Мақала
Бұйрықтар

№ 84 бұйрық (19.05.2023): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 мамырда № 32551 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
84
Қабылданған күні
19.05.2023
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22096 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 239-бабының 2-тармағына және 241-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ";

1-тармақта :

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың "пайда-тәуекел" арақатынасын бағалау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін материалдарды бағалау кезінде, сондай-ақ медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесін бағалау кезінде сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;";

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада :

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың "пайда-тәуекел" арақатынасын бағалау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін материалдарды бағалау кезінде, сондай-ақ медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесін бағалау кезінде сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары";

мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

"

5-тарау. Медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесін бағалау кезіндегі сараптама
252Медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамаларын сараптамалық бағалау1 сараптама69 500
253Медициналық бұйымның клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалау1 сараптама69 500

".

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада :

1-тарауда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"

1Декларациялау арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау / құжатты сараптау1 дәрілік препарат / 1 бұйым10 983

".

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Ғиният

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту

агенттігі

Іздеу атаулары: №84 бұйрық, 84-бұйрық, приказ 84, сексен төртінші бұйрық, 84 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.