Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 ақпанда № 26700 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- ҚР ДСМ-7
- Қабылданған күні
- 28.01.2022
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау м инистрі А. Ғиният
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 28 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі
1. "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында :
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Туберкулез ұйымдары қала маңы аймағында немесе шеткері аудандарда, мүмкіндігінше жасыл алқаптарда, сеитебтік аумақтан алшақтықты сақтай отырып орналастырылады.".
2. "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарында, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемінде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
| 1. | Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметкерлері | Флюорография | Флюорография | Әрбір 12 ай сайын |
| Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау | Гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау | Әр 6 ай сайын | ||
| 2. | Тамақ өнеркәсібі және азық-түлік сауда объектілерінің қызметкерлері, азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын тұлғалар | Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау | Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау | Әрбір 12 ай сайын |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігінде және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында :
11-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"11. Мерзімдік тексеріп-қарауларды өткізу кезеңділігі:
1) жыл сайынғы мерзімдік қарап-тексеру – жылына 1 рет;
2) ауысым алдындағы медициналық куәландыру – жұмыс ауысымы басталардан 1 сағат ішінде;
3) рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеру – рейс басталардан 30 минут ішінде және рейс аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде.";
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
"36-1. Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі қарап-тексерулер осы Қағидаларға 4-1-қосымшаның 1 және 2-кестелерінде келтірілген ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптер тізіміне және рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеруді талап ететін кәсіптер тізіміне сәйкес жүргізіледі.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакциядағы 4-1-қосымшамен толықтырылсын.
| бұйрыққа қосымша Міндетті медициналық қарап- тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және "Алдын ала міндетті медициналық қарап- тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-1-қосымша |
1-кесте
Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптердің тізімі
| № | Кәсіп | Қарап-тексеру кезеңділігі |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | технологиялық цехтардың (полимеризация, дистилляция, катализаторлар өндірісі, полипропиленді түйіршіктеу, желім дайындау) аппаратшылары | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 2. | сирек кездесетін элементтерді бөлу, компрессорлық қондырғылар бойынша аппаратшылар-гидрометаллургтар | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 3. | жолаушылар поезының бригадасы (поезд бастығы, жолсеріктер, поезд электрмеханигі) | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 4. | өндіру және қазба жүргізу бригадаларының бригадирлері мен жетекшілері | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 5. | жарушылар | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 6. | қысыммен жұмыс істейтін түтіктерге қызмет көрсететін вулканизаторлар | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 7. | сүңгуірлер | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 8. | дезактиваторлар, дозиметристер | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 9. | әуе және теміржол қозғалысы және метрополитен ұйымдарының диспетчерлері | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 10. | аффинаж өндірісі шеберлері | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 11. | азот-оттек станциясының машинистері | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 12. | бұрғы қондырғылары машинистері мен машинист көмекшілері | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 13. | мұнаралы, төрттағанды, көпір, шынжыр табанды, автомобиль, темір жол, порт және жүзу крандарының машинистері мен машинистердің көмекшілері | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 14. | локомотивтер (электровоздар, тепловоздар, дизель және электр поездары) машинистері мен машинистердің көмекшілері; локомотивтік бригадалардың, оның ішінде метрополитен электропоездарының жұмыскерлері | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 15. | жол машиналарының машинистері және машинисттің көмекшілері, дрезина, мотовоздар, автомотристер және оның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның жүргізушілері және жүргізушілердің көмекшілері | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 16. | өндіру және қазба жүргізу комбайндарының машинистері | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 17. | қазандықтар машинистері, операторлары (жұмыс қысымы 0,07 мегапаскаль - бір шаршы сантиметрге 0,7 килограмм-күш болатын қазандықтар) | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 18. | көтергіштердің машинистері, экскаваторлардың, діңгекті көтергіштердің, шприцмашиналардың машинистерінің көмекшілері, компрессорлық қондырғылардың операторлары, оттегі баллондарын толтырушылар | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 19. | шлюз вахталарының және бақылаушылар бригадалырының бастықтары, аға бақылаушылар мен бақылаушылар, қылмыстық-атқару жүйесінің жүргізуші мамандары | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 20. | ұңғымаларды жерасты жөндеу жөніндегі және бұрғылау мұнай өндіру, қабат қысымын ұстау, дайындау және айдау жұмыстарын жүргізу құқығы бар операторлар, арнайы су тазалау мен реакторлы қондырғылардың аға шеберлері | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 21. | атом реакторын зерттеу, реактордың жұмысы және тоқтау жұмыстарына дайындық кезеңіндегі бригадалардың персоналы (жобаның бас инженері, ауысым бастығы, басқару инженері, инженер физик, инженер технолог, бақылау-өлшеу аспаптары инженері, қорғауды басқару жүйесінің инженері, инженер электрик, кезекші механик, электрик, слесарь-жөндеуші және дозиметрист, барлық кәсіптер бойынша стажерлар, жұмысқа қатысатын басқа да кәсіптер) | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 22. | 220 Вольт және одан да жоғары кернеулі қолданыстағы электр құрылғыларға қызмет көрсететін, оларды жедел іске қосу және баптау, монтаждау жұмыстарын және осы электр құрылғыларында жоғары вольтты сынақтар өткізетін персонал | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 23. | ядролық қауіпті учаскелерде ядролық қауіпті бөлінетін материалдармен жұмысты тікелей орындайтын басшылар, мамандар мен жұмыскерлер | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 24. | азот-оттек станцияларының, арнайы су тазалау ауысымдарының шеберлері | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 25. | бағанға шығатын және адамды көтергіштің тұтқасын ұстайтын адамдар | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 26. | атыс қаруын ұстауға және оларды қолдануға рұқсат етілген атқыштар (ведомстволық күзеттегі жұмыскерлер) | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 27. | әуе кемелерінің экипаждары (ұшқыштар, бортинженерлер, бортсеріктер) бортмеханиктер, бортрадистер, штурмандар, бортоператорлар, бортсеріктер, әуесқой ұшқыштар) | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 28. | әуе кемелеріне, аэродромдарға және авиажолаушыларға қызмет көрсететін жұмыстарды атқаратын аэропорт жұмыскерлері (авиациялық қауіпсіздік қызметі, инженерлік-авиациялық қызмет, аэродром қызметі, жолаушылар және жүк тасымалын ұйымдастыру қызметі, авиа жанар-жағар май материалдары қызметі, аэропорттың диспетчер қызметі | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 29. | өзен және теңіз кемелерінің экипаждары (капитандар мен оның көмекшілері, штурмандар, механиктер, матростар, электриктер, радио мамандары) | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 30. | метрополитеннің құрылысы және оны пайдалану кезінде барлық жерасты жұмысының түрлерін атқаратын жұмыскерлер (метрополитеннің қазба жүргізу комбайндарының машинистері, тау-кен шебері, тау-кен жұмысшысы, қазушы, эскалаторға қызмет көрсететін жұмысшылар, бағанға шығатын және адамды көтергіштің тұтқасын ұстайтын адамдар, жол жөндеушілер, радио мамандары) | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
| 31. | вагонды тексерушілер, вагон қозғалысының жылдамдығын реттеушілер, поезд құрастырушылар және құрастырушылардың көмекшілері, құюшылар, шахтерлар | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
2 кесте
Рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеруді талап ететін кәсіптердің тізімі
| № | Кәсіп | Тексеру кезеңділігі |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | жолаушыларды, багажды, жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тұрақты және тұрақты емес тасымалдау маршруттарында жұмыс істейтін көлік құралдарының жүргізушілері | рейс басталар алдында 30 минут ішінде және рейс аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде |
Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-7 бұйрық, ҚР ДСМ-7-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-7, жетінші бұйрық, ҚР ДСМ-7 бұйрық скачать.