"Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-195/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 наурызда № 34154 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 13.03.2024
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы қаулы 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-195/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 18 қарашада № 21654 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларында :
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Оң нәтиже болған жағдайда гигиеналық оқытуды жүргізген жеке және заңды тұлғалар емтихан тапсыру туралы мәліметтерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне енгізеді.";
3-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі | А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Іздеу атаулары: №8 бұйрық, 8-бұйрық, приказ 8, сегізінші бұйрық, 8 бұйрық скачать.