Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-252/2020 бұйрық (11.12.2020): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-252/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 желтоқсанда № 21778 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-252/2020
Қабылданған күні
11.12.2020
Актіні өзгерту күні
16.09.2025
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.09.2025 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

2. "Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 87 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13394 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 5 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-252/2020 бұйрығына қосымша

Медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесі

Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.09.2025 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №Медициналық бұйымның атауы
1Көлік құралының шассиіне орнатылған стоматологиялық жылжымалы әмбебап рентген кешені
2Диагностикалық тасымалданатын рентген аппараты
3Флюорографиялық стационарлық цифрлық рентген аппараты
4Маммографиялық рентген аппараты
5Көлік құралының шассиіне орнатылған жылжымалы медициналық алғашқы көмек көрсету кешені
6Диагностикалық рентген кешені (шығыру машинасымен жиынтықтағы)
7Цифрлық радиологиялық жүйемен диагностикалық рентген кешені
8Диагностикалық жылжымалы рентген аппараты
9Көлік құралының шассиіне орнатылған маммографиялық жылжымалы әмбебап рентген кешені
10Флюорографиялық стационарлық цифрлық рентген аппараты
11Флюорографиялық жылжымалы цифрлық рентген кешені
12Диагностикалық стационарлық рентген кешені
13Цифрлық радиологиялық жүйемен диагностикалық стационарлық рентген кешені
14Өкпені жасанды желдету аппараты
15Капиллярлық қандағы глюкоза, холестерин және триглицеридтердің шоғырлануының жедел талдауыштары
16Капиллярлық қандағы глюкоза шоғырлануының жедел талдауыштары
17.Керек-жарақтарымен автоматты хемилюминесцентті талдауыш

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-252/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-252/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-252/2020, екі жүз елу екінші бұйрық, ҚР ДСМ-252/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.