Мақала
Бұйрықтар

№ 81 бұйрық (10.10.2024): толық мәтін және скачать

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 қазанда № 35254 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
81
Қабылданған күні
10.10.2024
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
  2. Мектепке дейінгі ұйымдардың жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайлары мен олардың аудандары
  3. Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларының микроклиматы параметрлері және судың температурасы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс

министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 10 қазандағы № 81 Бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында :

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"14. Жобалау кезінде МДҰ-ның жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайларының құрамына киім шешетін бөлме, ойын, жатын бөлмесі, буфет-тарату орны, дәретхана кіреді.

Бұрын қолданыста болған құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар бойынша жобаланған және қолданысқа енгізілген объектілерді қоспағанда, МДҰ-ның жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайларының құрамы және олардың ауданы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келеді.";

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"15. МДҰ-ды жобалау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қозғалатын төсектерді орналастыру үшін қосымша орынның болуы ескере отырып, топтық (ойын) бөлмені жатын бөлмесімен біріктіруге жол беріледі.

Балалар толық уақыт болмайтын МДҰ және мектепке дейінгі шағын орталықтарда жалпы киім шешетін орынды орнатуға жол беріледі.";

139-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"6) ауданы кемінде 8 м 2 балалардың есептік саны 30-дан аспайтын МДҰ-дағы бір дәретхана бөлуге;"

санитариялық қағидаларға 2-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында :

5- тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"3) үздіксіз инсоляцияның 3 сағаттық ұзақтығы мектепке дейінгі ұйымдардың ойын және топтық бөлмелерінде, мектеп-интернаттардың жатын үй-жайларында, тұрғын ғимараттардың балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарының ойын құрылғылары, мектепке дейінгі ұйымдардың топтық алаңдары, спорт аймағы, жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттардың демалыс аймақтары аумақтарында қамтамасыз етіледі.

Спорт аймағының, жалпы білім беретін мектептердің және мектеп-интернаттардың демалыс аймағының 50 % алаңында 2,5 сағат үздіксіз инсоляцияға жол беріледі;";

5- тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"6) Мектепке дейінгі, жалпы білім беретін ұйымдардың және мектеп-интернаттардың оқу үй-жайларында инсоляцияның ұзақтығы үзіліссіз, мынаны:

солтүстік аймақта 2,0 сағат (солтүстік ендікте 48° солтүстікте) және одан артықты;

оңтүстік аймақта 1,5 сағат (солтүстік ендікте 48° оңтүстікте) және одан артықты құрайды.

Жалпы білім беретін ұйымдарда көрсетілген инсоляция орта және жоғары сыныптардың оқу үй-жайларының 60 пайызына үшін қабылданады.".

3. "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28925 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында :

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ";

санитариялық қағидаларға 1-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 10 қазандағы № 81 Тізбеге 1-қосымша
"Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 2-қосымша

Мектепке дейінгі ұйымдардың жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайлары мен олардың аудандары

Кесте

Киініп-шешінетін орын1 балаға кемiнде 0,7 м 2 есебінен
ойын бөлмесiбөбектер мен мектеп жасына дейінгі топтар үшін 1 балаға кемiнде 2,0 м 2 есебінен
буфет-тарату орныкемiнде 3,8 м 2
жатын бөлмесібөбектер мен мектеп жасына дейінгі топтар үшін 1 балаға кемiнде 1,8 м 2 есебінен
типтік МДҰ үшін дәретхана бөлмесі:
мектеп жасына дейінгі топтар үшінкемiнде 16 м 2
бөбектер жасындағыкемiнде 12 м 2
бейімделген ғимараттарда орналасқан МДҰ-ға арналған дәретхана бөлмесі, оның ішінде сыйымдылығы 3 топқа дейінгі МДҰ-ғакемiнде 8 м 2

Ескертпе:

м 2 - шаршы метр.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 10 қазандағы № 81 Тізбеге 2-қосымша
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- пидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 1-қосымша

Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларының микроклиматы параметрлері және судың температурасы

№Үй-жайларСу температурасы, °САуа температурасы, ºССалыстырмалы ылғалдылық, %1 сағатта ауа алмасу параметрлеріАуа қозғалысының жылдамдығы м/сек
ішке сорусыртқа тарату
12345678
1Ересектерге арналған бассейн шарасы24-26-----
2Балаларға арналған бассейн шарасы30-32-----
3Бассейн залдары-Су температурасынан 1-2 жоғары60 % артық емес1 келушіге кемінде 80 м 3 /сағ, 1 көрерменге кемінде 20 м 3 /сағ.0,5 артық емес -
4Жаттығу дайындау залы-18-1 келушіге кемінде 80 м 3 /сағ0,2 артық емес -
1 сағатта ауа алмасу жиілігі
5Киініп-шешінетін орын-25-Себезгілерді есепке ала отырып, теңгерім бойынша2 (себезгілерден)-
6Себезгі бөлмесі-25-510-
7Массаж бөлмесі-22-45-
8Сауна камералары-120-дан артық емес--5 (адам жоқ кезде мерзімдік іске қосылатын)-
9Суды талдауға арналған зертхана-18-23-

Ескертпе: ашық бассейндердегі судың температурасы жаз мезгілінде плюс 27°С, қыста плюс 28°С, жүзіп үйренушілер үшін плюс 29°С деңгейінде сақталады.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

°С – градус Цельсий;

% – пайыз;

м/сек – секундына метр;

м³/сағ – сағатына текше метр.

Іздеу атаулары: №81 бұйрық, 81-бұйрық, приказ 81, сексен бірінші бұйрық, 81 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.