Мақала
Бұйрықтар

№ 30 бұйрық (23.02.2023): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 наурызда № 32006 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
30
Қабылданған күні
23.02.2023
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі
  4. 3-тарау. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі
  5. 4-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
  6. 5-тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтата тұру тәртібі
  7. "Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің негізгі талаптарының тізбесі
  8. Өтініш
  9. Өтініш
  10. Санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп-қарау АКТІСІ АКТ Санитарно-эпидемиологического обследования №__________
  11. "Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне негізгі талаптардың тізбесі
  12. Өтініш
  13. Өтініш
  14. Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар)
  15. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары
  16. 1-тарау. Жалпы ережелер
  17. 2-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібі
  18. 3-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру және оның тізілімін жүргізу тәртібі
  19. Есепке алу нөмірін беру үшін өндіріс объектілерінің қызмет түрлерінің кодтары
  20. Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) литерлік коды
  21. Өтініш
  22. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы растау/Подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства пищевой продукции, подлежащего государственному контролю и надзору в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения
  23. Өндіріс өбъектілерінің есепке алу нөмірлерінің тізілімі
  24. Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары
  25. 1-тарау. Жалпы ережелер
  26. 2-тарау. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру, қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату тәртібі
  27. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
  28. "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
  29. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ
  30. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ
  31. Өтініш
  32. Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т . қараңыз

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Ғиният

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму,

инновациялар және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 23 ақпандағы № 30 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 1-қосымша

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 20-бабына , "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және эпидемиялық мәні жоғары объектінің және қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру, қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату бойынша тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама – органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, иммундық-биологиялық, молекулалық-генетикалық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулердің, электрмагниттік өрістер мен физикалық факторларды өлшеулердің, басқа да зерттеулер мен сынақтардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімнің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобалардың сараптамасы;

2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін растайтын құжат;

3) иондаушы сәулелену көзі (бұдан әрі – ИСК) – радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондаушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар.

2-тарау. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі

3. "Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – объектінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

4. Қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесі) келтірілген.

Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және берілетін объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Объектінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру қағидаларына сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен жиынтықта "бір өтініш" қағидаты бойынша (бұдан әрі – "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызмет) алуға болады.

Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беруді растау туралы өтініш портал арқылы жіберіледі.

5. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті келіп түскен күні тіркейді. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

7. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 4 (төрт) жұмыс күнде объектіге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Оның нәтижелері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі ресімделеді.

9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге тексеру жүргізгеннен кейін осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісінің және Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) нысан бойынша объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді.

10. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде негіздеме беруге және алдын ала шешімге қарсылық білдіруге мүмкіндігі бар.

Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет көрсету нәтижесі – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және объектіге есептік нөмір беру туралы растау не оны көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

11. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықтығын анықтау;

2) ұсынылған деректер мен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің Кодекстің 94-бабына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3-тарау. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі

13. "Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

14. Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын жобаларға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі) келтірілген.

Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген нысан бойынша өтінішті және Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтерді портал арқылы жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

15. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

16. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

17. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

18. Көрсетілетін қызметті алушы Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге бармай-ақ 6 (алты) жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.

19. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізгеннен кейін Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) нысан бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдейді және береді.

20. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде негіздеме беруге және алдын ала шешімге қарсылық білдіруге мүмкіндігі бар.

Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

21. Жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықтығын анықтау;

2) ұсынылған деректер мен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің Кодекстің 94-бабына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

22. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

23. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

5-тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтата тұру тәртібі

24. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың орындалмауы негіз болып табылады.

25. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұруды объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген көрсетілетін қызметті берушілер жүзеге асырады, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде - оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді.

Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру мерзімі бір айдан және алты айдан кем болмауы тиіс.

26. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұру туралы шешім шығарылған кезде көрсетілетін қызметті беруші шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шешімде көрсетілген мерзімге объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізеді.

27. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде көрсетілетін қызметті алушы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды жою туралы өтініш беруге құқылы.

28. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы бұзушылықтарды жою туралы өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы бұзушылықтарды жою фактісін растаған кезде көрсетілетін қызметті беруші рұқсаттың қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде – оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді.

29. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды жою фактісін растау негіз болып табылады.

30. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБТ) көзделген тәртіппен соттың күшіне енген шешімі бойынша жүзеге асырылады.

31. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықты белгіленген мерзімде жоймау объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру үшін негіз болып табылады.

32. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру туралы сот шешімі күшіне енген кезде көрсетілетін қызметті беруші күшіне енген сот шешімін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жібереді.

33. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу мынадай жағдайларда қосымша немесе қайталама зерттеулер (сынақтар) жүргізілмей жүзеге асырылады:

1) құжаттағы қателерді (қателерді) анықтау;

2) дара кәсіпкер – көрсетілетін қызметті алушыны қайта тіркеу, оның атауын немесе заңды мекенжайын өзгерту;

3) көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауын және (немесе) орналасқан жерін өзгерту;

4) объектінің орналасқан жерінің мекенжайын физикалық ауыстырмай өзгерту.

34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген жағдайларда рұқсатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тиісті өзгерістер туралы растайтын құжаттармен бірге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтініш жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетке" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 6 - 10 және 16 - 20-тармақтарында көзделген осыған ұқсас рәсімдерді жүзеге асырады.

Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдейді не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімдерде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

35. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу бұрын берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.

36. Көрсетілетін қызметті беруші растайтын құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген кезде осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден бас тартады.

37. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган көрсетілетін қызметті берушіден күшіне енген сот шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде – оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді.

38. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату үшін негіз болып табылады:

1) объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру;

2) рұқсат беру тәртібінің күшін жою;

3) заңды тұлғаның қызметін тоқтату, тарату;

4) көрсетілетін қызметті алушының объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату туралы ерікті өтініші;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушы объектілерге жүзеге асыруға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.

Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 1-қосымша

"Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің негізгі талаптарының тізбесі

1Көрсетілетін қызметті берушінің атауыҚазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері"электрондық үкімет": www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы
3Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі13 (он үш) жұмыс күні.
4Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаныэлектрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін.
5Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіСанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6Төлемнің мөлшеріМемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
7Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесіЖұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) порталда: (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; - осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі. Аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының мерзімі 1 жылды құрайды. Аккредиттелген зертханалар жүргізген өлшемдер хаттамаларының қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.
9Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар. 3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдар үшін нұсқасына қолжетімді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен бірге "бір өтініш" қағидаты бойынша алуға болады.
Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 2-қосымша
Нысан
____________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________ мемлекеттік органның атауы _________________________ ___________________________ өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________ ___________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________________________ өтініш иесінің мекенжайы ____________________________ ___________________________ өтініш иесінің байланыс телефоны

Өтініш

Сізден ______________________________________________________________

(аудан, көше, үй, пәтер)

_________________________________________________________________ ________

бойынша орналасқан

_________________________________________________________________________

объектінің нысаналы мақсаты

_________________________________________________________________________

тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

пайдалануға келісім беремін.

қолы,күні, айы, жылы

Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1.2.

Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 3-қосымша
Нысан ____________________________ мемлекеттік органның атауы ____________________________ басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________ өтініш иесінің мекенжайы ____________________________ өтініш иесінің байланыс телефоны

Өтініш

Сізден _________________________________________________________

(аудан, көше, үй, пәтер)

__________________________________________________________________

бойынша орналасқан ________________________________________________________

объектінің нысаналы мақсаты ________________________________________________

тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беруді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

қолы, күні, айы, жылы

Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1.2.

Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 4-қосымша
Нысан Форма А4 Форматы Формат А4

Санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп-қарау АКТІСІ АКТ Санитарно-эпидемиологического обследования №__________

Мен (Біз) (Мною Нами) _____________________________________________________

лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.), (должность фамилия, имя, отчество (далее – Ф.И.О)

__________________________________________________________________________

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының атауы,

наименование органа государственного санитарно-эпидемиологического надзора),

мыналардың: (с участием)

__________________________________________________________________________

тексеруге қатысқан басқа мамандарды көрсетіңіз

(указать других специалистов, участвовавших в обследовании)

_________________________________________ қатысуымен мамандар болғанда:

(в присутствии)

лауазымды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға (должность, Ф.И.О должностного лица или индивидуального предпринимателя ______________________________________________________

басшысының лауазымы, Т.А.Ә. немесе жеке тұлғаның, лауазымы, Т.А.Ә./Ф.И.О. руководителя юридического лица или Ф.И.О. физического лица ______________________________________________

__________________________________________________________________________

нысанның, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы (наименование объекта, юридического лица или индивидуального предпринимателя) ____________________________ тексеру жүргізілді (проведено обследование).

__________________________________________________________тексеру түрін көрсету (указать вид обследования)

(начато) 20___ жылғы (года) "__"_________ __ сағат (часов) __ минутта (минут) басталды.

Тексеру кезінде мыналар анықталды (при обследовании установлено):______________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Қорытынды (Заключение): __________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтердің (указать пункты нарушения требований санитарных правил)

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптары бұзылған тармақтарды көрсетіңіз/гигиенических нормативов и иных нормативных правовых актов) __________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Қолдары (подписи) ________________________________________________________

__________________________________________________________________________

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының лауазымды тұлғасы (должностное лицо государственного органа санитарно-эпидемиологического надзора _______________________________________________________________________________

басқа да қатысқан мамандар, куәгерлер/ участвовавшие другие специалисты, свидетели)

Тексеру кезінде болдым және актінің данасын алдым (при обследовании присутствовал, и экземпляр акта получил)

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

заңды тұлға өкілінің немесе жеке кәсіпкердің немесе лауазымды тұлғаның лауазымы және Т.А.Ә. (должность и Ф.И.О. представителя юридического лица или должностного лица или индивидуального предпринимателя) _____________________________________________

Қол қоюдан бас тарту туралы белгі (отметка об отказе от подписи лица) _____________

(окончено) 20 __ жылғы (года) "___"_______ ___ сағат (часов) ___ минутта (минут) аяқталды.

Акт (акт составлен в) _____ данада жасалды (экземплярах)

"___" _______ 20___жыл (год)

Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 5-қосымша

"Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру". Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы: Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділерінің нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу Санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу Шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу
1Көрсетілетін қызметті берушінің атауыҚазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)
2Мемлекеттік қызметті беру тәсілдерібарлық кіші түрлері бойынша: "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы: www. egov. kz (бұдан әрі-портал)
3Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімібарлық кіші түрлері бойынша: 10 (он) жұмыс күні.
4Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаныбарлық кіші түрлері бойынша: электрондық (толық автоматтандырылған).
5Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесісанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6Төлемнің мөлшеріМемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
7Көрсетілетін қызмет берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесіЖұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесіКіші түрлері бойынша рұқсат беру үшін: 1) қоршаған ортаға шекті жол берілетін шығарындылардың, зиянды заттардың, физикалық факторлардың шекті жол берілетін төгінділерінің нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін: осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; қоршаған ортаға зиянды заттардың, физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары, шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі; 2) санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғау аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін: осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; санитариялық күзет аймағының, санитариялық-қорғау аймақтарының нормативтік құжаттамасы жобасының электрондық көшірмесі (есептік (алдын ала), белгіленген(түпкілікті) белгілеу бойынша); 3) шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін: осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; шикізат пен өнімге арналған нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
9Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. 3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдар үшін нұсқасына қолжетімді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. Мемлекеттік қызметті "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру" мемлекеттік қызметімен бірге "бір өтініш" қағидаты бойынша алуға болады.
Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 6-қосымша

Нысан

____________________________ мемлекеттік органның атауы ____________________________ басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________ өтініш иесінің мекенжайы ____________________________ өтініш иесінің байланыс телефоны

Өтініш

Сізден ______________________________________________________________

_________________________________________________________________________

(жобаның атауы)

жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді және

санитариялық- эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

пайдалануға келісім беремін.

Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1.2. Қолы, күні, айы, жылы

Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 7-қосымша

Нысан

___________________________ басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ мемлекеттік органның атауы _________________________ өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________ өтініш иесінің мекенжайы ___________________________ өтініш иесінің байланыс телефоны

Өтініш

Сізден _______________________________________санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуді, қолданылуын тоқтатуды сұраймын (қажетінің астын сызу керек) ________________________________________________________________________________

аудан, көше, үй, пәтер мекенжайында орналасқан объектінің атауы, жобаның атауы (қажетінің астын сызу)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

пайдалануға келісім беремін.

Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1. 2. Қолы, күні, айы, жылы

Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 8-қосымша

Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар)

Зерттеулер (сынақтар) түрлеріӨлшеулер немесе сынама алу орны
1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері:
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылықБарлық топтардың киініп-шешінетін орны, ойын бөлмесі, жатын бөлмелері, музыкалық (спорттық) кабинеттер, медициналық үй-жайлар, изолятор, бассейндер (бар болса)
Суды зерттеу:
1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбыры жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)су тарату крандары - ғимаратта, ас блогында (бөлек блокта орналасқан кезде)
2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынатын ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер)құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары
3) бар болған жағдайда жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынатын су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)екі жерде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінде су айдыны бетінен 25-30 сантиметр (бұдан әрі – см) тереңдікте, сүзгіден кейінгі су
4) әкелінетін сумен жабдықтау кезінде ауыз суСуды сақтауға арналған ыдыстар
Электромагниттік өрістің, электростатикалық өрістің кернеулігікомпьютерлік және мультимедиялық сыныптар (кабинеттер)
Жасанды жарықтандыру деңгейіОйын үй-жайлары, оқу кабинеттері, музыка, спорт залы, медициналық үй-жайлар
2. Білім беру және тәрбиелеу объектілері, білім алушылар мен тәрбиеленушілер тұратын орындар:
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылықҚабылдау бөлмелері, жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар
Суды зерттеу:
1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбырлары жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)су тарату крандары – ғимаратта, ас блогында (бөлек блокта орналасқан кезде)
2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынатын ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер)құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары
3) бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулерге сужабық жүзу бассейндерінен және ванналардан (бар болса)
4) вода питьевая при привозном водоснабженииСуды сақтауға арналған сыйымдылықтар
Физикалық факторларды зерттеу:
1) электромагниттік және электростатикалық өрістердің кернеуі, шукомпьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер (жұмыс орындарында)
2) жасанды жарықтандыру деңгейіоқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмелері, оқу залы, медициналық кабинет
3. Балалардың сауықтыру, санаториялық, сауықтыру объектілері, демалыс базалары, орындары:
Бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз суас блоктары
Бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз сужабық жүзу бассейндері, ванналар, жағажайлар (бар болса)
паразитологиялық, бактериологиялық көрсеткіштергетопырақ, құм
Микроклиматты зерттеу: температура (жылыту кезеңінде), салыстырмалы ылғалдылықЖатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, кітапхана, мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен демалуға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар, қызметтік-тұрмыстық, кір жуатын бөлме, асхана залы, буфет, физиотерапиялық кабинет, массаж кабинеті, медициналық үй-жай, спортзал, секциялық сабақтар өткізуге арналған бөлме, рекреация, вестибюль, киініп-шешінетін орын, ас үй, спорт залының киім ауыстыратын бөлмесі, үй-жайлар бассейн ваннасынан, себезгі (бар болса)
жасанды жарықтандыру деңгейіОқу, ойын бөлмелері мен үйірме бөлмелері, жатын бөлмелері, дене шынықтыру және бассейн залы, демалыс
Микробиологиялық, физика-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық көрсеткіштерЕмдік балшық (бар болса)
4. Балалардың сүт асүйлері:
Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеусу тарату крандары – ғимаратта (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылықөндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары
5. Қоғамдық тамақтану объектілері, борттық тамақтану объектілері, көліктегі (теміржол, әуе, су және автомобиль):
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың салқын кезеңінде)өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары
Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеусу тарату крандары - ғимаратта (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)
Тоңазытқыш және технологиялық жабдықтар жұмыс істеген кезде желдету жабдығынан болатын шу (кіріктіріліп-жапсарлас салынған үй-жайларда)желдету қондырғылары, жабдықтары орналасқан жерлерде
Жарықтандыруды өлшеуөндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары, келушілерге арналған зал
6. Тамақ өнімдерін өндіру, өңдеу объектілері:
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың суық кезеңінде)өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары
Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеусу тарату крандары – ғимаратта (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)
(тұрғын ғимараттарда, кіріктірілген-жапсарлас үй-жайларда) тоңазытқыш және технологиялық жабдықтың жұмысы кезінде желдету жабдығынан шужелдету қондырғыларын, жабдықтарды орналастыру орындары
7. Денсаулық сақтау объектілері:
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылықЕрекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, емшара бөлмесі, манипуляциялық, стерилдеу бөлімшелері, жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, босандырудан кейінгі палаталар, бокстар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары
Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеусу тарату крандары – ғимаратта (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)
Жарықтандыруды өлшеуЕрекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, емшара, манипуляциялық, бейінді мамандардың қабылдау кабинеттері (офтальмолог, хирург, акушер-гинеколог, травматолог, стоматолог), жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталар, қан дайындау үй-жайлары
Шу деңгейіоперациялық үй-жайлар
Электрлік және магниттік өрістерді өлшеуфизиотерапиялық, диагностикалық кабинеттердегі жұмыс орындарында
Дозиметриялық өлшеулериондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындары, аралас үй-жайлар мен аумақ
8. Дәрілік заттарды дайындау объектілері:
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылықассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау орындары, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары
Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеусу тарату крандары – ғимаратта
Жарықтандыруды өлшеуассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау орындары, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары
9. Тері және шырышты қабаттары бұзылған қызметтер көрсететін емдеу-косметологиялық объектілер, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар, оның ішінде татуировка және татуировка бойынша қызметтер:
Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеусу тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде).
Жарықтандыруды өлшеужұмыс орындары
Электромагниттік өрістер деңгейісолярий (бар болса)
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылықжұмыс орындары
10. Өндірістік объектілер:
Микроклимат параметрлерін зерттеужұмыс орындары
Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеуфизикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары
Дозиметриялық өлшеулериондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеген кезде жұмыс орындары
Жұмыс аймағы ауасының параметрлерін зерттеужұмыс орындары (зиянды химиялық заттардың көздері болған кезде)
11. Радиотехникалық объектілер:
Электромагниттік өрістер деңгейіөндірістік үй-жайлар, санитариялық- қорғаныш аймағының шекарасы, құрылысты шектеу аймағы
12. Радиациялық-қауіпті объектілер:
Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеуфизикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары
Дозиметриялық өлшеулержұмыс орындары, жапсарлас үй-жайлар, ұйымның аумағы
13. Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар мен көлік құралдары (теміржол, су, әуе):
Микроклимат параметрлерін зерттеу (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы)жұмыс және жолаушылар орындары
Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеуконструкциясында сумен жабдықтау жүйесі көзделген көлік құралдары үшін
Физикалық факторлардың параметрлерін (шу, діріл) және иондаушы емес сәулеленуді зерттеу физика факторлары және иондалмағансәулелену параметрлерін зерттеужұмыс және жолаушылар орындары
Көлік құралдары үй-жайларының ауасындағы зиянды заттарды зерттеужұмыс және жолаушылар орындары
Жарықтандыруды өлшеужұмыс және жолаушылар орындары
14. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау объектілері:
Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық және парзитологиялық зерттеулерсу алу нүктелері
Жер үсті көздеріне арналған паразитологиялық көрсеткіштерге суды зерттеусу алу нүктелері
Суды радиологиялық зерттеусумен жабдықтаудың жаңа көздері үшін
15. Су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалыс орындары:
Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулерпайдалану орындары
Топырақты паразитологиялық зерттеулержағажайлар (бар болса)
16. Тамақ өнімдерін көтерме сақтау және (немесе) өткізу объектілері, химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттар мен пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік препараттарды сақтау және тасымалдау объектілері
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылыққойма үй-жайлары, жұмыс орындары
Жарықтандыруды өлшеужұмыс орындары
Тұрғын ғимараттарда және өзге мақсаттағы ғимараттарда орналасқан объектілер үшін шу мен дірілді өлшеужұмыс істеп тұрған жабдықтан, оның ішінде желдеткіш жабдықтан
Электромагниттік және сәулеленудің өзге де түрлерін зерттеуфизикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары
Зиянды заттардың құрамына жұмыс аймағының ауасын зерттеу (өнеркәсіптік үлгідегі тоңазытқыш жабдықтарын пайдаланатын объектілер үшін)жұмыс орындары
17. Вахталық кенттер:
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылықтұрғын бөлмелер, демалуға арналған үй-жайлар
Жарықтандыруды өлшеутұрғын бөлмелер, демалуға арналған үй-жайлар
Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеусу тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)
18. Патогендігі I-IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін зертханалар:
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылықзерттеуге арналған үй-жайлар, жұмыс орындары
Жарықтандыруды өлшеужұмыс орындары
Шу мен дірілді өлшеужұмыс істеп тұрған жабдықтан, оның ішінде желдеткіш жабдықтан
19. Спорттық- сауықтыру мақсатындағы объектілер, бассейндер, моншалар, сауналар
Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеусу тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)
Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеужабық жүзу бассейндерінен және ванналардан (бар болса)
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, 1 сағаттық ауа алмасу жиілігіВестибюль, киім ілетін орын, киініп-шешінетін бөлме, жуынатын бөлме, себезгі, булау бөлмесі, массаж бөлмесі, қызметкерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар
20. Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектілері, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, жемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) буып-түю жөніндегі жұмыс жүзеге асырылатын объектілер
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылыққойма үй-жайлары, жұмыс орындары
Жарықтандыруды өлшеужұмыс орындары
Тұрғын ғимараттарда және өзге мақсаттағы ғимараттарда орналасқан объектілер үшін шу мен дірілді өлшеужұмыс істеп тұрған жабдықтан, оның ішінде желдеткіш жабдықтан
Электромагниттік және сәулеленудің өзге де түрлерін зерттеуфизикалық факторлардың көзі болған жағдайда жұмыс орындары
Зиянды заттардың құрамына жұмыс аймағының ауасын зерттеу (өнеркәсіптік үлгідегі тоңазытқыш жабдықтарын пайдаланатын объектілер үшін)жұмыс орындары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 23 ақпандағы № 30 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 2-қосымша

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 26-тармақшасына , "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірлерді беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібін (бұдан әрі – тізілім) айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;

2) есепке алу нөмірі – тамақ өнімін өндіру обектісінің қызмет түрін және нөмірін қамтитын код;

3) өндіріс субъектісі – тамақ өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

3. Тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірі тамақ өнімін өндіру объектісі (бұдан әрі – өндіріс объектісі) қызметінің барлық кезеңіне беріледі.

4. Есепке алу нөмірін беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өндіріс обектісінің қызмет түрін және нөмірін (бұдан әрі – нөмір) қамтитын кодқа сәйкес жүзеге асырылады.

Қызмет түрін қамтитын код өндіріс объектісінің қызмет түрінің әріптік символынан тұрады.

Нөмір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өндіріс объектісінің реттік нөмірінен тұрады.

Өндіріс объектісінің реттік нөмірі аумақтық бөлімшеде есепке алу нөмірін беруге өтініштің тіркеу кезектілігіне сәйкес айқындалады.

5. Есепке алу нөмірін аумақтық бөлімшелер береді.

6. Есепке алу нөмірін беру өндіріс объектісі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес болған жағдайда жүзеге асырылады.

2-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібі

7. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

8. Қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растауды алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді.

9. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды объектілерге тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

11. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

13. Ұсынылған құжаттар сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген рәсімдер аяқталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды ресімдейді және береді.

Ұсынылған құжаттар және мәліметтер сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны дайындайды және жібереді.

Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы алдын ала шешім қабылданған күннен бастап кемінде 3 (үш) жұмыс жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсы пікір ұсынуға немесе айтуға құқылы.

Тыңдау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растауды ресімдейді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі істен шыққан кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Ведомство мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

15. Өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгерген жағдайда осы Қағидаларға сәйкес есепке алу нөмірін беру рәсімі қайта жүргізіледі.

16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

3-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру және оның тізілімін жүргізу тәртібі

17. Тізілімді ведомство осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

18. Ведомство растаудың алынған көшірмесінің негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде өндіріс объектісін Ведомстваның gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылатын тізілімге енгізеді.

19. Аумақтық бөлімше өндіріс субъектісі ұсынған өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгергені туралы не қызметтің тоқтатылғаны немесе таратылғаны туралы мәліметтердің (бұдан әрі – мәліметтер) негізінде жазбаша ақпаратты мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ведомствоға жібереді.

20. Тізілімге өзгерістерді ведомство аумақтық бөлімшеден келіп түскен жазбаша ақпарат негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде енгізеді.

Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша

Есепке алу нөмірін беру үшін өндіріс объектілерінің қызмет түрлерінің кодтары

№Қызмет түріКод
1Балалар сүт асүйлеріA
2Сүт өңдеу объектілеріВ
3Ұн тарту объектілеріC
4Ет өңдеу объектілеріD
5Жеміс өңдеу объектілеріE
6Құс өңдеу объектілеріF
7Балық өңдеу объектілеріG
8Тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтандыру объектілеріH
9Май өнімдерін өндіру объектілеріI
10Кондитерлік өнімдерді өндіру объектілеріJ
11Макарон өнімдерін өндіру объектілеріK
12Алкоголь өнімін өндіру объектілеріL
13Алкогольсіз өнімді, ыдыстарға өлшеп-құйылған ауыз суды өндіру объектілеріM
14Өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу объектілеріN
15Арнайы тамақ өнімдерін және тамақ өнімдерінің өзге де топтарын өндіру объектілеріO
16Чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинакилерді, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корн, қуырылған жаңғақтарды өндіру объектілеріP
17Тамақ концентраттарын және тамақ қышқылдарын өндіру объектілеріQ
18Тағамдық және йодталған тұздарды өндіру объектілеріR
19Қант өндіру объектілеріS
20Нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру объектілеріU
21Крахмалды-сірнелі өнімдерді, крахмал өндіру объектілеріV
22БасқаларW

Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) литерлік коды

№кодАтауы
101Астана қ.
20101Алматы
30102Байқоңыр
40103Есіл
50104Сарыарқа
602Алматы қ.
70201Алатау
80202Алмалы
90203Әуезов
100204Бостандық
110205Жетісу
120206Медеу
130207Наурызбай
140208Түрксіб
1503Акмола обласы
160301Ақкөл
170302Аршалы
180303Астрахан
190304Атбасар
200305Бұланды
210306Көкшетау қ.
220307Степногор қ.
230308Егіндікөл
240309Біржан сал
250310Ерейментау
260311Есіл
270312Жақсы
280313Жарқайың
290314Зеренді
300315Қорғалжын
310316Сандықтау
320317Целиноград
330318Шортанды
340319Бурабай
350320Қосшы қ.
3604Актюбинская область
370401Әйтеке би
380402Алға
390403Байғанин
400404Ақтөбе қ.
410405Ырғыз
420406Қарғалы
430407Мәртөк
440408Мұғалжар
450409Темір
460410Ойыл
470411Қобда
480412Хромтау
490413Шалқар
5005Алматы облысы
510501Балқаш
520502Еңбекші қазақ
530503Жамбыл
540504Іле
550505Қарасай
560506Райымбек
570507Кеген
580508Талғар
590509Ұйғыр
600510Қонаев қ.
6106Атырау облысы
620601Атырау қ.
630602Жылыой
640603Индер
650604Исатай
660605Қызылқоға
670606Құрманғазы
680607Мақат
690608Махамбет
7007Батыс Қазақстан облысы
710701Ақжайық
720702Бекейорда
730703Бөрілі
740704Жаңақала
750705Жәнібек
760706Бәйтерек
770707Казталов
780708Қаратөбе
790709Сырым
800710Тасқала
810711Теректі
820712Шыңғырлау
830713Орал қ.
8408Жамбыл облысы
850801Байзақ
860802Жамбыл
870803Жуалы
880804Қордай
890805Мерке
900806Мойынқұм
910807Т. Рысқұлов ауданы
920808Сарысу
930809Талас
940810Шу
950811Тараз қ.
9609Қарағанды облысы
970901Абай
980902Ақтоғай
990903Бұхар-Жырау
1000904Қарқаралы
1010905Нұра
1020906Осакаров
1030907Шет
1040908Қарағанды қ.
1050909Балқаш қ.
1060910Приозерск қ.
1070911Саран қ.
1080912Теміртау қ.
1090913Шахтинск қ.
11010Қостанай облысы
1111001Алтынсарин
1121002Аманкелді
1131003Әулиекөл
1141004Денисов
1151005Жангелдин
1161006Жітіқара
1171007Қамысты
1181008Қарабалық
1191009Қарасу
1201010Қостанай
1211011Меңдіқара
1221012Науырзым
1231013Сарыкөл
1241014Бейімбет Майлин
1251015Ұзынкөл
1261016Федоров
1271017Қостанай қ.
1281018Арқалық қ.
1291019Лисаковск қ.
1301020Рудный қ.
13111Қызылорда облысы
1321101Арал
1331102Қазалы
1341103Қармақшы
1351104Жалағаш
1361105Сырдария
1371106Шиелі
1381107Жаңақорған
1391108Қызылорда қ.
1401109Байқоңыр қ.
14112Маңғыстау облысы
1421201Бейнеу
1431202Қарақия
1441203Маңғыстау
1451204Түпқараған
1461205Ақтау қ.
1471206Жаңаөзен қ.
1481207Мұнайлы
14913Түркістан облысы
1501301Арыс
1511302Бәйдібек
1521303Жетісай
1531304Келес
1541305Қазығұрт
1551306Мақтаарал
1561307Ордабасы
1571308Отырар
1581309Сайрам
1591310Сарыағаш
1601311Созақ
1611312Төлеби
1621313Түлкібас
1631314Шардара
1641315Арыс қ.
1651316Түркістан қ.
1661317Кентау қ.
16714Павлодар облысы
1681401Павлодар қ.
1691402Ақсу қ.
1701403Екібастұз қ.
1711404Ақтоғай
1721405Баянауыл
1731406Железин
1741407Ертіс
1751408Тереңкөл
1761409Аққулы
1771410Май
1781411Павлодар
1791412Успен
1801413Шарбақты
18115Солтүстік Қазақстан облысы
1821501Айыртау
1831502Ақжар
1841503Аққайың
1851504Есіл
1861505Жамбыл
1871506М. Жұмабаев
1881507Қызылжар
1891508Мамлют
1901509Ғ. Мүсірепов
1911510Тайынша
1921511Тимирязев
1931512Уәлиханов
1941513Шал ақын
1951514Петропавл қ.
19616Шығыс Қазақстан облысы
1971601Өскемен қ.
1981602Самар
1991603Шемонаиха
2001604Күршім
2011605Тарбағатай
2021606Ұлан
2031607Алтай
2041608Зайсан
2051609Катон-Қарағай
2061610Глубокое
2071611Риддер қ.
20817Шымкент қ.
2091701Абай
2101702Әл-Фараби
2111703Еңбекші
2121704Қаратау
21318Абай облысы
2141801Семей қ.
2151802Курчатов қ.
2161803Абай
2171804Аякөз
2181805Бесқарагай
2191806Бородулиха
2201807Жарма
2211808Көкпекті
2221809Үржар
2231810Ақсуат
22419Жетісу облысы
2251901Аксу
2261902Алакөл
2271903Ескелді
2281904Қаратал
2291905Кербұлақ
2301906Көксу
2311907Панфилов
2321908Сарқан
2331909Талдықорган қ.
2341910Текелі қ.
23520Ұлытау облысы
2362001Жаңаарқа
2372002Ұлытау
2382003Жезқазган қ.
2392004Қаражал қ.
2402005Сәтпаев қ.

Ескертпе:

Есепке алу нөмірі символдардан тұрады және мынадай құрылымы болады:

бірінші символ – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;

екінші символ – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

үшінші символ– өндіріс объектісінің қызмет түрінің коды;

төртінші символ – өндіріс объектісінің реттік нөмірі.

Мысалы: С.01.O.210

01 – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;

01 – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

O – өндіріс объектісінің қызмет түрі;

210 – өндіріс объектісінің реттік нөмірі.

Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1Көрсетілетін қызметті берушінің атауыҚазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері"электрондық үкімет" веб-порталы: www. egov. kz (бұдан әрі – портал) арқылы
3Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі5 (бес) жұмыс күні
4Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаныэлектрондық (ішінара автоматтандырылған)/ "бір ғимарат" қағидаты бойынша көрсетілетін
5Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіхалықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің өндірісі объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растау не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
6Төлем мөлшеріМемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
7Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесіЖұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда: (жөндеужұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі- осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған электрондық құжат түріндегі өтініш; - өндірілетін тамақ өнімі тізбесінің электрондық көшірмесі; - эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының және (немесе) эпидемиялық мәні елеусіз объектінің қызметі (пайдалану) басталғаны туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама). Санитариялық-эпидемиологиялық қортындылар туралы және хабарламалар туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы сәйкес келетін мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) ұсынылған объектінің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабына сәйкес бекітлген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен белгіленген талаптарға сәйкес еместігі.
10Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда ескере отырып, өзге де талаптар1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады. 3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдарға арналған нұсқаға қолжетімді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша

Нысан

____________________________ мемлекеттік органның атауы ____________________________ басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________ өтініш иесінің мекенжайы ____________________________ өтініш иесінің байланыс телефоны

Өтініш

Сізден __________________________________________________________________

(аудан, көше, үй, пәтер)

__________________________________________________________________________

бойынша орналасқан ________________________________________________________

(объектінің атауы)

____________________________________________________________________

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беруді сұраймын.

Қызмет түрі ________________________________________

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының нөмірі _______________________

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген күн______________________________________

Қосымша:_________________________________________________________________________________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Қолы, күні, айы, жылы

Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша

Нысан/Форма

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы растау/Подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства пищевой продукции, подлежащего государственному контролю и надзору в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения

Осы растау/Настоящее подтверждение выдано _________________________________

__________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды

__________________________________________________________________________

тұлғаның аты / фамилия, имя, отчество (при наличии)

физического __________________________________________________________ лица,

наименование юридического лица

__________________________________________________________________________

бойынша қызметті жүзеге асырушы/осуществляющему деятельность по

__________________________________________________________________________

(қызмет түpiн көрсету/указать вид деятельности)

__________________________________________________________________________

тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне (атауын көрсету)/объект производства

(изготовления) пищевой продукции (указать наименование)

__________________________________________________________________________

мекенжайы бойынша орналасқан (мекенжайын көрсету)/

расположенного _________________________________________________ по адресу

(указать адрес)

20____ жылғы "___" ________ № ____ есептік нөмір берілгендігі жөнінде берілді/

в том, что присвоен учетный номер ____ от "__" _____ 20__ года.

Басшы/Руководитель ______________________________ ________________________

(тегі аты, әкесінің аты (болған кезде)/фамилия, (қолы /подпись) имя, отчество (при наличии))

Мөрдің орны/Место печати "___" _______ 20____ ж./г.

Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру қағидаларына 5-қосымша

Өндіріс өбъектілерінің есепке алу нөмірлерінің тізілімі

Р/с №Өндіріс объектісінің атауыЖеке тұлғаның/ заңды тұлғаның атауыӨндіріс объектісінің орналасқан орныТамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісінің есепке алу нөміріБерілген күніӨзге мәліметтер*
1234567

Ескертпе: * өндіріс объектісі атауының және (немесе) орналасқан орнының, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе орналасқан орны туралы, өндіріс субъектісінің қызметі тоқтатылғаны немесе таратылғаны туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 23 ақпандағы № 30 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 3-қосымша

Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 22-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру және оның қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, қолданылуын тоқтату тәртібін айқындайды.

2. Өнімді мемлекеттік тіркеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомства) жүзеге асырады.

3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) зерттеу (сынақ) хаттамасы – бақылаудағы тауарды зерттеу (сынау), қолданылатын әдістемелер, құралдар және зерттеу (сынау) жағдайлары, олардың нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қамтитын, белгіленген тәртіппен рәсімделген құжат;

2) өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі – өнімнің (тауарлардың) ЕАЭО ТР немесе БСЭГТ-ге сәйкестігін куәландыратын және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бірыңғай нысан бойынша беретін өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжат;

3) мемлекеттік тіркеу – өнімнің Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (бұдан әрі – БСЭГТ) немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (бұдан әрі – ЕАЭО ТР) талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі.

4. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті бере отырып, мемлекеттік тіркеу Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағында оны өндіріске қою кезеңінде, ЕАЭО аумағына алғаш рет әкелінетін өнім үшін оны ЕАЭО аумағына әкелгенге дейін жүзеге асырылады.

5. Өнімді мемлекеттік тіркеуге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ЕАЭО шешімдерімен айқындалатын өнім жатады.

2-тарау. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру, қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату тәртібі

6. "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):

1) "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетеді.

Өнімнің мемлекеттік тіркеу куәлігін ауыстыру (қайта рәсімдеу) немесе қолданылуын тоқтату Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

7. Қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу үшін ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағында оның заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе дайындаушы немесе сатушы (импорттаушы) не уәкілетті дайындаушы адам болып табылатын дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Мемлекеттік корпорация арқылы немесе портал арқылы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді.

Өнімнің БСЭГТ сәйкестігін зерттеу (сынау) және өлшеу хаттамасының қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды.

8. Зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулерді қосымша немесе қайта жүргізбей өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (оған қосымшаны) ауыстыру (қайта ресімдеу) мынадай:

1) өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде (оған қосымшада) қателер (қате жазуларды) анықталған;

2) өтініш иесінің ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) өзгертілген;

3) дайындаушының ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) өзгертілген;

4) өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдаған, мұндай актіні қабылдау гигиеналық қауіпсіздік көрсеткіштеріне, өнім құрамына, оның қолданылу саласына өзгерістер енгізуге әкеп соқтырмайтын;

5) өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштеріне қатысы жоқ өнімнің қосымша нысандары мен көлемін, тұтыну қаптамасы түрлерін, тауар белгілерін көрсететін мәліметтермен, сондай-ақ халықтың жекелеген топтарының өнімнің белгілі бір түрлерін қолдануына көрсетілімдер (қарсы көрсетілімдер) туралы мәліметтермен және гигиеналық маңызы жоқ мәліметтермен толықтыру қажеттілігі болған жағдайларда жүзеге асырылады.

Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (оған қосымшаны) ауыстырған (қайта ресімдеген) кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және бұрын берілген өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (түпнұсқа) жібереді.

9. Өнімді дайындаушының не өтініш иесінің ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы өзгерген кезде тиісті өзгерістер туралы растайтын құжат қосымша ұсынылады.

10. Дайындаушының (өндірушінің) шет тілдеріндегі құжаттарының аудармалары "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес расталған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады, бұл ретте қаптаманың (тығындау құралдарының) таңбалау туралы ақпараты мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жазылуы тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі не көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші осындай мәліметтер болған жағдайда "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні кеңсе арқылы оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.

12. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

13. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

14. Өтініш иесі құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

15. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде объектіге бармай Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде өнімнің (тауарлардың) ЕАЭО ТР және (немесе) БСЭГТ, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.

16. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген, өнімнің (тауарлардың) ЕАЭО ТР және (немесе) БСЭГТ, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізгеннен кейін оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде рәсімдейді және береді.

17. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде негіздеме беруге және алдын ала шешімге қарсылық білдіруге мүмкіндігі болады.

Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдейді және береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

18. Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) өнімдердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, ЕАЭО ТР және (немесе) БСЭГТ талаптарына сәйкес келмеуі;

2) егер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылса, толық көлемде емес және дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттар топтамасы ұсынылса;

3) өнімнің белгілі бір түрінің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін белгілейтін техникалық регламентте (техникалық регламенттерде) норманың болмауы мемлекеттік тіркеу нысанында расталуы мүмкін;

4) мүше мемлекеттің халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылуы шеңберінде өнімнің адам денсаулығына және оның өмір сүру ортасына өнімді дайындау, айналымы және пайдалану (пайдалану) кезінде зиянды әсер ету жағдайлары туралы жіберілетін негізделген ақпараттың уәкілетті органға түсуі;

5) Еуразиялық экономикалық одақтың құқығында немесе мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу және беру үшін негіздердің болмауы;

6) өнімге және оны дайындау мен айналым шарттарына қатысты қауіпсіздік талаптарын белгілеудің мүмкін еместігі, сондай-ақ өнімде және осындай өнімнің қауіпті факторларын адамның өмір сүру ортасында айқындау және өлшеу әдістемелерінің болмауы;

7) өнімді дайындау, оның айналымы және пайдалану (пайдалану) кезінде өнімнің адам денсаулығына және оның өмір сүру ортасына зиянды әсер ету жағдайлары туралы негізделген ақпараттың болуы.

19. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

20. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

21. Өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу кезінде (егер Техникалық регламентте өзгеше көзделмесе) мұндай куәлік ол берілген күннен бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады.

22. Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің күші зерттеулерден (сынақтардан) және өлшеулерден өткен өнімнің іріктелген сынамаларын (үлгілерін) дайындаған күннен бастап дайындалған өнімге қолданылады.

23. Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын куәліктің қолданылу мерзімі ішінде ЕАЭО кедендік аумағында айналымға шығарылған өнімге қатысты (егер Техникалық регламентте өзгеше көзделмесе) мұндай өнімді дайындаушы көздеген оның жарамдылық (сақтау) мерзімдерінің соңына дейін сатуға жол беріледі.

БСЭГТ-на өнімінің сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу кезінде куәлік ол берілген күннен бастап өнімді дайындаудың немесе өнімді ЕАЭО кедендік аумағына әкелудің бүкіл кезеңі ішінде және ЕАЭО кедендік аумағында айналыстағы өнімді толық өткізгенге дейін (дайындаушы көздеген оның жарамдылық (сақтау) мерзімдерін ескере отырып) қолданылады.

24. Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін және оған қосымша (қосымшалар) қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететін қатаң есептілік бланкілеріне жатады.

Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу кезінде ЕАЭО нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі көрсетіледі, ал өнімнің сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеген жағдайда БСЭГТ көрсетілмейді.

25. Өтініш берушіден өнімді әкелуді және (немесе) дайындауды тоқтату туралы ақпарат алған кезде мемлекеттік органның ведомствосы өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

26. Мемлекеттік органның ведомствосы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды, кейіннен өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің күшін жояды және өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен өнім туралы мәліметтерді алып тастайды.

Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы шешімді қабылдау үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін және бұрын берілген өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (түпнұсқа) жібереді.

27. Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімді уәкілетті орган мынадай жағдайларда қабылдайды:

өнімнің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

өтініш иесінен өнімді әкелуді және (немесе) дайындауды тоқтату туралы ақпарат алу;

деректерді мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш иесі ұсынған деректердің дұрыс еместігін растайтын ақпарат алу.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

28. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің тікелей мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

Шешімі әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша

"Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Көрсетілетін қызметтің атауы: "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру". Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі: Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу
1Көрсетілетін қызметті берушінің атауыҚазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдерібарлық кіші түрлер бойынша: 1) "электрондық үкімет" веб-порталы: www. egov. kz (бұдан әрі – портал); 2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)
3Мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміБарлық кіші түрлер бойынша: портал арқылы 13 (он үш) жұмыс күні; Мемлекеттік корпорация арқылы 15 (он бес) жұмыс күні.
4Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаныБарлық кіші түрлер бойынша: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде
5Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіӨнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға қағаз тасығышта жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
6Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріМемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
7Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесіЖұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда: (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады; 3) Мемлекеттік корпорацияда: өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
8Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіБарлық кіші түрлер бойынша куәлікті беру үшін: Мемлекеттік корпорация арқылы: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін: - дайындаушы (өндіруші) куәландырған, өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың көшірмелері: - стандарт немесе ұйымның стандарты не техникалық шарт; - технологиялық нұсқаулық; - рецептура; - дайындаушының (өндіруші) дайындаған өнімінің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады; - өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш иесі куәландырған оның көшірмесі; - өтініш иесі растаған өнім заттаңбаларының (қаптамаларының) көшірмелері немесе олардың макеттері; - ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің түпнұсқасы; - ЕАЭО-ның сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының түпнұсқасы; - осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген ғылыми есептің түпнұсқасы; - осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген сараптамалық қорытындының түпнұсқасы; - жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (сәйкестендіру үшін); - дайындаушы парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдарды пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет; ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін: - дайындаушы (өндіруші) растаған, өнім дайындауға негіз болатын құжаттар көшірмелері: - халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты немесе техникалық шарттар; - ерекшеліктер; - технологиялық нұсқаулықтар; - рецептуралар немесе құрамы туралы мәліметтер; - өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш иесі растаған оның көшірмесі; - дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: өнім дайындаушы растаған сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, сапа туралы куәліктің, еркін сату сертификатының көшірмелері, өнім дайындаушысының хатының көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады; - өтініш иесі растаған өнім заттаңбаларының (қаптамаларының) көшірмелері және олардың макеттері; - дайындаушы мемлекеттің аумағында өнімнің қауіпсіздігін растайтын және оның еркін айналысына рұқсат беретін дезинфекциялау (дезинсекциялау, дератизациялау) құралы дайындалған мемлекеттің құзыретті денсаулық сақтау органы (басқа орган) берген, өнімді дайындаушы растаған құжаттың көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің жоқтығын растайтын өнімді дайындаушының құжаттары (дезинфекциялау құралдары мемлекеттік тіркелген жағдайда); - ЕАЭО-ның сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының түпнұсқасы; - осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген ғылыми есептің түпнұсқасы; - осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген сараптамалық қорытындының түпнұсқасы; - ЕАЭО-ның кедендік аумағына өнім сынамаларын (үлгілерін) әкелуді растайтын құжаттардың көшірмелері; - жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (сәйкестендіру үшін); - дайындаушы парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдарды пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет. Портал арқылы алу үшін: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, ЕАЭО-ның кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін: - дайындаушы (өндіруші) растаған өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың электрондық көшірмелері: - стандарт не ұйым стандарты не техникалық шарт; - технологиялық нұсқаулық; - рецептуралар; - дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі. Хабарлама ретінде: дайындаушы (өндіруші) растаған сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, сапа туралы куәліктің электрондық көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады; - өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш иесі растаған оның көшірмесі; - өтініш иесі растаған өнім заттаңбаларының (қаптамаларының) электрондық көшірмесі және олардың макеттері; - ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің электрондық көшірмесі; - ЕАЭО-ның сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмелері; - осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген ғылыми есептің электрондық көшірмесі; - осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі; - дайындаушы парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдарды пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтердің электрондық көшірмесін ұсыну қажет; ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін: - дайындаушы (өндіруші) растаған өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың электрондық көшірмелері: - халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты немесе техникалық шарттар; - ерекшеліктер; - технологиялық нұсқаулықтар; - рецептуралар немесе құрамы туралы мәліметтер; - өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушы (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш иесі растаған оның көшірмесі; - дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі. Хабарлама ретінде: өнім дайындаушы растаған сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, сапа туралы куәліктің, еркін сату сертификатының көшірмелері, өнім дайындаушысы хатының көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады; - өтініш иесі растаған өнім заттаңбаларының (қаптамаларының) электрондық көшірмелері және олардың макеттері; - дайындаушы мемлекеттің аумағында өнімнің қауіпсіздігін растайтын және оның еркін айналысына рұқсат беретін дезинфекциялау (дезинсекциялау, дератизациялау) құралы дайындалған мемлекеттің құзыретті денсаулық сақтау органы (басқа орган) берген, өнімді дайындаушы растаған құжаттың электрондық көшірмесі немесе (дезинфекциялау құралдары мемлекеттік тіркелген жағдайда) осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің жоқтығын растайтын өнімді дайындаушының құжаттары; - ЕАЭО-ның сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі; - осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген ғылыми есептің электрондық көшірмесі; - сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі; - ЕАЭО-ның кедендік аумағына өнім сынамаларын (үлгілерін) әкелуді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері; - дайындаушы парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдарды пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтердің электрондық көшірмесін ұсыну қажет.
9Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер- тауарлар Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеуі; - егер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған болса, құжаттар пакеті толық көлемде ұсынылмаса және дұрыс емес ақпарат қамтылса; - өнімнің белгілі бір түрінің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігі мемлекеттік тіркеу нысанында расталуы мүмкін екенін белгілейтін техникалық регламентте (техникалық регламенттерде) норманың болмауы; - уәкілетті органға мүше мемлекеттің халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылуы шеңберінде өнімді дайындау, айналымы және қолдану (пайдалану) кезінде өнімнің адам денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына зиянды әсер ету жағдайлары туралы жіберілетін негізделген ақпараттың түсуі; - Еуразиядық экономикалық одақтың құқығында немесе мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген куәлікті ресімдеу және беру үшін негіздердің болмауы; - өнімге және оны дайындау және айналымы жағдайларына қатысты қауіпсіздік талаптарын белгілеудің мүмкін еместігі, сондай-ақ өнімде және адамның тіршілік ету ортасында осындай өнімнің қауіпті факторларын айқындау және өлшеу әдістемелерінің болмауы; - өнімді дайындау, оның айналымы және қолдану (пайдалану) кезінде өнімнің адам денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына зиянды әсер ету жағдайлары туралы негізделген ақпараттың болуы.
10Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. 3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдарға арналған нұсқаға қолжетімді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларына 2-қосымша
форма

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ

__________________________________________

(мемлекеттің уәкілетті органы – Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі)

Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК ______ж. "___" ___________ № ________

Өнім _____________________________________________________

Дайындаушы __________________________________________________

Өтініш иесі _________________________________________________

Сәйкес келеді _________________________________________________

Куәлік мыналар негізінде берілді _________________________________

Жарамдылық мерзімі ___________________________________________

____________________________ М. О. _________ ___________________

(басшының лауазымы (қолы) (Т.А.Ә.)

(уәкілетті тұлғаның)

Еуразиялық экономикалық

одаққа мүше мемлекеттің

уәкілетті органының)

№ ______

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ

_______________________________________________________________

(мемлекеттің уәкілетті органы – Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі)

Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке ҚОСЫМША

______ж. "___" _________________ № _______________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

____________________________ М. О. _________ ___________________

(басшының лауазымы (қолы) (Т.А.Ә.)

(уәкілетті тұлғаның)

Еуразиялық экономикалық

одаққа мүше мемлекеттің

уәкілетті органының)

___беттен ______ бет № __________

Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 3-қосымша

Нысан

____________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________ мемлекеттік органның атауы _________________________ ___________________________ өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________ ___________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________________________ өтініш иесінің мекенжайы ____________________________ ___________________________ өтініш иесінің байланыс телефоны

Өтініш

Сізден ___________________________________________________________________

(өнімнің атауы)

__________________________________________________________________________

мемлекеттік тіркеуді (алмастыруды, қайта ресімдеуді) тоқтатуды) қажетінің астын сызу қажет)

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

жүргізуді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

пайдалануға келісім беремін.

Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1.2.

Қолы,күні, айы, жылы

Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларына 4-қосымша

Нысан

____________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т. А.Ә.) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынғаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1._____________________________________________________________________

2._____________________________________________________________________

Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

____________________________________________ _____________

Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

Алды: __________________________________ ______________

Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (қолы)

Күні: "___" _____________ 20__ жыл

Түпнұсқадағы суреттер, кестелер және скан (1)

TXT файлы мәтіндік бөлікті қамтиды. Көрнекі бөліктер ресми дереккөзден ашылады.

  1. Ресми қосымшаны ашу

Іздеу атаулары: №30 бұйрық, 30-бұйрық, приказ 30, отызыншы бұйрық, 30 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.