Мақала
Бұйрықтар

№ 55 бұйрық (11.07.2024): толық мәтін және скачать

Жаңа

"АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 11 шiлдедегi № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 шiлдеде № 34727 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
55
Қабылданған күні
11.07.2024
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы стационарлық және жылжымалы сенім пункттерінің жарақтандырылуы
  2. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы достық кабинеттерінің жарақтандырылуы
  3. Халықтың негізгі топтары арасында биомінез-құлықтық зерттеулер жүргізуге арналған көрсетілетін қызметтер тізбесі
  4. Халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі

БҰЙЫРАМЫН:

1. "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21467 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларында :

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Халық пен халықтың негізгі топтары үшін профилактикалық іс-шаралар еріктілік, құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Халықтың негізгі топтарына инъекциялық есірткіні тұтынатындар, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер, секс жұмыскерлері, трансгендер адамдар (жасы 18 және одан жоғары) және бостандығы шектелген, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдар жатады.";

9 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

"9. Халықтың негізгі топтарына медициналық және үкіметтік емес ұйымдарда орналасқан сенім пункттерінде, стационарлық сенім пункттерінде, жылжымалы сенім пункттерінде, достық кабинеттерінде емдік-профилактикалық қызметтерін ұсыну аутрич қызметкерлер мен әлеуметтік қызметкерлерді тарта отырып, АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтиды:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анонимдік және құпия негізде бірегей сәйкестендіру кодын беру мүмкіндігімен;

2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықтың негізгі топтарының бір өкіліне шығыс материалдарын тегін ұсынумен (өтеусіз негізде медициналық бұйымдарды тарату: көлемі шағын "өлі" бір реттік шприцтер, спирттік майлықтар, презервативтер, лубрикант, налоксон);

3) ақпараттық-білім беру компонентімен: АИТВ инфекциясы, вирустық гепатиттер, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (бұдан әрі - ЖЖБИ) мәселелері бойынша жұқтыру қаупін төмендететін мінез-құлық нысандарына, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды АРВ-терапия, АРВ-терапияға бейілділік қажеттілігі туралы хабардар етуге қатысты шағын сессиялар, әңгімелесулер немесе ақпараттық-білім беру материалдарын тарату (бұдан әрі – ақпараттық-білім беру компоненті);

4) АИТВ инфекциясы, ЖЖБИ, вирустық гепатиттер мәселелері бойынша тестіге дейін және одан кейінгі консультация берумен;

5) АИТВ, ЖЖБИ, вирустық гепатиттерге тексеру; оның ішінде мультиплекстік экспресс тесттерді, жүктілікке арналған тестті пайдалана отырып, тексеру арқылы;

6) апиын агонистерімен алмастырушы терапияны қолдайтын байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ұсыну туралы консультация беру арқылы жүзеге асырылады.

Халықтың негізгі топтарын тестілеумен қамту профилактикалық бағдарламалармен қамтудың кемінде 95%-ы болуға тиіс.

ИЕТ-ды ақпараттық-білім беру компонентін, презервативтер, шприцтер таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 70%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

Секс жұмыскерлерді ақпараттық-білім беру компонентін және презервативтер таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 80%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

ЕЖЕ-ді ақпараттық-білім беру компонентін, презервативтер, лубриканттар таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 30%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

Халықтың негізгі топтары арасындағы жұмыс индикаторлары: 1 аутрич жұмыскерге жүктеме тұрақты түрде профилактикалық бағдарламаларға жаңа адамдарды тарта отырып, 70 адамды және одан артық адамды құрайды. АИТВ инфекциясының болуына тестілеуден өткен адамдар саны – профилактикалық бағдарламаларға тартылғандар санының кемінде 95%-ы.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасындағы жұмыс индикаторлары: 1 аутрич жұмыскерге жүктеме кемінде 60 адамды құрайды және 1 әлеуметтік жұмыскерге жүктеме кемінде 30 адамды құрайды.

10. Стационарлық және жылжымалы сенім пункттерінің жұмыс кестесін олар орналасқан ұйымдар айқындайды, стационарлық сенім пункті эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, халықтың негізгі топтарының бағалау санынан 500 және одан көп адамға бір сенім пункті есебінен ашылады. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы стационарлық және жылжымалы сенім пункттерін жарақтандыру Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.";

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"14. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы мемлекеттік әлеуметтік гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру және іске асыру Қазақстан Республикасындағы (бұдан әрі – ҚР) үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі заңнамаға және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне сәйкес жүргізіледі, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Үкіметтік емес ұйымдар АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі қызметті АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды тестілеуден бастап емдеуге бейілділікке дейін көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете отырып, профилактикалық бағдарламаларға негізгі топтардың өкілдерін тарту арқылы жүзеге асырады.";

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"17. Байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ұсыну денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия мақұлдаған ересектер мен балаларда АИТВ инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларының ұсынымдарына сәйкес жүргізіледі. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын медициналық денсаулық сақтау ұйымдары ықтимал қажеттіліктерге сүйене отырып, экспресс тесттерді уақтылы жоспарлайды және сатып алады.";

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"19. АИТВ-ға экспресс тестілеу сапасын бағалау мақсатында мониторингтік баруды АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары АИТВ-ға экспресс тесттерді пайдаланатын денсаулық сақтау ұйымдарында және үкіметтік емес ұйымдарда (жылына кемінде 50 көрсетілетін қызмет) жылына бір рет жүргізеді.";

мынадай мазмұндағы 20 және 21-тармақтармен толықтырылсын:

"20. ИЕТ, СЖ, ЕЖЕ арасында АИТВ инфекциясының таралуын анықтау үшін жыл сайын биомінез-құлықтық зерттеулер жүргізіледі. Халықтың негізгі топтары арасында биомінез-құлықтық зерттеу жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады;

21. Халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалған.";

Қағидаларға 3 және 4 қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2- қосымшағаларға сәйкес жаңа редакцияға жазылсын;

осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Альназарова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 55 бұйрығына 1-қосымша
АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларына 3-қосымша

АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы стационарлық және жылжымалы сенім пункттерінің жарақтандырылуы

№Стационарлық сенім пунктіСаны
1Бактерицидті экрандалған стационарлық сәулелендіргіш1
2Зертханалық таймер1
3Бір жаппалы медициналық шкаф1
4Компьютер1
5Принтер1
6Құжаттамаға арналған шкаф1
7Киімге арналған шкаф1
8Медициналық үстел2
9Үстел1
10Орындықтар2
11"Налоксон" препаратын қоса алғанда, алғашқы медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмек қорабы1
12Тонометр1
13Телефон аппараты1
№Жылжымалы сенім пунктіСаны
1Медициналық шкаф1
2Бактерицидті сәулелендіргіш1
3Зертханалық таймер1
4Медициналық үстел1
5"Налоксон" препаратын қоса алғанда, алғашқы медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмек қорабы1
6Тонометр1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы "___"_________ №_____ бұйрығына 2-қосымша
АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларына 4-қосымша

АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы достық кабинеттерінің жарақтандырылуы

№Достық кабинеті (гинеколог+дерматовенеролог)Саны
1.Компьютер1
2.Принтер1
3.Грибок ауруларын диагностикалауға арналған люминесцентті шам (Вуд шамы)1
4.Иммерсиялы биологиялық бинокулярлық микроскоп1
5.Экрандалған бактерицидті сәулелендіргіш2
6.Жылжымалы бір рефлекторлық медициналық шам1
7.Стерильді құралды сақтауға арналған камера1
8.Дерматовенеролог құралдарының жиынтығы2
9.Акушер-гинеколог құралдарының жиынтығы2
10.Медициналық кушетка1
11.Дәрігердің медициналық үстелі1
12.Мейіргер үстелі1
13.Дәрігердің медициналық орындығы1
14.Мейіргер орындығы1
15.Пациент орындығы2
16.Медициналық қалқа1
17.Құжаттамаға арналған медициналық шкаф1
18.Киімге арналған медициналық шкаф1
19.Өлшеу таспасы1
20.Бүйрек тәрізді науа1
21.Секундомер1
22.Дезинфекциялық ерітіндіге арналған стақан1
23.Медициналық термометр5
24.Тонометр1
25.Фонендоскоп1
26.Медициналық қалақша20
27.Лупа-шам1
28.Бой өлшегіші бар медициналық таразы1
29.Жылжымалы аспаптар үстелі1
30.Гинекологиялық кресло1
31.Диатермокоагулятор1
32.Шағын хирургиялық жиынтық1
33.Кольпоскоп1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы "___"__________ №_____ бұйрығына 3-қосымша
АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларына 5-қосымша

Халықтың негізгі топтары арасында биомінез-құлықтық зерттеулер жүргізуге арналған көрсетілетін қызметтер тізбесі

№Медициналық көрсетілетін қызмет кодыМедициналық көрсетілетін қызмет атауыХалықтың негізгі топтарының 1 адамына көрсетілетін қызмет жиілігіХалықтың негізгі топтары, қатысушылар санынан көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы
1Консультация: эпидемиолог-дәрігер145%
2Консультация: эпидемиолог көмекшісі155%
3B06.856.005Капиллярлық қанның құрғақ тамшысында АИТВ-1,2-ге антиденелерді ИФТ әдісімен анықтау190%
4B03.860.003АИТВ-1,2-ге жиынтық антиденелерді және р24 антигенін экспресс әдіспен анықтау110%
5B06.854.005Капиллярлық қанның құрғақ тамшысында С гепатитіне антиденелерді ИФТ әдісімен анықтау1100%
6B06.853.005Капиллярлық қанның құрғақ тамшысында Treponema pallidum-ге антиденелерді ИФТ әдісімен анықтау1100%
7D99.296.013Саусақтан қан алу1100%
8Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерлер (бұдан әрі – ҚЖКЖҚ)12100%
9ҚЖКЖҚ-ны кәдеге жарату12100%
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы "___"__________ №_____ бұйрығына 4-қосымша
АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларына 6-қосымша

Халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі

№Көрсетілетін қызмет атауыСаныКөрсетілетін қызмет жиілігі
1Баннерлер1100 000 тұрғынға шаққанда 1-еу
2Бейнероликтер1жылына
3Билбордтар1жылына
4Плакаттар мен стендтер11 медициналық ұйымға, оның ішінде тергеу изоляторлары және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне

Іздеу атаулары: №55 бұйрық, 55-бұйрық, приказ 55, елу бесінші бұйрық, 55 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.