Мақала
Бұйрықтар

№ 37 бұйрық (14.03.2023): толық мәтін және скачать

Жаңа

Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 14 наурыздағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 наурызда № 32069 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
37
Қабылданған күні
14.03.2023
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
  4. 3-тарау. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету тәртібі
  5. 4-тарау. Білім алушыларға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ең төмен штат нормативтері
  6. 5 тарау. Орта білім беру ұйымының медициналық пунктін ең аз жарақтандыру
  7. Білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін орта білім беру ұйымдарының медициналық пункттерін медициналық бұйымдармен ұсынылатын ең аз жарақтандыру
  8. Орта білім алушыларға медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар
  9. Білім беру ұйымының медициналық пунктін жиһазбен, техникамен және кеңсе керек-жарақтарымен жабдықтау

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандарты бекітілсін.

2. "Білім беру ұйымдарының білім алушылары және тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 141 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15131 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.Т. Султангазиев

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 14 наурыздағы № 37 Бұйрыққа қосымша

Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсетудің талаптары мен тәртібін белгілейді

2. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету амбулаториялық жағдайларда жүзеге асырылады және Кодекстің 91-бабының 3 – тармағына сәйкес меншік нысанына қарамастан медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілері ұсынады.

3. Орта білім беру ұйымы білім алушыларға дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуге арналған жеке кабинет (бұдан әрі – медициналық пункт) бөледі және оны жинау мен техникалық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді.

4. Медициналық пункт білім алушылардың саны 50 оқушыға дейінгі шағын жинақты мектептерден басқа, ұйымға бір есебінен орта білім беру ұйымдарында ашылады.

5. Білім алушылар саны 50 оқушыға дейінгі шағын жинақталған мектептерде білім алушыларға медициналық көмекті ол орналасқан аумаққа қызмет көрсететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйым ұсынады.

6. Медициналық пункттің жұмыс кестесі орта білім беру ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес белгіленеді.

7. Білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін орта білім беру ұйымдарының тізбесін аумақтық қағидатты ескере отырып, әрбір МСАК ұйымына денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жыл сайын қалыптастырады.

2-тарау. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары

8. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:

1) "Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21820 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығы) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу;

2) профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;

3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты мінез-құлық тәуекелдерінің профилактикасы;

4) "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес вакцинациялауды жүргізу;

5) аурулардың профилактикасы, білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру, алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту семинарларын, тренингтер мен дәрістерді ұйымдастыру және өткізу;

6) білім беру және түсіндіру іс-шараларын өткізе отырып, білім алушылардың заңды өкілдері мен педагогтарды білім алушылардың денсаулығын сақтауға тарту;

7) жедел медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлері келгенге дейін кезек күттірмейтін жағдайларда алғашқы көмек көрсету болып табылады.

3-тарау. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету тәртібі

9. Медициналық пунктте білім алушыларға медициналық көмекті "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) кеңейтілген практика мейіргері, жалпы практика мейіргері, учаскелік мейіргер, мамандандырылған мейіргер, білім беру ұйымдарындағы медициналық пункт мейіргері, "Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі" мамандығы бойынша мейіргер (бұдан әрі –мейіргер) көрсетеді.

10. МСАК ұйымы № ҚР ДСМ – 305/2020 бұйрығына сәйкес "Педиатрия", "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету жөніндегі үйлестірушіні (бұдан әрі-білім алушыларға медициналық көмек көрсетуді үйлестіруші дәрігер) айқындайды.

11. Білім алушыларды жоспарлы диспансерлеуді, емдеуді және (немесе) ауруы бойынша медициналық оңалтуды олар бекітілген МСАК ұйымының жалпы практика дәрігерлері, учаскелік педиатрлар, бейінді мамандар, фельдшерлер мен мейіргерлер жүзеге асырады.

12. Білім алушыларға медициналық көмек көрсетуді үйлестіруші дәрігер мынандай функцияларды жүзеге асырады:

1) білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша іс-шараларды жоспарлайды;

2) профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізу кестесін жасайды және оның № ҚР ДСМ – 264/2020 бұйрығына сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді;

3) білім алушыларды профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткізуге қатысады;

4) профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша уақтылы диспансерлеуді бақылауды жүзеге асырады;

5) профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығының 15-тармағында айқындалған денсаулық топтарына сәйкес 1 және 2 денсаулық тобындағы білім алушыларды негізгі дене шынықтыру тобына, 3 және 4 денсаулық тобындағы білім алушыларды арнайы медициналық дене шынықтыру тобына айқындайды;

6) арнайы медициналық дене шынықтыру тобына айқындалған білім алушылардың тізімін орта білім беру ұйымына ұсынады.

13. Білім алушыларды профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткізуді, білім алушылармен және олардың заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын қоспағанда, орта білім беру ұйымының медициналық пунктінде дәрігердің тұрақты болуы талап етілмейді.

14. Мейіргер мынандай функцияларды жүзеге асырады:

1) профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізу үшін білім алушылардың нысаналы топтарының тізімін жасайды;

2) жоспарлы, маусымдық немесе эпидемиялық көрсетілімдер бойынша Кодекстің 137-бабының 2-тармағына сәйкес білім алушылардың ата-аналардың (заңды өкілдерінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін № 612 ҚР ҮҚ сәйкес кейіннен вакцинацияланғандарды бақылай отырып, білім алушылардың контингентін вакцинациялауды жүргізуді қамтамасыз етеді;

3) білім алушыларға, педагогикалық және техникалық персоналға кенеттен жіті аурулар және жай-күйлер, пациенттің өміріне айқын қауіп төндірмейтін созылмалы аурулардың асқынуы, жарақаттар (дәрігерге дейінгі шұғыл көмек, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жіберу, жедел медициналық көмек бригадасын шақыру) кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетеді;

4) МСАК ұйымының салауатты өмір салты маманымен бірлесіп салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

5) орта білім беру ұйымдарының психологтары және әлеуметтік педагогтерімен бірлесіп, психикалық денсаулықты сақтау, темекі бұйымдарын тұтынудан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудан, сондай-ақ құмар ойындарға патологиялық елігуден туындаған суицидтік мінез-құлық пен тәуелділіктің профилактикасы бойынша жұмыстарға қатысады;

6) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) білім алушыларды бөліп отырғызуды бақылауды қамтамасыз етеді.

15. Шұғыл көрсетілімдер болған жағдайда немесе білім алушылардың өміріне қауіп төнген кезде кезек күттірмейтін медициналық көмек ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімінсіз, Кодекстің 137-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес көрсетілген медициналық көмек туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) кейіннен міндетті түрде хабардар ете отырып көрсетіледі.

4-тарау. Білім алушыларға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ең төмен штат нормативтері

16. Білім алушыларға медициналық көмек көрсетуді үйлестіретін дәрігерлердің ең төмен штат нормативтері МСАК ұйымы қызмет көрсететін 2000 білім алушыларға шаққандағы 1 штат бірлігі есебінен қалыптастырылады.

17. Мейіргерлердің ең төмен штат нормативтері 700 білім алушыларға 1 штат бірлігі есебінен, бірақ екі және үш ауысымды оқыту режимі бар орта білім беру ұйымдарында кемінде 2,0 штат бірлігі және білім алушылар саны 2800-ден асатын орта білім беру ұйымдарында 4,0 штат бірлігінен аспайтын есеппен қалыптастырылады.

18. МСАК ұйымының басшысы медициналық пункттің негізгі қызметкері уақытша болмағанда басқа медицина қызметкерімен алмастыруды қамтамасыз етеді.

5 тарау. Орта білім беру ұйымының медициналық пунктін ең аз жарақтандыру

19. Білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін орта білім беру ұйымдарының медициналық пункттерін медициналық бұйымдармен ең аз жарақтандыру осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес МСАК ұйымы жүзеге асырады.

20. МСАК ұйымы орта білім беру ұйымдарының медициналық пункттерін білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттармен толықтыруды осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етеді.

21. Орта білім беру ұйымының медициналық пунктін жиһазбен, техникамен және кеңсе керек-жарақтарымен жарақтандыруды осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес МСАК ұйымы жүзеге асырады.

Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартына 1-қосымша

Білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін орта білім беру ұйымдарының медициналық пункттерін медициналық бұйымдармен ұсынылатын ең аз жарақтандыру

№АтауыӨлшем бірліктеріСаны
15 х 10 сантиметрлік бинттер, зарарсыздандырылмағандана10
27 х 14 сантиметрлік бинттер, зарарсыздандырылмағандана10
3Бактерицидті шамдана1
4Резеңке жылытқышдана1
5Вакцина қалдықтарын жоюға арналған ыдысдана2
6Медициналық жгутдана4
7Перифериялық веналық катетердана4
8Бүйрек тәрізді науадана5
9Бір рет қолданылатын маскаларқаптама1
11Инъекцияға арналған бір реттік сулықтар, спирттікқаптама1
12Зарарсыздандырылмаған қолғаптарқаптама1
13Нитрилді, зарарсыздандырылған қолғаптардана6
14№10 жиынтықтағы бактерицидті пластырдана1
153 х 500 сантиметрлік пластырдана1
16Катетерді бекітетін пластырдана1
17Бір рет қолданылатын жаймалардана10
18Мұзға арналған шыны сауытдана1
19Тоқыма емес материалдан жасалған стерильді 0,8 х 0,7 сантиметрлік сулықтарқаптама1
20Көлемі 40 х 70 сантиметрлік зарарсыздандырылған бір рет пайдаланылатын тоқыма емес матадан жасалған сулықтардана1
21Сантиметрлік лентадана1
22Инфузияға арналған жүйедана2
23Көру өткірлігін анықтауға арналған кестелердана1
24Вакциналарды тасымалдауға арналған термоконтейнердана1
25Медициналық термометрлердана5
26Тонометрдана1
27Фонендоскопдана1
28Аяқ-қолды иммобилизациялауға арналған шиналардана2-4
29Бір рет қолданылатын шпательдана10
30Инелері бар бір рет қолданылатын шприцтер: 2 миллилитр; 5 миллилитр; 10 миллилитр.дана10 10 5
Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартына 2-қосымша

Орта білім алушыларға медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар

№АтауыӨлшем бірліктеріСаны
1Аммиак ерітіндісі 10%құты1
2Ацетилсалицил қышқылы 500 миллиграмм, таблетка №10қаптама10
3Ибупрофен 200 миллиграмм, таблетка №10қаптама1
4Лоратадин 10 миллиграмм, таблетка №10қаптама1
5Натрий хлориді 0,9% 200 миллилитрқұты2
6Парацетамол 500 миллиграмм, таблетка №10қаптама10
7Преднизолон 30 миллиграмм, ампула №3қаптама1
8Сутегі асқын ерітіндісі 3%құты1
9Хлоргексидин биглюконат ерітіндісі 0,05%құты3
10Ауыз арқылы суландыру тұзы, ұнтаққаптама1
11Сальбутамол, ингаляцияға арналған аэрозольаэрозоль1
12Хлорпирамин 20 мг, ампула №5қаптама1
13Белсендірілген көмір, таблетка №10қаптама10
14Эпинефрин 0,18%, ампула №10қаптама1
Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартына 3-қосымша

Білім беру ұйымының медициналық пунктін жиһазбен, техникамен және кеңсе керек-жарақтарымен жабдықтау

№Медициналық жабдықтар мен құрал-саймандардың атауыӨлшем бірліктеріСаны
1Таразыдана1
2Кеңсе керек-жарақтары (журналдар, А4 форматындағы қағаз, желім, қаламдар, қарындаштар, тескіш, степлер, корректор, қайшы, папкалар)данатұрақты қолда бар
3Кушеткадана1
4Шыны қақпағы бар медициналық үстелдана1-2
5Дербес компьютердана1-2
6Жазу үстелідана1
7Принтердана1
8Бойды өлшеу құрамы (ростомер)дана1
9Сантиметрлік лентадана1
10Орындықтардана2-6
11Тоңазытқыш (вакциналар мен дәрі-дәрмектерге арналған)дана2
12Ширмадана1
13Кеңсе шкафыдана1-2
14Медициналық шкафдана1

Іздеу атаулары: №37 бұйрық, 37-бұйрық, приказ 37, отыз жетінші бұйрық, 37 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.