"Медициналық білімі жоқ тұлғаларды (парамедиктерді) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 753 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 желтоқсанда № 26006 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- ҚР ДСМ-133
- Қабылданған күні
- 23.12.2021
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Медициналық білімі жоқ тұлғаларды (парамедиктерді) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 753 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5937 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы | |
| Денсаулық сақтау министрінің | |
| міндетін атқарушы | Ж. Буркитбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-133 бұйрық, ҚР ДСМ-133-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-133, жүз отыз үшінші бұйрық, ҚР ДСМ-133 бұйрық скачать.