"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда № 33791 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 19.12.2023
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарында пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары :
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/е нысанымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізлімінде № 2423 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Ғиният |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 173 бұйрығына қосымша |
"Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысаны
1. Жалпы ережелер
Баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________________
ЖСН_____________________________________________________________________
Туған күні _________________________________________________________________
Жынысы__________________________________________________________________
Үйінің мекенжайы (немесе интернат үлгісіндегі ұйымның мекенжайы)_____________
Заңды өкілдер туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тіркеу емханасы ___________________________________________________________
Қан тобы ______________ Резус-факторы ______________________________________
Мүгедектік (иә / жоқ)_______________ топ _____________________________________
Бала диспансерлік есепте тұр ма (иә / жоқ)______________________________________
Диагноз (АХЖ-10 коды)*____________________________________________________
Диспансерлік есепке алу күні _________________________________________________
* B20-B24, F00-F99 диагноздарды қоспағанда
1-кесте. Ұйымдардың сипаттамасы
| Түсу айы, жылы | Ұйымдардың сипаттамасы | |||||
| Мектепке дейінгі | Жалпы орта білім беру ұйымы | Интернат үлгісіндегі ұйымы | ||||
| Жалпы | Түзету | Жалпы | Түзету | Жалпы | Түзету | |
2. Анамнестикалық мәліметтер
2-кесте. Аллергоанамнез
| Аллергия (ия/жоқ)______________ | ||||
| Аллергия түрі* | Аллерген | Қай жастан бастап | Диагноз қойылған жыл | Ескертпелер |
* Аллергия түрі: вакциналық, дәрілік, аллергиялық аурулар.
3-кесте. Балалық шақтағы жұқпалы аурулар
| Аурулар | Жыл | Аурулар | Жыл |
| Қызылша | Дифтерия | ||
| Көкжөтел | Туберкулез | ||
| Жаншәу | Эпидемиялық паротит | ||
| Іш сүзегі | |||
| Желшешек | |||
| Қызамық | |||
| Вирустық гепатит (А, В, С, Д) |
4-кесте 4. Ауруханаға жатқызу туралы мәліметтер
(жарақаттарды, операцияларды қоса алғанда)
| Күні (басталған күннен бастап аяқталған күніне дейін) | (АХЖ-10 коды) диагнозы | Медициналық ұйым |
5-кесте. Санаторлық-курорттық (және оған теңестірілген) емдеу туралы мәліметтер
| Күн | Диагнозы (АХЖ-10 коды) | Ұйым | |
| Бейін | Климаттық аймақ | ||
6-кесте. Соңғы күнтізбелік жылдағы еңбекке уақытша жарамсыздық туралы мәліметтер
| Анықтама берілген күні | Диагнозы (АХЖ-10 коды) | Анықтама берген медициналық ұйым | Дәрігердің ТӘЖ | |
| бастап | дейін | |||
3. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес "Профилактикалық екпелердің картасы" № 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер болуы туралы мәліметтер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексерулердің мәліметтері (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 21820 болып тіркелген).
7-кесте. Соңғы күнтізбелік жылдағы профилактикалық тексерулер туралы мәліметтер*
| Параметрлер | ағымдағы жасқа арналған соңғы күнтізбелік жылдағы профилактикалық қарап-тексерулер туралы мәліметтер |
| Зерттеп-қарау күні | |
| Бойы | |
| Салмақ | |
| Қорытынды диагноз (оның ішінде негізгі және ілеспе аурулар) | |
| Денсаулық тобы | |
| Дене шынықтыру сабақтар үшін медициналық тобы | |
| Ұсыныстар |
* Жүргізілген өзекті профилактикалық қарап тексерулер туралы мәліметтер болмаған жағдайда баланың тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну ұсынылады.
8-кесте.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультацияға (бұдан әрі – ПМПК) жіберу туралы мәліметтер*
| ПМПК-ға жіберілген күні | Диагнозы (АХЖ-10 коды) | ПМПК өткендігі туралы белгі |
* болған жағдайда
Іздеу атаулары: №173 бұйрық, 173-бұйрық, приказ 173, жүз жетпіс үшінші бұйрық, 173 бұйрық скачать.