"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № ҚР ДСМ-130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 17 сәуірде № 35991 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 14.04.2025
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № ҚР ДСМ-130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30478 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 40-3) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларында :
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдер штаммдары туралы ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша мынадай мерзімдерде:
патогендігі I және (немесе) II топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде;
патогендігі III және (немесе) IV топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект жыл сайын 15 ақпанға дейінгі мерзімде ұсынады.";
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 36 бұйрығына қосымша | |
| Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларына 3-қосымша |
Ұсынылады: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан мына интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: "Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдердің штамдары туралы ақпарат"
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-РКМ.
Жиілігі: тоқсан сайын, жыл сайын.
Есепті кезең: 20____жылғы ______________.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
патогендігі I және (немесе) II топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде;
патогендігі III және (немесе) IV топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект жыл сайын 15 ақпанға дейінгі мерзімде.
| ЖСН/БСН | |
Жинау әдісі: электронды түрде
Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдердің штамдары туралы ақпарат
| Реттік нөмірі | Микроорганизм штамының атауы | Микроорганизм штамын қайда, кім, қашан және қандай биологиялық материалдан бөліп алды | Жұмыс коллекциясына орналастыру мақсаты | Штамдары бар ыдыстар саны | Сақтау мерзімі | ||
| Есепті кезеңнің басында | Келіп түсті немесе жойылды | Есепті кезеңнің соңындағы қалдық | |||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| Атауы ________________________________ _______________________________________ | Мекенжайы ___________________________ ______________________________________ | ||||||
Телефоны _________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________________
Орындаушы _______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан
қоспағанда) ___________________________
| "Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдердің штамдары туралы ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдердің штамдары туралы ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 1-РКМ және кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдердің штамдары туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер толтырады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне ұсынады.
3. Нысанға бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.
4. Нысанды мынадай мерзімдерде:
патогендігі I және (немесе) II топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде;
патогендігі III және (немесе) IV топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект жыл сайын 15 ақпанға дейінгі мерзімде ұсынады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында микроорганизм штамының атауы көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында микроорганизм штамын қайда, кім, қашан және қандай биологиялық материалдан бөліп алғаны көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында жұмыс коллекциясына орналастыру мақсаты көрсетіледі.
5. Нысанның 5, 6 және 7-бағандарында штамдар бар ыдыстар саны, оның ішінде: есепті кезеңнің басында; келіп түскен немесе жойылған; есепті кезеңнің соңындағы қалдық көрсетіледі.
6. Нысанның 8-бағанында сақтау мерзімі көрсетіледі.
Түпнұсқадағы суреттер, кестелер және скан (1)
TXT файлы мәтіндік бөлікті қамтиды. Көрнекі бөліктер ресми дереккөзден ашылады.
Іздеу атаулары: №36 бұйрық, 36-бұйрық, приказ 36, отыз алтыншы бұйрық, 36 бұйрық скачать.