"Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 6 қаңтарда № 35622 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 06.01.2025
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22096 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада :
2-Тарау тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-Тарау. Дәрілік заттарды мемлекеттік қайта тіркеу кезіндегі сараптама (тіркеуді растау, сондай-ақ тіркеу дерекнамасын халықаралық шарттардың және Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтарын қамтитын актілердің талаптарына сәйкестікке келтіру*)";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе:
* Қазақстан Республикасының отандық өндірушілері үшін 2025 жылғы 1 маусымға дейін көрсетілетін қызметтер құнының 90% мөлшерінде құнның төмендеуі қолданылады".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
қорғау және дамыту агенттігі
Іздеу атаулары: №2 бұйрық, 2-бұйрық, приказ 2, екінші бұйрық, 2 бұйрық скачать.