Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-239/2020 бұйрық (08.12.2020): толық мәтін және скачать

Жаңа

Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-239/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 желтоқсанда № 21756 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-239/2020
Қабылданған күні
08.12.2020
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидалары
  2. 1-тарау. Жалпы қағидалар
  3. 2-тарау. Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу тәртібі
  4. Қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобаларын бағалаудың тәртібі
  5. Аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстардың және денсаулық сақтау практикасына енгізілуге жоспарланатын ғылыми-медициналық әзірлемелердің нәтижелерін бағалаудың тәртібі
  6. Қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасының жобасы бойынша ғылыми-медициналық сараптама қорытындысы
  7. Аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстардың және денсаулық сақтау практикасына енгізілуге жоспарланатын ғылыми-медициналық зерттемелердің нәтижелерін ғылыми-медициналық сараптау қорытындысы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 226-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) "Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 397 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8609 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашада № 325 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

2) "Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 397 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9262 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 8 желтоқсаны № ҚР ДСМ-239/2020 Бұйрықпен бекітілген

Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы қағидалар

1. Осы ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 226-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ғылыми-медициналық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әзірлеуші – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет субъектісі;

2) ғылыми-медициналық әзірлеме (бұдан әрі – ҒМӘ) – монографияны, әдістемелік ұсынымдарды, басшылықты, статистикалық жинақтарды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарының қызметіне енгізуге арналған ғылыми зерттеулердің нәтижесі.

3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

4) сарапшылар – тиісті лицензияның және (немесе) аккредиттеу туралы куәліктің болуы негізінде ғылыми - медициналық сараптама (бұдан әрі – ҒМС) жүргізуге тартылатын жеке және заңды тұлғалар;

3. ҒМС өткізу жөніндегі жұмыс органын (бұдан әрі – жұмыс органы) уәкілетті орган айқындайды. Жұмыс органы ҒМС рәсімін ұйымдастыру және техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады.

4. ҒМС объектілері:

1) қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары;

2) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелері;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстар;

4) денсаулық сақтау практикасына енгізу үшін жоспарланатын ғылыми-медициналық әзірлемелер.

5. ҒМС негізгі қағидаттары:

1) тәуелсіздік;

2) ғылыми көзқарас, сараптаманың жан-жақтылығы, объективтілігі;

3) медицина ғылымының дамуының әлемдік деңгейіне бағдарлану;

4) ҒМС объектілері бойынша сараптамаға ұсынылған материалдардағы ақпарат негізінде ғана қорытындылар шығару;

5) объектілер бойынша ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету және оны сараптамада көзделмеген мақсаттар үшін, сондай-ақ сарапшылар және олардың жұмысының нәтижелері туралы мәліметтерді пайдалануға жол бермеу;

6) ҒМС нәтижелерінің жариялылығы болып табылады.

6. ҒМС негізгі міндеттері:

1) ҒМС объектілерінің ғылыми негізділігін, іске асыру мүмкіндігін, болжамды тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау;

2) қаржыландырылатын ғылыми-медициналық қызмет объектілерінің алынған нәтижелерінің (орындау, аяқтау және енгізу сатыларында) маңыздылығын бағалау және қаржыландыруды жалғастыру, өзгерту немесе тоқтату туралы ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

2-тарау. Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу тәртібі

7. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген ҒМС объектілерін әзірлеушілер уәкілетті органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде:

1) ҒМС объектісін;

2) әзірлеушінің байланыс деректері, ғылыми зерттеу тақырыбының атауы және ғылымды дамытудың басым бағыты, әзірлеушінің ғылыми қызмет тәжірибесінің, ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми дайындығының болуы туралы мәліметтерді (жарияланымдар тізімі, авторлық куәліктер, патенттер және басқа да деректер), әзірлеушінің негізгі орындаушыларының кәсіптік біліктілігі және ҒМС объектісінің атауы көрсетілген әзірлеушінің (жеке тұлғалар үшін) және (немесе) әзірлеушінің (заңды тұлғалар үшін) бірінші басшысының қолы қойылған ілеспе хатты;

3) ҒМС объектісіне оң қорытындысы бар биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;

4) ҒМС объектісі ұсынған ғылыми зерттеулер саласында ғылыми-зерттеу жұмысында тәжірибесі бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ұйымдарының екі тәуелсіз құзыретті мамандарының рецензияларын (аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелері үшін) жібереді.

8. Уәкілетті орган ҒМС объектісін және осы Қағидалардың 7-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды әзірлеушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жұмыс органына жібереді.

9. Осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ҒМС объектілерін әзірлеушілер жұмыс органына қағаз және электрондық жеткізгіштерде:

1) ҒМС объектісін;

2) әзірлеушінің (жеке тұлғалар үшін) және (немесе) әзірлеушінің (заңды тұлғалар үшін) бірінші басшысының қолы қойылған ілеспе хатты;

3) лауазымы, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, байланыс деректері көрсетілген авторлар мен рецензенттер туралы ақпаратты;

4) ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;

5) ҒМС объектісі ұсынған ғылыми зерттеулер саласында ғылыми-зерттеу жұмысында тәжірибесі бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ұйымдарының екі тәуелсіз құзыретті мамандарының рецензияларын жібереді.

10. Жұмыс органы:

1) ҒМС жүргізу үшін және сарапшыларды сарапшылар тобының құрамына енгізу үшін сарапшылар базасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді және оны уәкілетті органмен келіседі;

2) әрбір ҒМС объектісіне сараптамалық кемінде бес адамнан тұратын топты хаттамалық шешімемен құрады:

төраға (төрағаның функцияларын ҒМС өткізуге жауапты Жұмыс органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы орындайды);

ҒМС объектісі ұсынылған ғылыми зерттеулер саласындағы сарапшының(-лардың) жұмыс тәжірибесін ескере отырып, сарапшылар базасынан әзірлеушімен сарапшының (-лардың) үлестестіктің болмауы;

ҒМС өткізуге техникалық және әдіснамалық сүйемелдеуге жауапты Жұмыс органының мамандары кіреді.

3) ҒМС қорытындысын:

уәкілетті органға – осы Қағидалардың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген объектілердің ҒМС өткізу қорытындысы бойынша;

ҒМС объектісін әзірлеушіге – осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген объектілердің ҒМС өткізу қорытындылары бойынша ұсынады.

11. ҒМС объектісі сараптама тобының мүшелеріне қағаз немесе электрондық түрде жіберіледі. Әрбір ҒМС объектісі бойынша сараптама жүргізу мерзімі ҒМС объектісінің сараптама тобының мүшелері алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды.

Сараптама тобының мүшелері сараптама процесінің және ҒМС объектілеріндегі ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

12. ҒМС жүргізу кезінде сараптамалық топ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобаларын бағалау ҒМС әдістемесінде көзделген өлшемшарттарды, көрсеткіштерді және оларды бағалау тетіктерін және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау практикасына енгізу үшін жоспарланатын аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстардың және ҒМС ғылыми-медициналық әзірлемелердің нәтижелерін бағалау әдістемесін негізге алады.

13. ҒМС объектілерінің ҒМС қорытындылары бойынша сараптамалық топ барлық тартылатын сарапшылардың қорытындыларын жинақтайды, әрбір көрсеткіш бойынша орташа балды және ҒМС объектісінің жиынтық бағасын айқындайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) ҒМС объектісі сөзсіз қолдау қөрсетіледі (бұл шешім ҒМС объектісі мүмкін болатын ең жоғары балл санының кемінде 70%-ын алған және ескертулер болмаған кезде.

2). ҒМС объектісі сөзсіз қолдау (бұл шешім ҒМС объектісі мүмкін болатын ең жоғары балл санының кемінде 40%-ын алған және ескертулер болмаған кезде, ҒМС объектісін пысықтау барысында жойылады

3) ҒМС объектісіне қолдау қөрсетілмейді (осы шешім ҒМС объектісі ұсынылған ҒМС объектісі шеңберінде жойылмайтын баллдар мен ескертулердің ең жоғары ық

14. ҒМС нәтижесі ҒМС жұмыс органының ресми қорытындысы болып табылады.

қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары бойынша ҒМС қорытындылары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламаның, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстың, денсаулық сақтау практикасына енгізу үшін жоспарланатын ғылыми-медициналық әзірлеменің нәтижелері бойынша ҒМС қорытындылары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

Жұмыс органының ҒМС қорытындысы ҒМС жүргізуге тартылған сарапшылар қатарынан жұмыс органы айқындайтын сараптама тобы төрағасының қолымен ұсынылады.

15. Сараптамалық топ осы Қағидалардың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген объектілер бойынша ҒМС қорытындысын шығарған сәттен бастап жұмыс органы екі жұмыс күні ішінде ҒМС қорытындысын уәкілетті органға жібереді.

16. Уәкілетті орган жұмыс органынан ҒМС қорытындысын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) ҒМС объектісін мақұлдау және оның ұсынымдары осы ҒМС объектісіне қатысты қабылданған қолданыстағы регламенттер мен рәсімдерге сәйкес одан әрі кезеңдерден өту туралы;

2) шығарылған ескертулерге сәйкес ҒМС объектісін пысықтау қажеттілігі туралы;

3) ҒМС объектісін одан әрі қолдаудан бас тарту туралы.

17. Шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ҒМС объектісіне қатысты қабылданған шешім туралы әзірлеушіні жазбаша хабардар етеді.

18. Пысықтауға қайтарылған және қайтадан ҒМС-ға ұсынылған ҒМС объектілері жалпы негіздерде қаралады.

19. ҒМС өткізуден бас тарту үшін:

1) әзірлеушінің осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбауы;

2) әзірлеушінің анық емес мәліметтер ұсынуы;

3) әзірлеушінің бұрын жұмыс органы пысықтауға қайтарған ҒМС объектісін ҒМС қорытындысында шығарылған ескертулерді жоймай қайта ұсынуы негіз болып табылады.

20. Уәкілетті орган ҒМС өткізуден бас тарту туралы:

1) осы Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша ҒМС объектісі әзірлеушіден келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде;

2) осы Қағидалардың 19-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жұмыс органынан тиісті ақпаратты алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

Ғылыми-медициналық сараптамажүргізу қағидаларына 1-қосымша

Қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобаларын бағалаудың тәртібі

Өлшемшарттардың және көрсеткіштердің атауы, оларды бағалау деңгейіӨлшемшарттардың, көрсеткіштердің және оларды бағалау деңгейлерінің сипаттамасыБаллдардағы баға
1. Маңыздылығының өлшемшарттары:Өтінім берілетін ҒМС объектісінің ғылым және практика, зерттелетін проблема бойынша білім саласы үшін маңыздылығы
1.1. Жоспарланатын зерттеудің өзектілігіҒылым мен практиканың сұраныстарына сәйкес келу дәрежесімен сипатталады
ЖоғарыҒМС объектісінде қойылған проблемаларды шешу қазіргі заманғы медициналық ғылым және практика үшін аса маңызды және басым міндет болып табылады7–10
Біршама жоғарыҒМС объектісінде қойылған проблемаларды шешу қазіргі заманғы медициналық ғылым және практика үшін маңызды міндет болып табылады4–6
ҚанағаттанарлықҒМС объектісінде қойылған проблемаларды шешу қазіргі заманғы медициналық ғылымның және практиканың жергілікті міндеттерінің бірі болып табылады1–3
Өзекті емесҒылымның және практиканың сұраныстарына және міндеттеріне сәйкес келмейді0
1.2. Күтілетін нәтиженің медициналық ғылымға әсер ету дәрежесіҒМС объектісін іске асыру барысында шешілетін медициналық ғылымның проблемаларының деңгейі мен басымдылығымен сипатталады
ЖоғарыМедициналық ғылымның аса маңызды проблемаларын шешуге мүмкіндік беріп, оны одан әрі дамытуға түбегейлі әсер тигізеді7–10
Біршама жоғарыСалалық ғылымдағы басым бағыттарының бірі шеңберінде басты проблеманы шешуде анағұрлым алға қарай жылжуға мүмкіндік беріп, медициналық ғылымды одан әрі дамытуға айқын әсер тигізеді4–6
ҚанағаттанарлықСалалық ғылымның бар проблемаларының бірін шешу үшін негіз салуға мүмкіндік беріп, медициналық ғылымды дамытуға белгілі әсерін тигізеді.1–3
ЖоқМедициналық ғылымды дамыту үшін маңызы жоқ0
1.3. Теориялық маңызыЗерттеу нәтижелерінің денсаулық сақтау саласындағы тұжырымдамаларға, тәсілдерге, идеяларға, теориялық түсініктерге әсер ету дәрежесімен сипатталады
ЖоғарыЗерттеудің нәтижелері жаңа идеялардың, қағидаттардың, ғылыми бағыттардың, теориялардың, гипотезалардың, тұжырымдамалардың, негізінен жаңа тәсілдердің, ауруларды емдеуде, диагностикалауда, профилактикада, ұйымдастыруда, басқаруда, оқытуда мүмкіндіктердің пайда болуына әкеледі.7–10
Біршама жоғарыЗерттеудің нәтижелері мәлім қағидаттарды, амалдарды, әдістерді, ережелерді, теорияларды, тәсілдерді, нысандарды дамытуға және жетілдіруге әкеледі.4–6
ҚанағаттанарлықЗерттеудің нәтижелері мәлім оқиғалардың, үдерістердің, тетіктердің, жағдайлардың, заңдылықтардың, қасиеттердің мағынасын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.1–3
Төмен немесе жоқНәтижені пайдаланудың және дамытудың елеулі емес перспективалары бар немесе ол проблеманы шешу үшін ештеңе бермейді.0
1.4. Практикалық маңызыМедициналық зерттеулерді практикада пайдаланудың нәтижелері болған денсаулықты қорғау, емдеудің әртүрлі әдістемелерін ұйымдастыру саласындағы нақты жетістіктерді сипаттайды
ЖоғарыПрактикалық денсаулық сақтау үшін құндылығы жоғары7–10
Біршама жоғарыПрактикалық денсаулық сақтау үшін белгілі құндылығы бар4–6
ҚанағаттанарлықПрактикалық денсаулық сақтау үшін құндылығы төмен1–3
Маңызы жоқҚұндылығы жоқ0
1.5. Болжамды енгізу деңгейін бағалауЖоспарлы зерттеуді енгізу масштабымен және деңгейімен, экономикалық, әлеуметтік, емдеу-профилактикалық әсердің болуымен және көлемімен сипатталады
ЖоғарыЕлеулі әсермен республикада кеңінен енгізу7–10
Біршама жоғарыЕлеулі әсермен бірнеше ұйымда енгізу4–6
ҚанағаттанарлықӘсерді айқындаусыз бір ұйымда енгізу1–3
ТөменЕнгізу жоспарланбайды, әсер күтілмейді0
1.6. Енгізудің болжамды көлемдерін және нысандарын бағалауЗерттеу нәтижелерін енгізудің әлеуетті мүмкін нысандарының маңыздылығымен және көлемімен сипатталады
ЖоғарыПатент, денсаулық сақтау жүйесі немесе сала үшін нақты ұсыныстар және ұсынымдар7–10
Біршама жоғарыАвторлық куәлік, ресми бекітілген әдістемелік ұсыныстар және ережелер, нұсқаулықтар, нұсқаулар4–6
ҚанағаттанарлықРационалдық ұсыныс, енгізу актісі1–3
ТөменМекенжайсыз жалпы сипаттағы ұсыныстар және ұсынымдар0
2. Ғылыми және технологиялық жаңалықтың өлшемшарттары:Өткізілетін зерттеулер, әзірленетін тұжырымдамалар, шешілетін мақсаттар мен міндеттер жаңалығының деңгейі
2.1. Ғылыми жаңалықтың деңгейіЗерттеудің проблемасын қалыптастыру және ғылыми негіздеу жаңалығының дәрежесімен, аталған бағытта бұрын зерттеулердің болмауымен сипатталады
ЖоғарыЗерттеудің проблемасы алғаш рет қалыптастырылған және ғылыми негізделген, аталған бағытта бұрын зерттеулер өткізілмеген, проблеманы шешудің ұсынылатын жолы бұрын пайдаланылмаған7-10
Біршама жоғарыҒМС объектісінде проблеманы шешудің қолданыстағы жолдарын жетілдіруге мүмкіндік беретін зерттеудің проблемасын шешудің түпнұсқалы тәсілдері ұсынылған4–6
ҚанағаттанарлықЗерттеудің проблемасын шешуге ұсынылатын тәсілдер тиімділік бойынша мәлім тәсілдерден айтарлықтай аспайды, бірақ жаңалық пен түпнұсқалықтың элементтері бар1–3
ЖоқПроблеманы шешуге ұсынылатын тәсілдерде жаңалық және түпнұсқалық жоқ0
2.2. Зерттеу тұжырымдамасының дәлдігіЗерттеу тұжырымдамасының нақтылығы мен толықтығының деңгейімен, тұжырымдалған мақсаттардың және міндеттердің сапасымен сипатталады
ЖоғарыЗерттеудің нақты тұжырымдамасы. Атауы және мақсаты жоспарланатын зерттеудің ғылыми жаңалығын және өзектілігін толық ашады.7-10
Біршама жоғарыЗерттеудің тұжырымдамасы, атауы және мақсаты жоспарланатын зерттеудің ғылыми жаңалығын және өзектілігін толық көлемде ашпайды.4–6
ҚанағаттанарлықЗерттеудің тұжырымдамасы, атауы және мақсаты жоспарланатын зерттеудің ғылыми жаңалығын және өзектілігін жартылай ғана ашады1–3
ТөменЗерттеудің тұжырымдамасы жоқ. Атауы және мақсаты жоспарланатын зерттеудің ғылыми жаңалығын және өзектілігін ашпайды.0
3. Жобаны немесе бағдарламаны іске асырудың өлшемшарттарыҰсынылатын зерттеуді өткізу ортасының және жағдайларының қойылған мақсаттарға, міндеттерге және күтілетін нәтижелерге сәйкес келу дәрежесімен сипатталады
3.1. Ғылыми-әдістемелік деңгейЖоспарланатын зерттеуді әдістемелік пысықтау дәрежесімен – әдістеме дизайнының қойылған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес келуімен сипатталады
ЖоғарыЗерттеу көлемі бойынша жеткілікті материалда, дұрыс әдістерді пайдаланумен және алынған нәтижелерді толық статистикалық өңдеумен өткізілетін болады7–10
Біршама жоғарыЗерттеу көлемі бойынша жеткілікті шектелген материалда, дұрыс әдістерді пайдаланумен және алынған нәтижелерді жартылай статистикалық өңдеумен өткізілетін болады4–6
ҚанағаттанарлықЗерттеудің күтілетін нәтижелерінің бірқатар жағдайларда олардың статистикалық нақтылығын, бөлек әдістемелік кемшіліктерін айқындау мүмкіндігінің болмауына, материалдың жеткіліксіз көлеміне байланысты төмен дәлелді күші болуы мүмкін.1–3
ТөменПайдалануға жоспарланатын әдістер белгілі дәрежеде зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне адекватты емес, материалдың көлемі анық емес, нәтижелерді статистикалық өңдеу жоспарланбайды0
3.2. Бітеменің болуыБұрынғы жұмыстың нәтижелері бойынша бағаланатын ҒМС объектісінде қойылған міндеттерді шешу үшін орындаушылар даярлығының деңгейі
Елеулі бітемеТаңдалған бағыттың дұрыстығын растайтын оң нәтижелердің, зерттеу тақырыбы бойынша жарияланымдардың болуы7–10
Белгілі бітемеТаңдалған бағыттың дұрыстығын растайтын бастапқы материалдың болуы, зерттеудің тиісті әдістері игерілген4–6
Ең төмен бітемеЗерттеудің әдістері игерілген1–3
Бітеме жоқЗерттеудің тақырыбы бойынша бітеме жоқ0
3.3. Негізгі орындаушылардың біліктілігі және тәжірибесіЗерттеулердің таңдалған бағыты бойынша негізгі орындаушылар біліктілігінің және тәжірибесінің дәрежесімен сипатталады
ЖоғарыОрындаушылардың жалпы санынан 70-100%-да қойылған міндеттерді орындау үшін жеткілікті біліктілігі бар (жоспарлы зерттеудің бейініне сәйкес келетін жоғары, ЖОО-на кейінгі немесе қосымша білімі және осы салада кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі)7–10
Біршама жоғарыОрындаушылардың жалпы санынан 40-69%-да қойылған міндеттерді орындау үшін жеткілікті біліктілігі бар (жоспарлы зерттеудің бейініне сәйкес келетін жоғары, ЖОО-на кейінгі немесе қосымша білімі және осы салада кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі)4–6
ТөменОрындаушылардың жалпы санынан 39%-дан кем орындаушыларда қойылған міндеттерді орындау үшін жеткілікті біліктілігі бар (жоспарлы зерттеудің бейініне сәйкес келетін жоғары, ЖОО-на кейінгі немесе қосымша білімі және осы салада кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі)1–3
ЖоқЖеткіліксіз0
3.4. Зерттеуді орындау мерзімдерінің негізділігіЗерттеудің бөлек кезеңдерін және шараларын қоса, оны орындау мерзімдерінің негізділігінің дәрежесімен сипатталады
ЖоғарыЖоспарлы мерзімдерге сәйкес келеді7–10
Біршама жоғарыОрындау мерзімі көрсетілген мерзімнен 50 %-дан астам емес жоғары немесе қажет етілетін мерзімге қатысты төмендетілген4–6
Жеткілікті жоғары емесОрындау мерзімі көрсетілген мерзімнен 50 %-дан астам жоғары немесе қажет етілетін мерзімге қатысты төмендетілген1–3
ЖоқОрындау мерзімі негізсіз0
3.5. Қаржылық негіздемесіҒМС объектісін іске асыруға әзірлеуші сұрататын сомалардың шаралардың көрсетілген көлеміне сәйкес келуі ретінде айқындалады
ЖоғарыЗерттеулердің көлемдеріне және міндеттеріне толық сәйкес келеді7–10
Біршама жоғарыТалап етілетін қаржыландыру жоспарлы жұмыстар көлемінің құнынан 50 %-ға дейін асады немесе әлеуетті қажетті сомаға қатысты жеткіліксіз4–6
Жеткілікті жоғары емесТалап етілетін қаржыландыру жоспарлы жұмыстар көлемінің құнынан 50 %-дан асады немесе әлеуетті қажетті сомаға қатысты жеткіліксіз1–3
ЖоқТиісті қаржылық негіздеме жоқ0
4. ҒМС объектісін құрастыру және ресімдеу сапасының өлшемшарттарыҰсынылатын ҒМС объектісінің көпшілік мақұлдаған нормаларға және ғылыми жобаларды жазу мен ресімдеудің бекітілген талаптарына сәйкес келу дәрежесімен сипатталады
4.1. Ғылыми жобаны немесе бағдарламаны құрастырудың сапасыҒМС объектісінің құрылымы мен мазмұнының белгіленген талаптарға сәйкес келу дәрежесімен сипатталады
ЖоғарыҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар және ашылған – өзектілігі, мақсаты, міндеттер, зерттеудің дизайны және басқа. Жобаны жазудың жақсы ғылыми стилі ұсталған.7-10
Біршама жоғарыҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар, бірақ толық көлемде ашылмаған. Жобаны жазудың ғылыми стилистикасы бойынша елеулі емес ескертулер бар.4–6
ҚанағаттанарлықҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар, бірақ кейбіреуі ашылмаған деуге болады. Жобаны жазудың ғылыми стилистикасы бойынша елеулі ескертулер бар.1–3
ЖоқҒМС объектісінде бірқатар қажетті бөлімдер жоқ, бар бөлімдер ашылмаған деуге болады. Өрескел стилистикалық және орфографиялық қателіктер бар.0
4.2. Пайдаланылған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келуін бағалауКөтерілетін проблема бойынша пайдаланылған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келу дәрежесімен және олардың жаңалығының деңгейімен сипатталады
ЖоғарыПайдаланылатын ғылыми-анықтамалық аппарат – қолданыстағы МемСТ-қа сәйкес келеді, сызбалар, кестелер, графиктер, суреттеме және т.б. түрінде қосымшалары бар. Авторлар шешілетін проблемаға тікелей қатынасы бар және ғылыми әдебиетте кем дегенде 5 жыл бұрын жарияланған анағұрлым маңызды әдеби көздерге сілтеме жасайды7–10
Біршама жоғарыАвторлар пайдаланған ғылыми еңбектер және әдебиет қозғалатын мәселеге біршама сәйкес келеді және негізінде жаңалығы бар. (жариялымдардың цитат келтіру мерзімі 10 жылдан аспайды)4–6
ТөменАвторлар пайдаланған ғылыми еңбектер және әдебиет негізінде қозғалатын мәселеге сәйкес келмейді және жаңашылық болып табылмайды (жариялымдардың цитат келтіру мерзімі 10 жылдан астам)1–3
ЖоқЖұмыста ғылыми еңбектер мен жариялымдарға сілтемелер жоқ0

Әрбір көрсеткіш (k) 10 балдық шкала бойынша бағаланады. Әрбір жоба (бағдарлама) үшін КƩk жалпы баллдық баға (жоба (бағдарлама) алатын ең жоғары мүмкін балл-150) және ықтимал ең жоғары баллдан жоба (бағдарлама) алған пайыз (К%) қойылады.

К% = (КƩk) x 100) және (немесе) 150

Ғылыми-медициналық сараптама қорытындысы бойынша сараптамалық топ келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1) ҒМС объектісі сөзсіз қолдау қөрсетіледі (бұл шешім ҒМС объектісі мүмкін болатын ең жоғары балл санының кемінде 70%-ын алған және ескертулер болмаған кезде.

2). ҒМС объектісі сөзсіз қолдау (бұл шешім ҒМС объектісі мүмкін болатын ең жоғары балл санының кемінде 40%-ын алған және ескертулер болмаған кезде, ҒМС объектісін пысықтау барысында жойылады

3) ҒМС объектісіне қолдау қөрсетілмейді (осы шешім ҒМС объектісі ұсынылған ҒМС объектісі шеңберінде жойылмайтын баллдар мен ескертулердің ең жоғары ықтимал санының 40%-нан азын алған кезде қабылданады).

Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидаларына 2-қосымша

Аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстардың және денсаулық сақтау практикасына енгізілуге жоспарланатын ғылыми-медициналық әзірлемелердің нәтижелерін бағалаудың тәртібі

Өлшемшарттардың және көрсеткіштердің атауыӨлшемшарт және (немесе) индикатордың сипаттамасыБаллдардағы баға
1. Маңыздылығының өлшемшарттары:Ғылым және практика үшін алынған нәтижелердің маңыздылығы, зерттелетін проблема бойынша білімдердің салалары
1.1. Ғылыми маңыздылық деңгейіМедициналық ғылым үшін ҒМС ғылыми объектісін іске асыру барысында шешілген мәселелер мен міндеттердің деңгейімен және басымдылығымен сипатталады.
ЖоғарыДенсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірінің шеңберінде басты мәселелердің бірін шешуде елеулі алға жылжуға мүмкіндік беретін, ғылым мен практиканы әрі қарай дамытуға түбегейлі әсер етеді7––10
Біршама жоғарыДенсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірінің шеңберінде басты мәселелердің бірін шешуге мүмкіндік беретін, ғылым мен практиканы әрі қарай дамытуға түбегейлі әсер етеді4––6
ҚанағаттанарлықДенсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы мәселелерді шешу үшін негізді қалауға мүмкіндік беретін, ғылым мен практиканы әрі қарай дамытуға белгілі бір әсері бар1––3
ЖоқҒылымды дамыту үшін маңыздылығы жоқ0
1.2. Практика үшін маңыздылығыАлынған нәтижелердің заманауи практикалық денсаулық сақтау сұрау салуларына сәйкестік деңгейімен сипатталады
ЖоғарыАлынған нәтижелердің заманауи практикалық денсаулық сақтау үшін жоғары дәрежелі және басым мағынасы бар7––10
Біршама жоғарыАлынған нәтижелер заманауи практикалық денсаулық сақтау үшін өте маңызды4––6
ҚанағаттанарлықАлынған нәтижелердің заманауи практикалық денсаулық сақтау үшін белгілі бір (жергілікті) мағынасы бар1––3
ЖоқПрактиканы дамыту үшін маңыздылығы жоқ0
1.3. Болжамды енгізудің деңгейі және көлемдеріАлынған нәтижелерді енгізу масштабымен және деңгейімен, экономикалық, әлеуметтік, емдеу-профилактикалық әсердің болуымен және мөлшерімен сипатталады
ЖоғарыМаңызды әсерімен республикада кеңінен енгізу7––10
Біршама жоғарыМаңызды әсерімен бірнеше ұйымдарда енгізу4––6
ҚанағаттанарлықӘсерін анықтаусыз бір ұйымда енгізу1––3
ТөменЕнгізудің мәні жоқ0
1.4. Енгізуге зерттеулер нәтижелерінің дайындық деңгейіЗерттеулер нәтижелері лезде енгізілуі мүмкін немесе қосымша қаражаттарды, уақытты, шығындарды, іс-шараларды талап ететіндігін көрсететін көрсеткіш.
ЖоғарыЗерттеу нәтижелері қосымша қаражаттарды, уақытты, шығындарды, іс-шараларды талап етпейтіндіктен лезде енгізіле алады7––10
Біршама жоғарыЗерттеу нәтижелері енгізуге дейін қосымша тексерісті, сынақтар, іс-шаралар өткізуді, технологияларды өзгертуді және т.б. қажет етеді4––6
ҚанағаттанарлықКүшті, қаражаттарды жұмылдыруды және даярлық іс-шараларды өткізуді қажет ететіндіктен енгізу көп уақытты қажет етеді.1––3
ЖоқЕнгізу жөнсіз.0
1.5. Енгізудің болжамды нысандарын бағалауЕнгізу нысандарын зерттеу нәтижелері бойынша маңыздылықпен сипатталады
ЖоғарыПатент, қызметтің жаңа нысаны немесе саласы7––10
Біршама жоғарыАвторлық куәлік, ресми түрде бекітілген әдістемелік ұсынымдар, нұсқаулар және нұсқаулықтар4––6
ҚанағаттанарлықРационализаторлық ұсыныс, енгізу актісі1––3
ТөменДенсаулық сақтау жүйесіне арналған ұсынымдар мен ұсыныстар жоқ немесе мекенжайсыз сипаты бар0
2. Ғылыми және технологиялық жаңалық өлшемшарттары:Алынған нәтижелердің, әзірленген тұжырымдамалардың және болжамдардың деңгейі
2.1. Ғылыми жаңалық деңгейіЗерттеудің проблемасын шешудің ұсынылатын жолының жаңалығы деңгейімен сипатталады
ЖоғарыАталған бағытта зерттеу бұрын жүргізілген жоқ, зерттеудің проблемасын шешудің ұсынылатын жолы бұрын қолданылған жоқ7––10
Біршама жоғарыҒМС объектісінде проблеманы шешудің қолданыстағы жолын жетілдіруге мүмкіндік беретін қолданыстағы проблеманы шешудің біртума тәсілдері ұсынылды4––6
ҚанағаттанарлықЗерттеудің проблемасын шешуге ұсынылатын тәсілдер тиімділік бойынша қолданыстағылардан анағұрлым аспайды, бірақ жаңалығы және біртумалығы бар.1––3
ТөменПроблеманы шешуге ұсынылған тәсілдердің жаңалығы және біртумалығы жоқ.0
2.2. Алынған нәтижелердің ғылыми деңгейіҚойылған проблеманы/мәселені шешу толықтығының деңгейімен сипатталады
ЖоғарыЗерттеудің қойылған проблемасы және (немесе) мәселесі толықтай шешілді, алынған нәтижелер қолданыстағы шешімдердің деңгейінен асады.7––10
Біршама жоғарыЗерттеудің қойылған проблемасы және (немесе) мәселесі толықтай шешілді, алынған нәтижелер қолданыстағы шешімдердің деңгейінен жартылай асады4––6
ҚанағаттанарлықЗерттеудің қойылған проблемасы және (немесе) мәселесі жартылай ашылған, алынған нәтижелер қолданыстағы шешімдердің деңгейінде, бірақ кейбір басымдылықтары бар1––3
ЖоқЗерттеудің қойылған проблемасы және (немесе) мәселесінің шешімі жоқ немесе ол қолданыстағы шешімдердің деңгейінен төмен0
3. Зерттеудің күтілетін нәтижелеріне жету өлшемшарттарыЗерттеудің күтілетін нәтижелеріне жету деңгейімен, олардың негізділігімен және белгіленген мерзімдер мен қаржыландыру көлеміне сәйкестігімен сипатталады
3.1. Қойылған мақсаттар мен міндеттерге зерттеу нәтижелерінің сәйкестігіНәтижелер зерттеу басында қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді
ЖоғарыБарлық алынған нәтижелер қойылған мақсаттар мен міндеттерге толықтай сәйкес келеді7––10
Біршама жоғарыАлынған нәтижелер негізінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді, қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келмейтін жеке нәтижелері бар4––6
ҚанағаттанарлықАлынған нәтижелер қойылған мақсаттарға және міндеттерге жартылай сәйкес келеді1––3
ЖоқАлынған нәтижелер қойылған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес келмейді0
3.2. Ғылыми-әдістемелік деңгейЗерттеу нәтижелерінің негізділік деңгейімен: қорытындымен, байламдармен және ұсынымдармен сипатталады.
ЖоғарыЗерттеу көлемі бойынша жеткілікті материалда, дұрыс әдістерді пайдаланумен және алынған нәтижелерді толық статистикалық өңдеумен өткізілетін болады7––10
Біршама жоғарыЗерттеу көлемі бойынша шектеулі материалда, дұрыс әдістерді пайдаланумен және алынған нәтижелерді жартылай статистикалық өңдеумен өткізілетін болады4––6
ҚанағаттанарлықЗерттеудің күтілетін нәтижелерінің бірқатар жағдайларда олардың статистикалық нақтылығын, бөлек әдістемелік кемшіліктерін айқындау мүмкіндігінің болмауына, материалдың жеткіліксіз көлеміне байланысты төмен дәлелді күші болуы мүмкін.1––3
ТөменОсы материалда пайдаланылған әдістер қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз етпеді0
3.3. Зерттеу жоспарына сәйкес келуЕсептілік мерзіммен белгіленген міндеттерді толық орындаумен, зерттеулердің жеке кезеңдерін іске асыру дәрежесімен сипатталады
ЖоғарыБарлық міндеттер мен іс-шаралар уақытында орындалған7––10
Салыстырмалы жоғарыМіндеттер жартылай орындалған, кейін қалғандары маңызсыз4––6
ҚанағаттанарлықМіндеттер жартылай орындалған, кейін қалғандары айтарлықтай маңызды1––3
ТөменҚойылған іс-шаралар көбінде орындалған жоқ0
4. Ғылыми зерттеулердің есебін құрастыру және рәсімдеу сапасының өлшемшарттарыҰсынылған ҒМС объектісінің ғылыми жұмыстарды жазу мен рәсімдеудің көпшілік мақұлдаған нормаларға және белгіленген талаптарға сәйкес келу дәрежесімен сипатталады
4.1. Ғылыми зерттеу есебін құрастыру сапасыБелгіленген талаптарға ҒМС объектісі құрылымының және жобаны ұстаудың сәйкес келу дәрежесімен сипатталады
ЖоғарыҒМС объектісі ҒЗЖ құрастыруға қойылатын белгіленген стандарттарға және талаптарға толық сәйкес келеді. Есепті жазудың жақсы ғылыми стилі ұсталды.7—10
Салыстырмалы жоғарыҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар, бірақ олар жеткіліксіз көлемде ашылған. ҒМС объектісін жазудың ғылыми стилистикасы бойынша кішкене ескертулер бар.4––6
ҚанағаттанарлықҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар, бірақ кейбіреулері айтарлықтай ашылмаған. ҒМС объектісін жазудың ғылыми стилистикасы бойынша айтарлықтай ескертулер бар.1––3
ЖоқҒМС объектісінде бірқатар қажетті бөлімдер жоқ немесе бар бөлімдер толық ашылмаған. Өрескел стилистикалық және орфографиялық қателер бар.0
4.2. Пайдаланылған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келуін бағалауШешілетін проблема және олардың жаңару деңгейі бойынша пайдаланған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келу дәрежесімен сипатталады
ЖоғарыҚолданылатын ғылыми-анықтамалық аппарат – қолданыстағы МЕМСТ сәйкес келеді, сызбалар, кестелер, графиктер, иллюстрациялар және басқалар түрінде қосымшасы бар. Авторлар шешілетін проблемаға тікелей қатысы бар және 5 жылдан астам емес ғылыми әдебиетте жарияланған маңызды әдебиеттік көздерге жүгінеді.7––10
Салыстырмалы жоғарыАвторлар қолданған ғылыми еңбектер және әдебиет көтерілетін проблемаға салыстырмалы сәйкес келеді және негізгі қауымда жаңалыққа ие (дәйексөзді мақалалардың мерзімі 10 жылдан астам емес)4––6
ТөменАвторлар қолданған ғылыми еңбектер және әдебиет көтерілетін проблемаға салыстырмалы сәйкес келмейді және негізгі қауымда жаңалығы жоқ (дәйексөзді мақалалардың мерзімі 10 жылдан астам)1––3
ЖоқЖұмыста сілтемелер жоқ немесе моральді тұрғыдан ескірген ғылыми еңбектер мен мақалаларға сілтемелер бар.0

Ескерту: Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объект ҒМС объектісі болған жағдайда.

Әрбір көрсеткіш (k) 10 балдық шкала бойынша бағаланады. Әрбір жоба (бағдарлама) үшін КƩk жалпы баллдық баға (жоба (бағдарлама) алатын ең жоғары мүмкін балл-120) және ықтимал ең жоғары баллдан жоба (бағдарлама) алған пайыз (К%) қойылады.

К% = (КƩk) x 100) және (немесе) 120

Ғылыми-медициналық сараптама есебінің қорытындысы бойынша сараптамалық комиссия мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) ҒМС объектісі сөзсіз қолдауға лайық (осындай шешім ҒМС объектісі алынуы мүмкін баллдардың ең көп санының 70%-нан көбін алған жағдайда қабылдануы мүмкін және жұмыс барысында жойылатын, алынған нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығына әсер етпейтін ымырасыз ескертулері және/немесе бірнеше ескертулері болмаса) және МҒТС-қа бағыттау үшін ұсынылды.

2) ҒМС объектісі аталған ескертулер пысықталған жағдайда қолданылуы мүмкін (осындай шешім ҒМС объектісі алынуы мүмкін баллдардың ең көп санының 40%-нан көбін алған жағдайда қабылдануы мүмкін және жұмысты әзірлеу сапасына, ғылыми және практикалық құндылығына қатысты бірқатар ескертулері бар болса, бұл ретте жобаны ҒМС объектісін пысықтау барысында кемшіліктер жойылуы мүмкін).

3) ҒМС объектісіне қолдау қөрсетілмейді (осы шешім ҒМС объектісі ұсынылған ҒМС объектісі шеңберінде жойылмайтын баллдар мен ескертулердің ең жоғары ықтимал санының 40%-нан азын алған кезде қабылданады).

Ғылыми-медициналық сараптама
жүргізу қағидаларына 3-қосымша

Қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасының жобасы бойынша ғылыми-медициналық сараптама қорытындысы

Ғылыми-медициналық сараптама объектісінің атауы: _________________

ҒМС объектісінің әзірлеушісі: ____________________________________

Ғылыми басшы: ________________________________________________

Орындау мерзімі: _______________________________________________

Қаржыландыру көлемі (гранттық, бағдарламалық-мақсаттық):_________

Өлшемшарттар мен көрсеткіштердің атауы, оларды бағалау деңгейіБаллдардағы баға
1. Маңыздылық өлшемшарттары:
1.1. Жоспарланатын зерттеудің өзектілігі
1.2. Күтілетін нәтиженің медициналық ғылымға әсер ету дәрежесі
1.3. Теориялық маңыздылығы
1.4. Практикалық маңыздылығы
1.5. Енгізудің болжамды деңгейін бағалау
1.6. Енгізудің болжамды көлемдерін және нысандарын бағалау
2. Ғылыми және технологиялық жаңалықтың өлшемшарттары
2.1. Ғылыми жаңалықтың деңгейі
2.2. Зерттеу тұжырымдамасының дәлдігі
3. Жобаны іске асыру критерийлері
3.1. Ғылыми-әдістемелік деңгей
3.2. Бітеменің болуы
3.3. Негізгі орындаушылардың біліктілігі және тәжірибесі
3.4. Зерттеуді орындау мерзімдерінің негізділігі
3.5. Қаржылық негізділігі
4. ҒМС объектісін құрастыру және ресімдеу сапасының өлшемшарты
4.1. Ғылыми бағдарламаның жобасын құрастыру сапасы
4.2. Пайдаланылған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келуін бағалау

ҒМС объектісіне нақты түсініктемелер ______________________________

Объективті тексеруге кедергі келтіретін мән-жайлардың болуы немесе болмауы

_____________________________________________________

Қорытынды __________________________________________________

Сараптама тобының төрағасы

Сараптау тобының құрамы

Хатшы

Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидаларына 4-қосымша

Аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстардың және денсаулық сақтау практикасына енгізілуге жоспарланатын ғылыми-медициналық зерттемелердің нәтижелерін ғылыми-медициналық сараптау қорытындысы

Ғылыми-медициналық сараптама объектісінің атауы: _________________

ҒМС объектісінің әзірлеушісі: ____________________________________

Ғылыми басшы: ________________________________________________

Орындау мерзімі: _______________________________________________

Қаржыландыру көлемі (гранттық, бағдарламалық-мақсаттық):_________

Өлшемшарттар мен көрсеткіштердің атауы, оларды бағалау деңгейіБаллдардағы баға
1. Маңыздылық өлшемшарты:
1.1. Ғылыми маңыздылық деңгейі
1.2. Практика үшін маңыздылық
1.3. Болжамды енгізудің деңгейі және көлемі
1.4. Енгізуге зерттеулер нәтижелерінің дайындық деңгейі
1.5. Енгізудің болжамды нысандарын бағалау
2. Ғылыми және технологиялық жаңалық критерийлері:
2.1. Ғылыми жаңалық деңгейі
2.2. Алынған нәтижелердің ғылыми деңгейі
3. Зерттеудің күтілетін нәтижелеріне жету критерийлері
3.1. Зерттеу нәтижелерінің қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келуі
3.2. Ғылыми-әдістемелік деңгей
3.3. Зерттеу жоспарына сәйкестік
4. ҒМС объектісін құрастыру және ресімдеу сапасының өлшемшарты
4.1. ҒМС объектісін құрастыру сапасы
4.2. Пайдаланылған ғылыми еңбектер мен әдебиеттердің сәйкестігін бағалау

ҒМС объектісіне нақты түсініктемелер ______________________________

Объективті тексеруге кедергі келтіретін мән-жайлардың болуы немесе болмауы

_____________________________________________________

Қорытынды __________________________________________________

Сараптама тобының төрағасы

Сараптау тобының құрамы

Хатшы

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-239/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-239/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-239/2020, екі жүз отыз тоғызыншы бұйрық, ҚР ДСМ-239/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.