Мақала
Бұйрықтар

№ 108 бұйрық (07.06.2023): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № ҚР ДСМ-50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 маусымда № 32734 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
108
Қабылданған күні
07.06.2023
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш
  2. Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамасының сәйкестігіне 20___ жылғы "____" __________ №___________ қорытынды

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № ҚР ДСМ-50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28429 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 04 маусымдағы № 375 қаулысының 153-тармағына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН: ";

Осы бұйрықпен бекітілген медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидаларында :

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 04 маусымдағы № 375 қаулысының 153-тармағына сәйкес әзірленді.";

4 , 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Сараптама ұйымы қорытынды беру үшін өтініш беруші ұсынған медициналық техниканы әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделінің техникалық сипаттамалары бар техникалық ерекшеліктің функционалдық параметрлеріне және жиынтығына салыстырмалы талдау жүргізеді.

5. Қорытынды беру үшін өтініш беруші сараптама ұйымына:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық техниканы әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделін сатып алуға арналған техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтінішті;

2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне толық сәйкес келетін ұқсас медициналық техниканың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар мен материалдарды береді.

Өтініш беруші ұқсас техниканы таңдағанда салыстырылатын модельдердің техникалық сипаттамаларын, мүмкіндіктері мен жиынтығын ескереді.

6. Сараптама ұйымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде салыстырмалы талдау қорытындылары бойынша қорытынды беруді жүзеге асырады.

Қорытынды беру кезінде Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің материалдары, тиісті тіркеу дерекнамасының құжаттары және өндірушінің ресми сайтында орналастырылған ақпарат ескеріледі.";

көрсетілген Қағидаларға 1 , 2 – қосымшалар осы бұйрыққа 1 , 2 – қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Ғиният
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 7 маусымдағы № 108 Бұйрыққа 1-қосымша
Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Сараптама ұйымының атауы ____________________________

Медициналық техниканы сатып алуға арналған техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне қорытынды беру үшін өтініш

20___ жылғы "____"__________

1. Өтініш берушінің толық атауы (меншік нысанын көрсете отырып)
2. Медициналық техника туралы мәліметтер
Медициналық техниканың атауы
Сатып алу себептері (алғаш рет, ескінің орнына және өзгелер)
3. Денсаулық сақтау ұйымдарының жалпы мәліметтері
Бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Жобаны іске асыруға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Нақты мекенжайы (пошталық мекенжайы)
Заңды мекенжайы
Банк деректемелеріЖСН (БСН), БСК, ЖСК, Кбе16 Банк -
Жұмыс телефоны (бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның)Мобильді телефон
Жұмыс телефоны (медициналық техниканы сатып алуға жауапты адамның)Медициналық техниканы сатып алуға жауапты тұлғаның ұялы телефоны, медициналық техниканы сатып алуға жауапты адамның
Факсe-mail
4. Техникалық сипаттамалары
Техникалық ерекшеліктен медициналық техниканың салыстырмалы параметрлері мен жиынтықтарыМедициналық техниканың техникалық ерекшелік параметрлерінің және жиынтықтың мәніМедициналық техниканың моделі *
1-ші медициналық техниканың моделі2-ші медициналық техниканың моделі
Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық техниканың техникалық сипаттамалары параметрлерінің және жиынтықтың мәні: моделі________, өндіруші, Қазақстан Республикасындағы тіркеу куәлігінің нөмірі ____Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық техниканың техникалық сипаттамалары параметрлерінің және жиынтықтың мәні: моделі________, өндіруші, Қазақстан Республикасындағы тіркеу куәлігінің нөмірі ____

Ұсынылған құжаттар мен материалдардың дұрыстығына, толықтығына және мазмұнына кепілдік беремін және растаймын.

Аббревиатура:

ЖСН (БСН) – Жеке сәйкестендіру нөмірі (Бизнес сәйкестендіру нөмірі).

БСК – Банктік сәйкестендіру коды.

ЖСК – Клиенттің жеке сәйкестендіру коды.

Кбе 16 – Бенефициар коды.

Басшының

немесе оны алмастыратын тұлғаның __________________ ______

лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

Бұйрыққа 2 қосымша
Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
БЕКІТЕМІН
лауазымы____________ ___________________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы_____________ күні _________________

Медициналық техниканы сатып алу үшін техникалық ерекшеліктің сипаттамасының сәйкестігіне 20___ жылғы "____" __________ №___________ қорытынды

1. Жалпы ақпарат:

1. Өтініш берушінің атауы (меншік нысанын көрсете отырып) –

2. Өтініш берушінің заңды мекенжайы –

3. Ұйым басшысы немесе оны алмастыратын тұлға –

4. Жобаны жүзеге асыруға жауапты тұлға –

5. Өтінім нөмірі және күні –

6. Шарт № және күні –

7. Медициналық техниканың атауы –

8. Медициналық техниканы қолдану саласы –

2. Жүргізілген сараптама нәтижесі:

№Техникалық ерекшелікпен медициналық техниканың салыстырмалы параметрлері және жиынтықтарыМедициналық техниканың техникалық ерекшелік параметрлерінің және жиынтықтың мәні1-ші медициналық техниканың моделі Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық техниканың техникалық сипаттамалары параметрлерінің және жиынтықтың мәні: моделі________, өндіруші, Қазақстан Республикасындағы тіркеу куәлігінің нөмірі ____1-ші медициналық техниканың моделі Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық техниканың техникалық сипаттамалары параметрлерінің және жиынтықтың мәні: моделі________, өндіруші, Қазақстан Республикасындағы тіркеу куәлігінің нөмірі ____Сәйкестік

Қорытынды:

1. _____________________________________________________________

_______________________________________________________________

сәйкес келеді:

2. __________________________________________________________________

байланысты_________________________________________________________

сәйкес келмейді:

Сарапшы________________________________________ ______________

лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

немесе оны алмастыратын тұлға __________________________ _________

лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

Іздеу атаулары: №108 бұйрық, 108-бұйрық, приказ 108, жүз сегізінші бұйрық, 108 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.