Мақала
Бұйрықтар

№ 71 бұйрық (05.09.2024): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 қыркүйекте № 35038 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
71
Қабылданған күні
05.09.2024
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т . қараңыз

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ-75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосымша мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:

"Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымшада :

"Дәрілік заттардың (дәрілік нысан) немесе медициналық бұйымдардың немесе арнайы емдік өнімдердің атауы" және "Анатомиялық-терапиялық-химиялық (АТХ) сыныптама коды" деген бағандарда:

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар" деген 1-бөлімде:

4-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: "Гидрохлоротиазид, таблетка" - C03AA03, "Эналаприл, таблетка" - C09AA02, "Вальсартан, таблетка" - C09CA03";

8-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: "Вилантерол және Умклидиния бромиді, ингаляцияға арналған ұнтақ" - R03AL03";

20-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: "Құрамында жоғары Виллебранд факторымен комбинацияда қанның ұю факторы, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат/вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат-B02BD06";

42-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: "Фенобарбитал, таблетка" - N03AA02, "Руфинамид, таблетка" - N03AF03";

43-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: "Метилпреднизолон, таблетка" - H02AB04, "Преднизолон, таблетка" - H02AB06, "Азатиоприн, таблетка" - L04AX01, "Циклоспорин, капсула" - L04AD01";

46-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: "Арипипразол, таблетка" - N05AX12, "Карипразин, капсула" - N05AX15";

52-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: "Вориконазол, таблетка" - J02AC03";

"Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар" деген 3-бөлімде:

1-1-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: "Гидрохлоротиазид, таблетка" - C03AA03, "Нифедипин, таблетка" - C08CA05";

1-2-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: "Пропранолол, таблетка" - C07AA05";

28-жол алып тасталсын;

"18 жасқа дейінгі балалар үшін амбулаториялық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және арнайы емдік өнімдер" деген 4-бөлімде:

1-1-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: "Гидрохлоротиазид, таблетка" - C03AA03, "Нифедипин, таблетка"-C08CA05";

"Дәрілік заттардың (дәрілік нысан) немесе медициналық бұйымдардың немесе арнайы емдік өнімдердің атауы" және "Анатомиялық-терапиялық-химиялық (АТХ) сыныптама коды" деген бағандарда:

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар" деген 1-бөлімде:

4-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: "Фуросемид, таблетка"-C03CA01, "Ивабрадин, таблетка"-C01EB17";

8-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: "Олодатерол және Тиотропия бромиді, ингаляцияға арналған ерітінді" -R03АL06";

13-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: "Софосбувир, таблетка" -J05AP08/J05AX15";

22-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

22E10-Е11Қант диабетіДинамикалық байқаудағы барлық санаттар2 типті қант диабетінің барлық кезеңдері мен дәрежелері. Асқынусыз терапияны таңдауды ЖПД дәрігері және/немесе эндокринолог негіздейді, диабеттің қалыптасуымен және өмір салтын өзгертумен кешенде гликирленген гемоглобиннің мақсатты деңгейіне қол жеткізуМетформин, таблеткаA10BA02
Динамикалық байқаудағы ересектерГликлазид, таблеткаA10BB09
Глимепирид, таблеткаA10BB12
Линаглиптин, таблеткаA10BH05
Репаглинид, таблеткаA10BX02
Вилдаглиптин, таблеткаA10BH02
2 типті қант диабетінің барлық кезеңдері мен дәрежелері. Семіздік және жүрек-тамыр асқынуларының қауіп факторлары болған кезде (қосымша терапия) эндокринологтың тағайындауы бойынша.Лираглутид, тері астына енгізуге арналған ерітіндіA10BJ02
Дулаглутид, тері астына енгізуге арналған ерітіндіA10BJ05
Дапаглифлозин, таблеткаA10BK01
Канаглифлозин, таблеткаA10BK02
Эмпаглифлозин, таблеткаA10BK03
Динамикалық байқаудағы барлық санаттарI және II типті қант диабетінің барлық сатылары мен дәрежелеріЛизпро инсулині, инъекцияға арналған ерітіндіA10AB04
Аспарт инсулині, инъекцияға арналған ерітіндіA10AB05
Глулизин инсулині, инъекцияға арналған ерітіндіA10AB06
Адамнан алынған еритін гендік-инженерлік инсулин, инъекцияға арналған ерітіндіA10AB01
Адамнан алынған, тәулік бойы әсер ететін (орташа) гендік-инженерлік инсулин изофан, суспензияA10AC01
Адамнан алынған екі фазалы гендік-инженерлік инсулин, суспензияA10AD01
Орташа ұзақтығы бар инсулинмен біріктірілген екі фазалы лизпро инсулині (әсер етуі қысқа және орташа, ұзақтығы бар инсулин аналогтарының қоспасы), суспензияA10AD04
Орташа ұзақтығы бар инсулинмен біріктірілген екі фазалы аспарт инсулині (әсер етуі қысқа және орташа ұзақтығы бар инсулин аналогтарының қоспасы), суспензияA10AD05
Гларгин инсулині, инъекцияға арналған ерітіндіA10AE04
Детемир инсулині, инъекцияға арналған ерітіндіA10AE05
Жүкті әйелдер мен жасөспірім балаларДеглудек инсулині, инъекцияға арналған ерітіндіA10AE06
Динамикалық байқаудағы балаларИнсулин инъекциясынан кейін ауыр гипогликемиялық жай-күйіГлюкагон, ерітіндімен жиынтықта инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизатH04AA01

";

42-жолда дәрiлiк заттың мынадай атауы алып тасталсын: "Прегабалин, капсулалар" - N03AX16";

46-жолда дәрiлiк заттың мынадай атауы алып тасталсын: "Амисульприд, таблетка, ішке қабылдауға арналған ерітінді -N05AL05";

48-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: "Эмтрицитабин, Тенофовира дисопроксил және Эфавиренц, таблетка"-J05AR06, "Эмтритабин, Тенофововира дисопроксил және Рильпивирин, таблетка" -J05AR08";

51-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: "Прегабалин, капсула" - N03AX16";

52-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: "Валганцикловир, таблетка" - J05AB14, "Эверолимус, таблетка" - L01XE10";

"Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар" деген 3-бөлімде:

1-1-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: "Карведилол, таблетка" - C07AG02, "диуретиктармен біріктірілген Периндоприл, таблетка" - C09BA04";

27-жол алып тасталсын;

29-жол алып тасталсын;

"18 жасқа дейінгі балаларға арналған амбулаториялық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және арнайы емдік өнімдер" деген 4-бөлімде:

1-1-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: "Карведилол, таблетка" - C07AG02, "диуретиктармен біріктірілген Периндоприл, таблетка" - C09BA04";

19-1-жол алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма екінші абзацынан бастап отыз сегізінші абзацты қоспағанда, алғашқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

Іздеу атаулары: №71 бұйрық, 71-бұйрық, приказ 71, жетпіс бірінші бұйрық, 71 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.