"COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру кезеңінде денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін түзету коэффициентін қолдану әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-261/2020 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 қазанда № 33550 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- 155
- Қабылданған күні
- 16.10.2023
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру кезеңінде денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін түзету коэффициентін қолдану әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-261/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21793 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Ғиният |
Іздеу атаулары: №155 бұйрық, 155-бұйрық, приказ 155, жүз елу бесінші бұйрық, 155 бұйрық скачать.