Мақала
Бұйрықтар

№ 43 бұйрық (28.06.2024): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34659 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
43
Қабылданған күні
28.06.2024
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидалары
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2- тарау. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау тәртібі
  4. 3-тарау. Біліктілік деңгейін беру және растау тәртібі
  5. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау өлшемшарттары
  6. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау
  7. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік дамуы
  8. Бастапқы біліктілік деңгейлері.
  9. Біліктіліктің кезекті деңгейлері

1. "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы";

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидалары бекітілсін.";

көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 28 маусымдағы № 43 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрыққа қосымша

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 41-тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар денсаулық сақтау қызметкерлеріне үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау тәртібін айқындайды.

2. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін (бұдан әрі – ҮКД) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау өлшемшарттарына сәйкес персоналды басқару қызметі және медициналық ұйымның басшысы растайды.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым – білім алушылардың білімі мен дағдыларын, білім алу бағдарламалары түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалауды жүзеге асыратын денсаулық сақтаудың уәкілетті органымен аккредиттелген ұйым;

2) денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму жүйесіндегі сынақ бірлігі (бұдан әрі – СБ) – кәсіптік қызметтің белгілі бір кезеңінде үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемі өлшемінің біріздендірілген шартты бірлігі;

3) денсаулық сақтау қызметкерлері – клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға жіберу үшін немесе Кодекстің 27-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мамандығы (мамандануы) бойынша маман сертификаты бар мамандар;

4) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі - қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;

5) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

6) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

7) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) – Қазақстан Республикасының Ұлттық сабақ сыныптауышы, ұлттық біліктілік шеңбері негізінде әзірленетін және орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және салада пайдаланылатын білімдердің, іскерліктер мен құзыреттердің сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды жіктейтін құжат;

8) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.

4. Кодекстің 269-бабының 3-тармағына сәйкес талаптарды ескере отырып, қосымша, формалды емес білім беру нәтижелерін және қосымша құзыреттерді куәландыратын құжаттар денсаулық сақтау қызметкерлерінің ҮКД нәтижелері болып табылады.

Денсаулық сақтау мамандарының ҮКД нәтижелері Кодекстің 27-бабына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді сертификаттау үшін расталады.

5. "Денсаулық сақтау" саласының СБШ сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлеріне біліктілік деңгейін беру немесе растау осы Қағидаларға сәйкес тәртіппен бағалау бойынша аккредиттелген ұйымға берілген білім мен дағдыларды бағалау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

Медицина қызметкерлері "Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру", "Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер шеңберінде бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымның қорытындысы болған кезде "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес тәртіппен берілген деңгейі ескеріле отырып мамандық/мамандану бойынша маман сертификатын алады немесе растайды.

2- тарау. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау тәртібі

6. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің соңғы 5 жылдағы ҮКД нәтижелерін денсаулық сақтау ұйымының басшысы растайды.

7. Денсаулық сақтау қызметкері ҮКД нәтижелерін куәландыратын құжаттары болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өлшемшарттарда көзделген растайтын құжаттарды ұсынады.

Шет тілінде берілген құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен ұсынылады.

8. ҮКД нәтижелерінің әрбір өлшемшарты үшін персоналды басқару қызметі және медициналық ұйымның басшысы СБ есептейді.

9. ҮКД-нің қорытынды нәтижесі қосымша білім, формалды емес білім және қосымша құзыреттер үшін СБ-ны қосу арқылы есептеледі.

Қосымша білім беру (біліктілікті арттыру) нәтижелері бойынша СБ осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-тарауына сәйкес соңғы 5 жыл үшін есептеледі.

Формалды емес білім беру нәтижелері бойынша СБ осы Қағидаларға 1-қосымшаның 2-тарауына сәйкес қосымша құзыреттер бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаның 3-тарауына сәйкес есептеледі.

10. ҮКД расталған нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

11. ҮКД нәтижелерін куәландыратын құжаттардың өлшемшарттарына қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі ҮКД нәтижелерін растаудан бас тартуға негіз болып табылады.

3-тарау. Біліктілік деңгейін беру және растау тәртібі

12. Біліктілік деңгейін беруге немесе растауға үміткер денсаулық сақтау қызметкері бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымға осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес ҮКД нәтижелерін ұсынады.

Денсаулық сақтау қызметкеріне біліктілік деңгейін беру үшін:

1) білім дипломымен расталған біліктілік деңгейіне сәйкес денсаулық сақтау саласында білімінің болуы;

2) аккредиттелген бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесімен расталған білім мен дағдылар;

3) көрсетілетін қызметтердің электрондық тіркелімінен немесе кәсіптік қызмет туралы есептен расталған, құрылымдық бөлімше басшысы қол қойған кәсіптік стандарттың талаптарына сәйкес мәлімделген біліктілік деңгейіне сәйкес келетін еңбек функцияларын орындауы;

4) персоналды басқару қызметі және медициналық ұйым басшысы куәландырған ҮКД іс-шаралары қажет.

Қолданыстағы біліктілік деңгейін растау кезінде медицина қызметкері осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес білімі мен дағдыларын бағалаудан өтпейді.

13. Біліктіліктің тиісті деңгейіне қол жеткізу үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлерінің ҮКД нәтижелерін растау өлшемшарттары бойынша қосымша, формалды емес білім беруді және қосымша құзыреттерді қамтитын үздіксіз кәсіптік даму іс-шаралары қажет.

14. Біліктілік деңгейлері үшін үздіксіз кәсіптік даму іс-шараларының жалпы көлемі 210 СБ құрайды.

15. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үш халықаралық академиялық рейтингке кіретін шетелдік ұйымдарда алған қосымша және (немесе) формалды емес білімі және олардың екеуінің және одан да көбінің алғашқы 250 (екі жүз елу) позицияларының қатарында (әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингі Квакарелли Симондс (QS World University Rankings, Кьюес World University Ranking), әлем университеттерінің академиялық рейтингі (Academic Ranking of World Universities, Академик Ranking of World University), Times басылымының нұсқасы бойынша әлемнің үздік университеттерінің рейтингі, (Times Higher Education World University Rankings) Таймс Хайер Юдукейшн World University Ranking) "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) көзделген Қазақстан Республикасында құжаттың түпнұсқасын ұсынған кезде жарамды деп танылады.

16. Денсаулық сақтау қызметкерлеріне "Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) бұйрығында көзделген тәртіппен бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі негізінде бастапқы немесе кезекті біліктілік деңгейі беріледі.

17. Біліктіліктің 4.0, 5.0, 6.0, 7.0 (I), 7.1 (R) бастапқы деңгейлері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарының түлектеріне денсаулық сақтау саласындағы СБШ-ға сәйкес беріледі.

18. Мамандануы бойынша біліктілік деңгейі "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 болып тіркелген) шарттары сақтала отырып, негізгі мамандық шеңберінде беріледі.

19. Біліктіліктің кезекті деңгейін беру кезінде "Денсаулық сақтау" саласының СБШ белгілеген біліктілік деңгейлерінің кезектілігі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сақталады.

Санат беру туралы мерзімсіз куәліктері бар медицина қызметкерлері бағалау қағидаларына сәйкес білімі мен дағдыларын бағалаудан өтпей-ақ тиісті біліктілік деңгейі бар мамандық бойынша маман сертификатына куәлікті қайта ресімдей алады.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларына 1-қосымша

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау өлшемшарттары

№Өлшемшарттардың атауыӨлшемшарттарға қойылатын талаптарӨлшемшарттардың бірлігіРастайтын құжат
12345
1-тарау. Қосымша білім
1Қосымша білім (біліктілікті арттыру циклдері)мәлімделген мамандық бейініне сәйкес; білім беру бағдарламасының деңгейіне сәйкес; сағаттардың немесе кредиттердің санын көрсету1 сағат = 1 сынақ бірлігі;біліктілікті арттырудан өткені туралы куәліктің көшірмесі
2-тарау. Формалды емес білім беру
2.Мамандық бейіні бойынша тағылымдамаоблыстық, қалалық, республикалық маңызы бар1 апта = 10 сынақ бірлігітағылымдаманың жеке жоспарының орындалуы туралы есептің көшірмесі, тағылымдама барысында алған білімі, машығы мен дағдылары туралы ақпарат, тағылымдама қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімше басшысының денсаулық сақтау саласындағы маманға пікірі
халықаралық маңызы бар1 апта = 30 сынақ бірлігі
3.Күндізгі оқыту семинарларына, тренингтерге, шеберлік сыныптарға қатысумәлімделген мамандық бейініне сәйкес; сағаттардың немесе кредиттердің санын көрсету1 сағат = 0,5 есептік бірлік;оқудан өткені туралы куәліктің көшірмесі
4.Вебинарларға, онлайн курстарға, қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып өткізілетін өзге де оқыту іс-шараларына қатысумәлімделген мамандық бейініне сәйкес; сағаттардың немесе кредиттердің санын көрсету1 сағат = 0,5 сынақ бірліктеріоқудан өткені туралы куәліктің көшірмесі
3-тарау. Қосымша құзыреттер
5.Съезд, Конгресс, конференциялар жұмысына қатысуоблыстық, республикалық маңызы бар қалалар1 күн – 5 сынақ бірлігі, баяндамамен – 10 сынақ бірлігібаяндамашының Т.А.Ә., тақырыбы, өткізу орны, өткізуді ұйымдастырушы, күні көрсетілген конференция қатысушысының құжаты және (немесе) бағдарламасы
республикалық маңызы1 күн – 10 сынақ бірлігі, баяндамамен - 50 сынақ бірлігі
халықаралық маңызы1 күн - 40 сынақ бірлігі , баяндамамен - 100 сынақ бірлігі
6.Монографияны, нұсқаулықтарды, әдістемелік ұсынымдарды жариялаумәлімделген мамандық бейініне сәйкес; бірінші автор немесе моноавторлық1 монография = 180 сынақ бірлігі; нұсқаулық, әдістемелік ұсынымдар = 30 сынақ бірлігі.жарияланған монографияның, нұсқаулықтардың, әдістемелік ұсынымдардың электрондық көшірмесі, бірінші автор
7.Оқулық (кітаптар)мәлімделген мамандық бейініне сәйкес; бірінші автор немесе моноавторлық.1 оқулық (кітап) = 180 сынақ бірлігіжарияланған оқулықтың (кітаптың) электрондық көшірмесі)
8.Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған тізбеге кіретін басылымдарда ғылыми мақала жариялаумәлімделген мамандық бейініне сәйкес; бірінші 3 авторға1 бап = 20 сынақ бірлігіжарияланған мақаланың электрондық көшірмесі, алғашқы 3 автор
9.Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған тізбеге кірмейтін республикалық және шетелдік басылымдарда мақаласын жариялаубірінші 3 авторға1 бап = 10 сынақ бірлігіжарияланған мақаланың электрондық көшірмесі, алғашқы 3 автор
10.Scopus, Web of Science, Springer индекстелетін басылымдарда жариялаумәлімделген мамандық бейініне сәйкес1 мақала, журналдың квартилі Q4 = 90 сынақ бірлігі, 1 мақала, журналдың квартилі Q3= 120 сынақ бірлігі, 1 мақала, журналдың квартилі Q2 = 150 сынақ бірлігі, 1 мақала, журналдың квартилі Q1= 180 сынақ бірлігі.Scopus, Web of Science, Springer дерекқорында жарияланған мақалаға сілтеме
11.Патент алумәлімделген мамандық бейініне сәйкес1 республикалық деңгейдегі патент = 60 сынақ бірлігі; 1 шетелдік деңгейдегі патент = 180 сынақ бірлігі.патенттің көшірмесі
12.Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік туралы куәлік алумәлімделген мамандық бейініне сәйкес1 куәлік = 30 сынақ бірлігізияткерлік меншік туралы куәліктің көшірмесі
13.Тәлімгерлік, педагогикалық қызметмәлімделген мамандық бейініне сәйкесжыл бойы медициналық білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін тәлімгер немесе ментор ретінде = 10 сынақ бірлігімедициналық ұйымның тәлімгер тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі, және (немесе) тәлімгерлік және (немесе) менторлық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік
14.Жас және жаңадан қабылданған мамандарға тәлімгерлікмәлімделген мамандық бейініне сәйкесжыл ішінде тәлімгер ретінде = 10 сынақ бірлігітәлімгер тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі
15.Практикалық қызметке диагностика емдеу, аурудың профилактикасы инновациялық ғылыми немесе практикалық әдістемені енгізумәлімделген мамандық бейініне сәйкес1 ендіру актісі = 60 сынақ бірлігіденсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органының қатысуымен ендіру актісі
16.Кәсіби қауымдастыққа мүшелікмәлімделген мамандық бейініне сәйкес; растау кезінде кемінде 1 жыл белсенді мүшелік.өңірлік деңгей = 10 сынақ бірлігі; Республикалық деңгей = 30 сынақ бірлігі; Халықаралық деңгей = 60 сынақ бірлігі.сараптамалық қызметті растайтын құжаттың көшірмесі
17.Сараптама органдарына мүшелікмәлімделген мамандық бейініне сәйкес; растау кезінде 5 жыл ішінде кемінде 1 жыл белсенді мүшелікреспубликалық деңгей = 90 сынақ бірлігісараптамалық қызметті растайтын құжаттың көшірмесі
18.Сараптамалық және (немесе) жаттықтырушылар қызметімәлімделген мамандық бейініне сәйкес; растау сәтіне бір жыл ішінде1 құжат = 10 сынақ бірлігісараптамалық және жаттықтырушылық қызметті растайтын құжаттың көшірмесі
19.Нормативтік құқықтық және өзге де регламенттеуші актілерді әзірлеуге қатысумәлімделген мамандық бейініне сәйкес; республикалық деңгейдегі (клиникалық хаттамалар, клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтар, операциялық рәсімдердің стандарттары, салалық бағдарламалар, білім берудің мемлекеттік стандарттары)1 құжат = 30 сынақ бірлігіжұмыс тобының құрамы туралы бұйрықтың көшірмесі
20.Білім алушылардың білімі мен дағдыларын, денсаулық сақтау саласындағы түлектер мен мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымның емтихан материалының (тест сұрақтары және клиникалық сценарийлер) мазмұндық немесе тесттілік сараптамасына қатысумәлімделген мамандық бейініне сәйкес;50 тест сұрақтары =1 сынақ бірлігі; 10 клиникалық сценарий = 1 сынақ бірлігіемтихан материалдарын сараптау актісінің көшірмесі
21.Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау және оны растау мақсатында тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысына қатысумәлімделген мамандық бейініне сәйкес растау сәтінде 5 жыл ішінде1 құжат = 90 сынақ бірлігісарапшының қатысуы туралы тәуелсіз сараптама комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді және тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі
22.Бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымда өзін-өзі бағалаудан өтуіоң нәтиже (шекті деңгейге тең немесе одан жоғары)1 өзін-өзі бағалау нәтижесі = 30 сынақ бірлігібілімі мен дағдыларын өзін-өзі бағалаудың оң нәтижесі (шекті деңгейге тең немесе одан жоғары)
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларына 2-қосымша
нысан

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_____________________________

2. Мәлімделген мамандық ___________________________________

3. Денсаулық сақтау қызметкерінің жалпы жұмыс өтілі (жылы, айы, күні)_______

4. Мәлімделген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жылы, айы, күні) ___

5. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны _______________________________

6. Атқаратын лауазымы _______________________________________

7. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметі (мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау сәтінде)

Қабылданған күніБосатылған күніЖұмыс орныАтқаратын лауазымыБұйрық нөміріБұйрықтың шыққан күні

8. Салалық біліктілік шеңберінің деңгейі _________________________

9. Біліктілік санаты (бар болса) _________________________________

10. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (бар болса) ________________________

11. ҮКД нәтижелері ___________________________________________

№Өлшемшарттардың атауыСынақ бірліктеріндегі нәтиже
1-тарау. Қосымша білім
1
2-тарау. Формалды емес білім беру
2
3
4
5
3-тарау. Қосымша құзыреттер
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
ҮКД нәтижелерінің жиыны:

Персоналды басқару қызметінің басшысы ____________________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_________________

(қолы) берілген күні

Медициналық ұйымның басшысы ___________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_________________

(қолы) берілген күні

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларына 3-қосымша

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік дамуы

№Үздіксіз кәсіптік даму іс-шарасының атауы
1Салалық біліктілік шеңберінің деңгейлері4.0; 5.0; 6.0; 7.0 (I); 7.1 (R)4.1; 5.1; 6.1; 7.1 (I); 7.2 (R)4.2; 5.2; 6.2; 7.2 (I); 7.3 (R)4.3; 5.3; 6.3; 7.3 (I); 7.4 (R)
Біліктілік санатыБіліктілік санаты жоқЕкінші біліктілік санатыБірінші біліктілік санатыЖоғары біліктілік санаты
2Үздіксіз кәсіптік даму іс-шараларының жалпы көлемі (қосымша білім берудің, формалды емес білім берудің және қосымша құзыреттердің сынақ бірліктерінің сомасы)5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі немесе сақтандыру жағдайын сараптау кезінде тәуелсіз сараптама комиссиясына қатысу, соңғы 3 жылда кемінде 3 рет.5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі немесе сақтандыру жағдайын сараптау кезінде тәуелсіз сараптама комиссиясына қатысу, соңғы 3 жылда кемінде 3 рет.5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі немесе сақтандыру жағдайын сараптау кезінде тәуелсіз сараптама комиссиясына қатысу, соңғы 3 жылда кемінде 3 рет.
3Қосымша білімібазалық деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 150 ЗЕ (сағаты)базалық немесе орта деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 150 сынақ бірлігі (сағаты)орта немесе жоғары деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 120 сынақ бірлігі (сағаты)Жоғары немесе мамандандырылған деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 60 сынақ бірлігі (сағаты)
Формалды емес білімікемінде 50 сынақ бірлігі (сағат)кемінде 50 сынақ бірлігі (сағат)кемінде 50 сынақ бірлігі (сағат)облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кемінде 60 сынақ бірлігі
Қосымша құзыреттеркемінде 10 сынақ бірлігікемінде 10 сынақ бірлігіоблыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кемінде 40 сынақ бірлігіоблыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кемінде 90 сынақ бірлігі
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларына 4-қосымша

Бастапқы біліктілік деңгейлері.

СБШ біліктілік деңгейіДенсаулық сақтау саласындағы білім деңгейі
4.0техникалық және кәсіптік білім
5.0орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат)
6.0жоғары білім (академиялық бакалавриат)
7.0 (I)Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (игерілген бакалавриат бағдарламасы негізінде магистратура) және (немесе) практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе жоғары базалық медициналық білім (интернатура) және (немесе) үздіксіз интеграцияланған медициналық білім
7.1 (R)жоғары оқу орнынан кейінгі білім (резидентура) сертификаттау курсы (мамандандыру үшін*)
8PhD Докторантура, PhD докторы ғылыми дәрежесі, (Медицина ғылымдарының кандидаттары, медицина ғылымдарының докторы) немесе жоғары медициналық білім және саладағы басқару жұмысының тәжірибесі.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларына 5-қосымша

Біліктіліктің кезекті деңгейлері

Денсаулық сақтау саласындағы білім деңгейіСБШ біліктілік деңгейіБіліктілік санатыБіліктіліктің алдыңғы деңгейін алған күннен бастап мәлімделген мамандық және (немесе) мамандану бойынша үздіксіз жұмыс өтілінің болуы
Техникалық және кәсіптік білім4.1екіншікемінде 5 жыл
4.2біріншікемінде 4 жыл
4.3жоғарыкемінде 3 жыл
Орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат)5.1екіншікемінде 5 жыл
5.2біріншікемінде 4 жыл
5.3жоғарыкемінде 3 жыл
Жоғары білім (академиялық бакалавриат)6.1екіншікемінде 5 жыл
6.2біріншікемінде 4 жыл
6.3жоғарыкемінде 3 жыл
Негізгі медициналық білім (интернатура)7.1 (I)екіншікемінде 5 жыл
7.2(I)біріншікемінде 4 жыл
7.3(I)жоғарыкемінде 3 жыл
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (клиникалық ординатура, қайта даярлау, резидентура)7.2 (R)екіншікемінде 5 жыл
7.3(R)біріншікемінде 4 жыл
7.4(R)жоғарыкемінде 3 жыл
Медицина ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, PhD8

Іздеу атаулары: №43 бұйрық, 43-бұйрық, приказ 43, қырық үшінші бұйрық, 43 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.