Өлшем құралы болып табылатын медициналық техниканың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-260/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 21799 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- ҚР ДСМ-260/2020
- Қабылданған күні
- 14.12.2020
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 256 бабының 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған, өлшем құралы болып табылатын медициналық техниканың тізбесі бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Өлшеу құралы болып табылатын медициналық техниканың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5891 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында № 1 жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген, өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18582 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Цой |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 14 желтоқсаны № ҚР ДСМ-260/2020 бұйрығымен бекітілген |
Өлшем құралы болып табылатын медициналық техниканың тізбесі
| № р/с | Медициналық техниканың атауы |
| 1. | Торқабықтың қалыңдығын анализаторы |
| 2. | Электролитті, қан электролиттерінің анализаторы |
| 3. | Аудиометр, диагностикалық аудиометр, импедансты аудиометр, клиникалық, туындаған ықтималдылықты тіркеудің аудиометриялық модулі |
| 4. | Медициналық динамометр |
| 5. | Антропометриялық өлшеуіш |
| 6. | Электроэнцефалограф, цифрлы-электроэнцефалография жүйесі аппараттық-бағдарламалық электроэнцефалографиялық кешен, электроэнцефалограф-анализатор, телеметриялық және автономды режимде электр-энцефалографияның киілетін тәуліктік тіркеуі, компьютерлендірілген, портативті тіркеуші. |
| 7. | Кардиомонитор, кереует жанындағы кардиомонитор, компьютерлік электрокардиоанализатор, телеметриялық электрокардиограф (телефон желісі немесе радиоарна бойынша сигнал беретін) |
| 8. | Бір және көп арналы электрокардиограф, электрокардиографиялық кешен, оның ішінде жүктемелік сынамаларға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен, алып жүретін электрокардиография тіркеуіштер |
| 9. | Реограф, қан айналымы параметрлерін кешенді зерттеуге арналған аппараттық-бағдарламалық реографиялық реограф-полианализатор, реоплетизмограф, реоэнцефалограф |
| 10. | Фотоплетизмограф |
| 11. | Фонокардиограф |
| 12. | Электромиограф, нейромиограф және электромиографияны өлшеу жүйесі (мидың потенциалынан туындаған), нейромиоанализатор |
| 13. | Дозиметр, клиникалық дозиметр |
| 14. | Компьютерлендірілген диагностикалық электрретиноанализатор кешені |
| 15. | Бірқатар физиологиялық параметрлерді бақылауға арналған реанимациялық және анестезиологиялық монитор |
| 16. | Артериялық қысымды және пульс тәуліктік жиілігі, оның ішінде киілетін, компьютерлендірілген автоматты өлшеу мониторы |
| 17. | Пульсоксиметр |
| 18. | Сынамалық көзілдірік линзаларының жиынтығы |
| 19. | Спирограф, портативті микропроцессорлық спирограф, спирографиялық кешен, волюметр, оксикарбоспирограф, оксиспирограф |
| 20. | Пневмотахограф |
| 21. | Медициналық термометрлер |
| 22. | Артериялық қысымды өлшеуге арналған, оның ішінде артериялық қысымды, пульсті өлшеуге және артериялық қысымды тәуліктік бақылауға арналған жартылай автоматты, автоматты, цифрлық тонометрлер. |
| 23. | Өкпені жасанды желдету аппараттары |
| 24. | Жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар |
| 25. | Төмен жиілікті терапия аппараттары, ультражоғары жиілікті терапия аппараттары, ультрадыбыстық терапия аппараттары |
| 26. | Ультрадыбыстық диагностикалық (сканерлер) аппараттар (УДЗ аппараттары) |
| 27. | Планшетті иммуноферменттік талдағыш |
| 28. | Жарық сүзгілермен калибрленетін биохимиялық анализаторлар |
| 29. | Шығарылатын ауаның газ анализаторы |
| 30. | Колориметриялық және фотометриялық медициналық аспаптар |
| 31. | Медициналық поляриметр |
| 32. | Медициналық нефелометр |
| 33. | Люминометр және хемилюминометр |
| 34. | Вискозиметр |
| 35. | Гемоглобинометр |
| 36. | Шприцті, инфузиялық, волюметриялық сорғылар |
| 37. | Медициналық таразылар |
Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-260/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-260/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-260/2020, екі жүз алпысыншы бұйрық, ҚР ДСМ-260/2020 бұйрық скачать.