Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-205/2020 бұйрық (25.11.2020): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 26 қарашада № 21679 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 16 ақпандағы № 24 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-205/2020
Қабылданған күні
25.11.2020
Актіні өзгерту күні
16.02.2023
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтері
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 16.02.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтері бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 25 қарашасы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрықпен бекітілген

Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтері

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың:

№Мамандықтар бойынша жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері:Норматив*
1Терапия0,8
2Ересектер, балалар кардиологиясы0,3
3Ересектер, балалар ревматологиясы0,03
4Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)0,05
5Ересектер, балалар гастроэнтерологиясы0,05
6Гематология0,05
7Онкология және гематология (балалар)0,02
8Ересектер, балалар пульмонологиясы0,05
9Ересектер, балалар эндокринологиясы0,2
10Ересектер, балалар нефрологиясы0,07
11Ересектер, балалар фтизиатриясы0,4
12Еңбек медицинасы (кәсіптік патология)0,03
13Ересектер, балалар жұқпалы аурулары0,3
14Ересектер, балалар дерматологиясы және венерологиясы0,15
15Ересектер, балалар неврологиясы0,5
16Ересектер, балалар психиатриясы0,5
17Физикалық медицина және сауықтыру (реабилитация)0,15
18Сәулелі терапия (радиациялық онкология)/Радиотерапиялық онкология0,03
19Сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонансты томография, ПЭТ, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина)/ Радиология1,0
20Клиникалық зертханалық диагностика0,5
21Спорттық медицина0,03
22Гериатрия0,2
23Клиникалық фармакология0,02
24Ересектер, балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы0,9
25Жалпы хирургия1,0
26Ересектер, балалар кардиохирургиясы0,03
27Ересектер, балалар ангиохирургиясы0,03
28Ересектер, балалар нейрохирургиясы0,15
29Ересектер, балалар бет-жақ хирургиясы0,05
30Химиотерапиялық онкология0,4
31Ересектер, балалар травматологиясы мен ортопедиясы0,5
32Ересектер, балалар урологиясы0,15
33Ересектер, балалар офтальмологиясы0,4
34Ересектер, балалар оториноларингологиясы0,3
35Патология0,1
36Трансфузиология0,1
37Токсикология0,03
38Педиатрия1,3
39Неонатология0,2
40Балалар хирургиясы0,2
41Акушерлік және гинекология1,4
42Медициналық генетика0,03
43Ересектер, балалар шұғыл медицинасы0,3
44Стоматология0,6
45Мейіргерлік іс0,05
46Эпидемиология0,2
№Мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік медициналық мамандықтары бар медициналық қызметкерлер:Нормативтік мөлшер
1Мейіргерлік іс63,5
2Емдеу ісі7,0
3Акушерлік іс5,1
4Гигиена және эпидемиология0,2

Аудандық маңызы бар қалалар, елді мекендер мен ауылдар**

№Мамандықтар бойынша жоғары медициналық білімі бар медициналық қызметкерлер:Норматив
ДААЕ, АМСКОААКСАА
1Жалпы дәрігерлік тәжірибе (отбасылық медицина)6,76,76,76,7
2Педиатрия (неонатология)20,0 (0 ден 6 жасқа дейінгі балалар)20,0 (0 ден 6 жасқа дейінгі балалар)20,0 (0 ден 6 жасқа дейінгі балалар)20,0 (0 ден 6 жасқа дейінгі балалар)
3Акушерлік іс және гинекология0,7 - 2,00,6 - 1,00,8
4Жалпы хирургия0,3 - 1,00,4 - 0,70,6
5Терапия0,3 - 1,00,4 - 0,70,4
6Неврология0,2 - 0,30,2
7Кардиология0,2 - 0,30,2
8Эндокринология0,2 - 0,30,2
9Инфекциялық аурулар0,2 - 0,30,2
10Онкология0,2 - 0,30,2
11Медициналық реабилитология0,2 - 0,30,2
12Дерматовенерология0,2 - 0,30,2
13Офтальмология0,2 - 0,30,2
14Отоларингология0,2 - 0,30,2
15Анестезиология және реаниматология0,4 - 0,70,6
16Психиатрия0,2 - 0,30,2
№Мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік медициналық мамандықтары бар медициналық қызметкерлер:ДПФАПДААЕ, АМСКОААКСАА
1Мейіргерлік іс/ емдеу ісі1,0 - 6,71,0 - 6,71,0 - 6,70,7 - 2,00,4 - 0,70,4
2Акушерлік іс-1,01,0 - 6,70,3 - 1,00,6 - 1,00,8

Барлық қалалар мен елді мекендер үшін медициналық - санитариялық алғашқы көмек қызметі

№Мамандықтар бойынша жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері:Нормативті мөлшер
1Жалпы дәрігерлік тәжірибе (отбасылық медицина) / Терапия6,7
2Педиатрия20,0 (0 ден 6 жасқа дейінгі балалар)
3Гериатрия0,5
№Мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік медициналық мамандықтары бар медициналық қызметкерлер:Нормативті мөлшер
1Жалпы тәжірибелік мейіргер (отбасылық мейіргер)1 жалпы тәжірибелік дәрігерге 3
2Терапиялық учаскелік мейіргер1 учаскелік терапевтке 2
3Педиатриялық учаскенің мейіргері1 учаскелік педиатрға 2

Ескерту:

* Норматив ең төмен мөлшер болып табылады және 10 000 халыққа есептелген

**Ауылдық жерлерде және кенттерде, аудандық маңызы бар қалаларда медицина қызметкерлеріне қажеттілікті анықтау бірінші кезекте жүргізіледі.

Қысқартулар мағынасы:

АА – аудандық аурухана;

АЕ – аудандық емхана;

ДА - дәрігерлік амбулатория;

КСАА – көп салалық ауданаралық аурухана;

МП – медициналық пункт;

МСАКО –медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;

ФАП – фельдшерлік-акушерлік пункт;

ПЭТ – позитронды-эмиссиялық томография

Бұйрыққа қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

1. "Өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 қазанда № 274-275 (26335-26336) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

2. "Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, Диспансерлер) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6744 болып тіркелген, 2011 жылғы 28 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінің № 141 (26562) санында жарияланған);

3. "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 10 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6775 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінің № 173 (26594) санында жарияланған);

4. Бұйрық Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7426 болып тіркелген, 2012 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде № 4, 67-құжат);

5. Бұйрық Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 714 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8055 болып тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы);

6. "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 тамыздағы № 477/1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8730);

7. Бұйрық Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы № 39 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14942 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) өзгеріс енгізу туралы);

8. Бұйрық Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 192 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 238 "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16873 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

9. "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-65 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18638 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-205/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-205/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-205/2020, екі жүз бесінші бұйрық, ҚР ДСМ-205/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.