Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-225/2020 бұйрық (30.11.2020): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21713 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-225/2020
Қабылданған күні
30.11.2020
Актіні өзгерту күні
29.09.2026
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Жедел медициналық жәрдем көрсету тәртібі
  4. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
  5. 4-тарау. Медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсету тәртібі
  6. "Жедел медициналық жәрдем шақырту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
  7. Жедел медициналық жәрдем шақыртуларының жеделділік санаттарының тізбесі
  8. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының мобильдік бригадаларының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі
  9. Медициналық бұйымдар
  10. Үйлестіруші ұйымның диспетчеріне медициналық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігерінің өтінімі
  11. Үйлестіруші ұйым мен медициналық авиация бөлімшесінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі
  12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 121-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 121-бабының 4-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету тәртібін айқындайды.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы дайындалған әуе кемесі – функционалдық мақсатына және пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін жеке қолданылатын аппараттармен, аспаптармен, жабдықтармен, кешендермен, жүйелермен жарақтандырылған медициналық авиация желісі бойынша мамандандырылған операцияларды орындауға арналған әуе кемесі;

2) әуе кемесі (көлік) – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;

3) әуе кемесінің (көліктің) командирі – белгіленген тәртіппен тиісті оқудан өткен, ұшқыш куәлігі және осы үлгідегі әуе кемесін дербес басқару құқығына рұқсаты бар тұлға;

4) әуе компаниясы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;

5) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

7) денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

8) жедел медициналық жәрдем (бұдан әрі – ЖМЖ) – өмірге қатер төндіретін жіті аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бару жолында денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі;

9) жедел өтінім – әуекомпанияның және медициналық авиацияның мобильдік бригадасының ұшуын жүзеге асыру үшін негіз болып табылатын уәкілетті орган бекіткен нысан;

10) кезек күттірмейтін медициналық көмек – пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

11) қашықтан көрсетілетін медициналық қызметтер – аурулар мен жарақаттардың диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және олардың профилактикасы, медицина қызметкерлерінің өзара, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасауын, көрсетілген адамдарды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын әрекеттерді құжаттауды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар арқылы зерттеулер мен бағалауды жүргізу мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

12) медициналық авиация – әуе көлігін тарта отырып, халыққа шұғыл нысанда жедел медициналық көмек беру;

13) медициналық авиацияның мобильдік бригадасы (бұдан әрі – МАМБ) – жедел медициналық жәрдем, сондай-ақ білікті бейінді мамандардың мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмегін тікелей көрсететін медициналық авиацияның құрылымдық-функционалдық бірлігі болып табылады;

14) медициналық авиацияның үйлестіруші дәрігері – жоғары медициналық білімі бар, маман сертификаты бар адам тиісті мамандық бойынша және медициналық авиация бөлімшесіне/бөлімшеден негізделген өтінімді қабылдауды/беруді ұйымдастырушы және жедел өтінімді орындау рәсімі;

15) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;

16) медициналық білім беру ұйымы – "Денсаулық сақтау" даярлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

17) медициналық көрсетілетін қызметтер – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;

18) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

19) медициналық авиацияның мобильдік бригадасының дәрігері – жоғары медициналық білімі, "Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем" және (немесе) "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)" және (немесе) "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты бар тұлға;

19-1) мобильді бригада - бұл инфекциялық және басқа аурулар кезінде азаматтарға медициналық қызмет көрсетуге бағытталған МСАК мамандарының үйде қызмет көрсету жұмысының нысаны;

20) мобильдік камера – аудио-бейне ақпаратты жазуға, сақтауға және көрсетуге арналған құрылғы;

21) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

22) парамедик – алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам;

23) санитариялық автокөлік – пациенттерді, алып жүретін медицина персоналын, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді (тіндердің бөліктерін) тиісті медициналық ұйымдарға тасымалдауға арналған мамандандырылған жерүсті көлік құралы;

24) төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін апат, қауіпті табиғи құбылыстар, апаттар, зілзала және басқа да жойқын құбылыстар салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

25) төтенше жағдай – азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүддесінде ғана қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметінің ерекше құқықтық режимін білдіретін уақытша шара;

26) трансплантаттау – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу;

27) тұрақты рейс – авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс;

28) үйлестіруші ұйым – "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 134-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес айқындалған заңды тұлға;

29) хабардар етілген келісім – адамның медициналық көмек алуға және (немесе) оның шешім қабылдауы үшін маңызы бар медициналық көмектің және (немесе) зерттеудің барлық аспектісі туралы ақпаратты алғаннан кейін нақты зерттеуге қатысуға өз келісімін жазбаша ерікті түрде растау рәсімі. Хабардар етілген жазбаша келісім Кодекстің 1-бабы 279) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ресімделеді;

30) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың ЖМЖ станциясы (бұдан әрі – ЖМЖС) стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері және медициналық қызметтер көрсететін әуе кемелері конструкторлық және техникалық сипаттамалары бойынша біркелкі медициналық жабдықпен жарақтандырылады. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың ЖМЖС медициналық цифрлық жүйелерге қол жеткізуін немесе Үйлестіру ұйымы үшін цифрлық жүйелермен интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмекті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлер, сондай-ақ міндетті түрде адам өмірін құтқару дағдыларын растайтын сертификаты болған жағдайда "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 тіркелді) сәйкес "Емдеу ісі", "Жалпы медицина", "Педиатрия" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар қызметкерлер көрсетеді.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жедел медициналық жәрдем көрсету тәртібі

4. "Жедел медициналық жәрдемді шақырту" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "103" нөміріне қоңырау соғады не мобильді қосымшаларды (мессенджерлер, чат-боттар) оның ішінде геолокация көрсетіле отырып пайдаланады.

"Жедел медициналық жәрдемді шақырту" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізеді.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 2-тармағына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде мемлекеттік сараптама ұйымы "цифрлық үкімет" операторына көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

ЖМЖ бригадасын шақырту орнына жібергеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші геосервистер кеңістіктік деректер арқылы нақты уақыт режимінде бригаданың орналасқан жерін және шақырту орнына қарай қозғалысын қадағалау мүмкіндігін бере отырып көрсетілетін қызметті алушыны бригаданың бағыты туралы автоматты түрде хабардар етуді қамтамасыз етеді.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. ЖМЖС диспетчері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық жағдайы бұзылған кезде азаматтардан "103" пультінде шақыртуларды қабылдайды. ЖМЖС диспетчері шақыртуды алған сәттен бастап оны өңдеу уақыты бес минутты құрайды, осы уақыт ішінде шақырудың жеделділік санаты бойынша іріктеу жүргізіледі.

6. ЖМЖ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалған құрам мамандандырылған (дәрігерлік), фельдшерлік және мобильдік бригадаларымен көрсетіледі.

ЖМЖ станциялары жанындағы мамандарды шұғыл медициналық көмек көрсетудің практикалық дағдыларына, коммуникативтік дағдыларға және стресске төзімділік негіздеріне үздіксіз негізде оқыту қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген білім беру және ғылыми ұйымдармен жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша құзыреттілік алуы Кодекстің 221-бабының 6-тармағына сәйкес қосымша және формальды емес білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7. ЖМЖС бригадалары ЖМЖС ауысымының аға дәрігеріне бағынады.

8. Ауылдық елді мекендерде ЖМЖ шақыртуларына қызмет көрсету үшін ЖМЖС аудандық кіші станциясының диспетчері жақын жердегі медициналық ұйымдардың мамандары мен санитариялық автокөлікті тартады.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша елді мекендерде ЖМЖ функциялары, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының мобильді бригадасының шақыртуларына қызмет көрсету (бұдан әрі – МСАК ұйымдары) "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 тіркелді) (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшаның 15-жолына сәйкес жедел медициналық жәрдем көрсетуге лицензиясы бар медициналық ұйымдар немесе денсаулық сақтау субъектілері бірлесіп орындау шартының жағдайларында беріледі.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. ЖМЖС диспетчері қабылдаған шақыртулар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 4 (төрт) жеделділік санатына бөлінеді:

1) 1 (бірінші) жеделділік санатындағы шақырту – өміріне тікелей қауіп төндіретін, жедел медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттің жай-күйі;

2) 2 (екінші) жеделділік санатындағы шақырту – өміріне медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;

3) 3 (үшінші) жеделділік санатындағы шақырту – денсаулығына медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;

4) кезек күттірмейтін жай-күй – жіті аурудан немесе созылмалы аурудың асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай-күйі.

Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. 1, 2, 3-жеделділік санаттарының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМЖС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды ЖМЖС фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді.

Бригаданы шақыртуға тағайындағаннан кейін автоматтандырылған басқару жүйесі шақырушы адамды автоматты түрде хабардар ету және геосервистермен кеңістіктік деректермен интеграциялық өзара іс-қимыл жасау арқылы нақты уақыт режимінде шақырту орнына бағытталған бригаданың орналасқан жері мен қозғалысын көрсету үшін қажетті мәліметтерді беруді қамтамасыз етеді.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11. Кезек күттірмейтін жай-күйлердің себептері бойынша шақыртулар келіп түскен кезде ЖМЖ станциясының диспетчері автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы оларды МСАК ұйымдарының мобильді бригадаларына олардың жұмыс уақытында (жұмыс күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін) береді.

МСАК ұйымдарына одан әрі жолдауға жататын шақыртуларды тіркеу жұмыс күндері сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі күні сағат 8.00-ден 12.00-ге дейін жүзеге асырылады.

МСАК ұйымдарына жұмыс сағаттарынан тыс келіп түскен кезек күттірмейтін жай-күйлердің себептері бойынша шақыртуларға ЖМЖС бригадасы қызмет көрсетеді.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

12. ЖМЖС диспетчерінен шақырту алған сәттен бастап фельдшерлік, мамандандырылған (дәрігерлік) және мобильдік бригадалардың пациенттің орналасқан жеріне дейін келу уақыты:

1-жеделділік санаты - он минутқа дейін;

2-жеделділік санаты - он бес минутқа дейін;

3-жеделділік санаты - отыз минутқа дейін;

кезек күттірмейтін жай-күйде - алпыс минутқа дейін құрайды.

Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13. МСАК ұйымының мобильді бригадалары МСАК ұйымының қызмет көрсету аймағындағы адамдарға жұмыс уақытында (сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін) медициналық көмек көрсетеді.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14. Кезек күттірмейтін жай-күйлер бойынша шақыртуларға МСАК ұйымдарының мобильді бригадалары пациенттің бекітілу орнына қарамастан, оның қызмет көрсету аймағында нақты болған жері бойынша қызмет көрсетеді.

Ауылдық елді мекендерде мобильді бригадалардың шақыртуларына қызмет көрсету Сатып алу қағидаларына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшаның 15-жолына сәйкес жедел медициналық жәрдем көрсетуге лицензиясы бар медициналық ұйымдар немесе денсаулық сақтау субъектілерінің бірлесіп орындау шарты арқылы осы көрсетілетін қызметті беруге рұқсат етіледі.

МСАК ұйымдарында мобильді бригадалар бекітілген 25 мың халыққа шаққанда 1 (бір) бригада есебінен қалыптастырылады.

МСАК ұйымына бекітілген халық саны 25 мыңнан аз болған жағдайда кемінде 1 (бір) бригада құрылады.

Мобильді бригадалар саны эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты ұлғайтылады.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

15. Бригада қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайларда шақыртуға қызмет көрсету аумақтық ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Аумақтық ішкі істер органдарының өкілдері болмаған жағдайда ЖМЖС бригадалары мен МСАК ұйымдарының мобилді бригадалары диспетчерге рация және (немесе) мобильдік байланыс арқылы өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғаны туралы хабарлайды. Шақыртуға одан әрі қызмет көрсету аумақтық ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

ЖМЖ бригадасы жалғыз ата-ананы (заңды өкілді) емдеуге жатқызған жағдайда, қараусыз қалған кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға одан әрі орналастыру үшін аумақтық ішкі істер органдарының өкілдеріне берілуге тиіс.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

16. Қарап-тексеру, аспаптық диагностика, жүргізілген емдеу іс-шараларының шеңберінде немесе одан кейін пациенттің жай-күйінің динамикасы деректерінің нәтижелері бойынша осы жай-күйдің себептерін көрсететін алдын ала диагнозға сәйкес ЖМКС бригадасының фельдшері немесе дәрігері мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

пациентті стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға (бұдан әрі – стационар) тасымалдау;

пациент шақырту жерінде қалды;

пациент үйде қалды (тұрғылықты жері бойынша).

Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

17. Емдеуге жатқызуға мұқтаж емес пациент шақырту орнында немесе үйде қалдырған жағдайда, ЖМЖС бригадасы немесе МСАК ұйымының мобильдік бригадасы МСАК ұйымына одан әрі жүгінуі үшін (тұрғылықты жері немесе бекітілген жері бойынша) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) "Учаскелік дәрігерге дабыл парағын" № 086/е нысанды ұсынады.

Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

18. Пациент ауырған және учаскелік дәрігердің оған үйге актив арқылы баруы қажет болған жағдайда ЖМКС бригадасының дәрігері, фельдшері немесе МСАК ұйымының мобильді бригадасы МСАК ұйымына ақпарат (актив) береді.

Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

19. ЖМЖ және МСАК бригадасы дәрілік заттарға рецепт жазбай, еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтарды бермей, қайтыс болу фактісін куәландыруды жүргізбей және қайтыс болу туралы қорытынды бермей, алкогольдік және есірткілік масаң күйде болу нысанасына куәландыруды жүргізбей шақыртуға қызмет көрсетеді.

Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20. ЖМКС бригадасы пациентті стационарға тасымалдау туралы шешім қабылдаған жағдайда ЖМКС диспетчері пациенттің жеткізілетіні туралы стационардың қабылдау бөлімшесіне хабарлайды.

Мобильді бригада пациентті стационарға тасымалдау туралы шешім қабылдаған жағдайда мобильді бригада ЖМКС бригадасын шақыртуды өздері жүзеге асырады.

Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

21. Пациенттің өміріне қауіп төнген жағдайда (жіті жүрек-тамыр және тыныс алу функцияларының жеткіліксіздігі) оны тасымалдау пациенттің бекітілу орнына қарамастан шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсететін жақын жердегі стационардың қабылдау бөлімшесіне жүзеге асырылады.

Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

22. Пациентті стационарға тасымалдау кезінде санитариялық автокөлікте оны алып жүруге (бір адамнан көп емес) рұқсат етіледі.

23. ЖМКС бригадасының фельдшері немесе дәрігері Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша пациенттің жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмекті шақыру картасында жеткізу уақытын белгілейді.

Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

24. Стационарға келгеннен кейін ЖМКС бригадасының фельдшері немесе дәрігері қабылдау бөлімшесінің тіркеу постына Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жедел медициналық көмек станциясының ілеспе парағын береді.

Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

25. Пациентті тапсырғаннан кейін ЖМЖС бригадасының фельдшері немесе дәрігері ЖМЖС диспетчеріне шақыртудың аяқталғаны туралы хабарлайды.

Кезек күттірмейтін жай-күйлер бойынша шақыртуға қызмет көрсеткеннен кейін МСАК мобильдік бригадасы ЖМЖС диспетчеріне шақыртудың аяқталғаны туралы хабарлайды.

Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

26. ЖМКС бригадасының стационардың қабылдау бөлімшесінде болу уақыты төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсету қажеттігін қоспағанда, стационарға келген сәттен бастап 10 минуттан (пациентті қабылдау бөлімшесінің дәрігеріне беру уақыты) аспайды.

Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

27. ЖМКС бригадалары пациентті стационардың қабылдау бөлімшесіне тапсырғаннан кейін мейіргер шұғыл медициналық көмек көрсетудің бірінші кезектілігін негізге ала отырып, келіп түскен пациенттерді (триаж-жүйесі бойынша медициналық сұрыптау) топтарға бөлуді жүргізеді.

Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

28. Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу үздіксіз және сабақтастықпен жүргізіледі. Бір пациенттің жай-күйін бағалау процесі 60 секундтан аспайды. Бағалау аяқталғаннан кейін пациенттер арнайы түрлі-түсті бирка немесе түрлі-түсті лента түріндегі іріктеу санатының бір түсімен белгіленеді.

29. Медициналық іріктеуге сәйкес пациенттер 3 топқа бөлінеді:

бірінші топ (қызыл аймақ) – өміріне тікелей қауіп төнетін немесе нашарлау қаупі жоғары және шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі;

екінші топ (сары аймақ) – өміріне әлеуетті қауіп төнетін немесе жағдайдың дамуымен өршуі мүмкін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі;

үшінші топ (жасыл аймақ) – өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ және емдеуге жатқызуды талап етпейтін пациенттің жай-күйі.

30. Триаж жүйесінің медициналық іріктеу нәтижелері бойынша пациент дәрігердің қарап-тексеруі үшін қабылдау бөлімшесінің тиісті аймағына жіберіледі.

31. Бірінші топтың пациенттері одан әрі мамандандырылған медициналық көмек алу үшін жедел медициналық жәрдем бригадасымен қабылдау бөлімшесіне жеткізіледі.

Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

32. Жағдайы тұрақталғаннан кейін пациент стационардың бейінді бөлімшесіне емдеуге жатқызылады.

33. Инфекциялық ауруларға күдігі бар пациент жай-күйіне мониторинг жүргізу және науқасты одан әрі қадағалау тәсілін анықтау үшін боксқа орналастырылады. Пациенттер жаппай келіп түскен жағдайда инфекциялық ауруларға күдігі бар пациенттерді дұрыс бөлу үшін (жіті респираторлық вирустық инфекция және ішек аурулары) қарап-тексеру кабинеттерінің бірі инфекциялық бокске қайта бейінделеді.

34. Пациентті стационарға емдеуге жатқызған кезде мейіргер Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша стационарлық науқастың медициналық картасын толтырады және пациентті бейінді бөлімшеге алып жүреді.

35. Стационарға емдеуге жатқызуға көрсетілімдер болмаған жағдайда қабылдау бөлімшесінің дәрігері пациентке қарап-тексеру, консультация беру және диагностикалық зерттеулер нәтижелерін көрсетумен қабылдау бөлімшесінде болуы туралы қорытындыны және одан әрі МСАК ұйымы жағдайында емделу туралы ұсынымдар береді. Бір мезгілде мейіргер МСАК ұйымының тіркеу бөліміне ауру жағдайы туралы хабарлама жібереді және учаскелік дәрігерге Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша дабыл парағын дайындайды.

36. Медицина персоналының жедел жұмысын, санитариялық автокөлік пен медициналық жабдықты ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар қолда бар ЖМКС автопаркінің 10 % мөлшерінде резервтік санитариялық автокөліктің болуын көздейді.

Санитариялық автокөлік мынадай кластарға бөлінеді:

А класы: медицина персоналының алып жүруімен шұғыл пациент болып табылмайтын пациенттерді емдеу іс-шараларын жүргізуге және тасымалдауға арналған санитариялық автокөлік;

В класы: дәрігерлік (фельдшерлік) бригада күштерімен жедел медициналық көмектің емдеу іс-шараларын жүргізуге, ауруханаға дейінгі кезеңде пациенттерді тасымалдау мен олардың жай-күйіне мониторинг жүргізуге арналған санитариялық автокөлік;

С класы: мамандандырылған бригада күштерімен реанимациялық іс-шараларды және қарқынды терапияны жүргізуге, сондай-ақ білікті мамандарды және (немесе) пациенттерді тасымалдауға арналған санитариялық автокөлік (реанимобиль).

Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

37. Қажетті кластағы санитариялық автокөлік болмаған жағдайда бригаданың шығуы қолда бар бос санитариялық автокөлікпен жүзеге асырылады. Көшпелі бригада қажетті кластағы санитариялық автокөлік келгенге дейін емдеу іс-шараларын өткізуді жалғастырады немесе пациентті жақын жердегі стационарға тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

38. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайлары кезінде санитариялық автокөліктің кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін санитариялық автокөлік ЖМЖ бригадасы шыққан кезден бастап шақырту орнына дейін және пациентті стационарға тасымалдау кезінде "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 тіркелді) сәйкес ең жоғарғы деңгейде арнаулы дыбыстық сигналды (сирена) береді және көк немесе қызыл түсті жарқылдауық маякты іске қосады.

Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

39. Түсті-графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс дабылдары мемлекеттік заңды тұлғаларға жататын және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерінің ЖМК санитариялық автокөлігіне салынады.

40. Пациент пен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында санитариялық автокөлік айналымға шығарылғанға дейін дайындаушының зауытында "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің талаптарына сәйкес көлік құралының сәйкестік сертификатын алумен, оның ішінде соқтығысуға сынақтан өтеді.

41. Меншік нысанына және бекітілген халық санына қарамастан МСАК ұйымдары жұмыс уақытында қоңырауларға қызмет көрсету үшін мобильді бригадалар құрады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМКС халық саны ескеріле отырып, 10 мың және одан аз халыққа шаққанда 1 бригада есебінен жарақтандырылады. Санитариялық автокөлік радиобайланыспен және навигациялық жүйемен жарақтандырылады.

Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

42. Кезек күттірмейтін жай-күйлер бойынша шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін МСАК ұйымдарының мобильдік бригадаларының кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуі МСАК мобильдік бригадасының орналасқан жеріне мониторинг жүргізу үшін GPS-қадағалау және бейнебақылау жүйелерімен, шақыртуларды қабылдау және өңдеу бойынша автоматтандырылған басқару жүйелерімен (бұдан әрі – "АБЖ" шақыртуларымен) жарақтандырылған ЖМЖС немесе МСАК ұйымының "А" классты санитариялық автокөлігін және (немесе) медициналық көмектің мамандандырылмаған жеңіл автомобильді пайдалануды көздейді.

Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

43. Санитариялық автокөлікті пайдалануды ЖМЖС бірінші басшысы тек медициналық мақсаттарда ғана қамтамасыз етеді.

44. Облыстардың ЖМКС құрамына білікті мамандарды және (немесе) санитариялық автокөлікпен науқасты тасымалдауға байланысты ЖМК және медициналық көмек көрсететін ЖМК станциясы, ЖМК қосалқы станциялары, ЖМК аудандық бөлімшелері және медициналық авиация бөлімшесі кіреді. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМКС құрылымына ЖМК станциясы және ЖМК қосалқы станциялары кіреді.

Облыс орталықтарындағы облыстық станция және республикалық маңызы бар қалалардағы қалалық станция мобильдік бригадалардың жұмысын қоса алғанда, өңірдегі жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек қызметінің үйлестірушісі болып табылады.

Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

45. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМКС құрамында өңірдің ішкі істер және халықты азаматтық қорғау органдарының қызметтерімен, ЖМК қосалқы станцияларымен, МСАК ұйымының мобильді бригадаларымен, медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерімен жедел байланыс құралдарымен қамтамасыз етілетін Call-орталықтар (колл-орталықтар) құрылады және ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша халықты хабардар етеді.

Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

46. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың ЖМЖС ЖМЖ бригадалары қызмет көрсететін шақыртуларды навигациялық жүйелер арқылы санитариялық автокөлікке мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін "АБЖ" және сондай-ақ абоненттермен диалогтарды компьютерлік жазу жүйесімен және қоңырау келіп түсетін телефон нөмірін автоматты анықтаушпен жабдықталады. Диалог жазбаларын сақтау кемінде 2 жыл жүзеге асырылады.

Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

47. ЖМЖ және МСАК бригадалары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен (бұдан әрі - МБ мен ДЗ) қамтамасыз етіледі және оның қажетті қоры болады.

ЖМЖ және МСАК бригадаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пациенттерге қызмет көрсету орындарында және стационарға пациентті тасымалдау барысы бойынша қабылдау бөлімшесінің медицина персоналына тапсырғанға дейін айналасындағы жағдайды аудио-бейне тіркеу үшін рациялармен және алынып-салынатын бейне жетондармен, мобильдік камералармен жарақтандырылады.

ЖМЖ және МСАК бригадалары жоғарыда көрсетілген қосымшаға сәйкес шақырту кезекшілігі алдында МБ мен ДЗ қамтамасыз етіледі. Әрбір жұмсалатын препарат АБЖ-да тіркеледі және медициналық жәшіктерді жасақтау бөлімінде немесе станцияның/қосалқы станцияның препараттарды жинау кабинетінде жинақталады. Кейін МБ мен ДЗ қабылдау-беру журналындағы үзінді көшірмелер арқылы басқа ауысымға беріледі.

Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

48. Халыққа ЖМК қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыстың мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының шешімі бойынша жетуі қиын елді мекендердің (жолдардың болмауы, таулы жерлер, тік бұрышты көтерілетін жолдар, маусымдық табиғи-климаттық жағдайлар), медициналық көмекке қол жеткізуі шалғайда орналасқан учаскелерде облыстық және қалалық ЖМКС-ның қосымша қосалқы станциялары (бөлімшелері) құрылады.

Дәрігерлік бригадалардың құрамына: қарқынды терапия, оның ішінде балалар халқына мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалары;

бейінді бригадалар (кардиологиялық, педиатриялық) кіреді.

Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

49. Қалалық автокөлік қозғалысы барынша көбейген уақытта жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ЖМЖ қосымша бригадаларының кезекшілігі ұйымдастырылады. Қоғамдық іс-шараларды өткізу және өзге де жағдайлар кезінде халыққа қызмет көрсету үшін кезекшілік шарт негізде жүзеге асырылады.

50. Медициналық авиация бөлімшесі Кодекстің 121-бабының 2-тармағына сәйкес санитариялық автокөлік арқылы өңірлік және өңіраралық деңгейлерде медициналық қызметтер көрсетеді.

Медициналық авиация бөлімшесінің санитариялық автокөлігін пайдалану үшін негіздер:

пациент тұрған жердегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;

медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі мамандарды межелі жерге жеткізу қажет болған кезде;

пациент тұрған жердегі медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған және тиімсіз болған кезде пациентті медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдарға тасымалдау үшін;

кейіннен трансплантаттау үшін ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу бойынша бейінді маманды (мамандарды) донордың/пациенттің орналасқан орны бойынша әуежайдан медициналық ұйымға дейін және бос санитариялық автокөлік болған кезде кері тасымалдау үшін көрсетіледі;

пациентті және МАМБ әуе кемесінде өтінімді орындау кезінде әуежайдан медициналық ұйымға санитариялық автокөлікпен және кері тасымалдау болып табылады.

Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

51. Төтенше жағдай режимінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың ЖМЖС:

1) Кодекстің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде әрекет етеді;

2) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою жөніндегі ЖМЖ бригадаларын төтенше жағдай аймағына жібереді;

3) төтенше жағдайларды жою кезінде зардап шеккендерге емдеу-эвакуациялау іс-шараларын өткізеді;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер, медициналық көмек көрсету үшін жүгінген немесе жеткізілген оқиғалар мен жағдайлар, сондай-ақ алынған жарақаттан қайтыс болғандар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына және Үйлестіру ұйымына шұғыл ұсынады.

52. Зардап шеккендер саны 3 және одан да көп адам болатын төтенше оқиға кезінде төтенше оқиға орнына бірінші келген ЖМЖ бригадасы бірінші кезекте медициналық іріктеуді жүзеге асырады.

Медициналық іріктеу (триаж) нәтижелері бойынша ЖМЖ бригадасы зардап шеккендерді бұдан әрі көрсетілімдері бойынша медициналық ұйымдарға тасымалдаумен, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

53. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына шағым беріледі.

"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына тікелей келіп түскен қызметті алушының мемлекеттік қызметті шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

54. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсету тәртібі

55. Медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсету үшін негіздер:

медициналық авиация нысанында медициналық көмекті қажет ететін пациенттің медициналық картасынан көшірме;

осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Үйлестіруші ұйымның диспетчеріне медициналық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігерінің өтінімі (бұдан әрі – Өтінім);

өтінім стационарлық пациенттің медициналық картасының үзіндісінен (бұдан әрі – көшірмеден үзінді) және/немесе медициналық авиация бөлімшесінің үйлестіруші–дәрігерінің өтінімі және/немесе үйлестіруші дәрігерден медициналық авиация желісі бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттің болуы туралы ауызша ақпарат, кейіннен үзінді көшірме беріледі;

шұғыл жағдайларда жазбаша растаумен уәкілетті органның ауызша тапсырмасы;

ЖМЖ қызметінен және басқа да шұғыл қызметтерден шақыртулар болып табылады.

Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

56. Үйлестіру ұйымында және медициналық авиация бөлімшелерінде тәуліктік диспетчерлік посттар ұйымдастырылады, олар өзара, медициналық ұйымдармен, әуе кемелерін пайдаланушылармен, әуе кемелерінің ұшқыштарымен, МАМБ үнемі байланыс жүргізеді.

Үйлестіру ұйымы:

ЖМЖ, МСАК ұйымдары мен медициналық авиация бөлімшелерінің қызметіне, ЖМЖ станциялары мен республикалық және облыстық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылға мониторинг және үйлестіруді;

жол-көлік оқиғалары мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі медициналық-санитариялық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде ішкі істер органдары мен Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды;

электронды-цифрлық картада ЖМЖС бригадаларының санитариялық автокөлігінің және медициналық авиакөліктердің қозғалысының GPS-мониторингін;

оқыту-тренингтік орталықта жедел және кезек күттірмейтін көмек көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша оқытуды жүзеге асырады.

Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

57. Медициналық авиация желісі бойынша қызмет көрсететін әуе кемелері әуе кемелерін пайдаланушылармен орындалатын ұшу бойынша деректерді беру үшін трекерлік-навигациялық жүйелермен қамтамасыз етіледі.

58. Медициналық авиация бөлімшесінің диспетчері:

медициналық авиация нысанындағы медициналық көмекті қажет ететін пациенттің келіп түскен медициналық құжаттамасын зерделейді, пациенттің жай-күйін нақтылау үшін қосымша деректерді, қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтердің нәтижелерін, пациенттің динамикадағы жай-күйі туралы ақпаратты сұратады, медициналық көмек көлемін айқындайды;

үйлестіруші ұйымның диспетчерлік қызметіне ұсыну үшін өтінім қалыптастырады;

үйлестіруші ұйымның аға дәрігерімен МАМБ құрамын келіседі және бекітеді, өңірлердің медициналық ұйымдарынан білікті бейінді мамандардың ақпараттандырылған келісімін ала отырып, медициналық көрсетілімдер бойынша қалыптастырады;

әуежай өкілдерімен медициналық авиацияның санитариялық автокөлігінің әуежай перронына кедергісіз кіруі және шығуы туралы мәселені келіседі және медициналық ұйымдармен өзара байланысты қамтамасыз етеді;

санитариялық автокөлікте пациентті МАМБ медициналық ұйымнан әуежайға және әуе кемесінің өзге де орналасқан жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;

МАМБ келген кезде қарсы алуды және қабылдаушы медициналық ұйымға алып жүруді ұйымдастырады;

МАМБ спутниктік бақылаудың дербес модульдері, сондай-ақ үш өлшемді-навигациялық жүйемен жарақтандырылған әуе көлігі арқылы МАМБ-тың жерүсті санитариялық көлігімен жүріп-тұру бағытын қадағалайды, жедел өтінімді орындау аяқталғаннан кейін әуе кемесінің командирімен бірлесіп орындау туралы ақпаратты үйлестіруші ұйымға ұсынады;

МАМБ және әуе кемесінің трекерлік-навигациялық жүйесіне мониторингті жүзеге асырады;

төтенше жағдайлардың туындауы туралы ақпарат келіп түскен кезде Үйлестіруші ұйымның ахуал орталығы диспетчерін ақпараттандырады.

Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

59. Медициналық авиация бөлімшесінің диспетчері:

тұрақты әуеайлақтары жоқ елді мекендерде әуе кемесіне арналған қону алаңдарын ұйымдастыруға қатысады.

Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

60. Жедел медициналық жәрдем қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын Үйлестіруші ұйымның аға дәрігері, оның ішінде өтінім түскен кезде медициналық авиацияны тарта отырып:

медициналық авиация бөлімшесінің диспетчерінен келіп түскен өтініммен, пациенттің медициналық құжаттамасымен танысады, пациенттің ағымдағы жай-күйін бағалайды, өтінімнің негіздемесін (медициналық көмектің мақсаты, түрі, қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтердің нәтижелері) талдайды, пациенттің жай-күйін нақтылау үшін медициналық авиация бөлімшесінің диспетчерінен қосымша деректерді сұратады, Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі әуе кемесін пайдаланушының мүмкіндіктерін бағалайды;

азаматтық авиацияның тұрақты рейстерін пайдалана отырып, операция, орналасқан жері бойынша немесе пациенттің өміріне қауіп төнген кезде бетпе-бет консультация жүргізу үшін білікті бейінді мамандарды тасымалдауды ұйымдастырады;

қажетті медициналық көмектің түріне сәйкес пациентті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау орындылығын, шұғыл медициналық көмек көрсету көлемін және тасымалдау кезінде тәуекелдердің пайда болу дәрежесін айқындайды және авиациялық қызметтерге жедел өтінімді орындауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жүргізеді;

қабылдаушы медициналық ұйымды алдын ала нақтылаумен пациентті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастырады;

медициналық көрсетілімдер бойынша МАМБ қалыптастырады, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан және медициналық білім беру ұйымдарынан білікті бейінді маманды тартады;

медициналық авиация бөлімшесі ұсынған ақпарат бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан тартылған білікті бейінді маман мен МАМБ құрамын келіседі;

ара қашықтық ұзақтығын, ұшу бағытын, әуе кемесінің түрін анықтайды, кемесін таңдау кезінде пациенттерді тасымалдауға арналған және жабдықтың стационарлық ең аз тізбесімен жабдықталған әуе кемелері басымдылық тәртіппен қаралады;

әуе кемесін пайдаланушымен ұшу уақыты мен күнін келіседі және жедел өтінім береді;

әуежай өкілдерімен медициналық авиацияның санитариялық автокөлігінің әуежай перронына кедергісіз кіруі және шығуы туралы мәселені келіседі;

санитариялық автокөлікте пациентті, МАМБ-ты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан әуежайға дейін және кері тасымалдауды ұйымдастырады;

әуе кемесімен пациентті аудандық, облыстық және республикалық деңгейде бір медициналық ұйымнан екіншісіне бейіні бойынша тасымалдауды ұйымдастырады;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық ұйымдарынан кейіннен транспланаттау үшін ағзаларды (ағзаның бөлігін) және тіндерді (тіннің бөлігін) алу және кері қайтару бойынша білікті бейінді маманды (мамандарды) әуе кемесінде жеткізуді ұйымдастырады;

жедел өтінімді орындау барысына кедергі келтіретін жағдайлар (техникалық, ұйымдастырушылық, метерологиялық факторлар) туындаған кезде Үйлестіруші ұйымның басшылығын уақтылы хабардар етеді;

Үйлестіруші ұйымның басшылығын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органды төтенше жағдайлар туралы хабардар етеді.

Аға дәрігер жедел өтінімнің орындалуын қалыптастырады және ұйымдастырады.

Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

61. Пациентті (терді) тасымалдау Кодекстің 1-бабы 279) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша пациенттен (терден) медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсетуге ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүзеге асырылады. Кәмелетке толмағандарға және сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға қатысты келісімді олардың заңды өкілдері ұсынады. Ес-түссіз халдегі пациеттерге медициналық көмек көрсету медициналық ұйымның лауазымды адамдарының еркін нысанда хабарламасымен консилиумның немесе өңірдің медициналық ұйымының немесе САМБ дәрігерінің, немесе білікті маманның шешімімен қабылданады.

62. Медициналық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну білікті бейінді мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

63. Медициналық авиация нысанындағы медициналық көмек кейіннен медициналық қорытынды ұсынумен қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді пайдаланатын консультацияны, пациентті тасымалдауды, бетпе-бет консультация жүргізу және (немесе) орнында операция жасау мақсатында білікті бейінді маманды тасымалдауды қамтиды.

Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

64. Мамандырылған немесе арнайы дайындалған әуе кемелерін пайдалану арқылы медициналық авиация нысанында медициналық көмекті көрсету негіздері:

жетуі қиын кезінде (жолдардың болмауы, таулы жер, қажетті медициналық көмектен алыс орналасқан шалғай елді мекендер (учаскелер) және т.б.);

пациенттің орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) білікті бейінді маманның жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;

ЖМЖ көшпелі бригадаларына жер үсті және су көлік түрлерімен медициналық тасымалдауды жүзеге асыру мүмкіндік бермейтін оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсету;

жерүсті көлігімен және "Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15323 болып тіркелген) сәйкес және медициналық ұйымның хаты негізінде азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерімен тасымалдау мүмкін болмаған кезде және медициналық ұйым хатының негізінде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда одан әрі емдеуді жалғастыру үшін, медициналық алып жүруді қажет ететін, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмек алған пациентті тасымалдау. Пациентті тасымалдау осы өңірдің медициналық авиация бөлімшесінен медициналық авиацияны тарта отырып, ауырлық жай-күйі бойынша республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық ұйымы дәрігерінің алып жүруімен медициналық қызмет көрсетуге өтінім болған кезде ұйымдастырылады және 18 жасқа дейінгі баланы бір туысының алып жүруіне жол беріледі;

уәкілетті органның хатына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық ұйымдарына шетелдік медициналық ұйымдардағы, дербес тыныс алмай, комада жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарды; медициналық сүйемелдеуге мұқтаж, жағдайы жер үсті көлігімен және азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерімен тасымалдауға мүмкіндік бермейтін жазатайым оқиға мен жарақаттардан зардап шеккендерді бір туысының алып жүруіне жол беріледі;

төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде шетелде стационарлық емделуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау;

медициналық көмек көрсету және зертханалық зерттеу үшін биологиялық материалдарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдары бар жүктерді жеткізу;

уәкілетті органның жазбаша тапсырмасына сәйкес МАМБ-ты, комиссия мүшелерін медициналық-санитариялық салдарларды жою, республикалық деңгейде карантин жариялау бойынша төтенше жағдайлар орындарына және кері жеткізу;

медициналық көмек көрсету (медициналық жабдықтардың және (немесе) білікті бейінді маманның болмауына байланысты пациенттің орналасқан жері бойынша медициналық ұйымда (консультация және (немесе) операция, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу үшін білікті бейінді маманды жеткізу және кері алып келу;

мемлекеттік тапсырмадан тыс шарттық талаптармен тасымалдау болып табылады.

Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

65. Пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) білікті бейінді маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция, ағзалар (ағзаның бөлігін) мен және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан білікті бейінді маманды (дарды) жеткізу, рейстердің қолайлы кестесінің, метеожағдайлардың және пациенттің (тердің) жай-күйінің болуын (болмауын) ескере отырып, тұрақты рейстердің әуе кемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

66. МАМБ құрамына дәрігер, фельдшер кіреді, медициналық көрсетілімдер бойынша білікті бейінді маман (дар) тартылады.

67. МАМБ пациентті (терді) тасымалдау кезінде диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес пациенттің (тердің) жағдайына және емдеуіне тұрақты негізде бағалау жүргізеді.

68. Медициналық авиация бөлімшесі мен Үйлестіруші ұйым осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.

69. Медициналық көмек көрсету мақсатында әуе көлігін пайдалану Үйлестіруші ұйым мен әуе кемелерін пайдаланушылар арасында жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

70. Медициналық авиация нысанында медициналық көмекті Үйлестіруші ұйым мен денсаулық сақтау субъектілері, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдары арасында жасалған медициналық қызметтерді сатып алу шарттары негізінде көрсетіледі.

Сатып алу қағидаларына сәйкес, денсаулық сақтау субъектілері және (немесе) медициналық білім беру ұйымы медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша көрсетілетін қызметтердің бір бөлігін орындау үшін бірлесіп орындаушылармен бірлесіп орындау шарттарын, медициналық қызметке қолда бар лицензияларды және (немесе) тиісті медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсету құқығын растайтын оларға қосымшаларды жасасады.

Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

71. Денсаулық сақтау субъектілері мен медициналық білім беру ұйымдары Үйлестіруші ұйымға Шартқа сәйкес медициналық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету бойынша тартылатын білікті мамандардың бекітілген кестесін ұсынады.

72. Қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді Үйлестіруші ұйым білікті бейінді маманды тарта отырып, білікті медициналық қорытынды алу үшін, емдеу тәсілін және медициналық авиация нысанында медициналық көмекке көрсетілімдерді айқындау үшін денсаулық сақтау субъектілері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы медициналық білім беру және ғылым ұйымдары ұйымдастырады.

Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

73. Үйлестіруші ұйымда Қазақстан Республикасының халқына медициналық авиацияны тарта отырып, жедел медициналық жәрдемді уақтылы көрсету үшін қашықтықтан технологияларды пайдалана отырып, ауыр халдегі пациенттерді мониторингтеу үшін білікті бейінді мамандардан тұратын штаты бар ахуал орталығы құрылады.

Жедел медициналық жәрдем,
оның ішінде медициналық
авиацияны тарта отырып
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жедел медициналық жәрдем шақырту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1Мемлекеттік қызметтің атауыЖедел медициналық жәрдем шақырту
2Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауыЖоқ
3Қызмет берушінің атауыДенсаулық сақтау субъектілері.
4Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдеріДенсаулық сақтау субъектілері, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
5Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзіміДиспетчер шақыртуды алған сәттен бастап оны өңдеу уақыты 5 (бес) минутты құрайды, оның ішінде шақыртудың жеделділік санаты бойынша іріктеу жүргізіледі. Жедел медициналық жәрдемді шақыртудың жеделділік санатының тізбесіне сәйкес диспетчерден шақыртуды алған сәттен бастап пациенттің тұрған жеріне дейін бригаданың келу уақыты (10 минуттан 60 минутқа дейін).
6Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаныЭлектрондық (толық цифрландырылған).
7Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесіЖедел медициналық жәрдем шақырту.
8Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесіТегін.
9Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс графигіТәулік бойы.
10Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесіМемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер: 1) пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жасы және жынысы; 2) пациенттің жай-күйі және жазатайым оқиға, жарақат немесе аурудың мән-жайлары бойынша деректер; 3) пациенттің орналасқан жеріне жету үшін мекенжайы мен телефоны, сондай-ақ бағдарлық деректер.
11Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері және оның кіші түрлері (бар болса)Көзделмеген.
12Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысандаДенсаулық жай-күйінің бұзылуы кезінде азаматтардан шақыртулар "103" нөмірі бойынша қабылданады.
Жедел медициналық жәрдем көрсету, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып, көрсету қағидаларына 2-қосымша

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Шақыртуларды қабылдау, өңдеу және беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру:

1. "103" пультіне шақырту түседі.

2. Республика бойынша бірыңғай "Жедел медициналық жәрдем станциясы" дыбыстық жазбасы қосылады, сөйлесуіңіз жазылады.

3. Тұтқаны диспетчер көтереді, ол:

1) қысқаша сәлемдеседі (өзінің қызметтік нөмірін, болмаған жағдайда – өзінің тегін айтуға);

2) шақыртудың нақты мекенжайын және байланыс телефонын айқындайды;

3) көшедегі пациентке шақырылған жағдайда жалпыға белгілі бағдарларды (көшелер қиылысы, әкімшілік ғимараттар) нақтылайды;

4) байланыс телефонымен (қала, ұялы) жедел көмекті шақырушының деректерін нақтылайды;

5) шақырушыға сауал қояды: пациенттің жай-күйі және ауру жағдайлары немесе жазатайы оқиға жағдайлары туралы қысқаша деректер;

6) егер шақырушыға пациенттің немесе зардап шегушінің төлқұжат деректері белгісіз болса, оның жынысын, шамамен жасын көрсетіледі;

7) шақырту себебін айқындайды;

8) шақыртуды жазып, шақырушыға шақыртуды қабылдау уақытын және екінші рет өзінің қызмет нөмірін, Т.А.Ә (болған кезде) хабарлайды.

4. Диспетчер шақыртуды қабылдағаннан кейін шақырушыға мынадай:

1) ЖМЖ бригадасына пациентке немесе зардап шегушіге кедергісіз жол жүру және қолжетімділікті қамтамасыз ету;

2) ЖМЖ шақырылған бригадасын пәтерге (жеке секторға) кірер жерде немесе кіреберісте қарсы алуды ұйымдастыру;

3) медициналық көмек көрсету және стационарға тасымалдау үшін қажетті жағдайлар жасау нұсқауларын береді.

5. Шақыртуды қабылдағаннан кейін диспетчер қойылған сұрақтарға толық жауап алып, мекенжайды қайталайды және шақырушыға: "Сіздің шақыруыңыз қабылданды, күтіңіз", - деп жауап береді.

6. Жиналған ақпаратты диспетчер шақыртуларды АБЖ тіркейді, ол автоматты түрде уақыт хронометражын (шақыруларды қабылдау, беру және шақыртуға ЖМЖ бригадасының шығу уақыты), диспетчердің Т.А.Ә (болған кезде) жазып, шақыртудың реттік нөмірін белгілейді.

7. Диспетчер жедел жағдайды ескере отырып, жақын маңдағы бос ЖМЖ бригадасына дереу шақырту жібереді.

8. ЖМЖ-ның бос бригадалары болмаған жағдайда келіп түскен шақырту күтуге кейінге қалдырылады, содан кейін босаған ЖМЖ бригадасына беріледі.

9. 1-2-жеделділік санаттағы шақыртулар келіп түскен және ЖМЖ бос бригадасы болмаған жағдайда жеделділік санаты бойынша төмен шақырту жеделділік санаты бойынша жоғары шақыртуға қызмет көрсету үшін алынады (күту режиміне ауысады).

10. Шақыртуды кешіктірген жағдайда және шақырушының қайталап шақыртулары кезінде пациентті күтілетін кешігу немесе ЖМЖ/МСАК жанындағы ЖМЖ бригадасының шығуын күту туралы хабарлауға, ЖМЖ бригадасы келгенге дейін нұсқаулықтарды беруге міндетті.

11. Пациенттің өміріне қауіп төнетін жағдайлар кезінде диспетчер "Шақыртуды ұстап тұру" режиміне көшеді.

12. ЖМЖ бригадасы келгенге дейін диспетчер шақыртушыға мынадай жағдайлар: жүрек қызметінің тоқтауы, тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі, жүрек-тамыр жеткіліксіздігі, ересектерде, балаларда және жаңа туған нәрестелерде жоғарғы тыныс алу жолына бөгде зат түскен; жіті коронарлық синдром кезінде, ми қан айналымының жіті бұзылуы, гипертониялық криз, гипо-гипергликемиялық жай-күйі, есінен айырылу, қан кету, құрысулар, үйде босану кезінде телефон арқылы консультация береді.

Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13. Шақыртуды қабылдау жөніндегі диспетчер шақыруды АБЖ бағдарламасында қоңырауды ұстап тұру кезеңі тіркелген негізгі картаның нөмірі көрсетілген қосымша консультация беру картасын жасайды.

14. Ең көп түсу кезеңінде шақырту келіп түскен кезде (сағат 18-00-ден 00-00-ге дейін) шақыртуға үздіксіз қызмет көрсетуді сақтау үшін диспетчер шақыртуларды ЖМЖ бригадасының шығу және келу уақытының нормативіне сәйкес аумақтық учаске бойынша оңтайлы бөлуді жүргізеді.

15. Компьютердегі электрондық нұсқадағы ақпаратты ЖМЖ диспетчерлік қызметінің басшылығы мен аға дәрігері бақылайды.

16. ЖМК бригадасын қызмет көрсетуге жатпайтын жағдайда шақыртқан кезде диспетчер МСАК ұйымына жүгінуді ұсынады не шақыртуды оның жұмыс уақытында МСАК ұйымына қайта жібереді.

Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2025 № 32 (01.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

17. Егер шақырту өртпен, апатпен және (немесе) басқа да ТЖ байланысты болса (криминалдық сипатты қоса алғанда) диспетчер диспетчерлік қызметтің аға дәрігеріне, ЖМЖС басшылығына (бекітілген хабарландыру сызбасы бойынша) және жедел қызметтерге ("101", "102", "104", "112") баяндауға міндетті.

18. Шақыртуды қабылдау кезінде диспетчер әдептілік ережелерін сақтай отырып, сыпайы түрде диалог жүргізуге, барынша мұқият болуға, қажетті сұрақтарды нақты қоюға және шақыртуды тіркеу картасын дұрыс толтыру үшін толық жауаптарға қол жеткізуге міндетті.

19. Диспетчер мен шақыртушының арасындағы барлық телефон әңгімелері компьютерде электрондық жазба нұсқасында кемінде 2 жыл сақталады.

20. Компьютердегі электронды нұсқадағы ақпаратты ЖМЖ диспетчерлік қызметінің бастығы мен аға дәрігері бақылайды.

Жедел медициналық жәрдем,
оның ішінде медициналық
авиацияны тарта отырып
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мамандандырылған (дәрігерлік), фельдшерлік және мобильдік бригадалардың құрамы:

1. Мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамына: дәрігер; фельдшер; парамедик және (немесе) жүргізуші кіреді.

2. Фельдшерлік бригаданың шақыртудың жеделділік санаттарына байланысты құрамына:

1) бір фельдшер; парамедик және (немесе) жүргізуші;

2) екі фельдшер; парамедик және (немесе) жүргізуші кіреді.

3. Мобильдік бригаданың құрамына: фельдшер, дәрігер (қажет болған жағдайда); парамедик және (немесе) жүргізуші кіреді.

Санитариялық автокөлік жүргізушілері тиісті даярлықтан, "Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидаларын және Алғашқы көмекті көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21814 тіркелді) алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытудан өтеді.

Жедел медициналық жәрдем,
оның ішінде медициналық
авиацияны тарта отырып
көрсету қағидаларына
4-қосымша

Жедел медициналық жәрдем шақыртуларының жеделділік санаттарының тізбесі

Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Санаттың сипаттамасыКодыШақыртудың себебі
123
1.1 - жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 10 минутқа дейін)
Өміріне тікелей қауіп төнетін жедел медициналық жәрдемді талап ететін пациенттің жай-күйі1.1Есінен айырылу (кез-келген генез)
1.2Тыныс алуының тоқтауы
1.3Жүрек қызметінің тоқтауы
1.4Тыныс алу жолдарындағы бөгде дене
1.5Шок
1.6Құрысқақ
1.7Кеуде қуысындағы ауырсыну
1.8Парездер мен плегиялар (алғаш туындаған)
1.9Қан кетумен көптеген жарақаттар мен жаралар
1.10Қан кетумен жарақат
1.11Қан кетумен оқшауланған жарақат (бас, мойын)
1.12Ауқымды күйік пен үсік
1.13Жануарлар мен жәндіктердің тістеп (шағып) алуы (анафилаксиялық шоктың даму қаупі)
1.14Электрожарақат
1.15Қан құсу
1.16Асқынулары бар босанулар
1.17Одан әрі трасплантаттау үшін тіндерді (тіндердің бөліктерін), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау
1.18Төтенше жағдайлар
2 - жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 15 минутқа дейін)
Өміріне әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі2.1Одан әрі әлсіреу үрдісімен естің бұзылуы
2.2Сыртқы тыныс алудың айқын бұзылулары
2.3Жүрек ритмінің бұзылуы
2.4Гемодинамикасы тұрақсыз. Шок, асқынған криз дамуының жоғары қаупі
2.5Жоғары температура жағдайындағы бөртпе
2.6Қан кетумен оқшауланған жарақат
2.7Улы заттармен улану
2.8Атипиялық ауырсынулар (жіті коронарлық синдромға күдіктену)
2.9Жүкті әйелдердің бас ауруы
2.10Әртүрлі этиологиядағы психоз
3 - жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 30 минутқа дейін)
Денсаулығына әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі3.1Қан кетусіз оқшауланған жарақат
3.2Іштің ауруы (жіті іштің ауруы)
3.33 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдердегі 38º С жоғары температура
3.4Физиологиялық босанулар
3.5Жүкті әйелдердегі іш ауруы (жүктілікті үзу қатері)
3.6Балалардағы шектелген күйік пен үсу.
3.7Құсу + сусызданудың ауыр белгілерімен сұйық нәжіс
3.8Жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін)
3.9Босанулардан, аборттардан кейінгі қабыну аурулары
4. Кезек күттірмейтін жай-күйлер (бригаданың келу уақыты – 60 минутқа дейін)
Пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнбеген кезде, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз жіті аурудан немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған пациенттің жай-күйі4.1Жіті аурулар немесе өмірге қауіптің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы
4.2Терінің және теріастының жіті қабынған және аллергиялық аурулары
4.3Жеңіл жарақаттар (терең емес жарақаттар, күйіктер, соғып алу, жара)
4.4Созылмалы аурулардың салдарынан ауырсыну синдромы
4.5Несеп шығару жүйесі ағзаларының созылмалы ауруларынан туындаған несептің жіті жүрмей қалуы
4.6Қан аралас несеп
4.7Тыныс алу жолдарынан басқа бөгде денелер
4.8Медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляцияларды жүргізуді талап ететін өзге де жай-күйлер
4.9Жануарлар мен жәндіктердің тістеп (шағып) алуы
4.10Артериялық гипертензия (криздің асқынуынсыз)
4.11Өздігінен түспейтін жоғары температура
Жедел медициналық жәрдем,
оның ішінде медициналық
авиацияны тарта отырып
көрсету қағидаларына
5-қосымша

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының мобильдік бригадаларының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі

Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 125 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жиналмалы сөмкені жарақтандыру
№АТХ кодыФармакологиялық топ (ХПА)Дәрілік нысаныӨлшем бірлігі
AАсқазан жолы және зат алмасу
A03АІЖ тарапынан болған функциялық бұзылуларды емдеуге арналған препараттар
A03AІшек қызметінің бұзылуы кезінде қолданылатын препараттар
A03AXІшек қызметінің бұзылулары кезінде қолданылатын басқа да препараттар
1Платифиллининъекцияға арналған ерітінді 0,2%, 1 млампула
A03FАІЖ моторикасын ширатқыштар
2A03FA01Метоклопрамидинъекцияға арналған ерітінді, 0,5%, 2 млампула
BҚан түзу және қан
B01Антикоагулянттар
B01ACТромбқа қарсы препараттар, тромбоциттер агрегациясының ингибиторлары (гепаринді қоспағанда)
3B01AC04Клопидогрелқабықпен қапталған таблеткалар, 300 мгтаблетка
B02BK дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар
B02BXЖүйелі қолдануға арналған басқа да қан тоқтатын препараттар
4B02BX01Этамзилатинъекцияға арналған ерітінді, 12,5%, 2 млампула
B05Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер
B05BВенаішілік енгізуге арналған ерітінді
B05BBСу-электролитті теңгеріміне әсері бар ерітінділер
5B05BB01Натрии хлоридіинъекцияға арналған ерітінді, 0,9%, 5 млампула
B05CИрригациялық ерітінділер
B05CBТұзды ерітінділер
6B05CB01Натрии хлориді200,250, 400 мл-ден инфузияға арналған ерітінді, 0,9%құты
B05XВенаішілік енгізуге арналған ерітінділерге қоспалар
B05XAЭлектролитті ерітінділер
7B05XA05Магний сульфатыинъекцияға арналған ерітінді, 25%, 5 млампула
CЖүрек-тамыр жүйесі
C01Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар
C01CЖүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препараттар
C01CAАдренергетиктер мен допаминомиметиктер
8C01CA24Эпинефрининъекцияға арналған ерітінді, 0,18 %, 1 млампула
C01DЖүрек ауруларын емдеуде қолданылатын шеткі тамыр кеңейткіштер
C01DAОрганикалық нитраттар
9C01DA02Нитроглицериндозасы бар тіл асты аэрозолі 0,4 мг/доза 10гқұты
10C01DA08Изосорбид динитраты1 мг/мл 10 мл/аэрозоль инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентратампула (құты)
C03Диуретиктер
C03C"Ілмек" диуретиктер
C03CAСульфонамидті диуретиктер
11C03CA01Фуросемидинъекцияға арналған ерітінді, 1%, 2 млампула
C09Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препараттар
C09AАнгиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары
12C09AA01Каптоприлтаблеткалар, 25 мгтаблетка
13C09AA02Эналаприлинъекцияға арналған ерітінді,1,25 мг/мл, 1 млампула
DДерматология
D03Жарақаттар мен жараны емдеуге арналған препараттар
D03AҚалыпты тыртықтануға ықпал ететін препараттар
14D03AX03Декспантенолсыртқа пайдалануға арналған аэрозольқұты
D08Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AGЙод препараттары
15D08AG03Йод5%спиртті ерітінді, 20 млқұты
D08AXӨзге де антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
16D08AX01Су тетігінің асқын тотығы3% сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 50 млқұты
17D08AX08Этанол70% сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 50 млқұты
HЖыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар
H02Жүйелі қолдануға арналған кортикостероидтар
H02AЖүйелі қолдануға арналған кортикостероидтар
H02ABГлюкокортикоидтар
18H02AB06Преднизолонинъекцияға арналған ерітінді 30 мг/мл 1 млампула
MСүйек-бұлшықет жүйесі
M01Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01AСтероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01AEТуынды пропион қышқылы
19M01AE01Ибупрофенішке қабылдауға арналған суспензия, 100 мг/5 мл 100 млқұты
20M01AE03Кетопрофенинъекцияға арналған ерітінді 100 мг/2 млампула
N02Анальгетиктер
N02BАнальгетиктер және антипиретиктер
N02BAСалицил қышқылы және оның туындылары
21N02BA01Ацетилсалицил қышқылытаблетка, 500 мгтаблетка
N02BEАнилидтер
22N02BE01Парацетамолтаблеткалар, 500 мг; тік ішек суппозиториилері, 80 мг, 100 мг, 250 мг, ішке қабылдауға арналған суспензия 120 мг/5 мл 100 млтаблетка / суппозиториилер/ суспензия
N03Эпилепсияға қарсы препараттар
N03AGМай қышқылдарының туындылары
23N03AG01Вальпров қышқылыинъекцияға арналған ерітінді, 100 мг/млампула
RТыныс алу жүйесі
R03Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар
R03AИнгаляцияға қолдануға арналған симпатомиметиктер
R03ACСелективті бета-2-адреномиметиктер
24R03AC02Сальбутамолингаляцияға арналған аэрозоль100 мкг/доза, 200 дозақұты
R06Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар
R06AAАминоалкильді эфирлер
25R06AA02Дифенгидрамининъекцияға арналған ерітінді, 1%, 1 млампула
R06ACЭтилендиамин алмастырғыштар
26R06AC03Хлоропирамининъекцияға арналған ерітінді, 20 мг/мл 1 млампула
R07Тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
27R07ABАммиакерітінді 10%, 20 мл, 40 млқұты

Медициналық бұйымдар

№Атауы
1Тінді кесуге арналған қайшы
2Автоматты бекіткіші бар қыспалы жгут
3Бір реттік шприцтер 2,0; 5,0; 10,0; 20,0
4Венаішілік инфузияға арналған бір реттік жүйе
5Стерильді емес қолғаптар
6Жарық терапиясына арналған шпатель
7Бір реттік маскалар
8Жабысқақ лейкопластырь
9Фонедоскоп
10Тонометр
11Дене температурасын анықтауға арналған электрондық термометр
12Медициналық көмекке арналған жиналмалы сөмке
13Катетері бар венаішілік канюля (өлшемі 16, 18, 20, 22, 24), бір реттік, стерильді (3 данадан)
14"Бабочка" инесі (өлшемі 23 және 24), бір реттік, стерильді (3 данадан)
15Мақта және (немесе) спиртті сүрткіштер (қажеттілігі бойынша саны)
16Бинттер (стерильді, стерильді емес)
17А класындағы қалдықтарға арналған пакет
18Б класындағы қалдықтарға арналған пакет
19Өткір құралдарды жинауға арналған В класындағы контейнер сыйымдылығы (қауіпті қалдықтар) (бір реттік), 250 мл
20Ересектерге және балаларға арналған датчиктері бар портативті көліктік пульсоксиметр
21Тест-жолақтар және скарификаторлар жиынтығымен қандағы портативті глюкоза концентрациясының экспресс-өлшеуіші
22Үш арналы автоматты режимі бар электрокардиограф (дисплейі бар, 12 тіркеменің синхронды жазбасы, үш және одан көп тіркемені графикалық бейнелеу, кейіннен қосымша сигналды өңдеумен, телеметрия функцияларымен компьютерге қосу мүмкіндігімен электрокардиограмманы қайта жаңарту)
Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларына 6-қосымша

Үйлестіруші ұйымның диспетчеріне медициналық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігерінің өтінімі

Қызмет түрі:Тасымалдау Консультация Операция
Пациент туралы деректерПациенттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): Туған жылы: Азаматтығы: Жынысы: Салмағы: Бойы: Елдімекен: Пациенттің орналасқан жері: Пациенттің орналасқан жерінен әуе жайға дейінгі болжамды жету уақыты:
ДиагнозыНегізгі: Қосымша:
Пациенттің қазіргі жағдайын бағалау:Глазго шкаласы бойынша пациенттің ес-түссіз жағдайын бағалау: Пациент жағдайының ауырлық дәрежесі: Тыныс алуы: Өкпені жасанды желдету түрі: Вентиляция режимдері:
Өмірлік маңызды көрсеткіштер:Дене қызуы: Тыныс алу жиілігі: Жүректің жиырылу жиілігі: Артериялық қысым: Оттегі сатурациясы: Оксигенация қажеттілігі:
Қосымша ақпарат1. Эпидемиологиялық анамнезі:
2. Пациенттің іс-әрекеті алаңдатарлық па?
3. Қажет болған жағдайда пациент ұшақтағы арқасы бар орындықты тік қалыпта отыра ала ма?
4 Әуе кемесінде пациент өз еркімен өз-өзіне қызмет көрсете ала ма (оның ішінде тамақ ішу, дәретханаға бару және тағы сол сияқты)?
5 Пациент қандай ұйымға жіберілді? Елдімекен: Медициналық ұйымның атауы:
7. Қосалқы аурулар / арнайы терапияны талап ететін пациенттің жай-күйі (қолданылатын препараттар: инсулин, гипотензивті препараттар)
Медициналық авиация бөлімшесі дәрігерінің деректеріӨңір, медициналық ұйымның мекенжайы: медициналық авиация бөлімшесінің үйлестіруші- дәрігерінің Т.А.Ә.(бар болса): Телефон:
Жедел медициналық жәрдем көрсету, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып, көрсету қағидаларына 7-қосымша

Үйлестіруші ұйым мен медициналық авиация бөлімшесінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі

Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

АХЖ кодыФармакологиялық топ (ХПА)Дәрілік түрі
AАсқазан жолы және зат алмасу
A03Асқазан ішек жолы тарапынан болған функциялық бұзылуларды емдеу препараттар
A03BИтжидек және оның туындылары
A03BAИнжидек алкалоидтары, үштік аминдер
А03ВА01Атропин
A03BA01Атропин сульфаты1 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді
A03FАсқазан ішек жолы моторикасын ынталандырғыштар
A03FA01Метоклопрамид
A03FA01Метоклопрамид2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%
B01ABГепарин және оның туындылары
B01AB01Натрий гепарині
B01AB01Натрий гепарині5000 БІР/мл 5 мл инъекцияға арналған ерітінді
B02BK дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар
B02BXЖүйелі падалануға арналған басқа да қан тоқтатын препараттар
B02BX01Этамзилат
B02BX01Этамзилат2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 12,5%
B05Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер
B05AҚан препараты
B05AAҚан плазмасы препараты және плазма алмастыратын препараттар
B05AA06Сукцинилирленген желатин
B05AA06Сукцинилирленген желатин500 мл инфузияға арналған ерітінд, 4%
B05BВена ішіне енгізуге арналған ерітінді
B05CИрригациялық ерітінділер
B05CBТұзды ерітінділер
B05CB01Натрий хлориді
B05CB01Натрий хлориді200 мл инфузияға арналған ерітінді, 0,9%
B05CXБасқа да ирригациялық ерітінділер
B05CX01Глюкоза
B05CX01Глюкоза200 мл 5% инфузияға арналған
B05CX01Глюкоза5 мл 40% инъекцияға арналған ерітінді
B05XВена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қосындылар
B05XAЭлектролитті ерітінділер
B05XA03Натрий хлориді
B05XA03Натрий хлориді5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,9%
B05XA05Магний сульфаты
B05XA05Магний сульфаты5 мл бұлшық ет ішіне және вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 25%
C01BI және III санатының аритмияға қарсы препараты
C01BDIII санатының аритмияға қарсы препараты
C01BD01Амиодарон
C01BD01Амиодарон150 мг/3 мл венаішілік инъекцияға арналған ерітінділер
C01CЖүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препарат
C01CAАдренергетиктер мен допаминомиметиктер
C01CA04Допамин
C01CA04Допамин5 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат, 4%
C01CA24Эпинефрин
C01CA24Эпинефрин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,18 %
C01DЖүрек ауруларын емдеуде пайдаланылатын шеткі тамыр кеңейткіштер
C01DAОрганикалық нитраттар
C01DA08Изосорбид динитраты
C01DA08Изосорбид динитраты1 мг/мл 10 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентрат
C03Диуретиктер
C03C"Ілмек" диуретиктер
C03CAСульфонамидті диуретиктер
C03CA01Фуросемид
C03CA01Фуросемид2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%
C09Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препараттар
C09AАнгиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары
C09AA02Эналаприл
C09AA02Эналаприл1,25 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді
DДерматология
D08Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AXБасқа да антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AX08Этанол
D08AX08Этанол50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 70%
HЖыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар
H02Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02AЖүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02ABГлюкокортикоидтар
H02AB06Преднизолон
H02AB06Преднизолон30 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді
MСүйек-бұлшықет жүйесі
M01Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01AСтероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01AEПропион қышқылының туындылары
M01AE01Ибупрофен
M01AE01Ибупрофен100 мг/5 мл 100 мл ішке қабылдауға арналған суспензия
M01AE03Кетопрофен
M01AE03Кетопрофен100 мг/2 мл инъекцияға арналған ерітінді;
M03Миорелаксанттар
M03AШетке әсер ететін миорелаксанттар
M03ABХолин туындылары
M03AB01Суксаметоний хлориді
M03AB01Суксаметоний хлориді0,1 г/5 мл инъекцияға арналған ерітінді
М03АСБасқа да төрттік амминдік байланыстар
М03АС06Пипекурон бромиді
М03АС06Пипекурон бромидіЕріткішпен (0,9% натрий хлориді ерітіндісі) жиынтықта вена ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ 4 мг
NНерв жүйесі
N01Анестетиктер
N01AЖалпы жансыздандыруға арналған препарат
N01AXЖалпы жансыздандыруға арналған басқа да препарат
N01AX10Профол
N01AX10Профол1 мг/мл 20 мл вена ішіне енгізуге арналған эмульсия
N02Анальгетиктер
N02AАпиындар
N02AAАпиынның табиғи алкалоидтары
N02AA01Морфин
N02AA01Морфин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%
N02ABФенилпиперидин туындылары
N02ABТримеперидин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%
N02AXБасқа да апиындар
N02AX02Трамадол
N02AX02Трамадол2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5 %
N02BАнальгетиктер және антипиретиктер
N02BEАнилидтер
N02BE01Парацетамол
N02BE01Парацетамолсуспензия 120 мг/5 мл 100 мл-ден
N05Психолептиктер
N05BАнксиолитиктер
N05BAБензодиазепин туындылары
N05BA01Диазепам
N05BA01Диазепам5 мг/мл 2 мл бұлшықет және вена ішілік инъекцияға арналған ерітінді
RТыныс алу жүйесі
R06Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар
R06AAАминоалкильді эфирлер
R06AA02Дифенгидрамин
R06AA02Дифенгидрамин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%
R06ACЭтилендиамин алмастырғыштар
R06AC03Хлоропирамин
R06AC03Хлоропирамин1 мл инъекцияға арналған ерітінді 2%

Медициналық бұйымдар

№АтауыСаны (дана)
1.Фонарь1
2.Өрт сөндіргіш1
3.Медициналық құжаттама (пациент туралы ақпарат бойынша есептілік нысандары)1
4.Матаны қиюға арналған қайшы1
5.Автоматты қыстырғышы бар қысатын жгут1
6.Бір реттік пайдаланылатын шприцтер 2,0;5,0;10,0;20,01
7.Венаішілік енгізуге арналған бір реттік пайдаланылатын система1
8.Стерильденбеген қолғаптар1
9.Стерильденген қолғаптар1
10.Қолды өңдеуге арналған құралдарҚажеттілікке сәйкес
11.Сыртқы беттерге арналған құралдарҚажеттілікке сәйкес
12.Жабдықтарға арналған құралдарҚажеттілікке сәйкес
13.Неврологиялық балға1
14.Бір реттік пайдаланылатын маскалар1
15.Бұластыр1
16.Фонендоскоп1
17.Тонометр1
18.Дене қызуын анықтауға арналған электрондық термометр1
19.Спирттік мақта және (немесе) майлықтар (саны қажеттілік бойынша)1
20.Бинттер (стерильденген, стерильденбеген)1
21.Сантиметрлік таспа1
22.Анатомиялық пинцет1
23.Таңу материалдарына арналған қайшы1
24.А класының қалдықтарына арналған пакет1
25.Б класының қалдықтарға арналған пакет1
26.Өткір құралдарды жинауға арналған В класының (қауіпті қалдықтар) сыйымдылық контейнері (бір рет пайдаланылатын) 250 мл1
27.Шприц перфузоры2
28.Барлық мөлшердегі зәр шығару катетері
29.Медициналық көмекке арналған сөмке1
30.Катетері бар, бір реттік пайдаланылатын, стерильденген венаішілік канюля (өлшемі 16, 18, 20, 22, 24)1
31.Аспирациялық катетерлер (барлық өлшемдері 1 данадан)1
32.Ларингиальды маска (1 дана үшін 1,2,3,4,5 өлшемдері)1
33.Ауа өткізгіш жиынтығы (барлық өлшемдері 1 данадан)1
34.Ересектер мен балаларға арналған бір реттік пайдаланылатын оттекті маскалар (барлық өлшемдері 1 дана)1
35.Эндотрахеальды түтіктер (барлық өлшемдері 1 дана)1
36.Ауызкергіш1
37.Тілді қышқыш1
38.Коникотомиялық жиынтық1
39.Қатты шиналар жиынтығы1
40.Қатты мойын жағасы1
41.Қатты және (немесе) пневматикалық және (немесе) вакуумдық шиналар жиынтығы (балалар мен ересектерге арналған). Балалар мен ересектерге арналған иммобилизациялайтын жағалар жиынтығы1
42.Жиынтықтағы босандыру пакеті (акушерлік жиынтық, кіндікке салуға арналған қапсырма)1
43.Жанэ бір рет пайдаланылатын шприці1
44.Бір реттік пайдалануға барлық өлшемдегі асқазан сүңгісі1
45.Насосты механикалық аяқ сорғышы1
46.Ларингоскоп жиынтықта (3 жүз)1
47.Жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған кувез1
48.Несеп қабылдағыш1
49.Тест-жолақтар, скарификаторлар жиынтығы бар портативті қандағы глюкоза концентрациясының экспресс-өлшеуіші1
50.Жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған чемоданда немесе рюкзактағы реанимациялық жиынтық1
51.Еденге орнату және зембілдерге бекіту мүмкіндігі бар құюға арналған жиналмалы штатив1
52.Портативті компрессорлық небулайзер (ингалятор)1
53.Вакуумды матрас (қажет болған жағдайда)1
54.Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға арналған оттегі көзі бар, оттегі көздерін ауыстырып қосу кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жұмыс газына арналған кемінде екі кірісі бар; оттегі ингаляциясына арналған маска мен түтікше (ересектер мен балалар) жүйелер жиынтығы; бір реттік пайдаланылатын(балалар мен ересектер) тыныс алу Контурына арналған сүзгілердің жиынтығы бар көлік платформасында орналасқан, өкпені жасанды және қосалқы желдету режимдері бар жедел медициналық көмекке арналған өкпені портативті басқаратын және қосалқы жасанды желдету аппараты1
55.Көліктік дефибриллятор-монитор1
56.Телеметрия функциясы бар автоматты режимдегі үш арналы Электрокардиограф (дисплейдің болуы, 12 бұрманы синхронды жазу, үш немесе одан да көп бұрмадан графикалық бейнелеу, сигналды кейіннен қосымша өңдей отырып, компьютерге қосылу мүмкіндігімен электрокардиограмманы жаңғырту)1
57.Ересектер мен балалардағы жүрек-өкпе реанимациясына (кеуде қуысының қысылуына) арналған электромеханикалық аспап1
58.Пульсоксиметр портативті көлік жиынтықта ересектер мен балаларға арналған датчиктермен1
59.Көліктік электр сорғыш1
60.Тасымалдауға арналған кемінде төрт жұп қаламы бар, науқасты бекітуге арналған арқандары (белдіктері) бар, науқасты отыратын жағдайда тасымалдауға арналған қақпақтары бар санитариялық қаңқасыз зембілдер (өлшемі 170 см х 70 см кем емес)1
61.Рентген сәулелері мен магниттік өрістер үшін өтетін, көлемі 182 см х 40,5 см кем емес, 4 деңгейдегі бекіткіш белдіктері бар басын бекітуге арналған құрылғысы бар жұлын қалқаны1
62.Өкпені жасанды желдету аппаратын қосу мүмкіндігі бар оттекті (оттегі-ауа) және аэрозольды терапия жүргізуді қамтамасыз етуге арналған оттегі көлемі 2 л кем емес екі газды оттекті баллонынан кем емес редуктор-ингалятор1
63.Вентилі 2 данадан кем емес, баллонға редукторы бар оттегіге немесе газ тұндырғыш аппаратураның пневможектендірілуін қамтамасыз ететін оттегінің өзге көзіне арналған көлемі 10 л газ баллоны1
64.Инфузиялық ерітінділердің температурасын автоматты ұстап тұратын 6 құтыға немесе 12 құтыға бір контейнерге термооқшаулағыш контейнер1

*Ескертпе: бұйымды санитариялық көліктің қабырғасына орналастыруды қамтамасыз ететін өндіруші зауыт арнайы әзірлеген бекіткіші бар. Зарядтау қажеттілігі бар электр бұйымдары үшін - санитарлық көліктің қабырғасына зарядтау үшін бекітпеге салынған ажыратқышы бар.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы "___" _________ № _____ бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

1. "Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

2. "Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 933 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16245 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

3. "Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16283 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

4. "Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № ҚР ДСМ-113 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19291 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

5. "Санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 933 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № ҚР ДСМ-143 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19622 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

6. "Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № ҚР ДСМ-54/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20691 болып тіркелген, 2020 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-225/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-225/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-225/2020, екі жүз жиырма бесінші бұйрық, ҚР ДСМ-225/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.