Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-14 бұйрық (16.02.2022): толық мәтін және скачать

Жаңа

Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 ақпанда № 26830 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-14
Қабылданған күні
16.02.2022
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 68-бабының 4) тармақшасына және 69-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Ғиният
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығына қосымша

Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі

1. Тұрақты психотикалық симптоматикасы және тұлғаның айқын өзгерістері бар психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары).

2. Қол-аяқ функцияларының және жамбас мүшелері функцияларының тұрақты ауыр бұзылуы бар орталық нерв жүйесінің органикалық және жарақаттанудан кейінгі бұзылуы.

3. Нәжіс, несеп және қынап жыланкөздері, қуық стомасы, жасанды анус.

4. Жиі ұстамасы III дәрежелі асқынған тыныс алу функциясының жетіспеушілігі бар бронх демікпесінің ауыр нысаны, үздіксіз-қайталанбалы ағым.

5. Қозғалу функциялары жоғалған тұқым қуалайтын үдемелі нервтік-бұлшықет дистрофиясының ауыр нысандары.

6. I типтегі қант диабеті, ауыр нысаны.

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-14 бұйрық, ҚР ДСМ-14-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-14, он төртінші бұйрық, ҚР ДСМ-14 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.