Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 шiлдеде № 33063 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- 126
- Қабылданған күні
- 11.07.2023
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 101-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:
1) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше ахуалдарды болғызбауға және (немесе) олардың салдарын жою;
2) төтенше жағдай енгізу кезеңі;
3) аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және оларды емдеу;
4) орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Ғиният |
Іздеу атаулары: №126 бұйрық, 126-бұйрық, приказ 126, жүз жиырма алтыншы бұйрық, 126 бұйрық скачать.