Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 162 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 қарашада № 33616 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- 162
- Қабылданған күні
- 08.11.2023
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына , 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "Адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен жәнә уытқұмарлықпен ауырады деп тану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 808 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5952 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасында психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6777 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Ғиният |
Іздеу атаулары: №162 бұйрық, 162-бұйрық, приказ 162, жүз алпыс екінші бұйрық, 162 бұйрық скачать.