Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 сәуірде № 34307 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 26.04.2024
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 15 бұйрығына қосымша |
Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесі
| Р/н № | Аурулардың атаулары | АХЖ-10 коды бойынша |
| 1 | Терінің гипертрофиялық өзгерістері | L91 |
| 2 | Келоидты тыртық | L91.0 |
| 3 | Терінің басқа гипертрофиялық өзгерістері | L91.8 |
| 4 | Терінің анықталмаған гипертрофиялық өзгерістері | L91.9 |
| 5 | Тері мен тері асты шелмайының гранулемалық өзгерістері | L92 |
| 6 | Басқа айдарларда жіктелмеген липоидты некробиоз | L92.1 |
| 7 | Тері мен тері асты шелмайының бөгде дене тудырған гранулемасы | L92.3 |
| 8 | Тері мен тері асты шелмайының басқа гранулемалық өзгерістері | L92.8 |
| 9 | Тері мен тері асты шелмайының анықталмаған гранулемалық өзгерістері | L92.9 |
| 10 | Дәнекер тіннің бір орында орналасқан басқа өзгерістері | L94 |
| 11 | Терінің белгілі орында орныққан қатаюы (morphea) | L94.0 |
| 12 | Терінің желі бойымен қатаюы | L94.1 |
| 13 | Терінің әктенуі | L94.2 |
| 14 | Склеродактилия | L94.3 |
| 15 | Готтрона папулалары | L94.4 |
| 16 | Тамырлық атрофиялық пойкилодермия | L94.5 |
| 17 | Аньюм (өздігінен болған дактилолиз) | L94.6 |
| 18 | Дәнекер тіннің бір орында орныққан анықталған басқа өзгерістері | L94.8 |
| 19 | Дәнекер тіннің бір орында орныққан анықталмаған өзгерістері | L94.9 |
| 20 | Басқа айдарларда жіктелмеген, терімен шектелген васкулит | L95 |
| 21 | Мәрмәр терісінің васкулиті | L95.0 |
| 22 | Терінің көтеріңкі, табанды қызаруы | L95.1 |
| 23 | Басқа васкулиттің терімен шектелген қабынулары | L95.8 |
| 24 | Анықталмаған васкулиттің терімен шектелген қабынуы | L95.9 |
| 25 | Басқа айдарларда жіктелмеген тері мен тері асты шелмайының басқа аурулары | L98 |
| 26 | Серопозитивті ревматоидтық артрит | M05 |
| 27 | Ревматоидты басқа артриттер | M06 |
| 28 | Псориаздық және энтеропатия салдары артропатиялар | M07 |
| 29 | Саусақтың (тар) деформациялары | М20.0 |
| 30 | Басқа некроздаушы васкулопатиялар | М31 |
| 31 | Жүйелі қызыл жегі | М32 |
| 32 | Дерматополимиозит | М33 |
| 33 | Жүйелі беріштену | М34 |
| 34 | Үдемелі жүйелі беріштену | М34.0 |
| 35 | Дәнекер тіннің басқа жүйелі зақымдануы | М35 |
| 36 | Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіннің жүре пайда болған басқа деформациялары | М95 |
| 37 | Қол ұшының туа біткен деформациясы | Q68.1 |
| 38 | Қол ұшы мен мен білектің туғаннан болмауы | Q 71.2 |
| 39 | Қол ұшы мен саусақтың (тардың) туғаннан болмауы | Q 71.3 |
| 40 | Білезік пен қол ұшының жарақаттық ампутациясы | S68 |
| 41 | Қол ұшының білезік деңгейіндегі жарақаттық ампутациясы | S68.4 |
| 42 | Білезік пен қол ұшының басқа бөліктерінің жарақаттық ампутациясы | S68.8 |
| 43 | Білезік пен қол ұшының анықталмаған деңгейіндегі жарақаттық ампутациясы | S68.9 |
| 44 | Білезік пен қол ұшының басқа және анықталмаған жарақаттары | S69 |
| 45 | Білезік пен қол ұшының көптеген жарақаттары | S69.7 |
| 46 | Білезік пен қол ұшының басқа анықталған жарақаттары | S69.8 |
| 47 | Білезік пен қол ұшының анықталмаған жарақаты | S69.9 |
| 48 | Білезік пен қол ұшының термиялық және химиялық күйіктері | Т23 |
| 49 | Тіндер некрозы қабаттасқан білезік аймағы мен қол ұшының үсуі | Т34.5 |
| 50 | Саусақтың (тардың) бір жақты, жүре пайда болған жоқтығы, үлкен бармақтың қоса алғанда | Z89.0 |
| 51 | Білезік пен қол ұшының жүре пайда болған жоқтығы | Z89.1 |
| 52 | Қолдың білезіктен жоғары жүре пайда болған жоқтығы | Z89.2 |
| 53 | Екі қолдың жүре пайда болған (кез келген деңгейде) жоқтығы | Z89.3 |
*АХЖ -10 – Аурулардың халықаралық жіктемесі
Іздеу атаулары: №15 бұйрық, 15-бұйрық, приказ 15, он бесінші бұйрық, 15 бұйрық скачать.