Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-8 бұйрық (21.01.2021): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 21 қаңтардағы № ҚР ДСМ-8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қаңтарда № 22113 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-8
Қабылданған күні
21.01.2021
Актіні өзгерту күні
07.10.2026
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру қағидалары
  2. 1 тарау. Жалпы ережелер
  3. 2 тарау. Фармацевтикалық өнімге сертификатты (СРР) беру тәртібі.
  4. Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру туралы өтініш
  5. Фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (СРР) 1 № (сертификат нөмірі)
  6. Фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (СРР) № ________

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 23-бабының 14-тармағына , "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Қоса беріліп отырған Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру қағидалары бекітілсін.

2. Мынадай:

1) "Фармацевтикалық өнімге (СРР) сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 413 бұйрығының (2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11488 болып тіркелген);

2) "Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 413 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № ҚР ДСМ-69/2020 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20879 болып тіркелген, 2020 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерде электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы сақтау вице-министріА. Ғиният
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 21 қаңтардағы № ҚР ДСМ-8 бұйрығымен бекітілген

Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабының 14-тармағына , "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (СРР) беру тәртібін айқындайды.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында басшылықты, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2) тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестік сертификаты – дәрілік зат өндірісінің Қазақстан Республикасының тиісті өндірістік практикасына сәйкестігін растайтын құжат;

3) тіркеу куәлігін ұстаушы – әзірлеуші, өндіруші – ұйым, өндірушіден тіркеу куәлігін иеленуге құқығы бар құжат алған дәрілік заттың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы үшін жауапты ұйым (бұдан әрі – өтініш беруші);

4) фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (СРР) – отандық дәрілік заттарды шетелде тіркеу және олардың экспорты үшін уәкілетті орган беретін құжат.

2 тарау. Фармацевтикалық өнімге сертификатты (СРР) беру тәртібі.

3. Фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (CPP) бір дәрілік дозаны көрсете отырып, дәрілік препараттың бір атауына және бір импорттаушы ел үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі. Басқа тілдерге аударуды өтініш беруші жүзеге асырады.

Фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (CPP) тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестік сертификатының қолданылу мерзіміне сәйкес келетін, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

4. Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетіне (бұдан әрі – Комитет) немесе www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беруге өтініш және дәрілік зат өндірілетін өндірістік учаскеге тиісті өндірістік практика талаптарына (GMP) сәйкестік сертификатының электрондық көшірмесін береді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

Құжаттарды қараудың және фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты берудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

Төтенше жағдайлар кезінде, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу жағдайларында құжаттарды қарау және фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты беру 3 (үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды "жеке кабинетінде" портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаның 10-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күнін құрайтын мерзім белгіленеді.

Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Өтініш беруші еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Комитет "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кодекстің 23-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес дәрілік зат тек экспорт үшін өндірілген жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитеттің басшысы қол қойған және мөрімен куәландырылған фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) (бұдан әрі – Сертификат) дайындайды не фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беруден дәлелді бас тартуды ұсынады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.

Өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру электрондық түрде Портал арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Комитет фармацевтикалық өнімге берілген сертификаттардың (СРР) тізілімін жүргізеді.

7. Комитет фармацевтикалық өнімге арналған сертификаттың (СРР) телнұсқасын (бұдан әрі – Телнұсқа) беруді сертификат иесінің жазбаша өтініші негізінде (қандай мақсаттар үшін телнұсқа қажет екенін көрсете отырып) өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Телнұсқа фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (СРР) түпнұсқасының қолданылу мерзіміне беріледі.

Телнұсқаға "Телнұсқа" мөртабасы басылады.

8. Комитет фармацевтикалық өнімге сертификат (СРР) беруден бас тартады:

1) өндірістік алаңның (түпкілікті өнім өндіру) тиісті өндірістік практика талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде негізгі дәрілік заттың өндірілуі және Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттың түпкілікті қаптамасын ғана жүзеге асырылуы;

3) фармацевтикалық өнімге сертификат (СРР) беруге арналған өтінімде толық емес ақпарат кезінде.

9. Сертификатта көзделген мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш беруші сертификат алу үшін осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Сертификатты беру мерзімі мен тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Заңда көзделген тәртіппен көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағым жасайды.

Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру қағидаларының 1-қосымшасы
Нысан

Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру туралы өтініш

_________________________________________________________________,

(өтініш берушінің атауы мекенжайы мен банктік деректемелерін көрсете отырып)

бұдан әрі "Өтініш беруші",

_________________________________________________________________

(лауазымы, ТАӘ (бар болса))

дәрілік затқа фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беруді сұрайды:

Экспорттаушы елдегі сауда атауы
Импортттаушы елдегі сауда атауы
Халықаралық патенттелмеген атауы (болған кезде)
Дәрілік түрі, дозасы, концентрациясы, толтыру көлемі, қаптамадағы дозалардың саны
Отандық өндірушінің атауы
Өндіріс аланының тиісті өндірістік практика талаптарына сәйкес келетіні туралы растау (GMP сертификатының нөмірі мен қолдану мерзімі)
Комитеттің жүргізген соңғы инспекцияның күні

Фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (СРР)

_________________________________________________________________

мақсатта _________________________________________ ұсынуға арналған.

_______________________________ ______________________________

(өтініш берушінің қолы) (ТАӘ (бар болса))

Күні

Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру қағидаларына 2-қосымша

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауыФармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру
2Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауыЖоқ
3Көрсетілетін қызметті берушінің атауыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті
4Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдеріҚұжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші); 2. "цифрлық үкімет" веб-порталы: www.​egov.​kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
5Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі5 (бес) жұмыс күні. Төтенше жағдайлар кезінде, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу жағдайларында құжаттарды қарау және фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты беру 3 (үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Комитеттің өтініш берушіні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар ету немесе ұсынылған құжаттарға тексеру жүргізуіне байланысты 2 (екі) жұмыс күніне ұзартылады.
6Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаныЭлектрондық (ішінара цифрландырылған)
7Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету көрсету нәтижесіФармацевтикалық өнімге арналған сертификат немесе фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты беруден дәлелді бас тарту (СРР). Сертификатты беру электрондық түрде жүзеге асырылады.
8Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріМемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі
9Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі – Еңбек Кодексі) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі және жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесіосы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты беруге өтініш; Дәрілік зат өндірілетін өндірістік учаскеге берілген тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестік сертификаттың электрондық көшірмесі.
11Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі1) көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық емес екенін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған. 6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. 7) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.
12Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда "жеке кабинет", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады. 2) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің kf@ dsm. gov. kz интернет-ресурсында көрсетілген. 3) Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандустың, шақыру түймесінің, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жолдың, күту залының, құжаттар үлгілері бар тіреуіштің болуы. 4) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері – 1414, 8-800-080-7777.
Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру қағидаларының 3-қосымшасы
[УО атауы (мемлекеттік тілде)] УО реквизиттері мемлекеттік тілде[УО атауы (орыс тілінде)] УО реквизиттері орыс тілінде
Өтінішті одан әрі қараудан (мемлекеттік қызметті көрсетуден) дәлелді бас тарту
Нөмірі: [ нөмірі] Берілген күні: [берілген күні][Өтініш берушінің атауы]
[УО атауы] Сіздің [Өтініш берген күн] № [Өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарап, ____________________________________________________ хабарлайды. [Бас тарту себебі].
[Қол қоюшының лауазымы][Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]
Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру қағидаларының 4-қосымшасы
Нысан

Фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (СРР) 1 № (сертификат нөмірі)

№ТалаптарАқпарат
1.1Экспорттаушы ел (сертификатты беретін ел)
1.2Импорттаушы ел (сұраныс берген ел)
1.3Дәрілік препараттың сауда атауы мен дәрілік формасы:
Экспорттаушы елде
Импорттаушы елде
1.4Бірлік дозадағы 3 белсенді заттардың атауы мен мөлшері 2
1.5Қосалқы заттарын қоса алғандағы толық құрамы туралы ақпарат 4
1.6Экспорттаушы елдің нарығында сату үшін препарат тіркелген ба 5 ? Иә (жоқ)
2Экспорттаушы елде дәрілік препарат шынында сатылады ма? Егер 1.6-тармақтағы сұраққа жауап "ия" болса, 8.А-тармақтарды толтырады және 8.В-тармақтарды толтырмайды Егер 1.6-тармақтағы сұраққа жауап "жоқ" болса, 8.А-тармақтарды толтырмайды және 8.В-тармақтарды толтырады 6 Бар/жоқ
2.А.1Тіркеу куәлігінің (лицензияның) нөмірі 7 және берілген күні
2.А.2Тіркеу куәлігін (лицензияны) ұстаушы (атауы және мекенжайы)
2.А.3Тіркеу куәлігін (лицензияны) ұстаушының мәртебесі 8 (8-ескертпеде көрсетілген санаттарға сәйкес) А/Б/В/D
2.А.3.1(В) және (С) санаттары үшін дәрілік препаратты өндірушінің атауы мен мекенжайы 9
2.А.4Тіркеу туралы шешім қабылдау үшін қысқаша негіздеме қоса берілді ма 10 Иә (жоқ)
2.А.5Дәрілік препарат туралы ұсынылған ақпарат бекітілген, толық және тіркеу құжаттарына сәйкес па? 11 Ия (жоқ, ұсынылмады)
2.А.6Сертификат алуға өтініш беруші, егер ол дәрілік заттың тіркеу куәлігін (лицензиясын) ұстаушы болмаса (атауы мен мекенжайы) 12
2.В.1Сертификат алуға өтініш беруші (атауы мен мекенжайы)
2.В.2Өтініш берушінің мәртебесі (8-ескертпеде көрсетілген санаттарға сәйкес)
2.В.2.1(В) және (С) санаттары үшін дәрілік препаратты өндірушінің атауы мен мекенжайы 9
2.В.3Неге тіркелмеген? Талап етілмейді (сұралмаған, қарау сатысында, бас тартылған)
2.В.4Ескертпелер 13
3Сертификат беруші ұйым дәрілік препарат өндірілетін өндіріс алаңына мерзім сайынғы инспекциялау ұйымдастырады ма? 14 Ия (жоқ, қолданбайды) (егер "жоқ" немесе "қолданбайды" болса 4-тармаққа өту)
3.1Жоспарлы инспекцияның мерзімдері (жылдар)
3.2Осы түрдегі дәрілік форманың өндірушісі инспекцияланды ма? Ия (жоқ)
3.3Өндіріс нысаны, жабдықтар мен өндіріс процесстері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынғандай GMP-ге сәйкес келеді ма? 15 Ия (жоқ,қолданбайды)
4.Сертификат беруші орган ұсынылған ақпаратты дәрілік препарат өндірісінің барлық аспектілері бойынша қанағаттанарлық деп таниды ма? 16 Ия (жоқ) (егер "жоқ" болса, түсіндіру)

Осы сертификатты _________________________________________________

(сертификатты беруші органның атауы мен

____________________________________________________________ берді.

мекенжайы, телефон, факс)

________________________________________ _____________________

(сертификатты берген орган басшысының (қолы)

ТАӘ (болған кезде))

Берілген күні 20___ жылғы "_____"_________

20___ жылғы "___" ______ дейін жарамды

Ескертпелер:

1. Осы Фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (СРР) (бұдан әрі – сертификат) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған форматқа сәйкес қалыптастырылған және дәрілік препараттың мәртебесі мен экспорттаушы елде препаратқа сертификат алу үшін өтініш жасаған ұйымның мәртебесін айқындайды.

2. Мүмкіндігінше халықаралық патенттелмеген атауын немесе ұлттық патенттелмеген атауын қолдану.

3. Сертификатта немесе оған қосымшада дайын дәрілік препараттың толық сапалық құрамы көрсетіледі.

4. Сапалық құрамы туралы толық ақпарат, бірақ мұндай ақпарат тіркеу куәлігін ұстаушының келісімемен ғана беріледі.

5. Дәрілік препараттың тіркеу құжаттарындағы кез-келген нұсқаулар, сатуға, тарату мен қолдануға қатысты шектеулер туралы толық ақпарат, егер мұндайлар бар болған жағдайда қосымша есебінде беріледі. Егер жауап "ия" болғанда 2.А-тармақтарын толтыруға өтеді, 2.В-тармақтарын толтырмайды, егер жауап "жоқ" болса, 2.В-тармақтарын толтырады және 2.А-тармақтарын толтырмайды.

6. 2.А ж ә не 2.В-тармақтары бір-бірін өзара алып тастайды.

7. Егер тіркеу куәлігі уақытша немесе препарат әлі тіркелмеген жағдайда, онда мұны көрсету қажет.

8. Дәрілік заттың тіркеу куәлігін ұстаушының мәртебесін көрсету:

А) дәрілік препараттың өндірушісі болып табылады және сапасы мен айналымға шығуына жауапты;

В) басқа кәсіпорын өндірген дәрілік препаратты өлшеп орауды, қаптауды және/немесе таңбалауды жүзеге асырады, сол уақытта оның сапасы мен айналымға шығуына жауапты болып табылады;

С) өндірісте, өлшеп орауға, қаптауға қатыспайды, бірақ оның сапасы мен айналымға шығуына жауапты болып табылады;

D) ешкандай процесске қатыспайды.

9. Ақпарат тек тіркеу куәлігін ұстаушының келісімімен беріледі, егер графа толтырылмаған болса, онда ол тіркеу куәлігін ұстаушының келісім бермегенін білдіреді. Өндіріс орны туралы ақпарат тіркеу куәлігінің бөлшегі болып табылады. Егер өндіріс орны ауысқан жағдайда тіркеу куәлігіне тиісті өзгерістер енгізіледі, олай жасамаған жағдайда ол жарамсыз болады.

10. Қысқаша негіздеме ретінде тіркеу куәлігін беруге негіз болып табылған дәрілік затты мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерегіне өзгерістер енгізу кезінде сараптаманың нәтижесінде сараптама ұйымы жасаған құжат қабылданады.

11. Ақпарат Комитет бекіткен дәрілік препараттың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығына қатысты.

12. Сертификат беру үшін өтініш беруші тіркеу куәлігін (лицензияны) ұстаушыдан сертификат алуға рұқсат әкеледі.

13. Тіркелмеу себебін көрсету:

1) дәрілік препарат экспорттаушы елде таралмаған ауруларды ғана емдеу үшін әзірленген (мысалы, тропикалық аурулар);

2) дәрілік заттың құрамы оның тропикалық жағдайлардағы қалыптылығын жоғарылату мақсатында өзгертілген;

3) дәрілік заттың құрамы импорттаушы елде қолдануға рұқсат етілмеген қосалқы заттарды алып тастау мақсатында өзгертілген;

4) дәрілік заттың құрамы дайын дәрілік заттағы белсенді заттар құрамының максималды болуына қатысты басқа да талаптарды орындау мақсатында;

5) басқа себептер түсініктемелермен.

14. "Қолданбайды" деген дәрілік зат оған сертификат берген елде өндірілмейді, сондықтан инспекциялау өндіруші ел органдарының бақылауымен жүргізіледі.

15. Сертификатта көрсетілген өндірістің тиісті практикасына және дәрілік препараттың сапасын бақылауға қатысты талаптар Дәрілік препараттарды сертификациялау жөніндегі сарапшылар Комитетінің 32 есебіндегі талаптарға сәйкес келеді. (ДДҰ-ның Техникалық есептер Сериясы № 823, 1992, 1-қосымша). ДСҰ биологиялық стандартизациялау жөніндегі Комитеті биологиялық стандартизациялауға қатысты арнайы ұсыныстар қалыптастырған болатын (ДДҰ-ның Техникалық есептер Сериясы № 822, 1992, 1-қосымша).

16. Тармақ егер өтініш беруші ескертпенің 8-тармағында көрсетілген (В) немесе (С) мәртебелеріне сәйкес келген жағдайда толтырылады. Мұндай жағдайда өтініш беруші сертификат беруші органға соңғы өнім өндірісі процесстерінің әр сатысына контрактінің қандай жақтары жауап беретіні, сондай-ақ осы өндірістердің әрқайсысы жүргізетін сапасын бақылаудың кез-келген типінің көлемі мен сипаттамасы туралы ақпарат береді.

Фармацевтикалық өнімге арналған сертификатты (СРР) беру қағидаларының 5-қосымшасы
Нысан

Фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (СРР) № ________

№ТалаптарАқпарат
1.1Экспорттаушы ел (сертификат беретін ел)
1.2Импорттаушы ел (сұраныс беретін ел)
1.3Дәрілік препараттың халықаралық патенттелмеген атауы мен дәрілік формасы:
Экспорттаушы елде
1.4Бірлік дозадағы 3 белсенді заттардың атауы мен мөлшері 2
1.5Қосалқы заттарын қоса алғандағы толық құрамы туралы ақпарат 4
2Сертификат алуға өтініш беруші (атауы мен мекенжайы)
2.1Өтініш берушінің мәртебесі 8 (ескертпеде көрсетілген санаттарға сәйкес)
2.2.(В) және (С) санаттары үшін дәрілік препаратты өндірушінің атауы мен мекенжайы
3Сертификатты беруші орган дәрілік препарат өндірілетін өндірістік алаңға мерзімдік инспекциялау ұйымдастырады ма? Ия (жоқ, қолданбайды) (егер "жоқ" немесе "қолданбайды" болса 4-тармаққа өту)
3.1Жоспарлы инспекциялардың мерзімділігі (жылдар)
3.2Осы түрдегі дәрілік түрдің өндірушісі инспекцияланды ма? Ия (жоқ)
3.3Өндірістік объекті, жабдықтар мен өндірістік процесстер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынғандай GMP-ге сәйкес келеді ме? 15 Ия/жоқ/қолданбайды
4.Сертификат беруші орган ұсынылған ақпаратты дәрілік препарат өндірісінің барлық аспектілері бойынша қанағаттанарлық деп таниды ма? Ия (жоқ) (егер "жоқ" болса, түсіндіру)

Осы сертификат Қазақстан Республикасының аумағында тек экспортқа

шығарылған, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге және сатуға

жатпайтын дәрілік зат үшін берілді

_________________________________________________________________

(сертификат беруші органның атауы және мекенжайы, телефоны, факс)

_____________________________________________ __________________

(мемлекеттік органның басшының (немесе (қолы)

уәкілетті тұлға) ТАӘ (ол болған жағдайда))

Берілген күні 20___ жылғы "_____" ______

20___ жылғы "____" ______ дейін жарамды

Түпнұсқадағы суреттер, кестелер және скан (1)

TXT файлы мәтіндік бөлікті қамтиды. Көрнекі бөліктер ресми дереккөзден ашылады.

  1. Ресми қосымшаны ашу

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-8 бұйрық, ҚР ДСМ-8-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-8, сегізінші бұйрық, ҚР ДСМ-8 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.