"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері – обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 187 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 29 мамырда № 36164 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- 48
- Қабылданған күні
- 29.05.2025
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері – обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 187 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10684 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі | А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Іздеу атаулары: №48 бұйрық, 48-бұйрық, приказ 48, қырық сегізінші бұйрық, 48 бұйрық скачать.