Мақала
Бұйрықтар

№ 129 бұйрық (01.11.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 1 қарашадағы № 129 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қарашада № 37327 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
129
Қабылданған күні
01.11.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21471 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарында :

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленді және жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМК) түрлерін, сондай-ақ ЖТМК түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің (бұдан әрі – ММК) көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарын айқындау тәртібін белгілейді.";

көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 1 қарашадағы № 129 бұйрығына қосымша Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарына қосымша

Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары

№ӨлшемшартСалмақтық коэффициентӨлшемшарт шкаласыМәніӨлшемшарт баллы
1Инновация лық (жаңашылдық)0,1Технология әлемде 5 жылдан аз уақыт қолданылады101
Технология әлемде 5-10 жылдан астам уақыт бойы қолданылады7,50,75
Технология әлемде 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылады50,5
Технология әлемде 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылады2,50,25
2Ресурс сыйымдылығы0,3Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды медициналық бұйымдарды медициналық техниканы, айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етеді103
Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етеді7,52.25
Технологияны пайдалану айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етеді51,5
Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етпейді, айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етпейді2,50,75
3Бірегейлігі0,1Технологияның аналогтары және (немесе) Қазақстандағы балама емдеу әдістері жоқ101
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) емдеудің балама әдістерінен артық7,50,75
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтарға және (немесе) баламалы емдеу әдістеріне теңеледі50,5
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) баламалы емдеу әдістерінен төмен2,50,25
4Күрделілігі0,5Технология өте күрделі және ерекше дағдыларды талап етеді (мысалы, симультальды, біріктірілген немесе реконструктивтік операциялар). Қосымша тіндер мен ағзалардың ерекшеліктеріне бейімделген мамандандырылған жабдықты пайдалануды қажет ететін пациенттің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері (неонатальды жастағы балаларда технологияны қолдану) ескеріледі. Мұндай операциялар асқыну қаупі жоғары және мұқият жоспарлауды қажет етеді.105
Бірнеше кезеңдерді қамтитын және хирург пен медицина персоналының жоғары деңгейде дайындығын талап ететін орташа күрделіліктегі технологиялар. Операциялар біріктірілген немесе реконструктивті болуы мүмкін, бірақ күрделі анатомиялық немесе физиологиялық ерекшеліктері жоқ балалар мен ересек пациенттерде орындалады7,53,75
Технологияның орындау қиындығы төмен (мысалы, жоспарланған) операциялар) және базалық хирургиялық жабдықты пайдаланыла отырып, стандартты жағдайларда жүргізіледі. Бұл операциялар әдетте бір сатылы және пациент үшін төмен қауіп деңгейіне ие52,5
Күрделілікті қажет етпейтін технологиялар амбулаториялық негізде орындалатын өте қарапайым емшараларды қамтиды. Олар арнайы дайындықты қажет етпейді және ресурстардың ең аз мөлшерін пайдалана отырып, жылдам орындалуы мүмкін2,51,25

Іздеу атаулары: №129 бұйрық, 129-бұйрық, приказ 129, жүз жиырма тоғызыншы бұйрық, 129 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.