЭтопозидL01CB01
ИдарубицинL01DB06
12С 81Ходжкин ауруы (лимфагранулематоз)Ходжкин ауруыІсікБрентуксимаб ведотинL01XC12
БендамустинL01AA09
ТреосульфанL01AB02
МелфаланL01AA03
ФилграстимL03AA02
ФлударабинL01BB05
ЦитарабинL01BC01
ЦиклофосфамидL01AA01
ПэгфилграстимL03AA13
ДоксорубицинL01DB01
13С 83Таралған ходжкиндік емес лимфомаТаралған ходжкиндік емес лимфомаІсікХлорамбуцилL01AA02
ЦиклофосфамидL01AA01
Брентуксимаб ведотинL01XC12
БендамустинL01AA09
ИфосфамидL01AA06
ТреосульфанL01AB02
МелфаланL01AA03
ФилграстимL03AA02
ПэгфилграстимL03AA13
РитуксимабL01XC02
ЦитарабинL01BC01
ИбрутинибL01XE27
ПралатрексатL01BA05
14C 88.0Қатерлі иммуно пролиферациялық ауруларВальденстрем макроглобулинемиясыІсікАспарагиназаL01XX02
МеркаптопуринL01BB02
АзацитидинL01BC07
15C 90.0Көптеген миелома мен қатерлі плазма жасушалы ісіктерКөптеген миеломаІсікБрентуксимаб ведотинL01XC12
БендамустинL01AA09
МелфаланL01AA03
ДаратумумабL01XC24
ТалидомидL04AX02
ЛеналидомидL04AX04
ПлериксафорL03AX16
КарфилзомибL01XG02
БортезомибL01XX32
16С 91.0Лимфалық лейкоз (лимфолейкоз)Жіті лимфобластық лейкозІсікЦитарабинL01BC01
ИматинибL01XE01
ДазатинибL01XE06
ПонатинибL01XE24
БлинатумомабL01XC19
ПэгаспаргиназаL01XX24
17С 91.1Лимфалық лейкоз (лимфолейкоз)Созылмалы лимфоциттік лейкозІсікВенетоклаксL01XX52
ФилграстимL03AA02
ФлударабинL01BB05
18C 91.4Лимфалық лейкоз (лимфолейкоз)Түкті жасушалы лейкозІсікКладрибинL01BB04
ПентостатинL01XX08
19С 92.1Миелоидты лейкоз (миелолейкоз)Созылмалы миелоидты лейкозІсікДазатинибL01XE06
НилотинибL01XE08
БусульфанL01AB01
ИматинибL01XE01
МетотрексатL01BA01
Интерферон альфа-2bL03AB05
МеснаV03AF01
ПонатинибL01XE24
БозутинибL01XE14
ГидроксикарбамидL01XX05
ИдарубицинL01DB06
20С 92.0 C 92.4 С 92.5Миелоидты лейкоз (миелолейкоз)Жіті миелоидты лейкоз Жіті промиелоцидті лейкоз Жіті миеломоноцитті лейкозІсікВенетоклаксL01XX52
ТретиноинL01XX14
ЦитарабинL01BC01
ГемтузумабL01XC05
ДаунорубицинL01DB02
ДецитабинL01BC08
21С 92.3Миелоидты лейкоз (миелолейкоз)Миелодтық саркомаІсікТакролимусL04AD02
22С 93Миелоидты лейкоз (миелолейкоз)Моноцитарлық лейкозІсікПэгфилграстимL03AA13
23D 46Миелодиспластикалық синдромдарЮвенилдік созылмалы миеломоноцитарлық лейкоз, рефрактерлік анемия, бластар санының артуымен рефрактерлік анемияІсікЛеналидомидL04AX04
МетотрексатL01BA01
ДецитабинL01BC08
ЦитарабинL01BC01
Антитимоцитарлық иммуноглобулин (қоян)L04AA04
МеснаV03AF01
24D 47.1Созылмалы миелопролиферациялық ауруИдиоптиялық миелофиброзІсікРуксолитинибL01XE18
25D 56 D56.0-D 56.2 D 56.4 D 57 D57.0- D57.2Гемолиздік анемияларАльфа-талассемия, бета-талассемия, дельта-бета-талассемия, гемоглобиннің тұқым қуалайтын қайталануы, кризбен орақ тәрізді- жасушалық бұзылулар, криз hb-SS ауруы, кризсіз орақ тәрізді- жасушалық анемия, қос гетерозиготтық орақ тәрізді жасушалы бұзылуларҚан, қан өндіретін ағзалардың аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларДеферазироксV03AC03
26D 59.5Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавтар-Микели)Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавтар-Микели)Қан, қан өндіретін ағзалардың аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларЭкулизумабL04AA25
27D 61.9Аплазиялық анемияАплазиялық анемияҚан, қан өндіретін ағзалардың аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларДеферазироксV03AC03
ЦиклоспоринL04AD01
ТакролимусL04AD02
28D 66VIII фактордың тұқым қуалайтын тапшылығыГемофилия АҚанның, қан өндіру ағзаларының аурулары жəне иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларЭмицизумабB02BX06
D 67ІХ фактордың тұқым қуалайтын тапшылығыКристмас ауруы Гемофилия ВҚанның, қан өндіру ағзаларының аурулары жəне иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылулар
29D 68.0Виллебранд ауруыАнгиогемофилия Қан тамырларының бұзылыумен VIII фактордың жетіспеушілігі Тамырлық гемофилияҚанның, қан өндіру ағзаларының аурулары жəне иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылулар
30D 68.2Ұюдың басқа факторларының тұқым қуалайтын тапшылығыТуа біткен афибриногенемия, Фактор тапшылығы VІІ (тұрақты) Фактор тапшылығы ІI (протромбиннің) Фактор тапшылығы Х (Стюарттың-Прауэрдің)Қанның, қан өндіру ағзаларының аурулары жəне иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылулар
31D 69.3Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураЭванс синдромыҚанның, қан өндіру ағзаларының аурулары жəне иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларЭлтромбопагB02BX05
РомипластимB02BX04
32D 76.0Басқа айдарларда жіктелмеген Лангерганс жасушаларынан пайда болған гистиоцитозГистиоцитозҚан, қан өндіретін ағзалардың аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларВинбластинL01CA01
33D 80.0, D 80.1 D81.0- D81.9 D82.0 D83.0, D84.0, D84.1, D84.8Иммундық механизм қамтылған жеке бұзылуларБастапқы иммун тапшылықтарыҚан, қан өндіру ағзаларының аурулары және иммундық механизм қамтылған жеке бұзылуларС1 ингибитор - адам эстеразасыB06AC01
ЛанаделумабB06AC05
Иммуноглобулин (тамырдан тыс енгізу)J06BA01
Иммуноглобулин (венаішіне енгізу үшін)J06BA02
Интерферон гаммаL03AB03
34Е 22.8Гипофиз гиперфункцияларының басқа да жағдайларыОрталық пайда болудың уақытынан бұрын жыныстық жетілуіБасқа эндокриндік бездердің бұзылулары
35Е 23.0ГипопитуитаризмГипогонадотроптық гипогонадизм. Өсу гормонының идиопатиялық жеткіліксіздігі.Басқа эндокриндік бездердің бұзылулары
36Е 70.0Классикалық фенилкетонурияХош иісті амин қышқылы метаболизмінің бұзылуына байланысты ферментопатия тобының тұқым қуалайтын ауруыЗат алмасуының бұзылуларыСапроптеринA16AX07
37Е 53.1В тобының басқа витаминдерінің жеткіліксіздігіВ6 витаминінің жеткіліксіздігіЭндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысы
38E 74.0Гликоген жиналу ауруларыПомпе ауруы (2 типті гликогеноз)Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыАлглюкозидазаA16AB07
МеснаV03AF01
39E 75.2Басқа сфинголипидоздарФабри (-Андерсон) ауруы, Гаучер ауруы (Гоше ауруы), Краббе ауруы, Ниман-Пик ауруы (А,В,С типі), Фабер синдромы, метахроматикалық лейкодистрофия, сульфатаза жеткіліксіздігі (көптеген сульфатаздық жеткіліксіздік)Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыИмиглюцеразаA16AB02
Агалзидаза альфаA16AB03
Агалзидаза бетаA16AB04
Велаглюцераза альфаA16AB10
МиглустатA16AX06
ЭлиглустатA16AX10
Талиглюцераза альфаA16AB11
40E 76.0-E 76.2МукополисахаридозI типті мукополисахаридоз: Гурлер, Гурлер-Шейе, Шейе синдромы, II типті мукополисахаридоз: Гунтер синдромы, басқа мукополисахаридоздар: бета-глюкуродиназа жеткіліксіздігі, III, IV, VI, VII мукополисахаридоз, синдромдары: Марото-Лами синдромы (жеңіл, ауыр), Морико (моркио-тәрізді, классикалық), Санфилиппо (В, С, D типті)Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыЛаронидазаA16AB05
ГалсульфазаA16AB08
ИдурсульфазаA16AB09
Элосульфаза альфаA16AB12
41E 80.2ПорфирияларТұқым қуалайтын копропорфирия, кезектесетін жіті порфирия (бауыр)Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыГеминB06AB01
42E 83.0Мыс алмасуының бұзылуыМенкес ауруы, Вильсон ауруы, (Вильсон-Коновалов ауруы, гепатолентикулярлық дегенерация)Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыПеницилламинM01CC01
Цинка ацетатA16AX05
Триентин дигидрохлоридA16AX12
43Е 84.8Зат алмасуының бұзылуыБасқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыТобрамицинJ01GB01
АцетилцистеинR05CB01
Дорназа альфаR05CB13
Колистин (Колистиметат)J01XB01
44E 85.0Невропатиясыз, отбасылық тұқым қуалайтын амилоидозОтбасылық жер орта теңізі қызбасы (кезеңдік ауру), тұқым қуалайтын амилоидты нефропатияЭндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыЭтанерцептL04AB01
ИнфликсимабL04AB02
АнакинраL04AC03
КанакинумабL04AC08
КолхицинM04AC01
45Е 88.0Плазма белоктары алмасуының бұзылулары1-антитрипсин жеткіліксіздігі, бис-альбуминемияЭндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыАльфа1 антитрипсинB02AB02
46G 12.2Қозғалтқыш невронның ауруы. Қозғалтқыш невронның отбасылық ауруыАмиотрофиялық бүйірлік склероз, жұлын бұлшықеттік атрофия – аккредителген зертханада молекулалық генетикалық растау болған кездеНерв жүйесінің ауруыФилграстимL03AA02
НусинерсенM09AX07
РисдипламM09AX10
РилузолN07XX02
47Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.12.2025 № 159 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
48G70.2МиастенияТуа біткен немесе жүре біткен миастенияЖүйке аурулары
49G71.0 –G71.3Нерв-бұлшықет синапсы және бұлшықет ауруларыБұлшықет дистрофиясы: Дюшенн немесе Беккер типті аутосомды рецессивті, ерте контрактуралары (Эмери-Дрейфус) бар жауырын-перонеальды), дистальды иық-жауырын-бет, қол- аяқ- бел, көз бұлшық еті, көз жұтқыншақ (окулофарингеалды). Миотониялық Штейнер дистрофиясы. Туа біткен Томсен миотониясы. Исаакс нейромиотониясы. Туа біткен парамиотония. Туа біткен бұлшықет дистрофиясы: бұлшықет талшығының ерекше морфологиялық зақымдануы. Орталық ядро ауруы, миниядролық, мультиядролық Талшықтар типтерінің диспропорациясы. Миотубулярлық миопатия (орталық ядролы), немалиндік (немалинді дене ауруы). Басқа айдарларда жіктелмеген митохондриялық миопатия –аккредителген зертханада молекулалық генетикалық растау болған кезде.Бастапқы бұлшық ет бұзылуларыДефлазакортH02AB13
АталуренM09AX03
ЭтеплирсенM09AX06
ГолодирсенM09AX08
50Е 74.8Glut 1 тапшылық синдромыGlut I глюкозасының транспортері тапшылығы синдромы аккредителген зертханада молекулалық генетикалық растау болған кездеКөмірсулар алмасуының басқа анықталған бұзылушылықтарыТригептаноинA16AX17
51J 84 J 84.0 J 84.1 J 84.8 J 84.9Өкпесінің интерстициалдық басқа ауруларыИнтерстициалдық өкпе ауруы, альвеолярлық және парието - альверлярлық бұзылулар, альвеолярлық протеиноз, өкпенің альвеолярлық микролитиазы, таралған өкпе фиброзы, криптогенді фиброздаушы альвеолит, Хаммен-Рич синдромы, идиопатиялық өкпенің фиброзы, лимфангиолейомио- матоз, нақтыланған интертициалдық пневмония, нақтыланбаған интерстициалдық өкпе ауруы, қосымша нақтыланбаған интерстициалдық пневмонияТыныс алу мүшелерінің ауруыПирфенидонL04AX05
ЦиклоспоринL04AD01
МетотрексатL01BA01
МетилпреднизолонH02AB04
ПреднизолонH02AB06
НинтеданибL01XE31
АзатиопринL04AX01
52I 27.0Өкпелік бастапқы гипертензияИдиопатикалық ӨАГ, тұқымқуалаушылық ӨАГҚанайналым жүйесінің ауруыИлопростB01AC11
СелексипагB01AC27
БозентанC02KX01
МацитентанC02KX04
СилденафилG04BE03
53K 50 K 51Жұқпалы емес энтерит пен колитКрон ауруы, спецификалық емес ойық жара колитіАсқорыту ағзасының ауруыАдалимумабL04AB04
ИнфликсимабL04AB02
54L 10 L 13.0Буллалы бұзылуларКүлдіреуік, Дюринг ауруыТері және теріасты жасушасының ауруыМикофенол қышқылыL04AA06
ПреднизолонH02AB06
ДапсонD10AX05
ДапсонJ04BA02
АфамеланотидD02BB02
55M04.2Криопирин-ассоциирленген кезеңдік синдромы (CAPS)Криопирин байланысқан синдромдарАутоқабыну ауруларыКанакинумабL04AC08
56M06.1Стилл ауруыЕресектерде басталатын Стилл ауруыСүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тіні ауруларыКанакинумабL04AC08
57M 08.2Балалардағы жасөаспірімдердің жүйелік бастамалы артритіЮвенилдік идиопатикалық артрит жүйелік нұсқаСүйек-бұлшық жүйесінің және қосушы тін ауруыЭтанерцептL04AB01
АдалимумабL04AB04
ТоцилизумабL04AC07
ИнфликсимабL04AB02
КанакинумабL04AC08
58М 30.3 М 31.3 M 31.4 М 31.8 М 32.1 М 33 М 33.2 М 34.0 M 35.2Дәнекер тіннің жүйелік зақымдануларыСілемейлі-терілік лимфонодулярлық (Кавасаки) синдромы, Вегенер гранулематозы, Аорта доғасы синдромы (Такаясу), Микроскопиялық полиангиит, Жүйелік қызыл жегі, Балалардағы дерматомиозит, Полимиозит, Үдемелі жүйелі беріштену, Бехчет ауруыСүйек-бұлшық жүйесінің және қосушы тін ауруыНинтеданибL01XE31
БелимумабL04AA26
ИнфликсимабL04AB02
ТоцилизумабL04AC07
РитуксимабL01XC02
ГидроксихлорохинP01BA02
АзатиопринL04AX01
МетотрексатL01BA01
59Q 78.0Аяқталмаған остеогенезАяқталмаған остеогенезТуа біткен аномалия (қан ақаулары), қисаю және хромосомдық бұзылыстарИбандрон қышқылыM05BA06
60Q 80Туа біткен ихтиозТуа біткен ихтиоз (әртүрлі нысандар), CHILD синдромыТуа біткен аномалия (қан ақаулары), қисаю және хромосомдық бұзылыстарИзотретиноинD10BA01
Салицил қышқылыD01AE12
61Q 81Буллалық эпидермолизБуллалық эпидермолизТуа біткен аномалия (қан ақаулары), деформация және хромосомдық бұзылыстарДиацереинM01AX21
62E88.1Берардинелли-Сейптің туа біткен жалпыланған липодистрофияБерардинелли-Сейптің туа біткен жалпыланған липодистрофияЭндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыМетрелептинA16AA07
63G40.8 G40.9Эпилепсияның сирек кездесетін және резистентті түрлеріЕрте нәрестелік эпилептикалық энцефалопатиялар (инфантильді спазм –Вест синдромы); Туберкулезді склероз (Бурневилл ауруы); Ландау-Клефнер синдромы; (Леннокс-Гасто синдромы); Симптоматикалық ерте миоклониялық энцефалопатия (Отахар синдромы); Ерте миоклониялық эпилепсия; Миоклониялық абсанспен болатын эпилепсия (Тассинари синдромы); миоклониялық-астатикалық эпилепсия(Дуз синдромы),Драв синдромдары барлық расталған генетикалық мутацияларНерв жүйесінің ауруыАдренокортикоидты гормон (АКТГ)H01AA
ТетракозактидH01AA02
ЭтосуксимидN03AD01
ВигабатринN03AG04
СультиамN03AX03
ЛакосамидN03AX18
МидазоламN05CD08
ПерампанелN03AX22
ТиагабинN03AG06
РуфинамидN03AF03
ФенитоинN03AB02
СтирипентолN03AX17
КлобазамN05BA09
64Q85.01 типті НейрофиброматозI (бірінші) типті Нейрофиброматоз (феохромоцитомасы бар нейрофиброматоз, Фон Реклингхаузен ауруы, Реклингхаузен синдромы, NF-1)ІсікСелуметинибL01EE04
65G36.0Оптиконевромиелит (Девик ауруы)Оптиконевромиелит (Девик ауруы, спектральді бұзылысы бар көру жүйкесінің Нейромиелиті (NMOSD), көру жүйкесінің Нейромиелиті)Орталық жүйке жүйесінің қабыну демиелинизациялық ауруларыСатрализумабL04AC19
АзатиопринL04AX01
РитуксимабL01XC02
66С47.3 С47.4 С47.5 С47.6 С47.8 С47.9 С48.0 С74.1 С74.9 С76.0 С76.1 С76.2 С76.7 С76.8НейробластомаНейробластомаДәл белгіленбеген қатерлі ісікДинутуксимаб бетаL01XC16

Ескертпе:

АХЖ - Аурулардың халықаралық жіктемесі – 10 қарау;

ӨАГ – өкпе артериясының гипертензиясы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 20 қазаны № ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрыққа 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау минисрлігінің күшін жойды деп танылған бұйрықтарының тізбесі

1. "Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11511 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған);

2. "Орфандық препараттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11494 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған);

3. "Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 79 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16627 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 29 наурызда жарияланған);

4. "Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-115 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19304 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте жарияланған);

5. "Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № ҚР ДСМ-13/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20084 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 3 наурызда жарияланған).

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрық, ҚР ДСМ - 142/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ - 142/2020, жүз қырық екінші бұйрық, ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.