Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-277/2020 бұйрық (15.12.2020): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Шегілетін темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі, қорқорға арналған темекісі бар бұйымдар, қорқор қоспасы, темекіні қыздыруға арналған жүйе құрамындағы никотин мен шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті деңгейлерін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-277/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 21815 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-277/2020
Қабылданған күні
15.12.2020
Актіні өзгерту күні
28.06.2024
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. шегілетін темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері
  2. Қорқорға арналған темекідегі, қорқор қоспасындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері
  3. Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардағы, темекіні қыздыруға арналған жүйедегі никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері

Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т . қараңыз

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің 110-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шегілетін темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қорқорға арналған темекідегі, қорқор қоспасындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қыздырылатын темекісі бар бұйымдардағы, темекіні қыздыруға арналған жүйедегі никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері анықталсын.

Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. "Темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының шекті рұқсат етілген деңгейлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11689 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 03 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-277/2020 бұйрығына 1-қосымша

шегілетін темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері

Бұйымның түріБұйымның 1 бірлігінің түтініндегі никотин құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі, сигаретке миллиграммБұйымның 1 бірлігінің түтініндегі шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі, сигаретке миллиграмм
Сигарета1,0*10*

* – көрсеткішті айқындау "Кеден одағының "Темекі өніміне арналған техникалық регламент" (КО ТР 035/2014) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың тізбесі туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 9 шешімімен бекітілген зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-277/2020
бұйрығына 2-қосымша

Қорқорға арналған темекідегі, қорқор қоспасындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері

Бұйымдардың түрлерітүтініндегі никотин құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см 3түтініндегі шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см 3
Қорқорға арналған темекі1,0*10*
Қорқор қоспасы1,0*10*

* – көрсеткіш мәні анықтаудың көрсетілген әдісінің метрологиялық сипаттамаларын және қолда бар ғылыми деректерді есепке ала отырып, тиісті анықтау әдісін айқындайтын стандарт қолданысқа енгізілгеннен кейін айқындалады.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-277/2020
бұйрығына 3-қосымша

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардағы, темекіні қыздыруға арналған жүйедегі никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері

Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бұйымдардың түрлеріНикотин құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см3Шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см3
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар1,0*10*
Темекіні қыздыруға арналған жүйе1,0*10*

* – көрсеткіш мәні анықтаудың көрсетілген әдісінің метрологиялық сипаттамаларын және қолда бар ғылыми деректерді есепке ала отырып, тиісті анықтау әдісін айқындайтын стандарт қолданысқа енгізілгеннен кейін айқындалады.

Ескертпе: мг/см3- миллиграмм/текше сантиметр.

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-277/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-277/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-277/2020, екі жүз жетпіс жетінші бұйрық, ҚР ДСМ-277/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.